Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет28/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Өздік етісте қимыл іс-әрекет орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын/-ін қосымшасы қосылып жасалады: ки — ки-ін-ді, көр (дәрігерге) — көр-ін-ді, шеш — шеш-ін-ді, тара – тара-н-ды, сұра -сұра-н-ды, сүрт — сүрт-ін-ді т.б. Осы мысалдан көрінетіндей, біріншіден, қимыл, іс-әрекет іс иесі субъектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне өзі субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады [16, 509].

Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл/ -іл қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын/-ін қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін атаймыз [16, 509]

Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесі айтылмайды, яғни ол сөйлемде қимыл иесінің кім екені белгісіз болады. Бастауыш қызметінде жұмсалған қимыл иесі өзі қимыл-әрекет істемейді, керісінше, ол басқа біреудің қимыл-әрекетінің объектісі болады.



Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті арқылы істелінетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субъекті бір емес, екеу болады: бірі – іс-әрекетті, қимылды орындатушы, сөйлемде ол грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл логикалық субъекті әрі грамматикалық субъекті болады, екіншісі, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субъекті (агенс). Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік тұлғасында тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістікпен жасалады, сабақты етістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септіктегі екінші субъект (агенс) қана пайда болады, [16, 510].

Өзгелік етісті схема түрінде былайша беруге болады:



Яғни мұнда іс-әрекетке екі субъект те қатысады: оның бірі – тура толықтауыш тұлғалы субъект, екіншісі – барыс септіктегі жанама толықтауыш тұлғалы субъект. Бірінші субъект (S1) екінші субъектінің (S2) істі орындауына түрткі болады, қозғау салады. Мысалы: Астыма жорға мінгізді. Үстіме торқа кигізді, Оқытып білім білгізді, Қызық дәурен сүргізді. Ақ тұйғын беріп қолыма, Көлінен аққу ілгізді. Бай мен ханның баласы Бәрімен бірге жүргізді (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).

Мұнда қимыл-әрекетке қатысушылар өзара тәуелді, бағынышты деңгейде болады. Ол бағыныштылық әлеуметтік немесе жас ерекшелігіне байланысты болуы да мүмкін [16].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет