ҚАЗАҚ ТІЛІН ТҮРІКТІЛДІ СТУДЕНТТЕРГЕ
ЛИНГВОЕЛТАНЫМ БАҒЫТЫНДА МЕҢГЕРТУ
Қазақстан Республикасының тəуелсіз мемлекет аталып,
əлемдік өркениеттің дəстүрлі арнасымен жедел даму жолына
түсуі шетелдермен халықаралық білім беру бағдарламасына
сəйкес ынтымақтастық аясында қарым-қатынас жасауына жаңа
серпіліс туғызды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
əлемде білім беру үрдісін бақылаудың мониторингі жүйесін
енгізу бағытында өз ізденістерін бастады. Университет əлемдік
білім-ғылыми кеңістігінде белсенділікке ие болып отыр.
Екіжақты ынтымақтастық туралы Германия, Голландия, АҚШ,
Ресей, Австрия, Англия, Туркия, Франция, Жапония мен басқа
да елдердің университетімен жасалынған келісім-шарттарын
атап өтсек те жеткілікті. Университеттің 45 студенті
президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алса, 170
студент əлемнің алдынғы қатарлы университеттерінде оқуларын
жалғастыруда.
Еліміздің тəуелсіз мемлекет екендігін ең алғаш таныған
бауырлас ел - Түркия мемлекеті. Келісім-шарт негізінде 1991
жылы университетте түрік тілі мен əдебиеті бөлімі ашылды. Бұл
бөлімде Түркиядан келген түріктілді студенттерге қазақ тілін
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
125
үйрету оқытудың инновациялық технологиялары негізінде
жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың
2008 жылдың ақпанындағы Жолдауында: «Бүкіл қоғамымызды
топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту
сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді.
...Халықаралық тəжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін
оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен əдістерін
əзірлеп енгізу қажет», - деп білдірген ой қорытындысынан
мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету əдістемелерін кешенді түрде
жетілдіруге ерекше мəн беріп отырғандығы байқалады.
Расында да, дамудың, өркендеп өсудің ең негізгі
көрсеткіштерінің бірі тіл десек, ол мəдениетіміздің өте маңызды
бөлігі.Тіл қоғам мəдениетімен байланысты болуымен бірге өзі
де мəдениетіміздің өте маңызды бөлігі.Тіл – халықтың
өмірі,оның əдет-ғұрпы, ұлттық салт-дəстүрі, ойлау жүйесі,
дүниетанымы мен тарихы. Қазақстандағы көпұлтты қауымның
мемлекеттік тілге ерекше ілтипатпен қарауы керектігіне назар
аударған академик Ə.Хайдаров: «Қазақ халқының табиғатына,
дəстүр-салтына,
демографиялық,
географиялық
т.б.
ерекшеліктеріне байланысты тілін ұмыта бастаса да, атамекен
атауларын өзгертіп үлгерсе де, христиан дініне шоқыну
(Алтайдағы Хатын өзенінің бойында жасайтын қазақтар(
факторы болса да, саны азайса да, тағдырдың тауқыметін көріп
келе жатса да, құдайға шүкір, елдігін, ұлттық қасиетін, тілін,
дінін жоғалта қойған жоқ», - дей келе, тіл білмеу – ұлттық
дəстүрден, ұлттық мəдениет пен қасиеттен жұрдай болу
екендігін ескертеді (1.67). Білім жүйесінің реформалануымен
байланысты түріктілді студенттерге қазақ тілін үйретуде тілдің
танымдық сипаты мен коммуникативтік жəне кумулятивті
қызметтерін өзара сабақтастықта қарауға мəн беріліп отыр.
Сонымен бірге түріктілді студенттерге қазақ тілін үйретуде
қазақ елінің саяси-экономикалық, əлеуметтік даму жағдайы,
тарихы, ұлттық салт-дəстүрі мен мəдениеті жайында мəлімет
бере отырып, лингвоелтанымдық бағытта оқытуға назар
аударылады.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
126
Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаровтардың «Язык и
культура» еңбектерінде лингвоелтану əдістемесі термині ең
алғаш рет енгізіліп, лингвоелтанымның теориялық жəне
əдістемелік негіздері қарастырылды. Мəдени аспектідегі
тілтанымның əдістемеге қатысын анықтады. Тіл үйретуші тілді
лингвоелтаным бағытында меңгертуде сол елдің мəдениетімен
таныстырып қана қоймайды, тілдің танымдық,коммуникативтік
жəне кумулятивтік қызметтерін білім мазмұнына кеңінен
енгізеді. Тілді қатысымдық бағытта меңгертудегі сəтсіздіктердің
себебі тіл үйрету сабақтарында ұлттық реалияны танытатын
мəліметтердің өз дəрежесінде берілмеуінен деген пікір білдірді.
Əдіскер-ғалымдар тіл үйретушілерге тілді лингвоелтанымдық
бағытта меңгертудің қажеттілігіне тоқтала келіп, тілін үйреніп
жатқан елдің ұлттық негіздерінен елтанымдық мəліметтер
енгізілудің маңыздылығына тоқталды.
Қазақ тілін түрік бөліміндегі студенттерге жаңа
технологияға негізділген əдістер кешенін пайдалану арқылы
лингвоелтаным бағытында оқытуға тілші ғалымдар мен тіл
үйретушілер көңіл бөліп, оқыту тəжірибелерінің негізінде
ғылыми-əдістемелік еңбектер жазды.
Мемлекеттік тіліміздің мəртебесін көтеру ісіне белсенді
араласып келе жатқан профессор Н.Оралбаева жоғары оқу
орындарындарында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту,
үйретудің теориялық-əдістемелік негізін жасады. Турцияның
Анкара қаласында профессор қызметін атқара жүріп, «Қазақ
тілінің дыбыс үндестігі» деп аталатын мақаласын жариялады.
Мақалада түріктілді студенттерге қазақ тілінің фонетикалық
заңдылықтарын
тілдік,
этикалық
жəне
қатысымдық
нормаларына сəйкес сөйлеу тілін игеретіндігіне назар аударды
(2.23 ).
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген
студенттерге арналған «Қазақша үйренеміз», «Қазақша
сөйлесеміз» екі бөлімді оқу құралының тілді меңгертудегі
тиімділігі түрік бөлімдерінде оқитын студенттерге жүргізілген
тəжірибе барысында анықталды. «Қазақша үйренеміз»
кітабында негізгі материалдар қазақ тілі грамматикасына,
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
127
жаттығу жұмыстары мен диалогтарға негізделген болса,
«Қазақша сөйлесеміз» кітабы «қазақ жерінің тарихы мен салт-
дəстүрінен, ұлы адамдар өмірінен қысқаша мəліметтерге
құрылған» ( 3.3 ).
Қазақ тілін түріктілді студенттерге лингвоелтаным
бағытында меңгерту өз елінің мəдениеті мен тілін үйреніп
жатқан қазақ халқының мəдениеті арасындағы қарым-
қатынасты да қамтамасыз ететіндігі де анықталды. Қазақ тілі
сабақтарында лексикалық минимум материалдарын сұрыптауда
лингвоелтанымдық бағыттағы мəтіндер сұрыпталады. Оқу
құралдарында берілген мəтіндер мазмұны тіл үйретушіні
қанағаттандырмаған жағдайда студенттердің тіл үйренуге
қызығушылығын арттыратын мазмұнды, мəнді сұхбаттасуға
арналған мəтіндер сұрыпталады. Мыңдаған жылдар бойы
халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен
санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған əдет-ғұрып, ұғым мен
ырым, əдеп пен тыйым,жол-жоралғы, жөн-жосық сияқты қазақ
мінезі мен тіршілігінен кең мағлұмат беретін лингвоелтанымдық
бағыттағы мəтіндерді кеңінен пайдалануға болады.
Түріктілді студенттерге тəн ерекше қасиет – патриоттық,
отансүйгіштік, атамекені мен отбасын қадірлеу, тілі мен дінін
құрметтеу. Түрік бөлімінде оқитын əр студент өз мемлекетінің
əнұранын, елдің саясаты мен экономикасын, географиялық
жағдайын терең меңгерген. Осымен байланысты студенттерге
қазақ халқының мəдениетін, ұлттық ерекшеліктерін ұғындыра
отырып, қазақ тілінде сөйлеуге үйрету тіл үйретушіден өз
деңгейіндегі ізденімпаздықты талап етеді.
Елбасы Жолдауында айтылғандай, бəсекелестікке қабілетті
қоғамның бəсекелестікке қабілетті адамының басты белгісі
оның білімділігінде ғана емес, сонымен бірге түрлі жағдаяттарда
ой-пікірін анық та ашық, дəйекті жеткізе білетін дəрежеде
болуы. Мұндай дəрежеге жету үшін студент сөйлеу мəдениетіне
тəн этикалық, нормативтік жəне қатысымдық сапаларын танып,
тілдік қатынасқа түсе білуі қажет. Түркиялық түрік
студенттеріне қазақ тілінен берілетін білім мазмұны қазақ
тілінің тасушысы ретіндегі қазақстандық түрік студенттеріне, не
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
128
болмаса түрік тілі бөлімінде оқитын ұлты қазақ студенттеріне
берілетін
тілдік
минимумдарынан
өзгеше.
Жергілікті
студенттерге қазақ тілін лингоелтанымдық бағытта жүргізу
жеңілірек. Қазақ елінде дүниеге келіп, өз елінде білім алған
студент ұлттық салт-дəстүрді, мəдени құндылықтарды, тарихты
біліп өседі. Түрік бөліміндегі студенттерге қазақ тілін үйретуде
ұлттық сана-сезім, ұғымға тəн оқудың əдіс-тəсілдерін ойдан
шығаруға болмайды. Ұлттық тəрбие негіздерін дамытуда ұлы
ұстаздарымыз Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтардың
мұраларымен таныстырып, Алматы қаласындағы мұражайларға
саяхат сабақтары ұйымдастырылады. Линвоелтаным бағытында
қазақ халқының əдет-ғұрпын, салт-санасын, игі дəстүрлерін
студенттерге лексикалық материалдарды сұрыптау арқылы
үйрете отырып, халқымыздың мінез-құлқы, инабатты қарым-
қатынасы, жері қандай кең болса, пейілінің де соншалықты кең
екендігі мəтіндермен жұмыс жүргізу арқылы танытылады. Қазақ
халқында үлкен кісіге, ақ сақалды қарияларға, ата мен анаға
иіліп сəлем беру, есік ашу, кебісін кигізу, жол беру, атқа
отырғызу көпшіліктің бойына сіңген ізгі қасиеттердің мол
екендігі ұғындырылады. Ал қариялар алғыс-тілегін білдіріп,
«бақытты бол, балам»,- деп ақ батасын беретіндігі түсіндіріледі.
Түрік халқында да ата-ананы, үлкен кісілерді қадірлеп,
құрметтеуге ерекше мəн беріліп, арнайы ата-аналар, балалар
күндері мерекеленеді. Əсіресе, Ораза айт, Құрбан айт мұсылман
мерекелері ерекше тойланады.
Түріктілді студенттерге қазақ тілі сабағында туыстық
атауларды
меңгерту
бағдарламада
арнайы
қамтылған.
Студенттерге қазақ халқының дəстүрі бойынша əр азаматтың
үш жұрты болатындығы, туыстық атаулар осы үш жұрттан
басталатындығы, қазақтардың үш жүзге, руларға бөлінгенімен,
бірін – бірі бөтен санамайтындығы да арнайы мəтіндер арқылы
түсіндіріледі. Қазақта туыстар жеті атаға дейін туыстықты
үзбейтіндігі, қыз алыспайтындығы түсіндіріледі. Бұл заңның
ғылыми-генетикалық
жағынан
да
дəлдігі
анықталып
отырғандығына ерекше тоқталынады. Себебі, түрік халқының
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
129
дəстүрінде бұл мəселеге аса назар аударылмайды. Қазақта жеті
атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары, дін басшылары жиналып,
боз бие сойып, баталасып, қыз алысып, қыз беруге рұқсат
етілетіндігі, бұл дəстүрдің бүгінге дейін сақталып келе
жатқандығы түрік студенттерінің қызығушылығын туғызды.
Қазақ халқы секілді түрік халқында да туысқандық – достық пен
ынтымақ белгісі.
Қазақ тіліндегі туыстық атаулар түрік тіліндегі туыстық
атауларымен салыстырылып, сөздік жұмыстарын жүргізу
арқылы
меңгертіледі.
«Туыстық
атаулар»
тақырыбын
меңгертуде студенттерге отбасы мүшелеріне байланысты
диаграмма ұсынылып, сұрақ-жауап жаттығулары жүргізіледі.
Отбасы құрамына байланысты дискурста студенттер Түркия елі,
туған қаласы, ауылы, білім алған жəне тəрбиеленген ортасын
сағынышпен еске алады. Айтайын деген ойын қазақ тілінде
емес, түрік тілінде баяндай бастайды. Тіл үйретуші студенттің
ойын бөлмей, баяндалған ойды студентке немесе дəрісханадағы
студенттерге аударма жасауға ұсынады. Лексикалық тақырыпқа
сəйкес мəтінмен жұмыстан соң, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Ата – əкенің əкесі. Түрік тілінде – Dede. Шешесінің əкесі
де – Dede. Екі ...ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоршысы,
жастар атадан бата алады. Атаның айтқаны жас ұрпаққа заң, ол
ел бірлігі мен тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлап
отыратын дана адам. Баба – қазақта арғы атаның əкесі, жеті
атадан санағанда төртінші ата, қасиетті, жүз жасаған ұлы қария.
Бабадан əрі қарай түп ата, тек ата деп аталады. Ал түрік тілінде
«баба» сөзі əке сөзінің мағынасында жұмсалады. Əже – əкенің
шешесі. Түрік тілінде əкенің шешесі – Babaanne, шешенің
шешесі – Anneanne. Халқымыздың салт-дəстүрлерін ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп, елі іші мен отбасының берекесін ойлайтын
сыйлы анасы. Қазақ халқының заңы бойынша əрбір адам
танысын, танымасын ата-əжелерге сəлем беруі тиіс болса, түрік
халқында арнайы ата мен əжелер күні тойланады.
Ана – адамды өмірге əкеліп, ақ сүт берген аяулы, асыл
адам. Түрік тілінде – Anne. Ислам дінінің тəрбиесінде ананың
жолы ерекше киелі, қасиетті. Студенттерге ана туралы өлең, əн,
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
130
мақал-мəтелдер үйретіледі. Ана сөзі халық тілімен шеше деп
аталатындығы айтылады.
Əке – ұрпақ иесі, үй басшысы, асыраушысы, үлкен-кішіге
бірдей қамқор азамат. Түрік тілінде – Baba. Осы ретпен апа –
abla, аға – aqabey, жиен – yeqen, жеңге – yenqe, күйеу бала –
eniste т.б. туысқандық атаулар беріледі.
Лингвоелтаным бағытындағы лексикалық тақырыптар
«Қазақстан - кең байтақ ел», «Қазақстан Республикасының
рəміздері»,
«Туыстық
атау-лар»,
«Қазақтың
ұлттық
ойындары», «Қазақ халқының салт-дəстүрлері», «Қазақтың əн-
күй өнері» т.б. түрік студенттерінің қазақ халқының қарапайым
тұрмыс деңгейінен ұлттық философия аралығындағы рухани
құндылықтар жүйесін меңгертуге негіз болады. Қазақ халқының
тұрмысы мен мəдениетін түріктілді студенттер қазақ тілі
сабақтарында ғана емес, тілдік ортада меңгеретіндіктен мəдени
орындарға саяхат ұйымдастырылады.
Ойымызды жинақтай келе айтарымыз, қай елдің болмасын
өсіп өркендеуі, өркениетті ғаламда өзіндік орынға ие болуы
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына
байланысты. Қазақ тілін меңгертуде қазақ халқының тарихын,
мəдениетін, тұрмысы мен салт-дəстүрлерін насихаттау
жұмыстары кеңінен жүргізілуі қажет.
Əдебиеттер:
1.
Хайдаров Ə. Халық та, оның тілі де мəңгілікті қалайды.
2.
Оралбайқызы Н. Қазақ тілінің үндестік заңы туралы //
Dil dazisi Анкара, 1994, «Түрік мəселелері».
3. Оралбаева Н., Орынбаева А.Ə. - Қазақша үйренеміз. Оқу
құралы. 1бөлім. Ақтау, 2004, - Kazakca ogreniyoruz. Ders kitabI.
Aktau, 2004, 275 бет.
4. Оралбаева Н. Орынбаева А.Ə. Қазақша сөйлесеміз. Оқу
құралы. І бөлім Ақтау, 2004, 233 бет. - Kazakca konusuyoruz.
Ders kitabI. II bolum. Aktau, 2004, 233 sayfa.
Бакиева А.А., ШүленбаеваҰ.Р., Қадырқұлова Р.Б.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
131
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ОҚИТЫН
СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕЙ
ОТЫРЫП ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУ
Еліміздің егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мəртебе
алғандағы соңғы жылдары жастардың тəрбиесіне мемлекет
тарапынан, елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың болашаққа жасаған
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында отыз жыл ішінде
мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп
берді. Еліміздің, мемлекетіміздің, Елбасының алға қойған зор
міндеттерін іске асырушылар – жастар. XXI ғасырдың
жастары – ертеңіміз деп ойласақ, бəсекеге қабілетті қоғамның
ұлы азаматы бола алатын егеменді еліміздің ертеңіне өз үлесін
қосып, тəуелсіз мемлекеттің саналы, білімді, еліміздің жанашыр,
елжанды ұрпағы саналатын шəкірт тəрбиеленуіне басты назар
аударуымыз керек.
Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму жолын белгілеп
берген Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық
жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз
берілген. Білім беру жүйесіндегі оқыту мəселелері мен ұлттық
мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы
стратегиялық рөлін күшейте түспек. Бүгінгі ғаламдану
процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау күресі екені бəрімізге
белгілі. Сондықтан XXI ғасырға лайықты жан-жақты жетілген,
дүниесі бай, белгілі дəрежеде ғылыми білім жүйесін игерген
жəне оны бағалап, талдай алатын, оң шешім қабылдай алатын,
ұлттық рухани-эстетикалық тұрғыда жетілген, өмірдің əрқилы
кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тəрбиелеу –
бүгінгі таңда өзекті, көкейкесті мəселелердің біріне айналып
отырғаны даусыз.
Ал тəрбие мəселесі қай заманда да талай ойшыл, ғұлама,
ғалым педагогтерді толғандырып келгені ақиқат. Бұл мəселе
жөнінде біздің ұлы бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби: «Адамға ең
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
132
бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Оқу мен тəрбиені бір-
бірінен бөліп қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған
үрдіс. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса,
екіншіден, тəлім-тəрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.
Тəрбиенің басты ұстанымдары – жастарымызды рухани
жағынан дамытып тəрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылық-
тарды жəне тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мəдениетін,
тарихын, тілін, салт-дəстүрін сүю арқылы басқа халықтардың да
тілі мен мəдениетіне де құрметпен қарайтын нағыз мəдениетті
адам қалыптастыру болуы тиіс.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тілін
меңгерту барысында студенттердің мамандығын есепке ала
отырып оқыту мəселесі қолға алынып отыр. Өйткені бүгінгі
студент – ертеңгі маман. Олар мемлекеттік тілді өз дəрежесінде
жетік меңгерумен қатар өз мамандығына байланысты лексиканы
игеріп, іс-қағаздарын сауатты жүргізуді үйренуі қажет. Яғни, тіл
үйренуші алған білімін өзінің күнделікті кəсіби қызметінде
пайдалана алатындай дəрежеде болуы керек. Мұндай талап өзге
тілді оқу мекемелерінің барлық сатыларына ортақ, оның ішінде
техникалық жоғары оқу орны студенттеріне ұсынылатын білім
мазмұнында да осы үрдіс жалғасын табуда. Осы орайда,
техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тек
техника тілін меңгеріп қана қоймай, ұлттық мəдениетімізді
ұлықтап, ұлтымыздың асыл қазыналарынан сусындап, ұлттық
құндылықтарымыз бен салт-дəстүрлерімізді сақтай білуі қажет.
Ол үшін өзінің елі мен жерін киелі тұтып, асыл қасиеттеріміз
бен тілімізді құрметтейтін тəрбиелі, саналы, елжанды
ұрпақтардың өсіп жетілуіне, ұлттық тəрбиемізге ерекше көңіл
бөлуіміз керек.
Тəрбие жөнінде Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев: «Қазақ
баласын ұлтжанды, отаншылдық, патриоттық сезімде тəрбиелеу
білім берудің мектепке дейінгі жүйесімен, жоғары оқу орнына
дейінгі аралықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады» деген.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
133
Бүгінгі күнге дейін өзінің тəрбиелік мəнін жоймаған XV-
XVIII ғасырларда өмір сүрген М.Дулати, Асан қайғы, Бұқар
жырау, Шалкиіз Тіленшіұлы, Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей
жырау, Шал ақын сияқты ұлы ғұламалар өсиеттері
жастарымызды
рухани-эстетикалық
тəрбиелеуде
құнды
дүниелер деп айта аламыз. Бір ғана түркі дүниесі тарихының
атасы ретінде танылған бабамыз М.Дулатидің кейінгі ұрпаққа
қалдырған мұрасы қаншама. Ол – тек тарихшы ғана емес, ізгі
ойшылдардың
бірі.
Əдет-ғұрып,
салт-дəстүр,
өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді тарихи шындыққа негіздей
жазған ұлы тұлға. Оның рухани, ұлағаттылық туралы ойлары əл-
Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари идеяларымен үндесіп,
сабақтасып жатыр.
Жоғарыда аталған ұлы ғұламалар кейінгі ұрпақ өзінің
тарихын, түбі мен тегін, қадір мен қасиетін, білгенде ғана
олардың бойында ұлттық намыс болады деп айқын көрсеткен.
Ендеше ұлттық рухани-мəдени тұрғыда жетілген толыққанды
азамат тəрбиелеу сол ғұламалар өмір сүрген қоғамның өзекті
мəселесіне айналғандығын көреміз.
Тəрбие мəселесі сонау қазақтың ағартушы-демократтары,
Ш. Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, А. Құнанбаев
Ж.Аймауытов, С.Торайғыров т.б. көптеген ақын, жазушылары-
мызды да толғандырмай қоймаған. Жас ұрпақтың болашағына
алаңдап, халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан
бұл бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған тəлім-тəрбиелік
мəні зор мұрасы жетерлік. Халық қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін де тіл, рухани-мəдени байлықты меңгерудің басты
құралы да тіл екенін көрсетті.
Ұлы Аристотель «Тəлім-тəрбиенің негізі – халық
тəжірибесінде» деп көрсеткен еді.
Ұлттық тəрбие беруде халық тəрбиесінің орны ерекше.
Халық тəрбиесі ұлттық мəдениеттің бір бөлігі саналатын салт-
дəстүр, ана тілі мен ұлттық тəжірибеден туған бай қазына.
Сонымен, бүгінгі өскелең ұрпаққа халық тəрбиесі өте қажет.
Сондай қажеттіліктердің бірі – жоғары оқу орындарында
мемлекеттік тілді меңгертуде студенттердің ұлжандылық
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
134
қабілетін
қалыптастыру
болып
табылады.
Ұлттық
мəдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты
азамат тəрбиелеп оқыту – ұлтжанды, ұлағатты ұстаздардың
аялайтын ары, абыройлы ісі. Жалпы ұлт қамын ойлау –
ұлтшылдық емес, ұлтжандылық. Ал ұлтжандылық дегеніміз -
əрбір адамға тəн ең асыл қасиеттердің бірі.
Еліміздің əлемнің бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу барысында жастарға артылар үміт көп. Олай дейтініміз,
қазіргі таңда жастар қоғам дамуының маңызды стратегиялық
ресурсына айналып отыр. Өйткені қоғамды жетілдіретін де,
дамытатын да – жастық рух. Жастық рухы жоғалған қоғамның
ғұмыры өміршең болмайды. Ол үшін қоғамдағы əрбір жас
жеткіншек
кішкентайынан
Отанын
сүюге,
ұлттық
мəдениетімізді құрметтеуге міндетті.
Қай елде болмасын əлемдік аренада өзін тек ұлттық
мəдениетімен басқаларға мойындата алады. Ыдыраған Осман
империясынан Түркия Республикасын құра алған Түркия
халқының ұлттық қаһарманы, ұлы қолбасшы, елдің тұңғыш
президенті М.К. Ататүрік жұртына былай үн қатқан екен: «Əлем
бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды жəне ұлттық бейнемізді
алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен , бүкіл
қимыл-əрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық
бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын
білгеніміз дұрыс» (2).
Қазақстанның экономикасын, даму тарихын, мəдениетін
білу басқа ұлт өкілдерінің ұл-қыздары үшін де парыз. Парыз
ғана емес, əбден қажетті нəрсе. Басқа ұлт өкілдерінің
студенттері үшін ұлттық халық тəрбиесі елтану, тілімізді
құрметтеу, үйренуге құлшыныс мақсаттарын көздейді, ал қазақ
баласы үшін өз тілін ұмытпауға, ұлттық тəрбие алудың бірден-
бір жолы. Сондай-ақ, басқа ұлт өкілдерінің студенттерін
«Қазақстандық патриотизмге» тəрбиелеу қажет.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз не дегенге келетін
болсақ, Л.Сейдахметова Қазақстандық патриотизм туралы
педагог, психолог, философ, ғалымдарының пікірлерін жүйелей
келіп, мынадай анықтама берген: Қазақстандық патриотизм
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
135
дегеніміз – қазақ мемлекетін Отаным деп сезінуі, басқа
ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, əр ұлттың
құқық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге жəне
оны қорғауға дайын болуы (1). Сонымен олар Қазақстанда
тұратын болғандықтан, қазақ жерінде туып-өскендіктен, қазақ
азаматы болып есептелетіндіктен мемлекеттік тілді, яғни, қазақ
тілін білу міндетін - өзінің борышы екенін сезіну керек. Отанға
деген сүйіспеншілікті, тілге, жерге деген құрметті шынайы
сезіммен қабылдауларына көмектесіп тəрбиелеуіміз керек. Дей
тұрғанмен де басқа ұлт өкілдерін айтпағанда, кейбір қазақ
жастарының өз ана тілдерін білмеуі немесе нашар сөйлеуі өте
өкінішті-ақ. Осы орайда: «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше
жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып бөтенше
жақсы сөйлесең бұл күйініш» деген Халел Досмұхамедұлы сөзін
келтіре кеткіміз келеді. «Балық басынан шіриді» демекші, кейбір
ел басқарып, билік басында отырған, үлгі-өнеге берер
ағаларымыздың ішінен де өз ана тіліне шорқақ болып келетіндері
де жетерлік. Бұрын бұған заман кінəлі дегенімізбен, енді еліміз
егемендік алып, буыны қатая бастаған шақта бұл не қылған
қиянат?!
Қазіргі білім мен ғылымның, техника мен экономиканың,
мəдениеттің дамыған заманында өзін-өзі сыйлаған халық,
мемлекет, ең алдымен тілінің тазалығына жете мəн бергені жөн.
Жаңа заманға басқан қадамымызбен бірге қазақ тілін дамытып,
күнделікті өмірде қолданыс аясын кеңітсек, мемлекеттік тілдің
мəртебесінің өскені.
Мемлекеттік Тіл мемлекеттің ірге тасын қалауда,
қабырғасын тұрғызуға да, күмбезін көтеруге де мүмкіндік беретін
жалғыз құрал. Əрине Мемлекеттік Тіл – мəселенің бəрін бірдей
шешіп бере алмайды, бірақ барлық мəселені шешудің негізін
қалайтыны да даусыз ақиқат (3). Сондықтан ғылым мен техника
дəуірлеген XXI ғасырда өркениетті елдер көшіне қосылар
еліміздің қоржынында қазақ тілінің орны ерекше болары сөзсіз.
Сонымен, студенттерді ұлттық сана-сезімі мен намысты
негізге ала, ұлттық рухта тəрбиелеп, ұлтжандылық қабілеттерін
қалыптастырудың маңызы зор деп ойлаймын. Осы мақсатта
|