Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
156 
Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  ең  қуатты  да  қазіргі 
заманға  сай  құралдардың  бірі  –  компьютер.  Шетелдік 
ғалымдардың  көп  жылғы  зерттеулеріне  сүйенсек,  компьютер 
дегеніміз  ол  -  əлеуметтік  актер.  Ал  біздіңше,  компьютер 
дегеніміз  -  тіл  үйрену  мен  тіл  үйретудің  мультимедиа 
құралдарының ішіндегі маңыздысы.  
Жалпыдан  жалқыға  көшетін  болсақ,  өзге  тілді  адаммен 
қатысым 
сол 
тілдегі 
барлық 
тілдік, 
грамматикалық, 
фонетикалық,  лексикалық  дағдылар  мен  біліктің  нəтижесінде 
жүзеге асатыны белгілі. Осы əрекет түрі аса маңызды бола тұрса 
да, күнделікті  практикада  көбіне  қалыс  қалады  я жай қосымша 
iс-əрекет ретінде жүйесіз, эпизодты ғана сипатта көрініс табуда.  
Табиғи  тілдік  орта  болмаған  жағдайда  аутентті  формальді 
емес  ауызекі  сөз  мысалы,  диалогтар  мен  кинофильмдердегі 
полилогтар  арқылы  жүзеге  асырылуы  жалпы  тіл  үйрету 
əдістемесінде маңызды құралдардың бірі болып табылады.  
Тіл  үйренуді  адам  миының  ақпаратты  төрт  түрлі  қабілет 
арқылы дамыта отырып, іске асырғанда ғана алынған білім мида 
тұрақты ұзақ сақталатыны хақ.  
Мультимедиа  форматындағы  құралдар  (аудио  жəне  бейне 
мəтіндер  жəне  т.с.с.)  ерекше  методологиялық  үлгілерден  жəне 
лингвистика  теориясына  сай  тілді  оқыту  мақсаттарына 
байланысты  сұрыпталып  алынады.  Тыңдалымға  сұрыпталып 
алынған материалдың мақсаттары анық болуы тиіс. 
Медиа  білімнің  тұжырымдамасы  -  репрезентация.  Ол  тек 
өмір реалияларын ұсынады.  
Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесін  алатын  болсақ,  осы  тілде 
көркем фильмдер қарап, тілдік ортаға еніп, тілді сіңіру жұмысы 
аса тиімді.  
Көркем  фильмдердің  көрсетілім  ұзақтығы  орташа  есеппен 
бір  жарым  сағатқа  созылатындықтан,  əрі  өте  үлкен  тілдік 
материалды  қабылдау  қиынға  соғатындықтан,  сабақта  фильмді 
толық  көру  тиімді  емес  деп  есептейміз.  Студент  я  оқушы 
қажетті  фильмді  Интернет  жүйесі  арқылы  да  немесе  арнайы 
тілдік  лабораторияда  сабақтан  тыс  уақытта  өз  бетімен  көре 
алады.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
157 
Арнайы  мультимедиа  лабораторияларында  қазақ  тілі 
оқытушысының  дайындаған  тапсырмаларын  алып,  өз  бетімен 
жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  ие  бола  алады.  Ал  сабақта  сөйлеу 
əрекеттері  актілерінің  үлгісі  ретінде  фильмнің  үзінділерімен 
жұмыс істеу дұрыс деп есептеледі.. 
Тыңдалым  процестерін  зерттеу  нəтижесінде  мынадай 
фактіге  көз  жеткізілді:  аудиомəтінді  тіпті  екі  ұдайы 
тыңдағанның  өзінде  тыңдаушының  түсіну  деңгейі  визуалды 
тіректерсіз  төмен  болған,  ал  бейнематериалды  бір  рет  қана 
қабылдағандағы нəтиже анағұрлым жоғары болып шыққан.  
Тыңдалымды 
жүзеге 
асыру 
барысында 
негізгі 
дидактикалық құрал – сандық ақпарат жинақтаушы DVD. Оның 
дидактикалық мүмкіндіктері өте кең. Осы сандық мультимедиа 
түрін  арнайы  əдістемелік  құрал  ретінде  қолдану  өте  тиімді 
екенін практика дəлелдеп келеді.  
Оның техникалық сипаттамасына келетін болсақ:  
-  бірнеше  тілде  бірнеше  дыбыстық  жолды  пайдалануға 
болады; 
- кез келген үйреніп жүрген тілге қол жеткізерлік болуы; 
- бір тілден екінші тілге əп-сəтте көше қою мүмкіндігі; 
- субтитрлерді пайдалану мүмкіндігі; 
- аудармаларын салыстыру мүмкіндігі; 
-  дыбыстық  жолдың  жəне  көрсетілімді  шапшаңдату 
мүмкіндігі; 
-  дыбыстық  жолдың  жəне  көрсетілімді  бəсеңдетіп  көру 
мүмкіндігі. 
Соңғы екі қасиеті “шапшаңдату” мен ”бəсеңдету” аудитивті 
білікті  жетілдіру  мен  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде 
инновациялық  жаттығулар  типін  жасау  теориясының  негізін 
құрайды.  
Тыңдалымның  нəтижесіне  əсер  ететін  негізгі  шарттардың 
бірі  сөйлеу  жылдамдығы.  Сөйлеу  жылдамдығы  неғұрлым  баяу 
болған  сайын,  соғұрлым  түсіну  сапасы  да  жоғары  болатыны 
жəне  керісінше  неғұрлым  сөйлеу  жылдамдығы  шапшаң  болса, 
соғұрлым  түсіну  сапасы  төмен  болатыны  зерттеу  барысында 
анықталды.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
158 
Аудиоматериалмен  салыстырғанда,  бейнематериалдың 
артықшылығы:  оның  мимика,  ишарат,  артикуляция  сияқты 
маңызды вербальді емес ақпаратқа толы болуы.  
Аутентті бейне жəне аудиоматериалды қолдану барысында 
əдетте  жалпы  мазмұнды  түсінуде  қиындық  тумайды.  Мүмкін 
болған  жағдайдағы  негізгі қиындық  -  аудиомəтінді  толық жəне 
дəл түсіну.  
Тыңдалып 
отырған 
материалдың 
толық 
түсінігін 
қамтамасыз  ету  үшін  оны  көп  рет  қарап-тыңдауға  болады. 
Үзіндінің  барлық  элементтерін  толық  түсіну  үшін  оны  5-6  рет 
қарап-тыңдауды  ұсынамыз.  Тағы  бір  əдіс:  мəтін  алды  жұмыс 
жүргізу.  Бірақ  бір  үзіндіні  бірнеше  рет  қайталағанда,  мəтіннің 
сатиациясы,  (яғни  сөздің  қайталанған  элементтерінің  мəні 
жоғалу) қаупі де бар.  
Өзге  тілдегі  айтылып  тұрған  сөзді  тыңдау  əрекетінде  оны 
бəсеңдетіп  тыңдау  сол  сөздің  мəндік  кодын  аңғаруға, 
акустикалық образды талдауға толық мүмкіндік береді.  
Сөзді  бəсеңдетіп  қабылдауға  арналған  жаттығулар 
ралантивті  жаттығулар  деп  аталады.  Яғни  ол  жаттығулардың 
алдында  көркем  фильмнің  үзіндісін  көргенде  мүмкін  болатын 
қиындықтарын талдау қажет.  
Сөйтіп,  ралантивті  типті  аудитивті  жаттығулар  жасау 
арқылы грамматикалық жəне лексикалық қиындықтарды жоюға 
жəне  мəтінді  өзінің  табиғи  жылдамдығында  толық  тыңдау  мен 
түсінуге қол жеткізуге болады.  
Адамның  психосоматикалық  реакциясының  жүктеме 
артқан  сайын  соған  икемделетін  жəне  шапшаң  берілген 
ақпаратты үйреншікті табиғи жылдамдық ретінде қабылдайтын 
ерекшелігі бар. Жүктемені арттыру аудитивті дағды мен білікті 
жетілдіруге  бағытталған  жаттығулар  жүйесінде  басты  қағида 
болып табылады.  
Кез  келген  ағза  тіршілігінің  кез  келген  кезеңіне  қоршаған 
ортаның түрлі жағдайларына үзбей бейімделу ерекшелігі тəн.  
“Адаптация” немесе бейімделу термині ағзаның тіршіліктің 
берілген  бір  жағдайларына  бейімделу  факті  я  процесі  ретінде 
қарастырылады.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
159 
Тыңдауға  үйрету  əдістемесінің  акселеративті  типті 
аудитивті  жаттығулары  негізіне  тыңдалым  жүктемесін  əдейі 
жасанды түрде жоғарылату идеясы алынған.  
Мультимедиалық  құрал  DVD-дің  лигводидактикалық 
мүмкіндіктерін  қолдану,  əсіресе  жоғарыда  аталған  көркем 
фильмдердің 
үзінділерін 
жылдамдату 
мен 
бəсеңдету 
тəртіптеріндегі 
тапсырмалар 
аудитивті 
жаттығулардың 
тиімділігін  жəне  қазақ  тіліндегі  сөзді  түсіну  мен  аудитивті 
дағдыны қалыптастыруда маңызы зор деп есептейміз. 
Осы  мəселемен  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  доктор 
Н.Оралбаева  мен  оның  шəкірттері,  ал  Ресейде  М.Ю.Новиков, 
Попов  Н.С.,  Мильруд  Р.П.  Чуксина  Л.Н.  Полат  Е.С.  жəне 
шетелдік ғалымдар айналысуда.  
Жаңа  технологиялардың  дамуымен  оқыту  əдістемесіне 
үлкен  өзгерістер  келуде.  Қазақ  тілін  үйренушілердің  білім 
стандарттары жоғары болуын қамтамасыз ету үшін оқытушылар 
жаңа технология құралдарымен, яғни сандық қорлармен жұмыс 
істеу білігін үзбей дамытып отыруы қажет.  
ЮНЕСКО-ның  “Ақпараттық  жəне  коммуникациялық 
технологиялар 
оқытушыларды 
даярлау 
ісінде” 
атты 
Дүниежүзілік 
баяндамасында 
осы 
мəселенің 
аса 
ыждаһаттылықты қажет ететіні баса айтылған.) Бұл – заманауи 
талап.  
 
Əдебиеттер 
1.
  International  Encyclopedia  of  the  Social  &  Behavioral 
Sciences, 2001, p.9494]. 
2.
  http://www.mhhe.com/socscience/Passport/spotlight.htm 
3.
 Hubbard  Philip.  Teaching  Agents  in  Tutorial  CALL.  Talk 
given  at  CALICO  '99,  Miami  University,  Oxford,  Ohio.  June  3-6, 
1999.  
4.
 Белянин  В.П.  Психолингвистика.  М.Флинта,  2004.  – 
226б.  
5.
 UNESCO.Information  and  Communication Technologies  in 
Teacher Education. A Planning Guide. 2005.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
160 
6.
 http://www.unesco.ru/rus/pages/bythemes/stasya2906200512
4316.php                     
 
 
О.Жұбаева 
А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты 
Алматы, Қазақстан 
 
ПРЕДИКАТИВТІ ӨРІСТІҢ СУБЪЕКТІЛІ-ПРЕДИКАТТЫ 
БІРЛІКТЕРІ  
 
Мəтін  ақпарат  жеткізуші  құрал  ғана  емес,  онда  жекелеген 
тіл  актілерінің  коммуникативті  əлеуеті  көрініс  табады.  Етістік 
предикациясының  коммуникативті  аспектісі  мəтіннің  тема-
ремалық  жіктелуі  негізінде  қарастырылады.  Ол  үшін  мəтінді 
мағыналық тұрғыдан талдауға негізделген тема-ремалық кешен 
айқындалады.  Мұнда  нақты  субъектіге  бағытталған  тема-
ремалық  блок  талдаудың  негізгі  бірлігі  болып  табылады.  Бұл 
субъектіге  бағытталған  тема-ремалық  блок  пен  субъектілі-
предикаттық  блоктың  корреляциясын  айқындауға  мүмкіндік 
береді. 
Предикат 
ерекше 
интонация, 
координациялық 
грамматикалық  байланыс  арқылы  субъектіні  айқындап, 
белгілерін  нақтылап  тұрады.    Мəселен,  бұл  оқушының  дəптері 
немесе бұл – оқушының дəптері. Предикация əрдайым  шақ, рай 
сияқты синтаксистік мəндермен астасып, ақиқат болмысқа деген 
сөйлеушінің қатынасы, модальдік реңк көрініс табады.  Сондай-
ақ  предикацияға  грамматикалық  жақтың  синтаксистік  мəні  де 
көрініс 
тауып, 
сөйлем 
субъектісінің 
коммуникацияға 
қатысушыларға  қатысын  білдіреді.  Сол  арқылы  предикатта  
сөйлеуші,  тыңдаушы  немесе  коммуникацияға  қатыспаған 
үшінші  жақ  туралы  мəлімет  беріледі.    Интонация  сөйлем 
құрамына байланысты емес, ол басқа белгілердің орнын толтыра 
алады.  Яғни  сөз  не  сөз  тіркесі  интонация  арқылы  сөйлемге 
айналуы  мүмкін.  Ол  жағдаят,  контекст,  автордың  тілдік 
стратегиясымен анықталады. Кез келген сөз, тіпті одағайлар мен 
еліктеу  сөздер  де  сөйлем  бола  алады.  Сол  себепті  сөйлем 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
161 
мүшелерінің  болуы  сияқты  белгілерден  басқа  да  ерекшеліктер 
табу  керек  болады.  Мұндай  ерекшелік  ретінде  интонацияны 
алуға  болады.  Интонацияның  коммуникативтік  тиянақтылығын 
білдіретін  факторлардың  бірі  ретінде  контекст  немесе  жалпы 
тілдік  стратегия  мен  құрылымдық  қатынастар,  жекелеген 
сөйлем ішіндегі реттілік тепе-теңдігін атауға болады. Сөйлемнің 
актуалды  мүшеленуі  мен  предикативтілікті  өзара  теңестіруге 
болмайды,  себебі:  біріншіден,  актуалды  мүшелену  сөйлем 
шеңберінен  əлдеқайда  кең  болуы  мүмкін.  Ол  тіпті  бүкіл  мəтін 
көлеміне  дейін  таралуы  мүмкін.  Ал  предикативтілікке 
байланысты  сөз  еткенде,  мəтінге  қатысты  предикативтілік 
шартты  түрде  ғана  болуы  мүмкін,  желілі  сентенционалды 
байланыстар 
предикативтілікке 
байланысты 
болмайды. 
Актуалды  мүшелену  мен  предикативті  жіктелу  өзара 
байланысты,  сөйлем  предикативті  болғандықтан,  актуалды 
мүшелене  алады.  Алайда  кез  келген    актуалды  мүшеленуге 
келетін  кез  келген  синтаксистік  бірлік  сөйлем  болады  деп 
айтуға болмайды. Себебі ол фразадан тыс бірлік болуы немесе 
күрделенген 
сөйлемнің 
құрамындағы 
синтаксистік 
құрылымдар-дың бірі болуы да мүмкін.  
Коммуникативті  мағына  сөйлемнің  дербестігі  арқылы 
жүзеге  асады.  Бұл  дербестік  арнайы  белгілердің  жүйесі 
негізінде  көрінеді.  Олар  тілдік  нормаларды  тұтынатын 
қоғамның  барлық  мүшелеріне  ортақ  болып  келеді.  Олар 
барлық  тілде  өзара  ұқсас,  белгілі  бір  жүйеге  түскен  күйде 
болады.  Предикаттың  синтаксистік  мəндері  предикативті 
категорияларға  жатады  да,  олардың  жиынтығы    предикатив-
тілік  категориясын  құрайды.    Олар  жай  сөйлемнің  семантика-
сын  құрап,    ақиқат  болмысты  шақтық,  модальдік  жағынан 
сипаттап, коммуникацияға қатысушыларға қатысын көрсетеді.  
Сонымен,  предикативтілік  категориясы    белгілі  бір  оқиғаны 
көрсету  үшін  предикатты  ақиқат  болмыстың  шақтық  жəне 
модальдік  тұрғыдан  байланыстыратын  категория  болып 
табылады.  
Етістіктердің  когнитивті  деңгейдегі  байланыстырушылық 
қызметі  олардың  предикативті  əлеуетіне  байланысты. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
162 
Етістіктің  байланыстырушы  қызметін  талдауда  мəтіннің  тема-
ремалық  жəне  концептуалды  ұйымдасу  корреляциясына  да 
ерекше  мəн  беру  қажет.  Мəтіндегі  синтаксистік  концептіні 
ашуда етістік мағынасы арқылы байланыстырушылық сипатқа 
ие  болады.  Əрбір  жай  сөйлем  мағыналық  жағынан  аяқталған 
болуы  керек.    Ол  предикаттың  лексикалық  ерекшеліктеріне 
байланысты болады. Мəселен:   
Жазғытұрым кезі екен, күн ызғырық жел екен: Қалпақты 
қазақ бүрісіп, Жақ жүндері үрпиіп, Жылытайын деп құлақты, 
Алып  киді  тымақты.  (Ж.Аймауытов.  Шығ.).  Əрі-беріден  соң 
бəйбіше  де  айдалаға  бет  алды  үруден  тоқталған  өзінің 
құрттаған 
көкала 
төбеті 
сияқтанып 
сөзін 
доғарды.                     
(І.  Жансүгіров.  Шығ.).  Мақтанбасаң  қуанышың  өледі 
Үрлемесең оттың өзі сөнеді. Жыр тұрғанда дабыл қағып жер 
жүзін 
Аяғынан 
тік 
тұрғызғың 
келеді. 
(Қ.Мырзалиев. 
Қорамсақ.). 
Бұл сөйлемдердегі предикаттар (киді, доғарды, аяғынан тік 
тұрғызғың  келеді)  міндетті  түрде  үш  компонетті  керек  етеді:  
яғни  аталған  предикаттар  үшін    атау  септік,  табыс  септік 
тұлғасындағы сөздерді (киді – қазақ тымақты киді; доғарды – 
бəйбіше  сөзін  доғарды,  аяғынан  тік  тұрғызғың  келеді  –  жер 
жүзін  аяғынан  тік  тұрғызғың  келеді).    Яғни  сабақты  етістік 
табыс  септік  тұлғалы  сөздің  қатысуын  керек  етіп  тұрады.  
Сонымен  қатар  Не  болды  деп  сұраған  жанға  “ат  үркіп 
жығылдым”  деп  өтірік  айттым.  (О.Бөкеев.  Үркер.)  деген 
сөйлемде    өтірік  айттым  предикаты  Не  болды  деп  сұраған 
жанғаҮстіп үріккен  екі жағындағы екі қызыл тудың тобынан 
екі  қазақ  жігіті  ұмтылды  (I.  Жансүгіров,    Шығ.)  деген 
сөйлемде  де  ұмтылды  предикаты  түйекөзденіп,  алақтап 
тұрған  жігіттерге,  Шұбар  қаршығасын  амалсыз  жұртқа 
көрсетіп,  қолына  алды  (М.Əуезов.  Абай  жолы.)  көрсетіп 
предикаты  жұртқа сияқты барыс септік тұлғалы, табыс септік 
тұлғалы    сөзді  (қаршығасын)  керек  етіп  тұр.    Яғни  жоғарыда 
келтірілген сөйлемдердегі предикаттар  субъектіні керек етумен 
қатар  тура  жəне  жанама  толықтауыштарды  керек  етеді.    Бұл 
предикаттың  мағынасына  байланысты.    Ал  енді  бірқатар 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
163 
предикаттар субъектіден басқа таратушы компонеттердің келуін 
міндетті  түрде  талап  ете  бермейді.    Мысалы:  Үркер  жерге 
түскен кезінде, мамырдың  аяғы мен маусымның басында жер 
көктейді (О.Бөкеев. Өз отыңды өшірме.). Бұл қыранның үсті су, 
үрпиіп қалыпты. (М.Əуезов. Абай жолы.). Дудар шашы үрпиіп, 
Қара  бала  жымиды.  Жиылған  жұрт  қаумалап,  Дейді  оған: 
«
айт шыныңды!» (Б.Майлин, Шығ.). Келтірілген сөйлемдердегі 
көктейді,  үрпиіп  қалыпты,  жымиды  предикаттары    табыс, 
барыс  септік  тұлғаларындағы  толықтырушы  компонеттердің 
болуын  керек  етпейді.    Мұндай  предикаттар  мағынасын 
нақтылап  тұратын  компонеттерді  қажет  етпейді.    Мағынасы 
толықтырушы компонеттерді, барыс, табыс септік тұлғасындағы 
сөздерді  керек  етітп  тұратын  предикаттар  компоненттері 
қатысса,  толымды  предикат  деп,  толықтырушы  компонентері 
қатыспаса,  толымсыз  предикаттар  деп  аталады.    Толымды 
предикаттар  позициялық  компоненттерінің  санына  қарай  бір 
сөзден  (жұрт  қаумалады,  бала  жымиды,  жер  көктейді),  екі 
немесе  бірнеше  сөзден  (қазақ  тымақты  киді;  жер  жүзін 
аяғынан тік тұрғызғың келеді) тұруы мүмкін.  Етістік бірліктері 
мəтінге енгенде, морфологиялық, лексикалық жəне синтаксистік 
құралдар  арқылы  предикация  кеңейеді.  Соған  байланысты 
предикация  өзара  байланысты  тілдің  бірнеше  деңгейлерінде 
көрініс табады. Сол себепті оның құрамы да күрделі болады.   
Сөйлем  коммуникативті  бірлік  ретінде  қарым-қатынасқа 
қатысушы    екінші  адам  үшін  берілетін  ақпараттың  сандық 
параметрімен  де  ерекшеленеді.  Яғни  тыңдаушының  аялық 
біліміне,  берілетін  ақпараттың  мазмұнына  қарай  сөйлем  өзі 
ішінен актуалданып отырады.  Сөйлемнің мəтінге ену сипатына, 
жағдаяттарға  байланысты  сөйлеуші  тыңдаушыға  ақпараттың 
маңызды  бөлігін  ерекшелеп  отырады.    Үскілеп  отырған  жерге 
əлсін-əлсін  ыстық  су  құйылады  (С.Қасиманов.  Қазақ  халқ. 
қолөн.)  деген  сөйлемді  сөйлеуші  ақпараттың  маңызды  бөлігін 
ерекшелеу мақсатымен бірнеше түрде қолдана алады.  Мысалы: 
Үскілеп отырған жерге əлсін-əлсін ыстық су құйылады дегенде 
нақтыланып тұрған компонент – ыстық су, яғни оған салқын су 
емес  немесе  басқа  бір  сұйықтық  емес,  ыстық  судың 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
164 
құйылатынына  тыңдаушының  немесе  оқырманның  назарын 
аударуды  мақсат  еткен.    Осы  сөйлемді  Ыстық  су  əлсін-əлсін 
үскілеп  отырған  жерге  құйылады  түрінде  өзгертсек,  судың 
басқа  жерге  немесе  басқа  нəрсеге  емес,  белгілі  бір  заттың 
үскіленіп  жатқан  жеріне  құйылатынына  ерекше  мəн  беріледі.  
Ал,  сөйлем  Үскілеп  отырған  жерге  ыстық  су  əлсін-əлсін 
құйылады  түрінде  келсе,  мұнда  ыстық  судың  белгілі  бір  жерге 
қалай,  қаншалық  құйылатынына  ерекше  мəн  беріледі.    Яғни 
сөздердің орын тəртібі, интонация, логикалық екпін, лексикалық 
құралдарды  қолдана  отырып,    тыңдаушының  ақпаратпен 
қаншалық  таныс  екендігін  ескере  отырып,  сөйлемді  екі 
құрылымдық-ақпараттық  бөлікке  жіктейді.  Бір  сөйлемнің 
əртүрлі  актуалды  мүшеленуі  сөйлемнің  коммуникативті 
варианттары  деп  аталады.  Сөйлем  таңбалық  бірлік  ретінде 
бірнеше  белгілерден  құралуы  мүмкін.  Атап  айтқанда,  сөйлем 
белгілі  бір  интонацияға  ие  болады;  құрылымдық  жағынан 
ұйымдасады,  яғни  лексикалық  бірліктер  белгілі  бір  тəртіппен 
өзара тіркеседі. Тыңдаушыға бұрыннан таныс мəлімет – тема, ал 
тыңдаушыға  белгісіз,  жаңа  дерек  –  рема  деп  аталады.  
Сөйлемнің 
осылайша 
құрылымдық-ақпараттық 
жағынан 
бөлшектенуі  сөйлемнің  актуалды  мүшеленуі  деп  аталады.  
Көркем шығармада жазушы  сөйлем  мүшелерінің орын  тəртібін 
мақсатты  түрде  өзгерте  отырып,  айтайын  деген  ойына,  назар 
аудартпақ болған нəрсесіне логикалық екпін береді. Мысалы:   
Қордабай:  Жақсының  өзі  өлгенмен  сөзі  өле  ме,  Кейінгі 
үрім-бұтақ  көзі  өле  ме?!  Тым  ескірген  дау  екен  аяқсыған,  Жол 
табу қиын болар сірə бұған. (Ж.Аймауытов. Шығ.).  Тани кетті 
Ақбілек:  етегін  кірмен  зерлеген,  төбесін  үкі  əндеген  басында 
найза  ақ  тақия,  қолында  шаңкіш  асасы,  асасының  өн  бойы 
шығыршық, кебішік, сылдырмақ; үші қозы жауырын, мойнында 
жұмыр  тəсбісі,  танауы  таңқиған,  омырауы  аңқиған,  кеңірдегі 
сорайған,  жілншігі  сыйдыйған,  саусақтары  шибиған,  үркек 
малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың 
бетті,  жағына  пышақ  жанитын,  бір  көргеннен  танитын  – 
Іскендір екен кəдімгі (Ж.Аймауытов, Ақбілек). 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
165 
Предикативті  өрістің  коммуникативті  үлгісі  субъектілі-
предикатты  бірлік  арқылы  жүйеленетін  тема-рема  кешені 
негізінде жүзеге асады. Предикативті өріс акционалды қалыпты, 
объектілі, кеңістікті, шақтық бірліктерден құралғандықтан, рема 
бөлігімен  сəйкес  келеді.  Мəтіннің  предикативті  өрісінің 
концептуалды  құрылымын  анықтауда  концептіні  анықтау 
етістік  предикатын  анықтауға  байланысты.  В.М.Калимуллина 
етістік бірліктерінің семантикасын ономасиологиялық тұрғыдан 
талдай  отырып,  етістік  бірліктерін  референтті,  салыстырмалы 
жəне  сипаттамалық  ерекшелігі  бойынша  талдау  əдістемесін 
ұсынады [1]. Бұл етістіктің семантикалық-синтаксистік əлеуетін 
толық анықтауға мүмкіндік береді. Етістік рема қалыптасуының 
негізгі  жолы  болып  табылады.  Олардың  референтті, 
салыстырмалы жəне сипаттама мəндерден құралған предикатты 
əлеуеті  көпаспектілі  терең  байланысты  қамтамасыз  етіп, 
мəтіннің динамикалық дамуын тудырады. 
Етістіктің  семантикалық  жəне  синтаксистік  əлеуеті 
мəтіндегі белгілі бір концептінің көрінуіне жол ашады. Етістік 
адамның  сыртқы  болмысы  мен  ішкі  əлемін  сипаттай  отырып, 
адамдар  арасындағы  өзара  қатынасты,  олардың  эмоционалды, 
эмпирикалық  бағалауыштық  қасиетін,  көптеген  заттар  мен 
құбылыстардың  сипатын  білдіреді.  Етістіктер  мəтіннің 
предикативті  өрісін  қалыптастыруда  маңызды  орын  алып, 
айтылымнан  мəтінге  дейінгі  кез  келген  тілдік  актінің 
ұйыстырушы орталығы болып табылады. Етістік айтылымның 
ең  негізгі  мүшесі  болып  табылады.  Оның  мəні  сөйлем 
мағынасын  нақтылай  алады.  Ол  темадан  ремаға  ауыстыратын 
элемент  қана  емес,  реманы  енгізумен  қатар  сөйленімдегі 
ақпаратты  мол  қамтыған  бөлшек  ретінде  оны  ұйымдастыра 
алады.  Рема  мəтінді  байланыстырып,  динамикалы  түрде 
дамытып тұрады. Мəтіндегі субъектілерді айқындайтын тілдік 
бірліктер  темалық  өрісте,  түрлі  предикатты  білдіретін 
бірліктер  ремалық  өрісте  көрінеді.  Мəтіндегі  синтаксистік 
концептілер  ремалық  бөлікте  айқын  көрініс  табады.  Тема  мен 
рема  түрлі  ақпаратты  жеткізгенмен,  реманың  семантикалық-
контекстілік  əлеуеті  мол  болып,  жаңа  ақпаратты  көбірек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет