Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты


Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция      90  Витагендік тəжірибе



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
90 
Витагендік тəжірибе 
өнерінің  қара  топырағы  -  фольклордың  еңбектеген  баладан, 
еңкейген  кəріге  бүгінге  дейін  рухани  азық  болып  келе 
жатқандығын  жоққа  шығару  емес,  қайта  əдебиеттің  даму 
эволюциясына  байланысты  жастарды  бүгінгі  поэзиямен 
таныстыру, сол арқылы жас ұрпақты тəрбиелеу жолдары. 
 
 
Алибаева М.С. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
Алматы қ., Қазақстан 
 
МАМАНДЫҚҚА САЙ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІ 
ВИТАГЕНДІК  ТƏЖІРИБЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ 
 
Қазіргі 
білім 
беру 
саласындағы 
оқытудың 
озық 
технологияларын меңгермейінше, сауатты жан-жақты маман болу 
мүмкін  емес.  Жаңа  оқыту  технологиясын  игеру  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани,  танымдық,  т.б. 
келбетінінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі  дамытып,  оқу-
тəрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруына ықпал етеді. Сондықтан 
да  оқушыларға  қазақ  тілін  болашақ  мамандықтарына  сай,  кəсіби 
бағытта  үйретудің  маңызы  зор.  Кəсіби  бағытта  оқытудың  басты 
мақсаты  –  қазақ  тілінен  жəне  өз  мамандықтары  бойынша  алған 
білімдерін  толықтыра  отырып,  сөздік  қорларын  мамандықтарына 
қатысты  жаңа  сөздермен,  сөз  тіркестерімен  байыту.  Мұндағы 
мақсат  -  өзгетілді  дəрісханада  мемлекеттік  тіліді  оқыта  отырып, 
кəсіби  бағыт-бағдар  беру.  Яғни  оқушыларға  кісіптік  білім  беруде 
витагендік оқыту технологиясының алатын орны ерекше.  
Тіл  үйренушілердің  витагендік  тəжірибесіне  сүйенудің 
маңызы  зор.  Витагендік  тəжірибе  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның 
қалыптасуындағы  жинақталған  өмірлік  тəжірибесінің  нəтижесі. 
Витагендік  тəжірибенің  негізіне  тіл  үйренушінің  жинақтаған 
білімін,  қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын,  іс-əрекетін 
көрсететін  витагендік  ақпараттар  жатады.  Бұл  студенттерді 
еркін шешім қабылдауға дағдыландырып, олардың қатысымдық 
құзіреттілігінің  қалыптасуына  оң  əсер  етеді.  Витагендік 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
91 
Ақыл-ой операциялары 
Түйсіну тəжірибесі 
Тəжірибелік іс-əрекет 
Танымдық 
қызығушылық 
тəжірибенің  құрылымын  төмендегі  сурет  арқылы  беруге 
болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет – Витагендік тəжірибенің жүзеге асуы 
 
Витагендік  оқыту  теориясы  оқушының  витагендік 
тəжірибесін  жетілдіруде  негізгі  рөл  атқарады.  Яғни  витагендік 
тəжірибе оқушының өмір бойы жинақтаған тəжірибесінің бөлігі 
ретінде  жеке  тұлғаның  түрлі  жағдаяттардан  шығу  барысында 
маңызы зор. Витагендік оқыту оқу үдерісін толығымен өзгертіп, 
жеке  тұлғаның  өмірлік  тəжірибесін  жаңа  білім  алудың  көзі 
ретінде  пайдалануға  жол  ашады.  Бұл  технологияның  басты 
мақсаты  –  оқушылардың  интеллектуалды-психологиялық 
мүмкіндігін  жарыққа  шығару.  Қазақ  тілін  кəсіби  мектепте 
оқытуда  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  сан  қырлы 
болғандықтан, олардың витагендік тəжірибесіне сүйену арқылы 
бұл  мəселенің  шешімін  табуға  болады.  Сол  себепті  кəсіби 
мектепте 
қазақ 
тілін 
меңгертуде 
витагендік 
оқыту 
технологиясының  маңызы  зор.  Біріншіден,  оқушылар  тілді 
үйренудің  маңыздылығын  түсінеді;  екіншіден;  əр  мəтіндегі 
ақпараттарды  игеру  деңгейі  қалыптасады,  үшіншіден; 
витагендік  технологияның  əсерінен  оқушылардың  тілді 
үйренуге деген танымдық қызығушылығы артады. Яғни кəсіптік 
мектепте  мемлекеттік  тілді  үйрету  негізінде  оқушылардың 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
92 
қатысымдық  құзіреттілігін  қалыптастыру  витагендік  тəжірибе 
құндылықтарымен тығыз сабақтасып отырады.  
Витагендік  оқыту  технологиясы  арқылы  оқушы  өзіне 
қажетті білім көзін таба алады. Адамның өмірлік тəжірибесінің 
негізі ретінде оның жадында ұзақ уақыт сақталатын, кез келген 
уақытта,  түрлі  жағдаяттарда  жарыққа  шығуға  дайын  тұратын 
витагендік ақпаратты түсінуге болады. Бұл жеке тұлғаның өмір 
сүруіндегі  маңызды  рөл  атқаратын  ойлау  жүйесінің,  білімінің, 
эмоциясының,  түрлі  іс-əрекетттерінің,  т.б.  өзіндік  бейнесі 
ретінде қалыптасады. Демек, витагендік ақпарат оқушының ой-
өрісімен,  сезімімен,  мінезімен,  қылығымен,  т.б.,  яғни  адамның 
өмір  сүру  барысындағы  барлық  іс-əрекеттерімен  тығыз 
байланысты.  
Өмірдегі  тəжірибе  –  бұл  белгілі  бір  құндылықтарды  аса 
қажет  етпейтін,  адамның  бұрынғы  не  жаңа  өмірімен  тығыз 
байланысты жүзеге асатын витагендік ақпарат.  
Ал  витагендік  тəжірибе  –  адамның  белгілі  бір  тұлға 
ретінде  қалыптасуында  маңызды  қызмет  атқаратын  өмір  бойы 
жинақтаған  тəжірибесінің  нəтижесі.  Сондай-ақ,  витагендік 
тəжірибенің  адамның  болашағын  болжауға  жəне  айқындауға 
негіз  болатын  əлеуметтік  маңыздылығы  зор.  Витагендік 
тəжірибе  жинақтау  үдерісі  өмір  бойы  еш  үзіліссіз  жүріп 
отырады.  Оқу  үдерісінде  витагендік  тəжірибеге  сүйену 
оқушылардың  белгілі  бір  табысқа  жетуіне,  танымдық 
қызығушылықтарын  дамытуына,  дүниетанымдық  көзқарасын 
қалыптастыруына,  коммуникативтік  мəдениетін  тəрбиелеуіне, 
өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді. 
Коммуникативтік  мəдениет  дегеніміз  –  оқушылардың 
қазақ  тілін  меңгеру  арқылы  сөйлесім  əрекетінің  барлық  түрін 
жатық  игеруі;  тілдік  қатынасқа  қажетті  қатысымдық  тұлғалар 
мен 
тілдік 
тұлғалардың 
өзара 
байланысын 
ұғынуы, 
орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарға сай ойын, пікірін 
жеткізе білуі.  
Витагендік  оқыту  технологиясы  студент  пен  мұғалім 
арасындағы  қарым  қатынасты  «субъект  -  объект»  тұрғысынан 
«субъект  -  субъект»  тұрғысына  көшуді,  студент  пен  мұғалім 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
93 
өзара  сеніммен,  ынтымақтасып  бірігіп  жұмыс  жүргізуді  талап 
етеді. Бұл студенттің өз ойын дəлелдеуге, басқа адамның пікірін 
қостауға, пікірін мемлекеттік тілде жүйелі жеткізуге, студенттің 
жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  дағдыландырады.  Витагендік 
технология  бүгінгі  күні  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  жан-
жақты  қолданылмай,  ғылыми  зерттеулерден  тыс  қалып  жүрген 
педагогикалық  технологиялардың  бірі.  Витагендік  технология 
академик, педагогика ғылымдарының докторы А.С. Белкин мен 
оның  ізбасарларының  ізденістерінен  өткен  ғасырдың  соңғы 
ширегінде  туындаған  [1],  [2].  Витагендік  технология  сөзінің 
ұғымы  өмірге,  шеберлікке  бейімделуді  білдіреді.  Оқыту 
үдерісінде  витагендік  технологияны  қолдану  студенттерді 
сабақта  ізденуге,  жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына, 
шешімді  таңдаудағы  еркіндігіне  жол  ашады.  Дəстүрлі  оқытуда 
студент  пен  мұғалім  арасындағы  қарым  қатынас  мұғалім  – 
студент,  яғни  «субъект  -  объект»  тұрғыда  орындалып,  мұнда 
алдыңғы  орында  мұғалім  іс-əрекеті  жетекшілік  етіп,  оқыту 
үрдісін  репродуктивті  əдістер  арқылы  өткізу  басымдылық  етсе 
,витагендік технологияда оқыту үрдісі студент – мұғалім, яғни 
«
субъект  -  субъект»  тұрғыда  жүргізіліп,  студенттің  білімді  өз 
іс-əрекетімен жинақтау, меңгеру, сабақта логикалық белсенді іс-
əрекеттер жүргізе алу арқылы жүзеге асады. 
Витагендік 
технологиясы 
қолданылған 
сабақтардың 
маңыздылығын былай саралауға болады. 
1.
 Витагендік  технологияның  ең  негізгі  мақсаты  –  сабақта 
студент  пен  мұғалімнің  арасындағы  демократиялық  қарым-
қатынас.  Бұл  мақсат-  витагендік  технологиясы  қолданылған 
сабақтардың негізгі компоненті 
2.
 Сабақтың  алдында  диагностикаға  негізделген  болжамды 
мақсаттар  нақты  түрде  белгіленеді.  Сол  арқылы  əдіс-тəсілдер 
мен тапсырмалар сұрыпталынып алынып, сабақтың өн бойында 
осы 
болжамды 
мақсатттардың 
орындалуына 
бақылау 
жүргізіледі. 
3.
 Витагендік  технологиясы  қолданылған  сабақтарда 
мұғалім  іс-əрекеті  емес,  студент  іс-əрекеті  алдыңғы  қатарда 
тұрады, сол арқылы нəтижеге жету жоспарланады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
94 
4.
 Мұғалім  студентпен  субьект  ретінде  қарым-қатынас 
жасайды. 
5.
 Витагендік  технология  қолданылған  сабақтарда  сабақ 
құрылымы,  оның  негізгі  элементтері,  студент  мен  мұғалім 
арасындағы іс-əрекеттер алгоритимдік негізде құрылады. 
Витагендік  оқыту  технологиясы  қолданылған  сабақтарда 
мынадай негізгі міндеттер орындалады: 
-
  Сабақта қол жеткізетін мақсаттар жиынтығы; 
-
  Мақсаттар  бірнеше  кіші  мақсаттарға  бөлініп,  біріге 
отырып бір мақсатқа жинақталуы 
-
  Сабақтың  алдына  қойылған  мақсаттарды  түгел 
орындау, жүзеге асыру; 
-
  Студенттердің  алдына  проблема  қоя  білу,  оны  біріге 
отырып шешу 
-
  Студенттердің  танымы,  ойлау  қабілеті,  дарыны  мен 
коммуникативтік компетенциясын дамыту; 
-
  Студенттердің  жеке  тұлғалық  қасиеттері  мен  өзіндік 
психологиялық  ерекшілігін  ескеру,  əрбір  студентпен  дербес 
қарым-қатынас жасау. 
Витагендік 
технологияға 
негізделген 
тапсырмалар 
студенттерді  тілдік  материалдарға  қызықтыруымен  қатар  тіл 
білімінен  алған  білімдерін  бекіту,  тереңдету  үшін  де  тиімді. 
Мұның  өзі  витагендік  технологияға  негізделген  тапсырмалар 
студенттердің  танымын  кеңейтіп,  оның  ойлау  қабілетін, 
ізденімпаздығын,  еңбекқорлығын  жетілдіруде,  олардың  жеке 
тұлғалық  қабілеттерін  тəрбиелеуде,  қатысымдық  құзіреттілігін 
арттыруда маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді.  
 
Əдебиеттер 
1.
 Белкин  А.С.  Витагенное  обучение  с  голографическим 
методом  проекций  //  Школьные  технологии.  1998.  №3  –  23-26 
стр. 
2.
 Белкин  А.С.  Ситуация  успеха.  Как  ее  создавать.-  М.: 
1992 г.  
 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
95 
М.С. Алибаева 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
Алматы, Қазақстан 
 
КƏСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ 
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Қазіргі  кезеңде  қазақ  тілін  басқа  тілді  аудиторияларда 
оқыту  əдістемесі  жаңа  инновациялық  технологиялармен,  жаңа 
əдіс-тəсілдермен толығып жатыр. Бұл еңбектер қазақ тілін орыс 
топтарында  оқыту  əдістемесін  жетілдіріп  қана  қоймай, 
оқушылардың  білімін,  дағдылары  мен  біліктерін  дамыту 
жолдарын да негіздеп берді  
Кəсіптік  мектеп  оқушыларының  ойлау  қабілетін  дамыту, 
қатысымдық  құзіреттілігін  қалыптастыру  жұмыстары  жаңа 
инновациялық 
технологияларды 
қолданғанда 
тезірек 
қалыптасатыны тəжірибеде анық байқалды.  
Кəсіптік  мектептің  орыс  тілі  топтарында  қазақ  тілі 
сабақтарында 
студенттердің 
қатысымдық 
құзіреттілігін 
қалыптастыру  сабақтары  мына  құрылымға  ие  болғанда  ғана 
тиімді болмақ: 
Витагендік  оқыту  технолгиясы  қолданылған  сабақтың 
мақсаты – қазақ тілі пəнін оқыту барысында белсенді əдістерді 
пайдалану  арқылы  студенттердің  қатысымдық  құзіреттілігін 
арттырып, 
қазақ 
тілінде 
еркін 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру. 
Осы  мақсатқа  сəйкес  кəсіптік  мектеп  орыс  тілді 
студенттердің 
қатысымдық 
құзіреттілігін 
қалыптастыру 
сабағында: 
-
  тіл  үйренушілердің  өзара  бір-бірін  құрметтеу,  түсіну 
жəне қарым-қатынас жасау қабілеттері қалыптастырылады; 
-
  өтілген  материалды,  қазақ  тілінде  айтылған  əңгімені 
түсіну дағдылары жетілдіріледі; 
-
  тіл  үйренушілерге  қазақ  тілі  сабағында  өз  білімдерін 
түрлі  жағдаятта,  жоғары  дəрежедегі  белгісіздікті  анықтауға 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
96 
жұмсауға,  тұлғалық  іс-əрекеттердің  жаңа  түрлерін  жасауға 
мүмкіндік береді. 
Кəсіптік  мектеп  орыс  тілді  оқушылардың  қатысымдық 
құзіреттілігін  қалыптастыру  сабағында  мұғалімнің  білімділігі, 
тəжірибелігі  мен  əдіскерлігі  өте  қажет.  Себебі  мұғалім  сабақта 
оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын оята алған жағдайда 
ғана сабақ сəтті өтіп, мұғалім мақсатына жете алады. 
Витагендік 
тəжірибенің 
негізіне 
тіл 
үйренушінің 
жинақтаған  білімін,  қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын,  іс-
əрекетін 
көрсететін 
ақпараттар 
жататындықтан, 
оқыту 
технологиясы  дəстүрлі  сабақтан  өзгеше  ой  шақыру,  өзін-өзі 
бақылау,  т.б.  оқушының  шеберлігін  шыңдауға  арналған  əдіс-
тəсілдер арқылы жүзеге асады. 
Ой 
шақыру
 
арқылы  тіл  үйретудің  мақсаты  – 
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында белгілі бір 
проблеманы  шешу,  ынтымақтастыққа  тəрбиелеу,  оқушының 
шығармашылық  ойлауын  жетілдіру.  Бұл  тəсілдің  негізін  1941 
жылы  А.Ф.  Осборн  қалаған.  Бұл  əдіс  жарнама  бизнесінде 
кеңінен қолданылады. Ал тіл үйретуде жаңа оқу материалын өту 
барысында,  өткен  материалды  қайталауда,  жинақтауда,  белгілі 
бір проблеманы шешуде қолданылады. 
Өзін-өзі бақылау
 əдісінің мақсаты – оқушылардың білімін 
тексеру,  əр  оқушының  тілді  қаншалықты  меңгергенін  көрсету 
үшін  мүмкіндік беру,  үлгірімі  нашар  оқушылардың  өзіне деген 
сенімсіздігін  жою,  оқушылардың  тілін  дамыту,  Мен-
концепциясын тəрбиелеу. 
Мұндай 
əдіс-тəсілдер 
орыс 
тілді 
аудиторияларда 
оқушылардың қазақ тілінен білетін сөздік қорын айқындап қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  олардың  өзара  қазақша  сөйлесу 
мүмкіндіктерін арттырып, қазақша сұхбаттасуға жол ашады. 
Жоғарыда  аталған  тапсырмадан  кейін  оқушыларға  сабақта 
өтілген материалға байланысты мəтіндер беріліп, осы материал, 
яғни мəтінде берілген оқиға жөнінде не білетіні сұрастыралады. 
Тіл  үйренушілер  бес-  алтаудан  болып  кіші  топтарға  бөлініп, 
өздерінің  осы  мəселе  жөнінде  пікірлерін  тақтаға  жазады. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
97 
Тақтаға əрбір топтың топ басшысы шығып, өздерінің пікірлерін 
қорғауға дайындалады. 
1.  Топ  басшыларына  тақтада  жазылған  пікірлерді  белгілі-
бір негіздеме бойынша топтастыру тапсырылады. 
2. Тақтаға мəтінді кіші мəтіндерге бөлу тапсырылады. 
3.  Əр  топ  басшысына  мəтінді  ары  қарай  өз  сөзімен 
жалғастыру тапсырылады. 
Мұндай  сабақтар  оқушыларды  өзара  пікір  алысуға 
дағдыландырап, өз ойын ашық айтуға үйретеді. 
Мұндай сабақтың əдістемелік ұтымды жақтарына: 
1.
  Тіл  үйренушілердің  сабақта  белсенділігін  қалыптастыра-
тын əдіс-тəсілдер;  
2.
  Тіл үйренушілердің өз ойын ашық жеткізуге бағыттайтын 
тəсілдер; 
3.
  Тіл  үйренушілердің  өзіндік,  шығармашылық  жұмыстарын 
орындауға талпындыратын əдістер жатады. 
Тіл үйренушілердің қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру 
сабағына мына талаптар қойылады: 
1.  Тіл  үйренушілердің  ойын  жеткізуі.  Қазақ  тілінен 
коммуникативтік  дағдыларды  игерген  оқушы  өздігінен  қазақ 
тіліне  тəн  түсініктерді,  ұғымдарды  өмірмен  байланыстыру 
нəтижесінде тікелей қолдана алуға жаттығуы тиіс. 
2.  Тіл  үйренушілердің  сабақта  еркіндігі  жəне  белгілі 
өлшенген  уақыттың  берілуі.  Талқыланып  отырған  тақырыпты 
толық түсінуі үшін оқушыларға толық еркіндік пен уақыт берілуі 
керек. Өйткені осы сəтте негізгі мақсат мұғалімнің дұрыс жауап 
алуы  туралы  болып  отырған  жоқ.  Мұнда  оқушылардың 
проблеманы  шешудің  дұрыс  жолын,  дұрыс  шешімін  табуы 
мақсат етіледі. 
3.  Тіл  үйренушілердің  қазақ  тілнен  игерген  білімдерін 
өмірмен байланыстыру. Сабақта оқушылардың болашақ кəсібіне 
сəйкес  пікірлесу  жағдяттардың  орын  алғаны  дұрыс.  Сабақ 
барысында  баяндалатын  қандай  да  бір  өмірлік  мəтінді  талдау 
кезінде  оны  туыстарымен,  көршілерімен,  таныстарымен,  тіптен 
қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасы  болған  оқиғалармен 
байланыстырған  жөн.  Сабақта  тіл  үйренушілердің  болашақ 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
98 
кəсібіне  сəйкес  өмірмен  тығыз  байланыс  жасамайынша, 
сабақтың  тақырыбы  тек  теориялық  тұрғыда  қалып,  өмірдегі 
өзгерістерді шынайы жеткізе алмайды. 
4.  Кəсіптік  мектептегі  мұғалім  бейнесі.  Мұғалімнің  жалпы 
іс-əрекеті  оқушыларды  жаңа  тақырыпты  игеруге  талпындыру, 
мəселені  шешуге  бағыт-бағдар  беру,  жол  көрсетуші  тұлға 
ретінде қызмет жасауына бағытталған болуы тиіс. 
Қорыта айтқанда, кəсіптік мектептегі қазақ тілін мамандыққа 
сай түрлендіріп оқыту оқу-тəрбие процесінің сапасын жақсартады, 
оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын оятады.  
 
 
Аужанова Г.А., Шүленбаева Ұ.Р., Сағымбаева В.М.                     
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
     
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ЖҮРГІЗУДІ ДАМЫТУ ЖƏНЕ 
БОЛАШАҚ ЕЛ АЗАМАТТАРЫН ТƏРБИЕЛЕУ 
 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дағы Қазақ тілі кафедрасы 
қазіргі таңда бəсекеге қабілетті, ғылымға икемді, рухани дүниесі 
бай сауатты келешек ұрпақ тəрбиелеу жолындағы бағдарламасы 
айқын,  мемлекеттік  тіл  саясатын  жүзеге  асыруда  жан-жақты 
жұмыстар атқарып отырған кафедралардың бірегейі. 
Кафедра  оқу-тəрбие  жұмысы  жəне  кəсіби  білім  беру 
бағдарламасын  үнемі  жаңартып,  уақыт  талабына  сай  дамытып 
отыру мақсатында оқу үрдісінде қажетті шаралар мен шешімдер 
өз кезінде ұйымдастырылып, бағытталып отырады. Бір-ақ мысал 
келтірер  болсақ,  қазақ  тілі  пəнінен  сынақ  емтиханын  тест 
түрінде емес, ауызша алуға ұсыныс жасалып, оны жүзеге асыру 
университет басшылығы тарапынан қолдау тапты. 2008-2009оқу 
жылының қысқы сессиясы ауызша емтихан арқылы өткізілді. 
Əйгілі  ғұлама  əл-Фараби  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, 
рухани  тəрбие  берілуі  керек,  тəрбиесіз  берілген  білім 
адамзаттың  қас  жауы»  деген  емес  пе.  Кафедрадағы  оқу-тəрбие 
жұмыстары  жеке  тұлғалардың  жан-жақты  дамуына,  шығарма-
шылық  əлеуетінің  ашылуына,  əрбір  студенттің  рухани  өсуіне 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
99 
арналған.  Оны  мақсатқа  мəдени-көпшілік,  ғылыми-танымдық 
тақырыптық  кештер,  олимпиадалар  жəне  түрлі  кездесулер 
өткізілді.  Білім  беруді  демократияландыру  мен  ізгілендіруді 
көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін-
өзі үнемі жетілдіру арқылы өз бағыт-бағдарын айқындай алатын 
студент 
тұлғасын 
қалыптастыру 
мақсатында 
ұжым 
Қазақстанның  білім  нарығында  өз  беделін  жыл  асқан  сайын 
дəлелдей түскендей. 
Келешек  азамат  тұлғасы  оқытудан,  тəрбие  беруден 
қалыптасады десек... 
Білім – ұлттың ақыл-ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы 
тірек.  Ендеше  ол  мемлекет  мүддесін  əр  адамның  дұрыс 
түсінуінің,  оны  сақтауға,  орындауға  деген  шын  сенімінің  де 
негізі болуы тиіс. 
Ана  тілге  ұлттық  ділдің  бірден-бір  тетігі,  тірегі,  тіні  деп 
қарауды  қажет  етеді.  Тіл  –  таным  құралы,  тіл  арқылы  адам 
дүниені  танып  біледі,  барлық  білімді  де  сол  арқылы  игереді. 
Ендеше «Тілдік ортаны қорғау – халықтың, ұлттың мəңгілігінің 
мəңгілік мəселесі», - дейді белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов. Ал, 
«Мектептің тілі болмаған тіл мемлекеттің де тілі бола алмайды» 
деп  айтқан  Халел  Досмұхамедовтың  пікірін  ескерсек,  тілдің 
оқытылу 
сапасының 
жоғары 
болуы 
мемлекеттіліктің 
сақталуының кепілі екенін түсінуге болады. 
Бүгінгі  заман  талабы  басқа  тілді  үйрену  жүйесінің 
өркендеуімен байланысты жеке адамның өз бетімен білім алуы, 
үйренуі,  танымдық  қызығушылығының  əр  алуан  болуы  оқыту 
техникасын өзгертуге ықпалын тигізіп отыр.  
Технология – грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік 
деген 
ұғымды 
білдіреді. 
Ғалым-педагог, 
психологтар 
пайымдауына 
жүгінсек, 
Беспалько 
өзінің 
«Слагаемые 
педагогической  технологий»  деген  еңбегінде:  «Оқу-тəрбие 
процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тəжірибеде 
жүзеге  асыру,  яғни  белгілі  педагогикалық  жүйенің  тəжірибеде 
жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
100 
Педагогикалық  жүйемен  берілетін  білім  студенттердің 
таңдаған мамандығына бағытталынуы тиіс. Кəсіпке дайындық – 
тұлға дамуын жүзеге асырады. 
Ел  президенті  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  «Дағдарыстан  даму» 
деп  аталған  соңғы  жолдауында  былай  дейді:  «Біздің 
адамдарымыз  оқып-үйренуге  тиіс,  бүкіл  əлемде  адамдар  өмір 
бойы  оқумен  өтеді.  Мына  жағдайда  қайта  оқуға,  сөйтіп  бүгін 
қажет  болып  отырған  мамандықты  игеруге  мүмкіндік  те  бар, 
қажеттілік  те  бар».  Осы  сөзге  орай  қазақ  тілін  үйретуде 
оқытушы қауымның да əлі үйренеріміз көп. Əдістемелерді, əдіс-
тəсілдерді  сабақта  дұрыс  пайдаланып,  нəтижеге  жету  -  басты 
мақсат.  Сондай  көкейге  қонып,  іс-тəжірибеде  пайдаға  асқан 
əдістемелердің кейбіріне тоқталуды жөн көрдік. 
Қарым-қатынас əдістемесі. 
Тіл  қарым-қатынас  құралы  десек,  оның  негізінде  сөйлеу 
жəне жазу арқылы іске асыру мағынасы жатыр. Сөйлеу, əрине, 
қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  əдістемемен  қатар 
ағылшын  ғалымы  Христофор  Вру  үйренушілерге  ең  тиімді 
оқыту  əдісі  ретінде  жеделдетіп  үйретуді  ұсынған.  Кейін  бұл 
əдістемені  Г.А.  Китайгородская  дамытады.  Атап  айтсақ,  мұнда 
тез арада оқыту пəрменділігін жетілдіру үшін үйренушінің өз іс-
əрекеті  арқылы  үйрену  ерекшелігі  ескеріледі.  Бұл  кезеңде 
үйретушінің  толықтыру  іс  əрекеті  маңызды  екен.  Себебі  өзара 
пікір  алмасып,  толықтыру  кезінде  бір-бірімен  қарым-қатынас 
жиілігі артады. Яғни қатысым əдістемесі сұрақ беру, толықтыру 
арқылы жүзеге асады. Əртүрлі тақырыптарды игерткенде сұрақ 
берудің,  дұрыс  сұрақ  қоя  білудің  ерекшелігі  зор.  Сұрау  ойды 
қозғалысқа  келтіретін  тəсіл.  Адамды  ойландыруға,  сұрау 
арқылы  ішкі  ой-пікірін  сыртқа  шығаруға  болады.  Ақыл-ойды 
жұмыс  істетіп,  студенттерді  ойлануға,  ақыл-ойдағы  сұрақтарға 
жауап  табуға  бағыттаудың  маңызы  зор  екен.  Осы  тұста 
студенттердің сөздік қоры, жан-жақты білім, таным деңгейлері, 
азаматтық  көзқарастары  да  байқалып  танылады.  Соған 
байланысты  сабақта  əр  студентпен  жеке  жұмысты  түрлендіре 
отырып, нəтижелерге қол жеткізуге болады. Осы орайда белгілі 
публицист  Серік  Əбдірайымұлының  «Самғау»  деп  аталатын 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
101 
жинағына  топтастырылған  халқымыздың  көрнекті  мемлекет 
жəне  қоғам  қайраткерлерімен,  жазушы-ғалымдармен,  өнер 
шеберлерімен  əр  кезде  жүргізілген  сыр-сұхбаттар  топтамасын 
пайдаланудың  маңызды  да,  тəрбиелік  мəні  жоғары  болатынын 
айта  кетсек  орынды  болар.  Себебі  автордың  өзі  айтқанындай: 
Бұл  кітаптағы  кейіпкерлер  қыран  тұрпатты,  өз  аттарын 
кісілікпен  көтерген  тұлғалар.  Текті,  ұлт  алдындағы,  ұрпақ 
алдындағы азаматтық парызы мен қарызына адал жандар. Іргелі 
де ізгілікті істерімен де, кемелі сөздерімен де, кесек ойларымен 
де  өнеге.  Кітаптың  кейіпкерлері  –  Дінмұхамед  Ахметұлы 
Қонаев,  Асамбай  Асқаров,  Өмірбек  Жолдасбеков,  Зейнолла 
Қабдолов,  Нұрғиса  Тілендиев,  Кеңес  Аухадиев,  Асанəлі 
Əшімов,  Төлеген  Қожамқұлов  тағы  басқа  мемлекет  пен 
қоғамдық өмірдің жəне өнердің алыптары.  
Оқу  əдістемелік  кешенінде  өте  жиі  орын  алған  эссе  мен 
сұхбаттасудың өте шебер де кəнігі маманының жасаған сұхбаты 
əралуан  тақырыпты  қамтиды.  Бір  үзік  мысал  арқылы  сөзімізді 
дəлелдесек.  Серік  Əбдірайымұлының  белгілі  болған  мемлекет 
басшысы  Дінмұхамед  Қонаевпен  болған  тіл  мəселесіне 
байланысты сұхбаты: 
Серік  Əбдірайымұлы:  -  Димаш  аға,  сізбен  қанша 
əңгімелесіп  жүріп  бір  нəрсеге  іштей  қызығып,  əрі  қайран 
қалғандаймын.  Қалайда  өсіп,  мектепте,  институтта  орысша 
оқып,  бар  қызметіңіз  осы  тілмен  тікелей  байланысты  болған 
адамсыз.  Соған  қарамастан  ана  тіліңізде  соншалықты  таза  əрі 
жатық сөйлейді екенсіз. 
Д.Қонаев:  -  Ол  мақтаныш  болмауға  тиіс.  Міндетің. 
Тексіздік  –  тілсіздіктен  басталады.  Ол  да  бір,  анасыз  жетім  де 
бір. 
Осы бір ғана сұрақ–жауапта қаншама құнды да астарлы ой 
жатыр.  Ана  тілімізге  деген  намыс  пен  жігер  жатыр.  Бүгінгі 
күннің  көкейкесті  мəселесі  –  жастарды  Қазақстандық 
патриотизм рухында тəрбиелеу болса, осы сияқты əдебиеттерді 
пайдалану арқылы қазақ тілі сабағында ана тілі арқылы тəрбие 
берудің маңызы зор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет