Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
114 
Терминологияны  қамтамасыз  ететін  ғылым  мен  техника 
тіліндегі  ұғымдар  əдеби  тілге  жатады.  Əдеби  тілде  сөйлеп,  əрі 
жаза білу үшін, жалпылама лексикамен қатар сол тілдің арнаулы 
сөздерін,  яғни  терминдерін  білу  қажет.  Терминология  əдеби 
тілдің  бір  жүйесі  ретінде,  сол  əдеби  тілдің  нормасы  мен 
ережесіне бағынады,  
Терминология  -  ғылым  тілін,  ғылыми  стильді  зерттеудің 
негізгі  нысаны  болып  табылып,  ғылым  тілінің  арнайы  сөздік 
құрамы  ретінде  ерекшеленеді.  Терминдер  негізінен  белгілі  бір 
дара  ұғымды  дəл  көрсететін  болғандықтан,  көбінесе  бір 
мағыналы  болып келеді. Сонымен  қатар,  терминдерде  стильдік 
эмоциялық  мəн  де  кездеспейді.  Ғылым  тілі  нақтылықты 
қалайтындықтан,  сол  ғылым  тілін  жасаушы  терминдердің  де 
нақты,  тура  мағынада  болғаны  жөн.  Жалпы  ғылым  тілі 
бейнелілікті, образдылықты емес, əр ұғымды өз атымен атауды 
қажет  етеді.  Бұл  туралы  ғалым  Ш.Құрманбайұлы  терминде 
эмоционалдылық  пен  экспрессиялықтың  болмауы  қажет  дейді 
[7,  11].  Терминдердің  мағынасы  жылжымалы,  өзгермелі  емес, 
əрқашан  тұрақты  болады  да,  бір  ғылымды  меншіктеп,  соған 
түпкілікті  қызмет  атқарады.  Сондықтан  терминдер  жалпылама 
ортақ  сөздерден  ерекшеленіп,  арнаулы  сөздер  тобына  жатады. 
Бұл ерекшеліктер ғылыми стильдің ерекшеліктерін даралайды.  
Терминдер  ғылыми  стиль  лексикасында  ерекше  орын 
алады.  Ғылыми  стиль  өзінің  ішкістильдік  белгілерімен,  яғни 
сөздің 
жоғары 
дəрежеде 
терминденуімен, 
мағынаның 
абстрактылығымен,  ойдың  логикалығымен,  жинақтылығымен, 
нақтылығымен,  дəлдігімен  ерекшеленеді.  Ғылыми  стильдің 
дəлдігінің  ерекшелігі  терминологияда  бірмағыналы  сөздердің 
қолданылуы  кезінде  айқын  көрінеді.  Термин  мағынасының 
дəлдігі  -  термин  сөз  атауында  өзі  білдіретін  ұғымның  негізгі 
басты белгілері мен мазмұнын қамтуы керек. 
   Қорыта  айтсақ,  ғылыми стиль  басқа  да  стильдер сияқты 
əдеби  тілде  қолданылады,  бірақ  тілдік  құралдарды  таңдау 
кезінде  ерекшеліктері  бар.  Себебі,  ғылым  тілі  жалпыхалықтық 
тілге қарағанда, шеңбері шектеулі ұғым.  
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
115 
Əдебиеттер 
1.
 Əбілқасымов  Б.  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
қазақ əдеби тілі (Баспа нұсқалары тілі негізінде). Алматы, 1982.  
2.
 Қайдаров  Ə.Т.  Ғылым  тілі  мен  əдеби  тіл  статусы  // 
Терминдер мен олардың аудармалары. Алматы, 1990.  
3.
 Фомина 
М.И. 
Современный 
рускиий 
язык. 
Лексикология. М, 1990. 
4.
 Айтбайұлы  Ө.  Ғылым  тілі.  Қазақ  тілі.  Энциклопедия. 
Алматы, 1998. 
5.
 Əлісжанов  С.  Қазақ  терминологиясы:  теория  жəне 
тəжірибе. Астана, 2005. 
6.
 Денисов  П.Н.  О  некоторых  общих  аспектах  изучения 
языков науки. //Современные проблемы терминологии в науке и 
технике. Москва, 1969. 
7.
 Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен 
терминжасам тəсілдері. Алматы, 2005. 
 
 
 
            
Аязбекова Қ.Ə 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
УƏЖДЕМЕ МЕН СӨЗЖАСАМНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ 
 
Қазіргі 
синхронды 
сөзжасам 
уəжділік 
пен 
сөзжасамдылықты  бір-бірінен  ажыратуға  келмейтін  құбылыс 
ретінде  қарастырады,  сонымен  бірге  мəнді-детерминациялық 
фактор  ретінде  сөзжасамдылыққа  қатыстылығы  жөнінде 
уəждеме  жиі  бағаланады.  Уəждеме  пен  сөзжасамның 
айырмашылығы  сол,  уəждемелі-сөзжасамдық  құрылымның 
ішінде  оның  элементтері  толық  уəжделген  сөзге  қатыстылығы 
жөнінде  əртүрлі  қызметтер  атқарады,  осының  əсерінен 
уəжделген  сөз  (мотиват)  əртүрлі  болып  ұсынылады  жəне 
жасалынады.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
116 
Барлық  сөздер  сөзжасамды  уəжделген  жəне  сөзжасамды 
уəжделмеген  болып  бөлінеді.  Сөзжасамды  уəжделген  сөздер  – 
бұлар  мағынасы  мен  дыбысталуы  жағынан  қазіргі  тіліміздегі 
басқа  туынды  сөздермен  байланысты  болуында.  Уəжделген 
сөздің  түбіріне  үңілсек,  уəжделуші  сөзден  жасалғандығын 
аңғаруға болады, мысалы: өн - өндір «жаса, шығар», ақ – ағарту 
«ақ  түске ену,  бояу».  Сөзжасамды  уəжделген сөздердің (өн, ақ) 
мағынасы  мен  дыбысталуы  басқа  туынды  сөздермен 
байланысты  емес;  олар  басқа  сөздерден  жасалған  болып 
саналмайды.  Сөзжасам  арқылы  жасалған  мағына  оның 
құрамындағы  мағыналы  бөлшектер  мағынасының  жай  ғана 
қосындысы  емес,  солардың  негізінде  жасалып  жаңа  ұғымды 
білдіреді.  Сондықтан  ол  ұғымды  білдіретін  бір  кезде  жасалған 
туынды сөз сөйлеуде дайын қалпында алынады. 
Жалғыз  қазақ  тілінде  ғана  емес,  тілдердің  бəрінде  кездесе 
беретін  сөз  қабылдау  процесі  сөздік  құрамының  дамуы  мен 
баюында  белгілі  орын  алғанымен,  ана  тіліміздің  лексикалық 
құрамының  баюында  негізгі  қызметті  тілдің  өзіндік  сөзжасам 
жүйесі атқарады. 
Академик І.Кеңесбаев былай деп көрсетеді: «Қазақ тіліндегі 
бір  де  бір  сөз,  не  фраза  кездейсоқ,  қалай  болса  солай  жасала 
салмаған.  Бəрінің  де  жүйесі  бар:  түп  негізі  бар,  себеп-салдары 
бар.  Қоғам  өміріндегі,  халық  тарихындағы  неше  түрлі  əдеби, 
мəдени,  рухани  процестердің  ізі  көп  жерлерде  тілден  де  орын 
тебеді.  Мұның  неше  алуан  дəлелін  тілімізде  қолданылатын 
қайсыбір  фразалардан  да  табамыз.  Əр  қилы  əлеуметтік 
факторларға  байланысты туған  көптеген  фразалардың  о  бастағы 
мағынасы  əлденеше  жүздеген  жылдарды  артқа  тастаған  соң, 
көмескілене  бастайды.  Тіпті,  оның  қайсыбір  компоненттері  əлі 
мүше ретінде ғана тіркесіп, тірлік кешеді. Бұлар қай кезде, қандай 
жағдайға  байланысты,  қалай  пайда  болған  деген  мəселелердің 
басын  ашу  оңай  шаруа  емес»,  -  деп  фраземалардың  пайда  болу 
уəждерін табудың өзіндік қиындықтары барын айтады. 
Уəжділік  –  синхронды  түсінік,  оны  этимологиямен 
шатастыруға 
болмайды. 
Бұл 
мəселені 
профессор 
М.М.Копыленко:  «...  труд  этимолога  в  известном  смысле 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
117 
заканчивается там, где начинаются усилия мотиволога. Этимолог 
вскрывает побудительный фактор, признак, который лег в основу 
наименования,  т.е.  его  мотив.  Но  закономерности  мотивации, 
наличие или отсутствие мотивированности, группировка мотивов 
по  мотивемам  –  эти  и  другие  проблемы  мотивологии  в  орбиту 
внимания этимолога не входят», - деп түсіндіреді.

Профессор  Ж.Манкеева  атау  қызметінің  үш  бөліктен 
тұратын  қатынаспен  сипатталатынын  айтады:  реалий  –  ұғым  – 
атау
2
. Осыған байланысты атау мен зат арасындағы тілдік емес 
факторларды  жан-жақты  зерттемей  тұрып,  атаулардың  шығу 
себебін  анықтау  оңай  еместігін  айта  келіп,  тіл  біліміндегі 
атаудың (номинацияның) екі дəрежесін атап көрсетеді: 
1)  бірінші  дəрежелі  немесе  алғашқы  атау  (первичная 
номинация).  Ол  –  атаудың  аталушы  заттың  қасиеттерімен 
уəжделуі. 
2)  екінші  дəрежелі  немесе  кейінгі  атау  (вторичная 
номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы нəтижесінде өзін 
тудырған түбірмен мағыналық байланысы үзіледі. 
Бірінші  дəрежелі  немесе  алғашқы  атаулар  өте  сирек 
құбылыс. Атауыш сөздер қоры негізінен екінші дəрежелі немесе 
кейінгі  туынды  атаулармен  жəне  кірме  сөздермен  толығады. 
Алғашқы атаулардың туындылығы көбіне этимологиялық жəне 
тарихи  талдау  арқылы  анықталады.  Ал  екінші  дəрежелі  немесе 
кейінгі  атаулар  (номинация)  морфологиялық  құрамы  жəне 
мағынасы жағынан туынды.  
Екінші  дəрежелі  атаудың  барлық  түрінің  негізінде  адам 
ойлаудың  ассоциативті  сипаты  жатады.  Ол  көбінесе  бұрыннан 
бар, етене таныс нəрселермен ұқсатумен байланысты болады. 
Уəжділік  – кез-келген  атауды  түсіндіруге  тырысатын  адам 
психикасының  табиғатына  сəйкес  лексиканың  онтологиялық 
қасиеті
3
.  
Табиғи  нысандардың  уəжділігін  зерттеу  бойынша 
жұмыстар  өткен  ғасырдың  60-ыншы  жылдарының  аяғында 
басталған. 
1973 
жылы 
қорғалған 
М.М.Ғинатуллиннің 
диссертациясында 
уəждеменің 
теориялық 
негіздері 
қарастырылып,  қазақ  тіліндегі  148  құс  атауларының  уəждеріне 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
118 
сипаттама  жасалған.  Уəждер  он  түрлі  ерекшелігі  бойынша 
бөлінген:  «дауыс  (дыбысқа  еліктеу)»,  «дауыс  (дыбысты 
сипаттау)»,  «басқа  нысандармен  ұқсастығы»,  «көлем»,  «өзге 
соматикалық  белгілері»,  «тіршілік  ету  мекені»,  «қорек»,  «түс», 
«тіршілік ету салты (мінез-құлық)», «иіс». 
Сондықтан,  уəж  –  лексикалық  бірлікті  атау  мен 
топтастыруда  негізгі  құрал  болып  табылады.  Ол  белгінің 
мəнділігі немесе мəнсіздігі сол атау тудырып отырған ұғымның 
түсінігіне,  танымына,  нақты  жағдай  мен  атаудың  мақсатына 
байланысты.  Сонымен  атаудың  екі  дəрежесі  де  уəжге 
негізделеді.  Сондықтан  уəждеу  (мотивация)  тілдік  номинация 
теориясының өзекті бір саласы болып саналады. 
Уəжделген  сөз  уəжделуші  сөзден  сөзжасамдық  тəсілдер 
арқылы  ерекшеленуі  мүмкін.  Сөзжасамдық  тəсіл  ретінде 
қосымша  морфемалар  қызмет  атқарады  (көп  жағдайда). 
Уəжделген сөз сөзжасамдық типтерге топталады. Сөзжасамдық 
тип  –  бұл  уəжделген  сөздер  қатарынан  құралған,  туынды 
сөздердің жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типте негіз сөз бен негізді 
сөздің  мағыналық  қатысын  ашу  ерекше  орын  алатыны 
байқалды.  
Қазақ  тілінің  сөзжасам  тəсілдері  мен  оның  сөзжасам 
элементтері  қолданылуының  тілде  қалыптасқан  заңдылықтары 
бар.  Сол  заңдылықтар  арқылы  ғана  тілде  жаңа  сөз  жасауға 
болады.  Сөзжасам  заңдылықтары  сөзжасам  типтері  мен 
модельдерін,  олардың  бір-бірімен  байланысы  мен  қарым-
қатынасын,  сөзжасам  ұясы,  сөзжасамдық  мағыналарды 
белгілейді.  Сөзжасамға  қатысты  осы  тілдік  құбылыстардың 
барлығы қазақ тілінің сөзжасам жүйесін құрады. 
Сөзжасам  тіл  білімінің  жеке,  дербес  саласы,  оның  өзіндік 
зерттеу  объектісі  бар.  Бұл  саланың  объектісіне  сөз  жасаушы 
тəсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен 
тізбектер,  сөздердің  жасалу  үлгілері,  туынды  сөздер,  олардың 
түрлері,  сөзжасамдық  заңдылықтар  мен  мағына,  сөзжасамның 
сөз  таптарына  қатысы  сияқты  күрделі  –  күрделі  мəселелер 
жатады.  Басқаша  айтқанда  сөзжасам  тілдегі  сөзжасау 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
119 
процесімен 
байланысты 
барлық 
құбылыстар 
мен 
заңдылықтарды зерттейді. 
Сөзжасам  теориясының  негізгі  ұғымдары:  уəждену,  сөз 
тудыру 
өнімділігі. 
Сөзжасамды 
зерттеу 
синтаксистік, 
ономасиологиялық, 
функциялық-семантикалық 
бағыттарда 
жүргізіледі. 
Қорыта  айтар  болсақ,  уəжділік  сөзжасаммен  тығыз 
байланысты.  Сөз  уəжделуі  үшін  ұғым  адам  санасында,  ойында 
қабылдануы  тиіс.  Сөзжасам  –  жаңадан  танылған  зат  пен 
құбылысты,  оның  ерекше  белгілерін  атау  қажеттігінен 
туындайтын  тілдік  процесс.  Сөзжасамдық  процесс  аяқталып, 
туынды  сөз  сөздік  құрамға  енгенде,  ол  тілдік  бірлік  ретінде 
лексикологияның нысанына айналады.  
 
Əдебиеттер 
1.
  Копыленко  М.М.  О  мотивации  наименований 
животных  в  тюркских  языках  //  Проблемы  этимологии 
тюркских языков. Алматы, 1990. 
2.
  Манкеева  Ж.  Мəдени  лексиканың  ұлттық  сипаты.  –
Алматы: «Ғылым», 1997.  
3.
  Копыленко  М.М.,  Попова  З.Д.  Очерки  по  общей 
фразеологии. – Воронеж, 1978. 
 
 
Əбдісулейменова Р.Ш., Шүленбаева Ұ.Р., 
Мусаева Ə.Б., Оспанова Ш.М. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ТІЛДІ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БЕЙІМДЕП 
ҮЙРЕТУ 
 
Қай  дəуір,  қандай  қоғам  болмасын  оқушыны  білім  алуға 
ынталандыру педагогика алдында тұрған тұрақты мақсаттардың 
бірі.  Жастардың  өз  ісіне  ынталы  болуы  қоғамдық  өмірге  деген 
көзқарасымен  тығыз  байланысты.Қоғам  өмірінде тілге  қатысты 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
120 
болып  жатқан  өзгерістер  əлі  қауқарсыз  болып  отыр.  Еліміздің 
ішкі жағдайының жақсаруы өнімнің өсуіне, жаңа технологияны 
игеру  үшін  білім  мен  біліктілік  болуы  шарт  екенін  түсіне 
бастады.  Болашақ  жастарда  десек  осындай  түсінікті  тереңдете 
отырып,  олардың  оқу,  білімге  құштарлығын  арттыра  отыру  да 
қажеттілік болып саналады. 
Студент жастардың тілге деген ынтасын арттыру қазақ тілі 
кафедрасының  ғылыми  деңгейіне  де  байланысты.  Кафедраның 
реитингілік  деңгейі  жоғары.  Бүгінгі  күннің  тіл  мамандары 
қандай десе, ауыз толтырып айтарлықтар оқытушылар жетерлік. 
Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  ішінде  қазақ  тілі 
кафедрасының  арасынан  соңғы  екі-үш  жылда  біздің  екі  білдей 
маманымыз  Қазақстан  Республикасының  Білім  жəне  ғылым 
министрлігінің  «Жыл  мұғалімі»  грантына  ие  болды.  Осындай 
білімді  де білікті  профессор,  доценттерімізді  үлгі  тұта  отырып, 
жас ғалымдар əр мамандық саласына қарай түрлі инновациялық 
технологияларды  қолданып,  сабақты  жүйелі,  жоспарлы 
жүргізуге  ұмтылады.  Университеттің  қамқорлығымен  жаңа 
техникамен 
жабдықталған 
дəрісханалар 
оқытушының 
тəжірибесін 
шыңдай 
түсуіне 
жол 
ашады. 
Мысалы, 
мультимедиалық,  лингафон  кабинеттері,  интерактивті  тақта 
орнатылған  дəрісханаларда  əртүрлі  дидактикалық  жұмыстар 
жүргізу  арқылы  оқытушы  кəсіптік  шеберлігін  үнемі  жетілдіріп 
отырады.  
Қазақ  тілі  кафедрасының  ауыз  толтырып  айтарлықтай 
жұмыстары жеткілікті. Қазақ тілін мамандыққа бейімдеп оқыту 
бағытында  əр  мамандық  саласына  арналған  оқу-əдістемелік 
кешендер,  силлабустар  даярланды.  Бұл  дегеніміз  студенттің 
белгілі  дəрежеде  өз  мамандығы  саласында  тілдік  қатынасқа 
түсуіне  мүмкіндік  жасау.  Болашақ  маманның  қызмет  орнында 
адамдармен  ойын  жеткізе  біліп,  сол  саладағы  термин  сөздерді 
еркін  меңгеріп,  пікір  таласқа  түсе  білуіне  көмектеседі.  Осы 
орайда халық даналығы еске түседі. «Сөзден асқан байлық жоқ, 
тілден  асқан  жүйрік  жоқ»  деген  халқымыз.  Бұл  мақалдың 
қадірін жастар əруақытта естен шығармауға тиіс екендігін қадап 
айтып  отыру  абзал.  Сонымен  қатар  «Ішімдегінің  бəрі-тілімде, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
121 
тілімдегінің бəрі-түрімде» дегендей қаракөз қазақ жастардың өз 
ана  тілінде  шұбар  сөйлеуі  немесе  мүлдем  түсінбеуі  əлі  көптеп 
кездеседі.  Түрі  қазақ  қазақша  сөйлемейтіндер  студент  жастар 
арасында кездесіп отырғаны қынжылтады. Сол жастардың ынта 
жігерін, патриоттық сезімін оятып, тілге деген қызығушылығын 
арттыру  мақсатында  істелінетін  іс-шаралардың  барлығы  дерлік 
мемлекеттік  тілдің  мəртебесін  арттыруға  арналып  отыр. 
Салыстырып  қарағанда  басқа  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілін  оқып, 
үйренуге  ынтасы  басым.  Олардың  арасында  аз  уақыт  ішінде 
жап-жақсы меңгеріп алғандары да кездеседі. Ондай талабы бар 
студенттермен  оқытушы  жеке  жұмыс  жасап,  студенттердің 
ғылыми 
конференциясында 
баяндама 
жасауға, 
жеке 
шығармашылық  жұмыстар  істеуіне  дағдыландырып  жүрген 
оқытушыларымыз аз емес.  
Тілді кəсіби бағдарлы бейімдеп оқытуда оқыту тəжірибелері 
көрсетіп  отырғандай  ауызша  жəне  жазбаша  түрде  жүзеге 
асырылады.  Алайда  бұл  екі  бағыт  тығыз  байланыста  болса  да, 
тілді үйретудің бастапқы кезеңінде ауызша тілдік қатынасқа түсу 
жетекші рөл атқарады. Белгілі бір мамандыққа бейімдей берілетін 
лексикалық  тақырыптың  оқытылуына  негізделе  отырып,  сөздік 
қорды  дамыту  арқылы  жаңа  сөздерді  үйрету,  жаңа  сөздерді 
жасайтын  формаларды  меңгерту,  сөз  бен  сөздің  байланысын, 
тіркесін  үйрету,  сөйлем  құрау  т.б.  мақсаттарға  арналады.Əр 
мамандық  саласына  қарай  бейімделе  берілетін  лексика 
граматикалық тақырып барысында сөзді мағынасына қарай дұрыс 
қолдана  білуге  негізделеді.  Сонымен  қатар  əр  топтағы 
студенттердің  тақырыпты  түсіну  деңгейі  жəне  болашақ 
мамандығы ескерілуі тиіс. Аталған мəселеге орай тіл үйренушінің 
күнделікті  сөздік  қорларын  жетілдірумен  қатар  кəсіби  бағдарды 
негізге  алу  мақсатын  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Ал  кəсіби 
бағыттағы  жұмыстар  əр  сабақ  сайын  жүйелі  түрде  жүргізілуі 
тиіс.Оқытушы мен студент арасындағы мамандыққа бағытталған 
тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары сөйлеу əрекеттері арқылы 
тілдік қатынас орнатады. Ал ол жұмыстар лексикалық тақырыпқа 
негізделеді.  Мысалы,  «Қазақстан  түсті  металдар  қоймасы», 
«
Геодезиялық  өлшеулер»,  «Каспий  мұнайлы  газ  аймағы» 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
122 
т.б.лексикалық 
тақырыптарды 
меңгерткенде 
студент 
өз 
мамандығы  жөнінде  көптеген  мəлімет  алады.  Сұрақтарға  жауап 
беріп,  пікіп  талас  орната  алады.  Жаңа  сөздерді  үйреніп,  бір-
бірімен  тақырып  төңірегінде  тілдік  қатынас  орнатады. 
«Қорғасын»,  «Мырыш»,  «Алтын»,  «Күміс»,  «Мыс»  т.б.  түсті 
ауыр  металдар  қалай  өндіріледі  жəне  өңделеді  деген  сұрақтарға 
да  кəсіби  тілін  шынықтыру  арқылы  жауап  беруге  үйренеді. 
Қазақстанның  қай  өңірінде  қайсысы  өндірілетінін  ұғынып, 
минералдардың қазақша баламасын түсінеді. «Магнитті байыту», 
«Кеннің  байытылуы»,  «Мұнайды  бұрғылау»,  «Пайдалы  қазба», 
«Мұнай  тасымалы»,  «Табиғи  газ»,  «Газдың  құрамы»,  «Жанар 
жəне  жағар  майлар»,  «Мұнайлы-газды  кешен»,  «Шоғырлану», 
«Мұнай  кəсіпшілігі»,  «Газдың  мұнайдағы  құрамы»,  «Мұнайлы 
қабат»,  «Мұнай  көздерін  игеру»,  «Ұңғы»,  «Мұнай  құбыры»  т.б. 
көптеген мұнай-газ жəне тау-кен мамандығында оқитындар үшін 
жиі кездесетін кəсіби түсініктер студенттердің білімін ұштастыра 
түседі.Кəсіби  бағдарға  берілетін  тапсырмаларды  сөйлесім 
əрекеттері  арқылы  меңгерту  студентті  ауызша  тілдік  қатынас 
орнатуға, сауатты жаза білуге дағдыландырады. Ол мамандығына 
қатысты  мəтіндерден  болашақ  қызметіне  қажетті  мəліметтер 
алып, жаңа термин сөздерді меңгереді.  
Бүгінгі  таңда  техникалық  жоғары  оқу  орындарында 
мамандығына  қатысты  тілді  меңгертуде  оқытудың  тəрбиелік 
мəніне  ерекше  назар  аударған  жөн.  Қазақ  тілін  мамандығына 
қатысты  оқытудағы  басты  мəселенің  бірі  студенттердің  сөйлеу 
тілін ширату, дамыту жəне соған тəрбиелеу.  
Лексикалық сөздік қоры бай студент өз мамандығының сөз 
мəдениетін  меңгеруге,  өз  кəсібін  қадірлей  білуге,  оған 
жауапкершілікпен қарауға, орынды, əсерлі сөйлеуге ұмтылады. 
Мамандыққа 
байланысты 
тілді 
бейімдеп 
оқытуда 
студенттердің  тəлімдік  деңгейін  анықтап,  əр  студенттің 
ерекшелігіне  көңіл  бөле  отырып,  қоғамдық  іске  тəрбиелеу, 
ғылыми жұмыстарға тарту жағын қатар жүргізген орынды. 
Осы жұмыстар бойынша мынадай бағыттарды басшылыққа 
алуға болады: 
- кəсіби шеберлікті игеруге баулу; 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
123 
- еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту; 
- өз жерінің байлығын, қазынасын сақтау мен бағалау; 
- еңбекке тəрбиелеу; 

тəрбиелік 
мəні 
мен 
оқытудың 
біртұтастығын, 
сабақтастығын жəне жанжақтылығын үнемі ескеріп отыру; 
-  студент  жастардың  талап-талғамын  ескеріп,  қабілет-
терінің  ашылуына  жағдай  туғызу  жəне  белсенділіктерін 
арттыру; 
-  студенттердің  көзқарастары  мен  ұғым  түсініктерін 
байыту; 
- болашақ инженерлерге тəлім-тəрбие бере отырып, дербес 
ойлауға  бейімдеу,  шешім  қабылдауға,  тіл  табысуға,  қарым-
қатынас жасауға үйрету; 
- кəсіби дайындығы жан-жақты жетілген маман болуы үшін 
білім деңгейін, мəдениеттілігін, азаматтығын қалыптастыру. 
Жоғарыда  көрсетілген  бұл  бағыттарды  үнемі  ескеріп 
отырған жағдайда, студент тілді меңгеруде белгілі бір нəтижеге 
жетері  сөзсіз.Мамандығына  қатысты  берілген  мəтіннен  қажетті 
мəлімет алады, хабардың əр бөлшегін талдай отырып, түсінеді. 
Өзін  қызықтыратын  материалды  қажетіне  сай  пайдаланып, 
жазып алады, жаңа сөздерді жаттайды. 
Кəсіби  бағытта  берілген  мəтіндер  міндетті  түрде 
тапсырмалар  арқылы  бекітіледі.  Ол  тапсырмалар  мəтіннің 
мазмұнын  ашуға,  мəтіндегі  ақпаратты  шығармашылық 
ізденістер  мен  толықтыруға,  мəтіндегі  деректерді  адамдармен 
тілдескенде қолдана білуге арналған болуы тиіс. 
Студенттің  мамандыққа  қатысты  берілген  мəтіндерді 
түсіну  деңгейі  əртүрлі  болады.  Оның  мəтін  мазмұнын  толық 
түсінуі,  ең  басты  ойды  түсінуі,  бөлшектеп  түсінуі,  яғни  өз 
мамандығына  байланысты  ақпаратты  қажетіне  қарай  нақтылап 
түсінуді меңгергені жақсы. 
Болашақ  инженерлер  жұмыс  бабында  бір-бірімен  еркін 
тілдік қарым-қатынас жасап, өз ой пікірін кəсіби тілде жеткізіп, 
шешім  қабылдауы  үшін  оқытушы  ұсынған  бағыттарды 
басшылыққа алып, үзбей еңбектенген жөн. Сонда ғана оқытушы 
да, студент те алдына қойған мақсатына жетеді. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
124 
Техникалық  жоғары  оқу  орнында  дəріс  беретін  қазақ  тілі 
кафедрасының  оқытушылары  болашақ  инженер  мамандардың 
қызмет  орнында  мемлекеттік  тілді  жақсы  меңгерген,  өз 
халқының  салт-дəстүрін  құрметтейтін,  білімді  де  білікті, 
мəдениетті  азаматтардың  қатарының  көп  болғанын  қалайды. 
Осы  мақсатты  іске  асыру  барысында  күш-жігерлерін  аямай 
еңбек етіп келеді.Бүгінгі күн талабы да осы. 
 
 
Бақбергенова Р.Қ. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
Алматы, Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет