Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты


ТІЛДІҢ ҚҰРЫЛЫМ БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет32/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

 
ТІЛДІҢ ҚҰРЫЛЫМ БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАС 
МƏСЕЛЕСІ 
 
Тілдің  заттық  негізінде  жүйелі  қүрылымдық  сипат  бар 
екендігі даусыз. Алайда, жүйелілік дегеніміз тапжылтпас құрсау 
еместігі  де,  бұлтартпас  шеңбер  еместігі  де  сондайлық  шамада 
күмəнсіз.  Ащы  мен  тұщының,  ыстық  пен  суықтың 
арақатынастарында  қандай  ұйқы-тұйқылық  сапырылыстар  мен 
шарпысулар 
болатындығын 
естен 
шығармау 
керек. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
344 
Синергетикалық  үдерістер  туралы  ұғым  -  түсініктер  тілдік 
эволюция көріністеріне де жанасымды екендігінің айғақтары аз 
ұшыраспайды.  Бұйымдық  дүниедегі  табиғи  өзгерулер-сияқты 
рухани  əлемдегі  саналуан  ілгерілеу  қадамдары  мен  прогрестік 
қарыштау  нышандары  біршама  дəрежеде  көңіл  бөлетіндей 
жағдайға жетіп  отыр. 
Осы  түрғыдан  қарағанда,  Карл  Фосслер  мен  Бенедетто 
Кроче  атап  көрсеткендеріндей,  тілдік  құрылыс  материалдарын 
стандарттық  өлшемдер  шегінде  томаға-түйық  қалыпқа  салу, 
əлбетте,  дұрыстық  болмайды.  Бірімен-бірі  ықпалдасып, 
əсерленіп  құбылуы  -  олардың  тірілік  əрекеттері.  Сөз  зергері 
Ғабит  Мүсірепов  лингвистикалық  эстетизмнің  қағидасы  мен 
ұстанымын тамаша формулаға түсірген ғой: «Сөз сөзге жарығын 
да түсіреді, көлеңкесін де түсіреді». 
Мəселен,  сөзжасам  мен  сөзөзгерімнің,  сөзтіркесім  мен 
сөйлемнің  жəне  осылардың  барлығының  мəтіндік  бүтін 
ауқымындағы  бірер  сілкініс  пен  іркілістен  соң  тұнықтанған 
жайына  назар  аударайық.  Тіл  мен  сөйлеу  деңгейлерінде, 
диахрониялық жəне синхрониялық күйлерде, статикалық жəне -
динамикалық  қалыптарда,  ауызшалық  жəне  жазбашалық 
нүсқаларда  көрінер  көрінбес,.  білінер-білінбес  үдеріспен  өтіп 
жатқан, 
схоластикалық 
«айттым-бітті», 
«кестім-үзілді» 
мəніндегі  ережелермен  үйлеспейтіндіктен  қағаберіс  қалып 
жүрген кейбір фактілерді саралап байқайық: 
Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. . 
Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. 
Қысылып, қиналып шыққандай. (Əуезов). 
Көк  қаршыға  кесек көк  болаттай.  Қаздар  болса жүнінің ақ 
қарасы  қызғылт-сарымен  күн  сəулесінің  астында  соншалық 
шапшаң жарқ-жүрқ етеді. Лаулаган жалындай. 
(Əуезов).  Қазір  аңшылардың  үш  қосы  елсіз  сыртта.  Иесіз 
улкен  тау.Бақанас  таулорында  (Əуезов).Базаралыны  қалада 
қоршаған  жиынның  оқшау  бір  тобы  бүгінгі  кеште.  Жиренше 
пəтерінде.  Бас  жатақтағы  Үдері  деген  саудагердің  уйінде 
(Əуезов).  .  Осы  мысалдарда  бөліп  көрсетілген  тіркемелі 
айқындауыш-пысықтауыш, . тіркемелі айқындауыш-баяндауыш 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
345 
(парцелляттар)  қазіргі  көркем  мəтіннің  бедерлі  нақышына, 
күмістей айшығына айналды. Кейбір зерттеушілер айтьщ, жазып 
жүргендей мүны орыс прозасының тіліне, Шукшин стиліне телу 
мүлде  қате.  Əуезовтің  Шукшиннен  қырық  жыл  бұрын 
қалыптастырған  өзіндік  мəнері  өз  ырғағы.  Əуезовтің 
дарытуымен  Нүрпейісов  те,  Мағауин  де,  басқа  да  талай 
қаламгерлер бүл тəсілді жиі қолдануда. 
Мысалы:  Өшін  кімнен  аларын  білмей  терісі  тарылып 
отырған  үстіне  бір  кемпір  келді.  Былтырғы  жүтта  бар  малы 
қырылып,  басқа  күнкөрістері  қалмаған  соң  теңіз  жағасына 
құлаған  жүдеу  ауылдың  жетім  кемпірі.  (Нүрпейісов).  Алматы 
қабылдамай, түні бойы Қарағанды аэропортын 
күзетті.  Ақыры  үшты-ау.  Таң  ата.  Кун  көтеріле.  (Мағауин ). 
Жүгіріп мектепке келді. Жан жоқ. Қуанды. Бірінші болып келдім деп. 
(Мұқаев). 
Мəтіннің  синтаксистік-стилистикалық  үйымдастырылуы 
морфологиялық материалға негізделгендігі өз алдына, тіпті оған 
қоса фонологиялық демеуіш-жөнеуіш те сезіліп түр. Дыбыстап-
дауыстап оқудың үластырғыш екпін реңі елеулі қызмет атқарып 
түр.  Ендеше  синтаксистің  кəдімгі  межесіндегі  айқындауыш 
туралы  түсінік  немесе  толымсыз  сөйлем  туралы  түсінік  бүл 
жерде дəрменсізденуі ап-айқын. 
Тағы  да  бір  тың  жағдаятқа  ден  қойып,  талдау  жүргізейік. 
Сөз  тіркесі  синтаксисінде  қиысу  байланысын  бүгінге  дейін  бір 
ғана  үлгіде  таныту  барлық  оқулықтарда,  орын  алған: 
бастауыштық  -  баяндауыштық  қатынас.  Логика  бойынша  бұл 
түжырымды  бірізділікпен  қабылдап,  тұлғалық  сəйкесу  десек, 
оның  басқаша  қолданыстардағы  үлгілерін  жатсынбас  едік. 
Мысалы: 
Əлемнің тукпір-тукпірінен жиналған мусылмандар бір 
атаңың балаларындай бір сапқа түрып, сəждеге жығылуда. 
(Дербісəлі). Осының ертеңінде түске таман Майбасардың  
екі атшабары — Камысбай, Жумагул шапқылап кеп, Жігітек 
ішіндегі есіктерінің ар жағына суңгіп-суңгіп кетті. (Əуезов). 
Досмұхамбетовтер кіріп  келгенде,  бұлар,  молданы  көрген 
шəкірттердей  орындарынан  ұшып-ұшып  түрегеліп,  жапырыла 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
346 
тағзым етісті. (Есенжанов).Офицер басқа ұрған балықтай кілт 
тоқтады.  (  Есенжанов).  Ауылдың  алдында  дөңкиіп-дөңкиіп 
жатқан  қызыл  шағылдар  көрінеді.  (Кекілбаев).  Алда  тұрған 
еңгезердей  біреу  керек  заттарының  тізімін  оқып  тұр. 
Артындағылары  шешесінің  етегінен  тартып  қыңқылдайтын 
балаларша  əлгі  адамға  қайта-қайта  өз  муқтаждарын  айтып 
қояды. (Жүнісов). 
Бөліп көрсетілген сөздердің үндесе-бірдейлесе байланысуы 
көпше  жəне  жекеше  өзгерім  арқылы,  қайталама  қосарласу 
арқылы,  ортақ  етіс  түрленісі  арқылы  жүзеге  асқан.  Мəтіндік 
бүтіннің ықтиярымен сандық қиысу болған. 
Морфосинтаксис түйісуіндегі мүндай күбылыстарды əлі де 
терең  жөне  жан-жақты  ашьіп,  себеп-салдарын  толық  түсінудің 
ғылыми мəні мол. Қазіргі заманғы озық теориялық жинақтаулар 
тілдердің  ескіше  типологиялық  саралануына  сыни  көзқараспен 
байыптай үңіліп, даму көріністерін жете тануды қажеттендіреді. 
 
 
Əдебиеттер 
1.  Адмани  В.Г.  Грамматический  строй  как  система 
построения и общая теория грамматики. «Наука», Л., 1988. 
2.   Бондарко  А.В.  Теория  морфологических  категорий.  « 
Наука»,  Л.,  1976.  3.'Москальская  О.И.  Грамматика  текста. 
«Наука», М., 1981. 
4.
  Солнцев  В.М.  Язык  как  системно-структурное 
образование. «Наука», М., 1978. 
5.
  Теоретические  основы  классификации  языков  мира. 
«Наука», М., 1980, 1982. 
 
 
Ыбраш А.С. 
Астана, Қазақстан 
 
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ 
ƏДІСТЕР  МЕН ТƏСІЛДЕРІ ЖҮЙЕСІ 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
347 
Синтаксиске  арналған  сабақтарда  оқушылар  маңызды 
синтаксистік  формалармен  жəне  категориялармен  танысады. 
Сондықтан  да  синтаксистік  категориялар  бай  əрі  түрлі  болып 
келеді:  сабақтас  сөйлемнің  шартты  бағыныңқы,  қарсылықты 
бағыныңқы,  себеп  бағыныңқы,  мезгіл  бағыныңқы,  қимыл 
бағыныңқы,  мақсат  бағыныңқы  түрлерге,  ал  салалас  құрмалас 
ыңғайлас,  қарсылықты,  іліктес,  себеп-салдар  салалас,  талғаулы 
салалас,  кезектес  салалас  болып  бөлініп,  уақыттың,  орыннның, 
себептің,  шарттың,  салдардың  салыстырулардың  атрибуттік, 
объекттік қатынастарды қамтиды [1]. Синтаксистік бірліктердің 
грамматикалық  мағыналарын  игермей,  оқушылардың  сөйлесім 
дағдыларын, 
сөйлесім 
норма 
деңгейіне 
келетін 
тіл 
компоненттерін игеру дағдыларын дамыту мүмкін емес. 
Синтаксис  туралы  оқу-əдістемелік  құралдарда  нақты 
материалда  синтаксистің  жеке  бірліктерінің  табиғатын  ашатын 
дидактикалық 
материалдар 
болуы 
қажет. 
Жаттығулар 
материалы  оқушыларды  оқылатын  синтаксистің  бірліктерінің 
сөйлесімдегі  ережелері  мен  ерекшеліктерімен,  синтаксистік 
байланыс  нормаларымен  таныстыруы  тиіс.  Құрмалас  сөйлемді 
құрылымдық-семантикалық  тұтас  ретінде  оқу  барысында 
оқушылар 
құрмалас  сөйлемнің 
полипредикаттық  жəне 
құрылымдық  ұйымдастыру  ерекшеліктерімен,  семантикалық 
жəне интонациялық тұтастығымен танысады. Салалас құрмалас 
сөйлемнің  құрылымдық-семантикалық  сипатын  игерумен  қатар 
оқушыларға  жай  сөйлем  мен  салалас  құрмалас  сөйлемнің 
арасындағы  мағыналық  қатынастық  түрлі  болатынын  түсіндіру 
қажет.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  оқыту  барысында  оның 
семантикалық ерекшелігіне аса назар аударған жөн. 
Қазіргі  мектептегі  бағдарламалар  бойынша  құрмалас 
сөйлемді  оқытуда  білім  берудің  негізгі  сатысында  қазақ  тілін 
оқытудың  мақсаты  –  сауатты  сөйлей  алатын,  қатысымдық 
біліктілігі  дамыған  тұлға  дайындау  болса,  бұл  мақсатты 
орындау  үшін  танымдық  жəне  практикалық  міндеттер 
қойылады: 
танымдық бағыт бойынша: 
-
  оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
348 
-
  əрбір  тілдік  бөлшектердің  жалпы  тіл  жүйесіндегі  орнын, 
маңызы  мен  ерекшеліктерін  ажырата  білуіне  қажетті  біліктілік-
дағдыларын қалыптастыру; 
-
  тілдің  қоғамдық  маңызын  түсіндіру,  ана  тілінің  бүгінгі 
таңдағы  əлеуметтік  рөлін,  оның  басқа  тілдермен  өзара 
байланысын, теңдігі мен бірлігін ұғындыру; 
-
  оқушылардың  логикалық  ойлауын,  қабылдау,  түйсіну 
əрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру; 
-
  тілдік  құбылыстарды  абстрактылауды  жəне  жинақтауды 
үйрету, таным белсенділігін күшейту; 
-
  тіл  фактілері  арқылы  оқушының  рухани  дүниесін 
жетілдіру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеу; 
-
  қазақ  тілі  сабағында  пəнаралық  байланыс  арқылы  қоғам, 
табиғат  туралы  адамзат  жинап  қорытқан  білім  негіздерімен 
қаруландыру. 
Практикалық бағыт бойынша: 
-
  оқушының 
сауаттылығын 
арттыру, 
əдеби 
тіл 
нормаларын меңгерту; 
-
  тіл мəдениетінің талаптарына сай дағдыларды жетілдіру 
[2]. 
Мектепте берілетін құрмалас сөйлем туралы оқу материалы 
оқушының  тілдік  білімін  кеңейтіп  қана  қоймай,  олардың  пəнге 
деген  қызығушылығын,  ынтасын  арттыратын  əлеуметтік, 
танымдық  мотивтердің  қалыптасуына  жол  аша  отырып,  алған 
білімдерін  практикалық  біліктілік  –  дағдыға  айналдыруды 
көздейді. 
Синтаксистің  сөйлем  жүйесі  негізгі  сала  ретінде  оқылады. 
Жаңа  білім  мазмұнындағы  ерекшелік  –  сөйлем  жайындағы 
барлық  мағлұмат  бір  сыныпқа  топталып  берілгендігі.  Яғни 
сөйлемнің  мазмұнына,  айтылу  сазына  жəне  құрылысына  қарай 
бөлінуін  логикалық  бірізділікпен  меңгерту  қазіргі  мектепте 
берілетін  мазмұнында  көзделген.  Мұнда  сөйлемнің  сипаты, 
құрамы,  сөйлем  мүшелері  туралы  білім  берілгеннен  кейін  жай 
сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің түрлері оқытылады. Мектеп 
бағдарламасы  бойынша  білім  мазмұнының  толықтығы 
ұстанымына  сəйкес  сөйлемнің  екі  түрінің  біртұтас  берілуі  де 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
349 
көрсетілген.  Сонымен  қатар,  білімнің  оқушыға  түсінікті 
жеткізілуіне  көңіл  бөлініп,  құрмалас  сөйлем  түрлерін  жүйелі 
оқытуға да ден қойылған.  
Мектеп қабырғасында құрмалас сөйлемді оқыту барысында 
қалыптасатын дағдылар: 
-
  жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемді  жəне  олардың 
типтерін ажырата білу; 
-
  сөйлесімде синтаксистік синонимдерді қолдану, салалас 
жəне  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  барлық  түрлерін  ой 
білдіру барысында ұтымды қолдана білуге дағдыландыру; 
-
  қазақ  əдеби  тіл  нормаларына  сай  құрмалас  сөйлемдерді 
құрастыра білуге баулу; 
-
  қатысымдық мақсаттылыққа сай құрмалас сөйлемдердің 
түрлерін дұрыс қолданып отыруға баулу; 
-
  құрмалас  сөйлемді  мағынасы  жəне  құрамына  қарай 
талдай білу; 
-
  сөйлесімде синтаксистік құралдарды табу жəне талдау. 
Құрмалас  сөйлемді  компьютермен  оқыту  барысында 
оқушыларға  құрмалас  сөйлемнің  табиғаты,  оларды  сөйлесімде 
дұрыс  қолдана  білу,  тыңдалымды  дамыту,  ауызша  сөйлеу 
мəдениеттілігін  дамыту  тəрізді  міндеттерді  көзделеді.  Осындай 
міндеттер  оқытушы  алдында  құрмалас  сөйлемді  оқытудың 
барлық кезеңдерінде тұрады. Сонымен қатар, құрмалас сөйлемді 
компьютермен  оқытуда  құрылымдық-семантикалық  қағидаға 
негізделген  қазіргі  қазақ  тілінің  талаптарын  ескеру  қажет. 
Компьютерлік  қызмет  құрмалас  сөйлемді  оқытудың  дəстүрлі 
курсына  демеу  ретінде  қолданылады.  Осындай  жағдай 
оқушының  зейіні  сабақтан  тыс  алып  кетпейді,  керісінше  оның 
түрлі  дамуына,  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Сондықтан  ең  басты  мəселе  келесі:  электрондық  техниканы 
сабақтық құрылымына оның тұстастығын бұзбай қалай ендіруге 
болады? 
  Компьютерлік 
технология 
қолдану 
барысында 
дифференциялық  əдіспен  бірізділікте  қолданылады.  Құрмалас 
сөйлем 
табиғатын 
компьютермен 
оқыту 
барысында 
оқушылардың  өткен  тақырыптары  бойынша  сауаттылығын 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
350 
жетілдіреді,  арттырады.  Жалпы  электрондық  техниканы 
сабақтың  барлық  кезеңдерінде  қолдануға  болады:  жаңа 
тақырыпты бекіту, өзіндік жұмыстар жүргізу, қайталау жəне т.б. 
Техника түрлі функцияларды атқарып отырады. 
Қазіргі  оқулықтарда жəне  оқытушының сабақ жоспарында 
тапсырмалар «орта деңгейлі» оқушыларға арналған. Сондықтан 
жоғары  деңгейлі  оқушылардың  потенциалы  тыс  қалып,  төмен 
деңгейлердің  қызығушылықтары  төмендейді.  Компьютермен 
оқытудың  мүмкіндіктері  бұл  аталған  жағдайларды  «түзетуге» 
арналған  деуге  əбден  болады.  Одан  басқа  компьютермен 
берілетін  тест  жүйесі,  сабақта  қағаз  парағымен  берілетін 
тестерден  анағұрлым  қызық  келеді  жəне  оқушының  сабаққа 
деген  ынтасын  оятады  жəне  компьютермен  берілген  тест 
бағасын техника объективті түрде бағалайды, ал оқытушыларды 
субъективті бағалау болатыны баршылық. 
Сонымен,  құрмалас  сөйлемді  компьютерлік  техниканы 
қолданумен оқыту үдерісінде: 
•  сабақ темпін көтереді; 
•  оқушылар 
өзіндік  жұмыстарды  қызығушылықпен 
орындайды; 
•  алған  теориялық  білімдерін  барлық  оқушылардан 
тексеру мүмкіндігі; 
•  практикалық дағдыларын тексеру мүмкіндігі; 
•  сауаттылығын тексеру мүмкіндігі; 
•  алгоритмдерді құруға үйрету мүмкіндігі. 
Ал,  алгоритм  дегеніміз  программалап  оқыту  барысында 
берілетін,  нақты  бір  мақсатқа  бағытталаған  əрекеттердің 
бірізділігі  [3].  Құрмалас  сөйлем  бойынша  тапсырмалардың 
дұрыс  орындалуы  үшін  бірізділікпен  құрылған  əрекеттердің 
нақты тəртібі. Мəселен, электрондық оқулықта бірінші құрмалас 
сөйлем  табиғаты  жайында  түсінікті  берулерді  немесе  ережесі, 
оның  түрлері  бойынша  тапсырмалар  беріледі.  Алгоритмдер 
үлкен  ережелерді  кешендік  схемаларға  айналдыруға  да 
көмектеседі.  Компьютерді  қолдануда  оқушыларды  өздері  де 
алгоримді  жасап  үйрене  алады.  Компьютер  арқылы  құрмалас 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
351 
сөйлемнің 
барлық 
түрлеріне 
қатысты 
тапсырмалар 
ұйымдастырылған  түрде  орындалады.  Əсіресе,  компьютер 
құрмалас  сөйлем  туралы  алған  білімдерін  дағдыландыруға, 
сөйлесім барысында қолдана алуға, алған білімдерін бақылауға 
мүмкіндік  береді.  Осылай  оқушыдан  компьютерді  қолдануда 
«автоматтандырылған  сауаттылық»  қалыптасады,  осындай 
сауаттылық 
санасыз 
(подсознательное) 
сауаттылықққа 
айналады.  Компьютермен  құрмалас  сөйлемді  оқыту  барысында 
оқушының  оқуға  деген  мотивациясы  күшейіп,  дағдылар  тез 
қалыптасады. Машинамен аса қызығушылықпен оқитын оқушы 
қарапайымнан  күрделіге  апаратын  тапсырымалардан  да 
қорықпайды,  бір  сабақтан  электрондық  оқулықта  берліген 
құрмаласа  сөйлем  туралы  барлық  тапсырмаларды  орындауға 
тырысады [4]. 
Компьютерді  оқу  үдерісінде  қолдану  жөнінде  Ж.Қараев 
мынадай  пікір  айтады:  "Начатый  в  1985-86  учебном  году 
процесс  компьютеризации  школ  поставил  перед  собой  две 
основные  задачи:  1)  обеспечение  компьютерной  грамотностью 
учащихся,  подготовка  преподавательских  кадров  в  области 
информатики;  2)  применение  компьютерной  техники  как 
средства  обучения  в  учебно-воспитательном  процессе.  На 
сегодняшний  день  из  этих  двух  задач  первая  более  или  менее 
решена.  А  вторая  несмотря  на  довольно  продолжительный 
период развития находится все еще в постановочном состоянии" 
[5].  Компьютерлік  технологияның  ерекшелігі  оқушының 
құрмалас  сөйлемді  түрлі  əдістер  арқылы  меңгере  отырып,  есте 
сақтай  алуында  ғана  емес,  сонымен  бірге  есінде  қалмаған 
сабақтың  сценарийін,  тапсырманы  компьютерді  іске  қоса 
отырып, қайталау мүмкіндігінде.  
Құрмалас  сөйлемді  компьютермен  оқыту  əдістері  мен 
тəсілдері  компьютерлік  технологияда  берілетін  міндеттер  мен 
мақсаттарды ұстануды қажет етеді. Өйткені бұл əдістер аталған 
технологияның  міндеттерінен  туындайды.  Компьютерлік 
технологияның  басты  міндеттері:  оқушының  сабаққа  деген 
белсенділігін арттыру, шығармашылық жəне ойлау қабілеттерін 
дамыту болып табылады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
352 
Құрмалас  сөйлемді  компьютермен  оқыту  əдістері  мен 
тəсілдерінің  жүйесін  сипаттау  алдында,  құрмалас  сөйлемді 
оқытуға  арналған  компьютерлік  бағдарламаның  мазмұнын 
көрсету қажет. 
 Алдымен  тілді  оқытудағы  компьютерлік  модельдеудің 
кезеңдеріне  тоқталайық.  Компьютерлік  модельдеудің  кезеңдері 
бар: 
•  Функционалды-алгоритмдік  кезең.  Сабақтың  схемасын 
модельдеу кіреді: тақырыбы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны т.б.  
•  Оқу-əдістемелік  кезең.  Оқу  материалдарын  таңдау, 
тапсырмалар мен құрмалас сөйлемдер түрлерін сипаттау, бақылау 
тапсырмаларын таңдау кезеңі. 
•  Программалық-математикалық  кезең.  Алгоритмдер 
мен оқу-əдістемелік материалдың бірігуі. 
•  Инженерлік-прагматикалық 
кезең. 
Барлық 
материалдарды бір жүйеге келтіру кезеңі. 
Құрмалас  сөйлемді  оқыту  барысында  компьютерді  қолдану 
оқушы 
жұмысының 
саналы 
жəне 
белсенді 
болуын 
ұйымдастырудың жаңа əдісі бола алады. Сонымен қатар, сабақты 
өте қызықты əрі көрнекті қылады. 
Осылай,  компьютерді  қолдану  барысында  келесі  «əрекет 
етуші  тұлғалардың»  оқу  үдерісіндегі  бір-бірімен  байланысы 
анықталады. Оны мына суреттен байқауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
Оқытушының  оқушымен  жұмыс  жасауы  барысында  нелер 
өзгереді?  
Мұғалім 
компьютер 
оқушы 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
353 
1.
  Тапсырмалар мазмұны 
2.
  Теориялық курс мазмұны 
3.
  Оқытушының əдістемелік əдістері 
4.
  Қазақ  тілі  сабағында  компьютердің  болуы  жайында 
мұғалімнің жеке түсінігі. 
Тапсырмалар  мазмұны.  Оқушы  компьютерсіз  істей 
алмайтын жəне компьютер оқушысыз істей алмайтындай болуы 
қажет. 
Теориялық 
курс 
мазмұны. 
Оқушыға 
алдын-ала 
теориялық мол мəлімет беру. 
Оқытушының  əдістемелік  əдістері.  Оқытушы  алдында 
келесі  мəселелер  тұрады:  компьютерлік  программаны  қай 
уақытта  қолдану,  оқушыға  сабақтың  қай  кезеңінде,  қандай 
тапсырмалар  беру  жəне  т.с.с.  Осылайша  мұғалімнің  тəжірибесі 
байи түседі.) 
Қазақ  тілі  сабағында  компьютердің  болуы  жайында 
мұғалімнің  жеке  түсінігі.  Бұл  қарапайым  мəселе  емес. 
Компьютер  өте  күрделі  сұрақтарға  жауап  беретін  техникалық 
құрал.  Сондықтан  оқушыны  сабақта  компьютерді  дұрыс 
қолдана білуге баулу қажет. 
Оқушы үшін не өзгереді? Оқушы : 
•  Пəн бойынша базалық білімді игереді; 
•  Теориялық білімін жүйелей алады; 
•  Емтихандар 
тапсыруға 
психологиялық 
тұрғыдан 
дайындалады; 
•  өзіндік бақылауға үйренеді. 
Одан  басқа,  құрмалас  сөйлемді  компьютермен  оқыту 
барысында оқушылар келесі дағдыларға ие болады: 
1.
  Компьютердің  берген  тапсырмаларын  орындауда 
оқушының логикалық ойлау қабілеттілігі дамиды. 
2.
  Компьютермен  жұмыс  жасау  үрдісінде  жүйелілікке 
дағдыланады. 
3.
  Компьютерлік 
идеологияға 
тəрбиеленеді 
(артық 
кнопкаларлы баспау, керектігін таңдап алу жəне тб.). 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
354 
Құрмалас  сөйлемді  компьютермен  оқыту  əдістемесін 
талдауда  оқытушының  ролі  мен  ие  болатын  мүмкіншіліктері 
туралы айтуға тура келеді.  
-
  оперативтік бақылау мүмкіншілігі; 
-
  электрондық оқулықпен жұмыс жасау; 
-
  оқушының зерттеу қызметін жедел ұйымдастыру; 
-
  компьютерді 
бақылау 
жұмыстарында, 
өзіндік 
жұмыстарда қолдану. 
Оперативтік  бақылау  мүмкіншілігі.  Компьютерлік 
тестер арқылы оқушының білім деңгейін тез анықтауға болады. 
Əрине,  оқу  үдерісі  барысында  тек  осындай  бақылау  түрімен 
шектелмейді. 
Электрондық  оқулықпен  жұмыс  жасау.  Оқулықтың 
осындай  түрі  теориялық  мəтінді  экранның  дисплейіне 
механикалық  түрде  көшіру  емес.  Электрондық  оқулық 
жасаудың өзі күрделі үдеріс екенін ұмытпау қажет. 
Компьютер 
оқушының 
зерттеу 
қызметін 
жедел 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайда  оқушының 
мəдениет  пен  ғылыммен əлемдік  компьютер желісі  –  Интернет 
көмегі  зор:  əлемдегі  құрдастармен  сөйлесу,  əлемдегі  ғылыми 
жəне  мəдени  ақпараттарды  қарау,  интерактивтің  сұхбат, 
халықарарлық  серверлер  арқылы  əлем  жаңалықтарымен  таныс 
болу. 
Компьютерді 
бақылау 
жұмыстарында, 
өзіндік 
жұмыстарда 
қолдану
Емтихандар 
мен 
тестілерді 
интерактивтік  режимде  өткізу  барысында  оқушының  алған 
білімі объективті түрде бағаланады. 
Қазақ  тілі  бойынша  ақпараттық  пəндік  жағдайларда 
оқушыларды сапалы оқыту үшін компьютерлік құралдар жүйелі 
түрде  қолданылуы  абзал.  Қазақ  тілін  оқытуда  ақпараттық 
технологияны, 
компьютердің 
мүмкіншіліктерін 
молынан 
қолдану  -  қазақ  мектебі  оқушыларының  интеллектуалдық 
дамуына  жаңа  серпіндер  беріп,  жалпы  қазақ  тілін  оқыту 
əдістемесінің  жəне  тұтас  қазақ  мектебінің  биік  белестерден 
орын  алуына  жол  салады.  Ол  үшін  қазақ  тілінің  мектепте 
оқылатын  салалары  жаңа  оқыту  технологиялары,  оның  ішінде 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
355 
ақпараттық 
технология 
тұрғысынан 
зерттелініп, 
оның 
теориялық  жəне  əдістемелік  заңдылықтаны  анықталуы  керек. 
Сол  кезде  ғана  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  озық  дамыған  тіл 
оқыту əдістемелері қатарынан орын ала алады 
 
Əдебиетер 
1.
  Есенов  Қ.  Құрмалас  сөйлем  синтаксисі.  –  Алматы: 
«Білім» 1995 
2.
  Қазақ тілі бағдарламалары. Алматы, 2004 
3.
  Қадашева  Қ.  Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі.  –  Астана, 
2005 
4.
  Құрманова  Н.  Қазақ  мектептерінде  сөз  тіркесі 
синтаксисін дамыта оқыту технологиясы. Ақтөбе, 2004 
5.
  Қараев  Ж.  Активизация  познавательной  деятельности 
учащихся  в  условиях  применения  компьютерной  технологии 
обучения: Дисс... доктора пед. н., -Алматы, 1994 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет