Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



жүктеу 2.81 Kb.

бет2/32
Дата22.12.2016
өлшемі2.81 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
14 
қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, 
айдың  тоғамы,  тоқсанның  кіруі  (Х.Əбішев.  Аспан  сыры,  1966,           
129-б) 
Түркістан  қаласында  Ахмет  Яссауидің  сағанасы  бар.  Бұл 
ғажайып сағананың ішінде алып қазан тұр. Қазанды 1399 жылы 
Ақсақ  Темірдің  əмірімен  Түркістан  қаласынан  25  шақырым 
қашықтықтағы  Атабай  деген  жерде  жасаған.  Оны  термездік 
шебер  Əбділ  Əзіз  Шарафуддин  жеті  металл  қоспасынан  құйып 
жасаған. Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, 
алтын  бар.  Бұл  жердегі  металдың  түрі  жетеу  болып  келуі  орта 
ғасыр  алхимиктерінің  планетаның  санына  қарай  металдың  да 
саны  жетеу  болады  дегеніне  байланысты  болса  керек  немесе 
жеті  металдың  қосындысында  ерекше  қасиет  болуы  мүмкін. 
Алхимиктер  жеті  планетаның  санына  қарай  төмендегідей  жеті 
металды  қабылдаған:  алтын  –  күн  металы,  күміс  –  ай  металы, 
электрум  –  юпитер,  қорғасын  –  сатурн,  темір  –  марс,  мыс  – 
шолпан, қалайы – меркурий металы. 
Ата-бабаларымыз  табиғи  қаталдықтан  зардап  шеккен 
кездерін  де  жетіге  бөліп,  жеті  жұт  атаған.  Олар  мыналар: 
құрғақшылық, малдың қырылуы, індет, зілзала, сел, өрт, соғыс. 
«Сегіз  пейіш,  жеті  жұмаққа  қарама»,  «Жеті  тозақ»  деген 
тіркестер  адам  баласының  бұл  дүниеде  таза,  адал  жүруін,  о 
дүниеге  барғанда  бұл  дүниедегі  əрбір  ісіне  жауап  беретінін 
ескертіп,  адам  атына  лайықты  өмір  сүруге  шақырады.  Жалған 
дүниеден  озған  адамдар  «Сират»  қыл  көпірінен  өткенде 
күнəкəрлер тозаққа, бейкүнəлар бейішке бармақ. «Жеті тозаққа» 
тоқталатын болсақ, біріншісі – «Хауна» деп аталады. Оған намаз 
оқымағандар,  ораза  тұтпағандар,  шариғат  үкіміне  мойын-
сұнбағандар  барады.  Екіншісі  –  «Лаза»,  бұған  парақорлар, 
əділетсіз,  тəкаппар  əкімдер  мен  жетім-жесірлерді,  жарлы-
жақыбайларды қорлап, зорлағандар кіреді. Үшіншісі – «Сақар», 
бұған  байлығы  мол  бола  тұра  кем-кетіктерге  қайырымдылық 
жасамаған,  зекет-ғұмырын  бермегендер  кіреді.  Төртіншісі  – 
«Сауыр»,  бұған  мұсылмандардың  мал-мүлкін  күштеп  тартып 
алғандар,  біреудің  ақысын  жеген,  қиянатты  көп  жасағандар 
кіреді.  Бесіншісі  –  «ЖаҺаннам»,  бұған  зинақорлар,  шарапқор 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
15 
адамдар,  ата-анасының,  көршілерінің  көңілін  қалдырғандар 
кіреді.  Алтыншысы  -  «Сиджын»,  бұған  намаз  оқыса  да,  ораза 
тұтпайтын,  құмар  ойнап,  шариғат  əмірін  шала-шарпы 
орындайтындар  кіреді.  Жетіншісі  -  «Хатма»,  бұған  аманатқа 
қиянат  қылушылар,  бірін-бірі  сыйламай,  ұрыс-керіспен  өмірін 
өткізген  ерлі-зайыптылар  жəне  əйелдердің  «нифас»  күндері 
жыныстық қатынаста болғандар, тапқан малын арам жолға сарп 
қылғандар  кіреді.  Бұл  тозақтар  жеті  қат  жер  астында  деп 
есептеледі.  Ал  «жеті  қат  жер  асты»  дегенді  ғалымдарымыз 
жердің шындығында жеті қабаттан тұратынын дəлелдеген. 
Жеті  санына  байланысты  мақал-мəтелдер,  нақыл  сөздер, 
өсиет  түрінде  кездесетін  тұрақты  сөз  тіркестерін  көптеп 
кездестіруге болады. Ол жеті санын ата-бабаларымыздың қасиет 
тұтып,  ерекше  ардақтағанынан  болса  керек.  Жеті  санының 
ерекше  қасиетке  ие  болуына  себеп  болған  адам  бойында  жеті 
санының  кездесуіне  байланысты  (жеті  айлық  бала,  жеті  мүше, 
жеті  жан),  екіншісі  жеті  қарақшы  жұлдызына  табыну  себепті 
жəне  жеті  күнмен,  яғни  аптамен  байланысты  болуы  мүмкін 
деген жорамал бар.  
 
Əдебиеттер 
1.  Кеңесбаев  І.  «Жеті»,  «Үш»,  «Тоғыз»,  «Қырық»  -  пен 
байланысты  ұғым  //  Қаз.  ССР  Ғылым.  Акд.  Хабарлары. 
Филология сериясы, 1946. 4 шығар. 3-14 бет. 
2.  Уəлиев  Н.  Жұмбақ  сандар  //  Жалын,  1988.  №4 105-108 
бет. 
3.  Ғабитханұлы  Қ.  Наным  –  сенімге  баланысты  қазақ 
тіліндегі  тұрақты  тіркестер  филол.  Ғыл.  Кад.  Авторфераты.  – 
Алматы. 1995, 27 бет. 
 
 
Тұрсынова Г. Т., Садақбаев Т 
Əбдісүлейменова Р.Ш. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
16 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ МƏТІННІҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Мемлекеттік  тілді  меңгертуде  мəтін  маңызды  орын  алады. 
Бұл  мəселенің  маңызы  қазақ  тілін  кредиттік  жүйе  арқылы 
оқытуда арта түседі.  
Елбасымыз  Н.  Ə.  Назарбаев:  «Үмітін  үзеңгі  қылған  ел 
перзенттері ретінде білім жəне ғылым ісінде бірігіп қимылдасақ, 
шығар  шыңымыз  əрқашан  биік  болатынына  ешкім  де  шүбə 
келтірмес.  Болашаққа  біліммен  қадам  басып,  лайықты 
қолтаңбамызды  қалдырайық.  Ұрпаққа  ұялмай  тарту  ететін 
мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын» деген еді.  
Дүние  жүзіндегі  негізгі  тілдер  белгілі  бір  мемлекет 
аумағында  өмір  сүретін  барлық  ұлт  өкілдері  мен  ұлыстарды, 
қауымдастықтарды  біртұтастық  пен  түсіністікке  топтастырушы 
негізгі фактор ретінде өмір сүретіні белгілі. 
Осы  орайда  Қазақ  тілі  де  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  тілі  болғандықтан,  қазақ  тілі  өмірдің  барлық 
саласында, атап айтқанда іс-қағаздарын жүргізуде, білім беруде, 
денсаулық сақтауда, заң шығаруда, ғылым мен техника тілінде, 
сот  ісін  жүргізуде,  нарықтық  қатынас  пен  бұқарлық  ақпарат 
құралдарында  өз  дəрежесінде  қолданылуы  тиіс.  Бұл  үрдісті 
түбегейлі  жүзеге  асыру  үшін  мемлекеттік  тілді  Қазақстан 
Республикасының  əрбір  азаматы  үйренуі,  білуі,  күнделікті 
қарым-қатынаста  қолданысқа  түсіруі  шарт  жəне  мемлекеттік 
тілдің  құқықтық  мəртебесін  сыйлауға,  құрметтеуге,  қорғауға 
міндетті.  Ал  оны  бұзған  жағдайда  əкімшілік  жауапкершілікке 
тартылатынын да ұмытпауы тиіс.  
Техникалық  жоғарғы  оқу  орындарының  орыс  бөлімі 
студенттеріне  қазақ  тілін  оқытуда  -  олардың  мамандықтары 
бойынша  қарым-қатынас  құралына  айналдырудың  мəні  үлкен. 
Бұл  ретте  кəсіби  қазақ  тілі  оқулықтарын  жасаудың,  оларға 
мамандыққа  сəйкес  мəтіндер  беріп,  оны  студенттерге  талдату 
маңызды міндет. Төменде «Тау-кен саласындағы мамандықтарға 
арналған  кəсіби  қазақ  тілі»  оқулығынан  бірнеше  мəтіндер 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
17 
келтіріп,  олардың  мемлекеттік  тілді  үйретудегі  маңызына 
тоқталамыз.  
Мəтіндегі  Сəтбаев  туралы  мəліметтерді  есте  сақтап, 
мəтіннің берілген бөлігін орыс тіліне аударыңыздар
Қ. И. Сəтбаев-металлогения ғылымының атасы 
Қаныш  Имантайұлы  Сəтбаевтың  сегіз  қырлы,  бір  сырлы, 
азамат-  ғалым  болғанын  əлеуметтік,  саяси,  экономикалық, 
ғылыми салалардағы еңбектері айқындап беріп отыр. Орталық 
қазақстанның  металлогениялық  болжам  картасы  əлемдегі 
теңдессіз  ғылыми  еңбек  ретінде  тарихқа  енді.  Осы  еңбектері 
арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі 
жер жүзіне мəшһүр болды.  
Қ.И.  Сəтбаев  аталған  еңбектерінің  нəтижесінде  металло-
гениялық ғылымды дамытушылардың алдыңғы қатарынан орын 
алып,  Қазақстандағы  металлогения  ғылымының  атасы  атанды 
жəне  оны  Қазақстан  металлогения  мектебінің  негізін  салушы 
деп  атайды.  Металлогениялық  болжам  картасын  жасаудың                         
Қ.  И.  Сəтбаев  көрсетіп  берген  принциптері  мен  əдістері 
бұрыңғы  Одақтық  геология  өкілдері  тарапынан  (Алматы,  1958) 
қолдау тапты. Ол жасаған металлогениялық талдау əдістемесі,            
сондай-ақ  кеннің  пайда  болуы  жəне  кен  орындарын  болжау 
теориясы 
жөніндегі 
қағидалары 
геология 
ғылымы 
мен 
тəжірбиесіне,  əсіресе  металлогения  ғылымын  өркендетуге 
ерекше  септігін  тигізді.  1954  жылы  жұмыс  макеттері  жəне 
жүйеленген  метеллогениялық  болжам  карталары  жасалып 
болды.  
Мемлекетіміздің  үштұғырлы  тіл  саясатын  іске  асыру 
мақсатында тілдерді кіріктіре отырып оқытудың маңызы үлкен. 
Сабақ  барысында  студенттер  əр  тілдің  өзіндік  ерекшеліктерін 
терең  сезіне  біліп,  ойлау,  есте  сақтау,  қайта  жаңғырту 
қабілетінің  жетілгенін  байқатады.  Көптілділікті  меңгеру 
нəтижесінде  студенттерде  сол  тілде  қарым-қатынас  жасау 
мəдениеті  қалыптасады.  Көптілділікті  меңгерудің  тағы  бір 
қыры-ұлттық  патриотизм  мае  интернациолизм  рухында 
тəрбиелеуге зор мүмкіндік ашады. Студент əр тілдегі мəтіндерді 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
18 
оқи,  тыңдай,  мазмұндай  отырып,  өз  халқын  сүю  мен  өзге 
халықтарды сыйлауды үйренеді. Мысалы: 
1  - 
тапсырма.  Мəтінге  жоспар  құрып,  жоспар  бойынша 
əңгімелеп беріңіздер. 
2  - 
тапсырма.  Мəтіндегі  термин  сөздерге  арнайы  сөздік-
тің көмегімен түсініктеме жазыңыздар. 
Қазақстан  Республикасының  жер  қоры  -  кадастрдың 
объектісі.  
Қазақстанда  барлық  жерлерді  қамтитын  бірыңғай 
мемлекеттік  жер  қоры  мемлекеттік  жер  кадастрының 
объектісі  болып  есептеледі.  Мемлекеттік  жер  кадастрында 
есептелінетін  объектіге  сандық  жəне  сапалық  сипаттама 
бере алатын жəне жер кадастрлық көрсеткіштерінің жүйесі 
болып саналын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар 
қолданылады. 
Есептелетін 
объектінің 
түрлі 
негіздері 
бойынша 
топтарға 
бөлінуі 
əдетте 
классификациялау 
(
топтастыру)  деп  аталады.  Қазақстанның  жер  қоры  жер 
кадастрда  ең  алдымен  жалпы  аудандарды  жəне  кеңестік 
жағдайы  бойынша  есептелінеді.  Бірыңғай  жер  қорының 
меншік  жəне  шарушылық  обьектісі  ретінде  міндет  атқаруы 
ерекшеліктеріне  байланысты  келесі  жайларда  есептелінеді: 
мақсатты  міндет  атқаруы,  шаруашылық  пайдаланылуы, 
сапалық  жағдайы,  əкімшілік-аумақтық  бөлінуі,  меншік 
түрлері бойынша. 
Бақылау сұрақтары:  
1.
 Мемлекеттік  жер  кадастрының  объектісіне  не 
жатады? 
2.
 Қазақстанның  жер  қоры  қандай  жағдай  бойынша 
есептелінеді? 
3.
 Қазақстан  Республикасы  жер  аумағының  көлемін 
атаңыздар.  
Студенттердің бəрі де тілді жақсы оқығысы келеді. Бірақ, 
олардың 
ақыл-ой 
қабілеті, 
бағдарламада 
қамтылған 
материалдарды  қабылдауы  бірдей  емес.  Балалардың  кейбіреуі 
жаңа лексикалық тақырыпты тез ұғып қабылдаса, кейбіреулері 
мүлде  үлгере  алмайтындары  да  кездеседі.  Сондықтан,  барлық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
19 
студентті  білімге  бірдей  жетелеу  үшін  олардың  өз 
мүмкіндіктеріне сəкес үйретудің тиімділік əсері мол.  
Белгілі  педагог  проф.  В.П.  Беспалько  бұл  мүмкіндік 
деңгейлерді  төртке  бөледі.Бірінші  деңгей  -  міндетті;  Екінші 
деңгей  –  алгоритмдік;  Үшінші  деңгей  –  эвристикалық
Төртінші деңгей – шығармашылық
 
 
Бірінші  деңгей  тапсырмалары  білімнің  ең  төменгі  шегі, 
мемлекеттік стандарт  талабына  сəйкес,  бағдарлама  мөлшерінен 
аспайды. 
Екінші  деңгей  тапсырмалары  түрленіп,  күрделене  түседі. 
Бағдарлама  талабына  сай  лингвистикалық  тапсырмалардың 
барлық түрлерімен жұмыс істейді. 
Ықыласы  жоғары,  студенттің  сөйлеуі,  хабарды  түсінуі, 
қабылдауы,  жазба  жұмысын  орындау  қабілеттілігі  міндетті 
деңгейден əлдеқайда жоғары тұрады . 
Үшінші  деңгейде  студенттің  шығармашылық  жұмысқа 
деген  ынтасы  айқын,  логикалық  ойлау  дəрежесі  жоғары.  Өз 
жеке  басының  белсенділігімен  қоса,  өз  ісіне  талдау  жасай 
білуімен сипатталады. 
Төртінші  деңгей  дарынды,  ізденімпаз,  қабілеті  жоғары 
талапты балаларға арналады. 
Осы деңгейлік сатыдағы студенттерге оқытушы əр деңгейдің 
өзіне  тəн  тапсырмаларын  беріп,  талаптар  қоя  білуі  керек.  Бұл 
талаптар  кəсіби  қазақ  тілінде  қамтылған  мына  мəтінмен  жұмыс 
істеу нəтижесінде көрінеді.  
Грамматика:  Тəуелдік  жалғаулары  (Притяжательные 
аффиксы). 
1- 
тапсырма.  Мəтінді  оқып  шығып,  кен  орындарының 
жату элементтері мен өлшемдері туралы айтып беріңіздер. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
20 
2  - 
Тапсырма.  Мəтіндегі  кен  орындары  туралы  термин-
дерді тауып, сөздіктің көмегімен оларға жазбаша түсініктеме 
беріңіздер.  
Кен орындарының жату элементтері жəне өлшемдері 
Пайдалы қазба кен орындары табиғи жатыс жағдайлары 
(
шарттары)  бойынша  бір-бірінен  өте  ерекшеленеді.  Осы 
жағдайларға  (кен  сілемінің  қуаты,  құлау  бұрышы,  жабынды 
жыныстардың қуаты, олардың қасиеті жəне т.б ) ашу тəсілін, 
қазу жүйесін, техникалық жабдықтарды таңдау жəне кен қазу 
жұмыстарын жүргізу тəртібі тікелей байланысты. 
Кен  орнын  сипаттайтын  белгілердің  ішінен,  кен  орнының 
(
морфологиясы)  өлшемдері  жəне  жату  жағдайлары  қазу 
жүйесін жəне қазу технологиясын таңдауға едəуір əсер етеді.  
Кен  денелерінің  пішіні  (формасы)  бойынша  үш  топқа 
бөлуге  болады:  изометриялық,  яғни  кеңістіктегі  барлықүш 
бағыт бойынша бірдей дамыған, бағана тəріздес, яғни бір ғана 
бағытта  созылған  -  тереңдікке,  тақталы  (қат),  яғни  екі 
бағытта созылған.  
Кен денесінің бірінші изометриялық түріне штоктар жəне 
кенді  ұялар  (гнезда)  жатады.  Штоктың  өлшемдері  ондаған 
жəне жүздеген метрлерге жетеді. 
Кəсіби  қазақ  тілі  оқулықтарындағы  грамматикалық, 
лексикалық,  лексика-грамматикалық,  шығармашылық  жаттығу-
лар,  бірізділік,  жүйелілік,  материалдардың  қайталанып  келуі, 
сондай-ақ оқулықтың тақырыптық ұстанымы тіл үйренушілерді 
əңгімелесе  білуге,  баяндама  жасауға,  пресс-конференцияларға 
қатысуға,  интервью  алуға,  пікірталасқа  қатысуға  үйретеді. 
Сонымен  қатар  бұл  оқулықтардағы  іріктелген  мəтіндер  тіл 
үйренушіліердің мамандықтарына сəйкес сұрыпталады.  
Əрбір сабақта:  
1.
 Мəтін 
2.
 Мəтінге қатысты сөздер 
3.
  Мəтінде кездесетін грамматикалық тұлғаларға түсініктеме 
4.
 Ойтүрткі сұрақтар  
5.
 Лексикалық түсініктеме 
6.
 Мəтінге дейінгі жəне мəтіннен кейінгі тапсырмалар 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
21 
7.
 Диалог,  мəтінге  қатысты  түсінікті  тексеруге  арналған 
сұрақтар 
8.
 Мəтіндегі грамматикалық тұлғаларды табу жұмыстары 
9.
 Лексика-грамматикалық тест, тапсырмалар 
10.  Кейбір  сабақтарды  кеңейту  мақсатында  қосымша 
мəтіндер беріледі 
11. Қызықты тест, сөзжұмбақтар 
12. Афоризмдер, нақыл сөздер  
13. Салыстыру тапсырмалары 
14. Өз бетінше жұмыс імтеуге арналған тапсырмалар бар 
Оқулықта 
мəтіндердің 
мазмұнына, 
танымдылық 
сипаттарына  аса  зор  мəн  берілген.  Мəтінмен  жан-жақты,  бүге-
шегесіне  дейін  жұмыс  істеу  қашан  да  тиімді.  Аудитория 
деңгейіне  қарай  мəтінтану  тапсырмалары  да  сан  түрлі  болуы 
шарт.  
Мəтіндегі  грамматикалық  тұлғаларды  табуға  берілген 
тапсырмалар  мəтіндегі  сөздермен  жұмыс  істеудің  жəне  мəтінге 
оралудың тағы бір жолы төмендегі мəтінмен жұмыстан көрінеді. 
Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мəтінде  берілген  мамандық 
атауларын естеріңізде сақтаңыздар.  
Тау-кен  мамандығына  қатысты  синоним  сөздерді  тауып, 
олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
Тау-кен институты 
Қазақстанда  инженер  кадрларын  дайындауда  Қаныш 
Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 
атқарар міндеті ерекше. Университет 1934 жылы Қазақ тау-
кен  металлургия  институты  деген  атпен  құрылған.Институт 
қазақ  жерінің  ұшан-теңіз  жер-асты  байлығын  игеруге  деген 
қажеттілікке  байланысты  пайда  болды.Алғашында  бұл 
институтта үш факультет болды. 
Тау-кен  металлургия  институтында  қазір  17  сала 
бойынша инженерлер дайындалады. 
Картография мамандығы  бойынша  инженер  –  картограф 
өндірістік  қондырғыларды,  жаңа  қалалар  мен  елді  мекендерді 
зерттейді,жобалайды,  картографиялық  өнімдерді  жасайды. 
Студенттердің бəрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ, олардың 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
22 
ақыл-ой  қабілеті,  бағдарламада  берілген  материалдарды  ұғуы 
бірдей  емес.Студенттердің  кейбіреуі  жаңа  тақырыпты  тез 
ұғады,  қайсыбіреулері  керісінше,  кейде  үлгіре  алмайтын 
оқушылар  да  кездеседі.сондықтан  барлың  оқушыны  білімге 
бірдей  жетелеу  үшін  өз  мүкіндіктеріне  сəйкес  үйретудің 
тиімділігі мол.  
Жоғарыда  келтірілген  мəтіндерді  талдау  мен  оларға 
байланысты  тапсырмаларды  орындау  барысында  бірқатар 
түйіндер жасадық. 
Мемлекеттік  тілді  меңгертуде  мəтіннің  маңыздылығын 
ескере  отырып,  төмендегідей  қорытындылар  жасауымызға 
болады: 
•  Кəсіби  қазақ  тілі  сабақтарының  мазмұны  мен  сапасы 
артады; 
•  Студенттердің қабілетіне сай ойлау, сөйлеу, жазу, білім-
білік, икем дағдылары дамып қалыптасады; 
Студенттер өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі 
шыңдалады.  Жаңа  педогогикалық  түрлі  технологиялар  арқылы 
оқытуды  ізгілендіру  мен  демократияландыруға,  студенттердің 
өздігінен  бағыт-бағдарын  анықтап,  дамуына,  ең  бастысы,  өзін-өзі 
тəрбиелей  алатын  тұлға  ретінде  қалыптасуына  жағдай  жасауға 
болатынын күмəнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында 
тұрған  басты  мақсат-жаңа  педогогикалық  технологиялардың 
талаптарына  сəйкес  келетін  жаңа  кəсіби  қазақ  тілі  оқулықтарын 
жазу болып отыр. Біздің қазақ тілі кафедрасының ұжымы алдында 
тұрған негізгі міндет осы деп түсінеміз. 
 
Əдебиеттер 
1.  Ф.  Ш.  Оразбаева  Тілдік  коммуникацияның  негіздері 
Алматы, 1995 
2.
  Ұ.  Шүленбаева,  Г.  Тұрсынова,  Ə.  Мұсаева.  Кəсіби 
қазақ  тілі  (Тау-кен  саласындағы  мамандықтарға  арналған),          
89-б,194-б. 
3.
  Қазақ  тілі:  мектепте  жəне  ЖОО-да  оқыту  №1,№4, 
2005ж. 
 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
23 
Шүленбаева Ұ.Р.,  Əбдісүлейменова Р.Ш., 
Карамендина М.Ө., Рыскелдиева Г.Д. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
КƏСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАШИНАЖАСАУ 
ТЕРМИНДЕРІН МЕҢГЕРТУ 
 
Еңсе  көтерген  əрбір  елдің  күш-қуаты,  байлық-бақыты 
экономикалық  даму  деңгейімен  ғана  емес,  сонымен  бірге 
мəдени,  рухани  талғам  дегендеріңіз  сол  елдің  негізгі  қолданыс 
құралы-тілге тікелей тəуелді. 
Мемлекеттік  тілді  оқытуда  білімнің  функционалдық 
семантикалық,  ал  біліктіліктің  коммуникативтік-əрекеттік 
аспектілеріне  басымдылық  беру  арқылы  шешіледі.  Мұндай 
талап  өзге  тілді  оқу  мекемелерінің  барлық  сатыларына  ортақ, 
оның  ішінде  техникалық  жоғары  оқу  орны  студенттеріне 
ұсынылатын білім мазмұнында да осы үрдіс жалғасын табады. 
Демек,  орыс  тілді  аудиторияларда  кəсіби  қазақ  тілін 
мамандыққа  қатысты  оқытудың  басты  мақсаты-студенттерді 
қазақша  сөйлеуге  үйретіп  қана  қоймай,  ұлттық  техникалық 
ғылымның  дамуына  тікелей  өз  үлестерін  қосып,  кəсіби  бағытта 
жұмыс жасауларына жəне болашақ техника саласы мамандарының 
жеке  тұлға  ретінде  жетілуіне,  ішкі-жан  дүниелерінің  дамуына 
ықпал жасау, сондай-ақ тікелей мамандықққа қатысты лексиканы 
игеру бағытында терминдермен жұмыс істеуі болып табылады. 
Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 
кəсіптік  білім-бағдар  бере  отырып  оқыту  қазақ  тілінде  сөйлеу 
тілін  қалыптастыру  мен  дамытудың  ең  маңызды  факторы. 
Кəсіптік  білім-бағдар  бере  отырып  оқыту  дегеніміз-оқыту 
үрдісінде  болашақ  маманды  (мəселен,  машинажасау  саласы 
маманын) қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу. Мұндағы 
айтайын  деген  ой  тек  кəсіптік  бағдар  беру  мақсатындағы 
материалдарды  таңдау  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке  тұлғаны 
кəсіптік қызмет субъектісі ретінде қалыптастыру. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
24 
Техникалық  мамандықтардың  қатарында  өзінің  ерекше 
əлеуметтік  маңыздылығына,  сұранысына  қарай  машинажасау 
мамандығы  елеулі  орынға  ие  деуге  болады.Осы  бағыттағы  аса 
маңызды,көкейтесті  мəселелердің  бірі-жас  маманға  термин 
сөздерді меңгерту. 
Кəсіби  қазақ  тілі  сабақтарында  терминдерді  оқытудағы 
басты  мақсат-болашақ  маман  қазақ  тілімен  қатар  мамандыққа, 
кəсіпке  байланысты  атау  сөздерді  үйреніп,  сөздік  қорын 
байытады, техникалық терминдердің түсініктемесіне мəн береді 
жəне  оны  келешекте  қызмет  барысында  қолдану-олардың  өз 
саласын  жетік  меңгерген  маман  болуына  септігін  тигізеді. 
Терминдермен 
жұмыс 
барысында 
сөздердің 
мағынасы 
меңгерілмейінше, еш нəтиже бермейді. 
Өзінің  таңдаған  мамандығының  нағыз  шебері  болу  үшін 
оқытушы  термин  жасаудың  жолдарын  үйретіп,  студенттің 
қызығушылығын арттыруы қажет. 
Қазақ  тілі  өте  бай  тіл.Ендеше,  неге  сол  мүмкіндігімізді 
сарқа  пайдаланбасқа,  қазақтың  рухани  көсемі,  терминология 
ғылымының  атасы  Ахмет  Байтұрсынұлының  сөзімен  айтқанда 
«Тілдің міндеті-ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін 
меңзегенше,  көңілдің  түюін  түйгенше  айтуға  жарау.  Мұның 
бəрін  жұмсай  білетін  адамы  табылса,  тіл  шама  қадірінше 
жарайды». 
Ғұламаның  айтқан  сөздері  бүгінгі  заманымызға  да 
қатысты.Термин  сөздердің  мəні  мен  табиғатын  терең  түсініп, 
туған  тіліміздің  мүмкіндігін  сарқа  пайдалануға  əдеттенген 
студент елінің ұлтын сүйген, ардақтаған азаматы болмақ. 
Қазақша термин жасауда негізгі мынадай тілдік тəсілдердің 
нысанаға алынғандығы баршамызға аян. 
Бірінші-қазақтың  өз  сөздерін  термин  қатарына  тарту, 
екінші-туыстас  түркі  тілдерінің  сөздік  қорын  жəне  озық 
тəжірибелерін  пайдалану,  үшінші-халықаралық  терминдерді 
алғанда тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеру. 
Терминдерді  аударғанда  сыртқы  пішін  ұқсастығы,  қызмет 
бірлігі, мағыналық жақындығы болуы шарт. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
25 
Ол  үшін  студентпен  əр  сабақта  жүйелі  əдістемелік 
жұмыстар жүргізгеніміз жөн. 
Оның реті төмендегіше: 
1.  Студенттің  алатын  болашақ  мамандығына  қатысты 
мəтіндер құру; 
2.  Мəтіннен  атауларды  бөліп  алу,  оның  этимологиясына 
үңілу; 
3. Грамматикалық құрылысына тоқталу; 
4.  Студенттің  мамандығына  жəне  оқу  үрдісіне  деген 
қызығушылығын тудыру; 
5. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оны жетілдіру; 
6.  Кең  көлемде  дамытып,  білімді  терең  игеруіне  жағдай 
туғызу. 
Осылайша,  сатылы  комплексті  талдау  əдісі  арқылы 
техникалық  терминдердің  қазақша  баламасының  қыр-сырын 
таныта аламыз. 
Термин  сөздері  үйрету  тек  жалаң  сөздер  тізбегі  беріліп, 
оларды көшірумен немесе жаттаумен іске аспайды. 
Уақыт  талабына  сай,  кəсіби  білімі  жоғары,  жан-жақты, 
саналы инженер маман тəрбиелеу үшін: 
1)  термин  сөздерді  жеке  сөз  тіркесі,  сөйлем,мамандыққа 
қатысты мəтіндер түрінде өзара бірлікте алу; 
2)  баспасөз  материалдарымен  студенттердің  өз  бетімен 
жұмыс жасауын жетілдіру; 
3)  алынған  материалдың  тəрбиелік  мақсатына  басқа  назар 
аударып отыру керек. 
Жалпы  алғанда,  əдістеме  түрлері  тіл  мамандарының 
сабақты  мəнді,  сапалы,  жан-жақты,  əсерлі  өткіземін  деген 
талабынан  туындаған.Сондықтан  да  əрбір  ұстаз  олардың  өз 
мақсат-тілегіне қарай ойластырып, елеп-екшеп, керекті жерінде 
аз-кем өзгертіп, жаңа бір қырынан көрсетуіне болады. 
Сондай-ақ  мамандыққа,  кəсіпке  қатысты  тіл  үйрету  бір 
жағынан  осы  тілді  оқытудың  мотивациялық  аспектілерін 
кеңейтуді  көздесе,  екінші  жағынан,  олардың  жалпы  тіл  туралы 
дүниетанымын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жерде 
білім  мен  тəрбиенің  тұтастығы  табиғи  ұштастырылады.  Демек, 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал