Контрастивті лингвистика салғастырмалы лингвистиканың синонимі болып саналуы мүмкін. Олар ұқсас жолмен дамыған, ал «контрастивті» термині «салғастырмалы» терминінің өзге тілдік эквиваленті болып табылады. Контрастивті лингвистика лингвистикадан гөрі оқыту әдістемелігіне жақынырақ. Топтастыру-трансформациялық әдіс салыстыру үшін барынша қолайлы әдіс болып есептеледі.
Контрастивті лингвистика мен салыстырмалы типология өзара төмендегі факторлардың негізінде айырықшаланады:
а) контрастивті лингвистика лингвистикалық типологияға қарсы қойылады да, салыстырмалы типология лингвистикалық типологияның бөлімі болып саналады;
ә) контрастты лингвистика бойынша көптеген зерттеулерде әдістемелік, лингвистикалық, психологиялық және аудармашылық аспектілер шектелмейді, ал салыстырмалы типологияда олар қатаң дифференцияланады;
б) контрастивті лингвистика екі тіл жүйелерінде бір деңгейлік сәйкес құралдарды зерделейтін ғылым ретінде қарастырылса, ал салыстырмалы типологияға тілдер жүйелерін көп деңгейлі салғастыру көбірек тән.
Сөйтіп, қазіргі лингвистика ғылымында лингвистикалық типология түрлі тілдер жүйелерін салыстырумен айналысатын жалпы тіл білімінің жалғыз бөлімі болып табылады да, әрқайсысының өз таралу тұлғасы, міндеті мен қызметі бар құрылымдық, генетикалық, ареалды және салыстырмалы типология оның негізгі бөлімдері болып санала алады. Бірі екіншісін алмастыра алмайды.
Лингвистикалық типология бөлімдерінің арасындағы көптеген ортақ белгілер олардың бірін-бірі толықтыруына, өзара байытуға негіз болып қызмет етеді. Сонымен қатар әр бөлімнің өз ерекшелігі бар, сонымен айырықшаналады.
1 кесте – Лингвистикалық типологияның бөлімдері
|
Жалпы типология
|
|
|
|
|
|
Лингвистикалық емес типология
|
|
Лингвистикалық типология
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
генетикалық типология
|
құрылымдық типология
|
салыстырмалы типология
|
ареалды типология
|
Лингвистикалық типологияның жалпы мақсаты – тілдік типтерді анықтау, тілдік жүйелерді салыстырудың негізгі әдістерін бөлу.
Құрылымдық типология тілдердің шектеусіз саны шегінде ортақ мәселелерді қарастырады, генетикалық типология генетикалық шектеулі (яғни туысқан) тілдердің жүйелерін салыстырумен шектеледі, ареалды типология белгілі бір ареал тілдерін таңдайды, ең соңында, салыстырмалы типология тілдердің шектеулі санының жүйелерін зерделейді.
Функциясы бойынша салыстырмалы типология құрылымдық типологияның белгілі айырықшылықтары бар, солардың бастылары мыналар:
1) құрылымдық типология глобалды типті нышандарды, ал салыстырмалы типология салыстырылатын тілдер жүйелеріне тән минималды типті нышандарды табады;
2) өзінің зерделеу объектісіне құрылымдық типология ешқашан болмаған тілдердің жүйелерін қосуы мүмкін, ал салыстыру типологиясы нақты бар немесе болған тілдердің жүйелерімен шектеледі;
3) құрылымдық типология типті нышандарды нақты тілдік материалсыз индуктивті, ал салыстырмалы типология салыстырылатын тілдер жүйелерін талдау және тыңғылықты түгендеу жолымен табады;
4) құрылымдық типология үшін жекелеген ярустардың формалды нышандары маңызды, ал салыстырмалы типология үшін тіл иерархиясының түрлі деңгейлерінде формалды-мазмұнды бірліктердің сәйкестігін зерделеу басты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |