Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет15/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
2.2.2.2 Фонетикалық типология

Фонетикалық типология тілдің фонетикалық деңгейінің бірліктерін салыстырумен айналысады. Негізінен нақты физикалық бірліктерді зерттейді. Фонетикалық типология туыстас, сол сияқты туыстас емес тілдердің бірліктерін салыстыра алады. Оның міндетіне барлық тілдердегі немесе тілдердің белгілі тобының дауысты дыбыстарының санын, таралу аймағын немесе екі нақты тілдегі бинарноны анықтау, нақты тілдердің дауыстылары мен дауыссыздарының үйреншікті айтылу қасиеттерін бөлу, тілдердің жекелеген топтарында белгілі бір айырықша дыбыстардың бар – жоғын зерттеу, тілдерді дыбыстық ерекшеліктері бойынша жіктеу, сынақтық мәліметтерді салыстыру және басқа көптеген мәселелер енеді.

Фонетикалық және фонологиялық бірліктерді салыстыру құрылымдық, генетикалық, таралу аймағы және салыстырмалы типологияда өзінше қолданылады.

Фонетикалық немесе фонологиялық типология метрикалық типология (metric typology) және басқа типті фонологиялық стилистиканың типологиялық мәселелерін зерттегенде пайдаланылуы мүмкін.

Фонетикалық және фонологиялық жүйелерді өлшем бірліктерімен салыстырғанда фонемалар мен дифференциалды нышандар қызмет етуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет