Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет11/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
2.2.1.4 Салыстырмалы типология

Салыстырмалы типология мазмұн жоспарының таңдап алынған ортақ бірліктің тіларалық нварианттарын тілдердің шектеулі санын (екеуден) қарастырады және әртүрлі генетикалық топтар тілдерінің типологиялық ұқсастығын анықтайды. Оның тілдердің шектеулі саны жүйесіндегі кейбір ортақтықты немесе изоморфтықты бөлуге болады. Салғастырырылатын тілдер санының шектеулігінен салыстырмалы типология лингвистикалық әмбебаптарды таба алмайды. Алайда тілдердің шектеулі саны жүйелерін зерделеу негізінде алынған нәтижелерді құрылымдық типология лингвистикалық әмбебаптарды одан әрі табу үшін пайдаланылуы мүмкін. Өз кезегінде тілдік құрылымды «атомдау» жолымен алынған құрылымдық типология мәліметтерінің салыстырмалы типологияда корреспонденттендіруші құралдарды табу кезінде пайдаланылуы ықтимал. Салыстырмалы типология тілдік құбылыстардың әр түрлігіне қарамастан жеке әр тілдің жүйесін жасайды. Салыстыру типологиясының корреспонденттеуші құралдарын табу көп ярусты болуы мүмкін, ал құрылымдық типология изоморфтық құбылыстардың бір ярустылығынан басталады.

Екі немесе одан көп тілдердің жүйелерін салыстыру жеке әрбір салғастырылатын тіл жүйесінің бұрыннан белгілі материалында құрылады. Мұнда әр деңгей бірліктерінің өзіне тән ерекшеліктері жеке де, басқа деңгей бірліктерімен өзара қатынаста да ескеріледі. Бір уақытта бірнеше тілдерде түрлі шағын жүйелерді салыстыруға болады. Мұндайда екі тіл жүйелерін салғастыру бастапқы үрдіс болып табылады. Әдетте екі топтан немесе семьядан өкілдер ретінде екі тіл таңдалып, одан әрі тілдердің саны ұлғаяды.

Салыстырмалы типология қосарлы мақсатты-теориялық және қолданбалы (немесе оқу) мақсатты көздейді.

Салыстырмалы типологияның модификациялаушы факторлары:

а) генетикалық туыстыққа индифференттілік;

ә) жүйелік жақындыққа индифференттілік;

б) салыстыруға ұғымдық немесе контенсивтік жол;

в) салыстырылатын тілдер санының шектеулігі;

г) салыстыруға деңгейаралық жол;

ғ) инварианттардың аралық тілділігі;

д) типологиялық операциялардың қатысты аяқталуы;

е) тіл-эталонның минимальдылығы;

ё) салыстырылатын тілдер жүйелерінде тиісті бірліктердің терең-беткі тепе-теңдігіне индифференттілік.

Салыстыруға байланысты характерология және контрастты лингвистика сияқты пәндер бөлінеді. Олардың және типологияның айтылып өткен бөлімдерінің арасында айқын қарама-қайшылық жоқ. Профессор Д.Буранов сондай әрекет жасап көрген.



Характерология – генетикалық туыстас және туыстас емес тілдердің шектеулі саны жүйелерінде жекелеген тілдік құбылыстарды салыстырмалы зерттеумен айналысатын лингвистикалық типологияның бөлімі. Характерология пәнін нақтылау В.Матезиустың есімімен байланысты.

Характерологияның дамуы лингвистикалық типологияның дамуымен тығыз байланысты. Оның бөлінуі бөлінген тілдік типтердің барынша тереңдетіле зерделенуімен пайымдалады.

Тілдік жүйелерді салыстыру әдісі ретінде хронология лингвистикалық типологияның құрамына енеді: салыстырмалы типологияның сәйкестігінің заңдылығын бекіту, хронология басқалармен салыстыру бойынша бір тілдің немесе тілдер тобының барынша ортақ қасиеттерін табумен айналысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет