Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет9/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
2.2.1.2 Құрылымдық типология

Құрылымдық типология – типологиянынң негізгі құрамдас бөлігі – барлық, генетикалық немесе ареалдық шектеулерден тыс нақты тілдер фактілерін жүйелеумен және түгендеумен, ортақ тілдік әмбебаптарды табумен айналысады.

Өз операцияларын типтік нышандарды анықтаумен аяқтайды. Ол лингвистикалық типологияның генетикалық және басқа бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана алады. Құрылымдық типологияның түпкі мақсаты – тілдердің әмбебап қасиеттерін табу.

Құрылымдық типологияның пәнін анықтайтын факторлар:

а) жүйелік жақындыққа индиффенренттілік;

ә) генетикалық жақындыққа индиффенренттілік;

б) зерттелетін тілдердің салаларының немесе санының шектеусіздігі, яғни салыстырылатын тілдер санының ашықтығы;

в) ареалды шектеусіздік;

ғ) терең-беткі тепе-теңдіктің болу немесе болмау мүмкінділігі;

д) этика-эмикалық тепе-теңдікке бейтараптылық;

е) салыстыруға атомарлық және деңгей аралық жолдың мүмкіндігі;

ж) тіл-эталонның қатысты шексіздігі;

з) типологиялық операциялардың аяқталуы.

Құрылымдық типологияның пәні мен міндеттері төрт бөлімге бөлінеді (Ю.В.Рождественский):

1) лингвистикалық әмбебаптар;

2) тіл-эталон;

3) типологиялық жіктеу;

4) арнайы типологиялық теория.

Лингвистикалық әмбебаптар ұғымы тілдік фактілер унификациясы үрдісімен, әлем тілдерінің барлық немесе белгілі бір топтарының жүйелеріне тән ортақ белгілерді анықтаумен, ең соңында тілдік құбылыстарды жинақтаудың арнайы әдісін жасаумен байланысты.

Тіл-эталон лингвистикалық құрал немесе жүйе болып табылады, соның көмегімен түрлі тілдердің құрылымын салыстыру үрдісі жүзеге асырылады.

Тілдердің типологиялық жіктелуі генеалогиялық жіктелуге қарсы қойылады. Ол тілдердің таксономикалық нышандар бойынша бөлінуімен, тілдік типтер мен типтік нышандарды анықтаумен байланысты.

«Типологиялық теория» термині типологияда қолданылатын жалпы лингвистикалық ұғымдарды табуды білдіреді. Осы типологиялық теориялардың көмегімен түрлі тілдер жүйелерінің арасында изоморфизм мен алломорфизмді анықтауға, тілдердің топологиялық туыстық дәрежесін белгілеуге болады. Типологиялық теорияның міндетіне тілдердің шектеулі және шектеусіз саны жүйелерін салыстырумен қатысты минималды және максималды параметрлерді анықтау және басқа сол сияқты мәселелер енеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет