Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет4/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1.3 Лингвистикалық емес типология

Лингвистикалық емес типология көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі болып қызмет етеді, оның қолданылаясы өте кең. Лингвистикалық емес типология геология, тарих, ботаника, қоғамтану, юриспруденция, математика, өнер, экономика, биология, психология және басқа көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі бола алады. Бұл ғылымдардың бәріне ортақтық пен жекеліктің, ұқсастық пен айырықшылықтың болуы тән, салыстыру солардың негізінде жүргізіледі. Өз кезегінде салыстыру сыртқы әлемді танудың қисынды тәсілдерінің бірі болып табылады.

Кейбір ғылымдарда типология дербес сала болып бөлінеді: салыстырмалы психология (түрлі филогенетикалық қатарлардың адам психикасының онтогенезі мен хайуанаттар психикасы онтогенезі арасындағы генетикалық байланыстарды зерделейді), салыстырмалы педагогика (экономикалық, әлеуметтік-саяси және философиялық негіздерін, сол сияқты ұлттық ерекшеліктерін аша отырып, қазіргі әлемде педагогикалық теориялар мен практикалық оқыту мен тәрбиенің даму тенденциясы мен ортақ және айырықша сипаттарын зерделейді), мәдени-тарихи типология (әр халықтың өз тарихының тұрғысынан тарихи құбылыстарды түгендеумен және олардың сан алуандыққа қауымдасуы тұрғысынан сол тарихи құбылыстарды жинақтаумен айналысады), салыстырмалы құқықтану, салыстырмалы әдебиеттану (ұлттық әдебиеттерді бүкіл әлемдік әдебиеттің жалпы жүйесінде салыстырады) және тағы басқалары.

Сондықтан бір ұстанымдар бүкіл бөлімдерге, басқалары жалпы типологияның аралас бөлімдеріне тән.

Осындай параметрлермен жалпы типологияның басқа бөлімдерінің ортақ ұқсастырушы нышандарын анықтауға болады.

Білімнің түрлі салаларында салыстыру жолының шамамен ұқсас операциялары мен сәйкес тәсілдерінің болуы жалпы типологияның нақты бөлімдері, адам қызметінің түрлі салалары фактілерін, уақиғаларын талдау мен жіктеудің ұқсас әдістері мен ұстанымдары бар бірыңғай ғылым болып табылатынын көрсетеді. Салыстырудың барлық түрлерін типологияға жатқызып, жалпы типологияны салыстырудын дара ғылымы деп есептеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет