Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет6/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
317 demesinova g.h. magzumov h.b. tilder tipologiyasinin negizgi ugimdari jogari okhu orindarinin til mamandikhtari studentterine arnalgan tipologiyalikh zertteuler negizderi

2.2 Тілдер типологиясының бөлімдері

Ғылыми әдебиетте лингвистикалық типологияның негізгі әдістері мен бөлімдерін дәл жіктеу жоқ.

Профессор В.Д. Аракиннің пікірінше, лингвистикалық типологияға төмендегі бөлімдер кіреді.

Жалпы типология генетикалық және географиялық жағынан байланыспайтын, әлемнің жекелеген тілдерінің жүйесін сипаттайтын ұқсас және айырықша белгілерінің сомасын табумен байланысты жалпы проблемаларды зерделейді.

Типологиялық зерттеулер түрлі құрылымдық тілдердің кең ауқымын тарта отырып, туыстас тілдердің шеңберінен тыс лингвистикалық қадағалаулар шығарады, сөйтіп ауқымды жалпы тілдік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Жеке типология бір тілдің немесе туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдердің шектеулі тобының типологиялық қасиеттерін зерделейді. Бастапқы сәті материалдық тұлғаның ортақтығы емес, туыстас емес тілдердегі белгілі бір бірліктердің семантикасының немесе функциясының ортақтығы (жіктеу есімдігің жүйесі, белгілі бір мысалы, қызмет функциялы жұрнақты морфемалар жүйесі).

Жеке типологияның шағын түрі - тарихи (диахронды) типология жекелеген тілдер ахуалы типологиясының, жекелеген тілдер мен тілдер топтары құрылымы типологиясының тарихи өзгерістерін зерделейді (синтетикалық типтен аналитикалық типке көшу немесе грамматикалық категориялар құрылымының тіл тарихының көне кезеңінен орта және жаңа кезеңіне өзгеруі).

Деңгейлік (аспектілі) типология, немесе шағын жүйелер типологиясы тілдердің жекелеген шағын жүйелерінің, деңгейлерінің фактілерін (фонологиялық жүйелерді, морфологиялық, лексикалық жүйелерді, сөз типологиясын т.б.) зерделейді.

Ареалды типология белгілі бір аймақтағы (Балқан түбегі, Шығыс Сібір аймағы) тілдердің жалпы типологиялық сипаттары мен заңдылықтарын зерделейді, мысалы болгар, албан және румын тілдерінде постпозитивтік артикльдің қалыптасуы.

Ана және шет тілдердің салыстырмалы типологиясы үйреніп жүрген тілдің ана тіліне қатысты типологиялық сипатын, көмегімен оқушының ана тілінде жоқ шет тіл құрылымының компоненттерін ескеруге болатындай әдістер мен тәсілдер жасау үшін шет және ана тілдерінің барынша елеулі типологиялық сипаттарын(нышандарын) табуды, оларды үйренушілердің ана тілінде жеткізуде қолданылатын құралдарды зерделейді.

Профессор Д.Буранов бұрынғы типологиялық зерттеулердің негізінде лингвистикалық типология бөлімдерін жіктеудің негізіне мына критерийлерді алуды ұсынады:



  1. жүйелік жақындық;

  2. генетикалық жақындық;

  3. салыстырылатын тілдер жүйелерінің сандық шектеулігі мен шектелусіздігі;

  4. салыстырылатын тілдер жүйелерінің ареалды шектеулігі мен шектелусіздігі;

  5. тереңдік-беткі тепе-теңдігі мен тепе-теңсіздігі;

  6. этикалық-эмикалық тепе-теңдік;

  7. салыстыруға атомарлық жол,

  8. салыстыруға деңгей аралық жол;

  9. салыстыруға контенсивті жол;

10) салыстыруға формалды жол;

11) тіл-эталонның шектеулігі мен шектеусіздігі;

12) типологиялық операциялардың аяқталуы мен аяқталмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет