Г. И. Бейсенова



бет25/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111
Бақылау сұрақтары:

  1. 1 Информатиканы оқытуды жобалау

2. Тақырыптық жоспарлау
3. Сабақты жоспарлау


Әдебиеттер:

  1. Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.

  2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. – Минск: Вышэйшая школа,1998.

  3. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім.

  4. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  5. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.

  6. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с



Лекция №6.
Дидактикалық принциптер және информатиканы оқыту әдістері

  1. Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері.

  2. Информатиканы оқыту әдістерінің жіктелуі.

  3. Информатиканы оқыту түрлері

  4. Сабақ және оның құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жүргізуі.

  5. Сабақты талдау оқу үдерісінің әдістемелік құрамдас бөлігі ретінде.

  6. Оқушылардың жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі.

  7. Информатика пәні бойынша білімді тексеру



1.Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
- мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;
- оқытудағы көрнекілік принциптері;
- информатика сабағындагы тәрбиелей оқытудың принциптері.
- Тізбектілік және циклділік принциптері.
Дидактика принциптері – сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.).
1. Ғылыми принцип бойынша (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. Мысалы, «Электрондық кестелердің мүмкіндіктері» тақырыбын қарастырған кезде ғылыми принципін сақтау есебінде оқушыларды “Microsoft Exсel” бағдарламасымен іс жүзінде таныстыруға болады, себебі бұл бағдарлама қазіргі уақытта электрондық кестелер тобының ең кең қолданылатын әрі ең жетілдірілген түрі. Оқытудың ғылыми негізі сол сияқты оқыту әдістемесінің дәл бүгінгі таңда сәйкестігін де білдіреді. Бұл информатикаға қолданғанда ең алдымен модельдеу, оқушылардың зерттеу қызметін білдіреді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізінің тағы бір мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады.
2) 0қудың жүйелілік принципі(М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.
3) Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасы бойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек.
4) Тізбектілік және циклділік принциптері.Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін және ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пәндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бәрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пәнаралық байланыстан туындайды. Циклді формада материалды тізбектей беру мысалы ретінде информатиканың календарлық (күнтізбектік) жоспарының үзіндісін келтіруге болады:
6) Тәрбиелей оқыту принциптерідидактикадағы оқыту мен тәрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Әдетте тәрбиелік әсер оқу үрдісі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дәл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру -мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі әр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс.
Осы айтылған принциптердің бәрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқа пәндерімен тығыз байланысты пән ретінде қалыптастырады. Қазіргі кезде информатика мұғалімі өз сабағына бұрынғыдай тек математика, физика мысалдарын ғана емес тарих, биология, анатомия сабақтарынан да суреттер, үзінділер, анимациялық (қозғалыстағы) элементтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігінде және мысал ретінде қолданылған пән ерекшелігінде жақсы түсіндіруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет