Г. И. Бейсенова



бет33/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111
Баға қою критерийлері. Оқушылардың білімін бақылау бағамен тығыз байланысты. Тіпті, баға оқушылардың білімін бақылауға аса қажетті элемент. Оқушының жалпы көңіл-күйі әділ бағаға, оң нәтижеге тәуелді, демек, оның бұдан кейінгі оқуға деген талпынысы, алатын білім сапасы да бағаға байланысты.
Білімді бағалау кезінде оқу материалын меңгерудегі негізгі сапалық сипаттамасын ескерген жөн: оқушылардың білімі мен ептілігі, олардың толықтығы, беріктігі, оларды алуан түрлі жағдайда пайдалана білуі, терминологияны және белгілеп жазу арнайы тәсілдерін игеруі.
Бағалау нәтижелері ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс жасау кезінде жіберілген кемшіліктердің болуына және олардың түрлеріне байланысты. Кемшіліктердің ішінде қателерді, толықсыздықты және ұсақ кемшіліктерді атап кетуге болады.
Баға қоюды келесі критерийлермен нақтылауға болады:
«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- материалды ауызша да, жазбаша да қателіксіз айта білсе;
- бағдарламаға сәйкес білімді, ептілік пен практикалық дағдыларды толық мөлшерде игерген болса;
- материалды ауызша да, жазбаша да тиісті орындап, мәтіндегі негізгі тұстарды бөліп бере алса, өзгертіліп қойылған сұрақтарға кідірмей жауап бере алса;
- материалды түгелдей орындап, жазбаша жұмыстарда қателік жібермесе;
- алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалана алса.
«4»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алса;
- материалды саналы түрде орындап, бірақ оның негізгісін үнемі бөліп айта алмаса;
- алған білімін тәжірибеде пайдаланып, бірақ өзгертіліп қойылған сұраққа жауап беруге қиналса;
- ауызша және жазбаша жауап беру кезінде нақтылықты жоғалтып, мұғалімнің ескертулерін лезде жоя білсе.
«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алып, бірақ оны өздігінен орындауда қиналып, мұғалімге қосымша нақтылаушы сұрақтарын қойса;
- еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса;
- өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса;
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет