Г. И. Бейсенова


Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі



бет32/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі:
- Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес) және олардың өлшемдері;
- Бағалау – оқушылардың әрекетіне байқау жүргізілетін ұйымдастыру процесі және үлгімен (эталон) салыстырып, нәтижесі ретінде бағасын қою.
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары
Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.
Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:
- бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан бастап аяғына дейін жүзеге асырылады;
- бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек;
- бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;
- бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау тәсілдері және нәтижелердің интерпретациялары бірыңғай мақсаттылыққа бағынулары керек;


2. Информатикада білімді бағалау критерийі
Оқушылардың білімін бағалау мәселелері
Білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау – бұл оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін оқу бағдарламасында сипатталған түсінік эталонымен, балдың шартты белгісі - бағамен салыстыру үрдісі.
Кесімді баға оқушының аралық немесе аяқталған жетістіктерін, сабақтағы ұқыптылығы мен тәртібін білдіреді. Әдетте 5 балдық шаманың бір мәнімен қойылады.
«5» - толық біледі (үздік)
«4» - жеткілікті біледі (жақсы);
«3» - жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз).
Білімді рейтинг жүйесімен бақылау арқылы теңдеулі оқу жүйесінің жағымсыз тұстарын түбімен жоюға болады. Нәтижесінде үздіктердің, жақсы оқитындардың және т.б. орташаланған топтары жойылады. Олардың орнына «бірінші», «бесінші», «жүзінші» пайда болады. Рейтингтің көмегімен оқылған тақырып бойынша лайықты емес (лайықты) баға алу мүмкіндігі жоғалады, себебі қорытындылаушы баға оқушының оқу барысындағы барлық кезеңінің жұмысын ескереді (реферат жазуы, олимпиадаға қатысуы және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет