Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет58/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250
37-cypem .
Гидромедуза: А - гидромедуза 
Obelia (ішкі құрылысын корсету үшін 
денесінің бір бөлігі кесілген); 1 - ауызы, 2 
- ауыз сабақшасы, 3 - радиальды түтікшесі,
4 - сақиналы түтікше (көлденең кесілгені),
5 - қармалауыштары, 6 - статоцистері, 7 - 
гонада; Б - Obelia-ның статоцистасының 
құры лы сы ; 1 
қарм алауы ш ы , 2 
эктодерма, 3 
статоцист, 4-статоцист 
қуысы, 5 - статолит, 6 - сезу клеткалары; 
В 
гидром едуза S arsia-ның көзінің 
кесіндісі; 1 -көзжанары (хрусталик), 2 
жарык сезгіш клеткалары, 3 - пигментті 
клеткалары
Статоцисттің қабырғасын құрайтын сезгіш клеткаларының бірі 
ішке қарай сұйық ортасына өтіп, статолит деп аталатын ұсақ ізбесті 
тасшаға айналады. Гидромедузаның денесі ауытқыған кезінде 
статолиттер өз қалпын өзгертіп, сезім клеткаларына эсер етеді де, 
олар нерв клеткаларын қоздырып, сол сәтте дене қайта тепе-тендікке 
келеді. Сонымен катар статоцист шатырдың жиырылуын да реттеп 
тұрады, егер статоцисттерді кесіп тастаса, онда гидромедузаның 
қозғалуы тоқтайды.
Көбеюі және дамуы. Гидромедузалар тек жынысты жолмен 
көбейеді, олар - дара жыныстылар. Жыныс бездері (гонадалары) 
радиальды түтікшелер астында (Тһесарһога отряд тармағында), 
немесе ауыз сабақшасында (Athecata отряд тармағында) орналасады.
Жетілген жыныс клеткалары су ортасына шығып, сырттай ұрық- 
танады. Зигота толық біркелкі бөлшектеніп сопақша келген бласту- 
ланы түзейді. Бластуланың гаструлаға айналуы, оның вегетативтік
105


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
38-cypem .
Stomateca гидроидтың дамуы: А - бластула;
Б-В - вегетативтік полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцель 
қуысына көшуі (иммиграция әдісі бойынша); Г - паренхимула
полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцелъ қуысына көшуі 
(иммиграция әдісі бойынша) арқылы жүзеге асады. Ең соңында 
бластоцель қуысы, энтодерманы түзейтін бір текті клеткаларға то- 
лып, ұрық осы күйде паренхимула деп аталатын личинкасына айнала- 
ды. Ол губкалардың паренхимула личинкасына ұқсас (38-сурет).
Кейін паренхимуланың энтодермальды клеткаларының бір 
бөлшегі ыдырап, сол жерде келешек гастральды қуысының бастамасы 
шұңғыл пай да болады. Осы сатыда паренхимула, ішекқуыстыларға 
тән планула личинкасына айналады.
Планула сопақша келген, денесі кірпікшелермен қапталган, соның 
көмегімен суда біршама уақыт еркін жүзіп жүреді де, су түбіндегі 
субстрактқа бекінеді. Оның ауыз тесігі, қармалауыштары, гастраль 
қуысы қалыптасып, кос қабатты құрылысты жас гидрополипке 
айналады. Ол өсіп, жыныссыз көбеюдің нәтижесінде гидрант және 
медузалық бүршіктерді беріп колония құрайды. Сөйтіп теңіз ги- 
дроидты полиптер ұрпақ алмасу (метагенез) жолымен, яғни жыныс­
сыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды. 
Осындай даму кезінде құрылысы мен көбею әдісі жағынан ерекше- 
ленген екі түрлі ұрпақ алмасады. Біріншісі гидрополиптер, бекініп 
тіршілік ететін, тек қана жыныссыз жолмен көбейіп полиптер мен 
медузаларды қалыптастыратын формалар. Екіншісі - гидромедузалар, 
еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп 
гидрополиптерді қалыптастырады. Осыган орай гидрополиптік ұрпақ 
жынысты жолымен пайда болады да, өзі жыныссыз көбейіп
106


ОМЫРТҚА СЫЗДА Р ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет