Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет59/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   250
39-сурет .
Гидроид Obelia-ның тіршілік циклі: A - жұмыртқа; Б - планула (личинка); 
В - гидрополиптің колониясы (1 - гидрант, 2 - бластостильден дамыған медузалар);
Г - гидромедуза
гидромедузаларды қалыптастырады, ал жыныссыз жолымен пайда 
болған гидромедуза жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерге 
бастама береді (39-сурет).
¥рпақ алмасудың биологиялық маңызы - түрлердің таралуына 
мүмкіндік береді.
Кейбір гидроидтылардың даму сатысында бір ұрпақтың басым 
болып, екіншісінің жарым-жартылай редукцияға ұшырауы байқалады. 
Мысалы, Athecata отряд тармағының өкілдерінде дамыған медузалы 
ұрпақтары колониядан үзілмей, бластостильде қалады да, сол жерде 
редукцияға ұшырап медузоида, гонофора немесе споросак деген
107


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
40-cypem .
Athecata отряд тармағындағы медузаның құрылыс схемасы 
және оның редукциялану формалары:
I - кәдімгі гидромедуза; II - медузоид; III - гонофора; IV - споросак
формаларына айналады (40-сурет). Медузоида мен гонофора 
формалары кәдімгі медузаға ұқсас, тек ауыз тесігі, көзшелері, 
статоцист мүшелері дамымаған. Споросак іші жыныс клеткаларына 
толған шар тәрізді.
Trachylida отрядының өкілдерінде медузалық ұрпақ басым болып, 
планула личинкасы субстратқа бекінбей бірден медузаға айна­
лады.
Классификациясы. 
Гидроидтылар класс тармағы төрт отрядқа 
бөлінеді: гидра 
Hydrida, теңіз гидроидты полиптер - Leptolida
гидромедузалар — Trachylida, хондрофора - Chondrophora.
Гидралар отряды - Hydrida
Тұщы суларда кең таралган полиптер. Колония құрмай жеке 
тіршілік етіп, жыныссыз және жынысты жолмен дамиды.
Негізгі өкілдері: кәдімгі гидра - Hydra vulgaris, сабақ тәрізді гидра 
Hydra oligactis, жасыл гидра Chlorohydra viridissima (клеткаларының 
ішінде тіршілік ететін бір клеткалы жасыл балдырлардың - зоохлорел- 
лалардың түсіне байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет