Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Теңіз гидроидты полиптердің көбеюі. Медузаның құрылысы



Pdf көрінісі
бет57/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Теңіз гидроидты полиптердің көбеюі. Медузаның құрылысы.
Теңіз гидроидты полиптер алғашқыда тек жыныссыз жолмен
102


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көбейеді. Соның нәтиже- 
сінде, жоғарыда көрсетіл- 
гендей гидранттар қалып- 
тасады. Сонымен қатар 
белгілі бір кезеңде коло- 
нияда бүршіктену арқылы 
ерекше (гидранттарға ұқ- 
сас емес) өскіншелер пайда 
болады да, олар созылып 
түрі өзгерген полип - 
бластостильге айналады.
Оның төңірегін қоршап 
тұрған теканы 
гонотека 
деп, ал осындай құры- 
лымды особьты гонангий 
деп атайды (36-сурет).
Бластостиль бүршік- 
тену арқылы жынысты 
особьтарға - медузаларға 
бастама береді, олар бірте- 
бірте жас медузаларға 
айналып, кейін бласто- 
стильден белініп гонан- 
гийдің ішінен суға жүзіп 
шығады.
Медуза гидроидты по- 
липтің ұрпағы болғандық- 
тан, оны гидромедуза деп 
атайды. Денесі көлдене- 
ңінен 2-3 мм шамасындай, 
қол шатыр немесе қоңырау 
пішіндес. Сыртқы төбешік 
бөлігін эксумбрелла, ішкі 
ойығын субумбрелла деп 
атайды.
Шатырдың жиегінде
қармалауыштары және сақиналы бұлшықетті жұқа жарғақ орна- 
ласқан 
ол желкен, шатырдың жиегін жиырып, гидромедузаның 
жүзуіне көмектеседі. Гидроидты медузалар сцифозоа (Scyphozoa)
3 6 -c y p e m .
Гидроид O belia. Колонияның бір 
бүтақшасы (үлкейтілген): 1 - гидранттың жазылып 
тұрған күйі, 2 - жиырылған гидрант, 3 - тека, 4 - 
бүршік, 5 - гонотека, 6 - гидротека, 7 - медузалы 
бластостиль
103


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
класына жататын медузалардан осы белгісімен (желкенімен) 
ерекшеленеді.
Гидромедузалар суда жай қалқып, шарықтап немесе өзінше 
белсенді қозғалады. Шатыр жиырылғанда, ойық жағындағы су қатты 
қысыммен атқылап шығып, денесінің алға қарай қозғалуына күшті 
дүмпіл береді.
Гидромедузаның құрылысы полиптің құрылысына ұқсас, бірақ 
тіршілік етуіне қарай бірнеше өзгешеліктері байқалады.
Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы мезоглея қабаты 
суға толып қалыңдаған жалқаяқ тәрізді іркілдек күйінде болады. 
Сондықтан денесі су түстес мөлдір болып, жауларынан жасырынуына 
мүмкіндік береді.
Гидромедузаның гастраль қуысы гастроваскулярлы жүйеге 
айналған. Ауыз сабақшасының ұшында орналасқан ауыз тесігі 
жұтқыншақ арқылы қарынмен және одан тарамдалған торт немесе 
төртке тең радиальды түтікшелермен жалғасады. Радиальды түтік- 
шелер шатырдың жиегіндегі орталық сақиналы түтікшемен тұтасып 
тұйық бітеді (37, А-сурет). Қорытылмаған ас қалдықтары ауыз тесігі 
арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Қозғалмалы тіршілік етуіне байланысты гидромедузалардың нерв 
жүйесі полиптерге қарағанда күрделіленген. Диффузиялы нерв 
жүйесінен басқа денесінің шатыр жиегінде нерв клеткалары шоғыр- 
ланып ганглиялы түйіндерді құрайды. Олар нерв сабақшаларымен 
өзара жалғасқан біртұтас нерв сақинасын түзейді. Сонымен қатар 
шатырдың айнала жиегінде, радиальды түтікшелердің жанында сезім 
мүшелері орналасқан. Олар көзшелері және тепе-теңдік мүшелері.
Көзшелерінің құрылысы қарапайым, көз дақтары деңгейінде 
дамыған. Эктодермальды пигментті және жарық сезгіш ретинальды 
клеткаларының қабаттасып орналасуынан түзіледі. Кейде пигмент 
клеткалары тереңірек батып көз шұңқыры пайда болады. Ол көзшені 
закымданулардан сақтайды және ретинальды клеткалары беткі 
қабатына жиналып, жарық сезгіш қабілетін ұлғайтады. Кейбір 
түрлерінде (Sarsia туысынан) көз шұңқыры эктодермальды клет- 
каларынан бөлінген мөлдір қоймалжың затқа толып, көз жанарына 
(хрусталикке) айналады (37,В-сурет).
Статоцист деп аталатын тепе-теңдік мүшесі, эктодерма қабаты- 
ның сезгіш клеткаларынан қүралған, көбікше пішіндес болып 
шатырдың жиегіндегі қармалауыштардың түбінде орналасады 
(37,Б-сурет).
104


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет