Г. К. Алиева Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринарлық



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#7241
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәрумендер.І  категориялы  бройлер  –  балапандарының  құрамындағы  А 

ввитаминінің үлесі 40 мкг%, Е - 300 мкг%. Құс етіндегі Bj витаминінің үлесі - 

0,09,  В2  -  0,15,    2  мг%  -  С  витамині  құрайды.  В2  дәруменінің  жұмыртқа 

ақуызындағы мөлшері - 2 мг%, сары уызында - 0,47 мг%. 



 

Бақылау сұрақтары: 

1  Вальдшнеп қай жерді мекендейді? 

 

 

 



 

2 Үй құсының етінің  белгілері бойынша классификациясы ?                    

3 «Азықтық құндылық» ұғымының мәні? 

 

 

1.3 Жабайы құс еттерінің тағамдық құндылығы мен сипаттамасы  

 

Сабақтың мақсаты: Жабайы құс еттерінің құндылығы мен сипаттамасын 

оқып үйрену. 



         

          Қарағай орманының ақ құсының еті  көбінесе қарқынды - қызыл түсті 

әлсіздеу көрінетін көк реңді болады, майлы емес. Қайнату және қуыру кезінде 

қайыңның, , қарағай мен  көктеректің  иісі шығады.  

 

Бұлдырық  құс.Бұлшықеттері  жақсы  жетілген.  Бұлдырық  құстың  негізгі 

бұлшықеттері  кеудеде  орналасқан,  ол  жердің  сыртқы  қабаты  жуан  күңгірт-

қызыл  және  ішкісі  ақ-қызғыштау  түспен  ерекшеленеді.  Көкірек  бұлшықеттері 

жуан  талшықтардан  әлсіз  дамыған  біріктіруші  тіндерден  тұрады.  Орман 

өсімдіктері  азығынан  бұлдырық  дәніне  өткен  кезде  тез  семіреді.  Еркектерінің 

еттері тығыз және өрескелдеу, ұрғашыларына қарағанда.  



 

Бұлдырық  құсының  азықтық  құндылығы  –  жоғары  сапалы  өнім. 

Бұлдырық  құсы  етінің  химиялық  құрамы  өте  жоғары  сатылы  азотқұрамды 

заттармен  25,5%  дейін  сипатталады,  сонымен  бірге  ақуыз  орташа  –  22,2%  , 

азотты  сығып  алынған  заттектер  –  3,3%.  Бұлдырық  құс  етінің  құндылығы 

құрамында  барлық  алмастырлмайтын  аминқышқылдардың  болуы.  Бұлдырық 

құс  еті  құрамында  макро  және  микроэлементтерінің  болуымен  ерекшеленеді: 

фосфор,  кальций,  темір,  марганец,  молибден  және  кобальт,  жоғары 

биологиялық  құндылықты  көрсетеді.  Осылайша,  бұлдырық  құс  етін  толықтай 

ерекше құнды диеталық азық деп санауға болады.  

 

Глухарь.Еркектерінің  еттері  күңгірт-қызыл  түсті,  тығыз,  өрескелді 

талшықты,  ұрғашыларында  және  жас  глухарларда  айтарлықтай  нәзіктеу,  орта 

талшықты.  Дәмі  және  иісі  ерекше  жағымды.  Глухарь  еті жоғары  өнімділікпен 


13 

 

және  әртүрі  дәмді  қасиеттерімен  сипатталады.    Ол  экспорт  заттарына 



пайдаланылады және сыртқа базарда үлкен сұранысқа ие. 

 

Шіл  құсы.Шіл  құсының  еті  өте  нәзік,  иісі  және  дәмі  ерекше.  Бұлшықет 

тіні  ақ-қызғылт  немесе  қызғылт  түсті,  жіңішке  талшықты,  нәзік,  өте  жіңішке 

талшықтардан тұрады, көрінбейтін біріктіруші тіндерсіз. Егер ет қызыл немесе 

ақшыл-қызыл болса, онда ол сапасыз. Шіл құсының еті жақсы көрсетілген құс 

дәміне ие, бірақ дұрыс сақтамау жағдайларынан және тасудан май тез қараяды, 

әсіресе арқасында және құйымшағында қараюлар байқалады.  

 

Әртүрлі қауырсынды құстардың еті түрлі аминқышқылдардың болуымен 



сипатталыды. Аминқышқылдардың көлемі бұлшықеттердің түріне байланысты. 

Сонымен,  шіл  құсының  көкірек  бұлшықеттері  және  ақ  шіл  бұл  құстардың 

жамбас бұлшықеттеріне қарағанда үлкен биологиялық құндылыққа ие.  

 

Бұлдырық      еті  шамамен  бірдей  аминқышқылдардың  болуымен 

сипатталады, және шамамен бірдей құндылықта болады.  

 

Қырғауыл.  Ет  ақ-қызғыштау,  нәзік  консистенциялы.  Құнды  диеталық 

азық болып саналады. Етті толықтай пісіреді, сол кезде шырындылығы, дәмдік 

және жұпарлық қасиеттерісақталады.  



 

Құр  Ақ куропатканың 1-ші сортты орташа тірілей салмағы – 677 г, 2-сі – 

570 г. Бөлінген ет 65 % -дай болады. Ақ куропатканың түсі күңгірт-қызыл, нәзік 

консистенциялы,  жіңішке  талшықты.  Майлы  қабаттары  нашар  дамыған.  Құс 

етіне  сай,  дәмі  және  иісі  ерекше.  Сұр  куропатканың  еті  ақ  куропаткаға 

қарағанда үлкен нәзіктілікпен және арнайы иісінің жоқтығымен ерекшеленеді. 

 

Суда жүзетін құс еті  - қызыл түсті, нәзік, майлы, құрамында 

2,5 % астам 

азотты сығындылар  бар. Жабайы үйрек пен қаз еті күңгірт-қызыл түсті немесе 

күңгірт-қызғыштау  түсті,  майлы  қабаттары  бірқалыпты,  тері  астында  еттің 

барлық  жерін  бірқалыпты  орналасқан.  Семіз  құстардың  еті  нәзік,  көрінбейтін 

қабатшалардың  біріктіруші  тіндерісіз,  құстың  жұпар  иісінің  дәмі  жағымды. 

Май  көбірек  қуыстарда  қалады.  Сүңгуір  үйрек  еттері  қызыл  түсті,  майлы, 

кішкене балық дәмі бар, сондықтан азыққа көп қажет емес.  



 

Жабайы  үйректердің  еті  үй  үйректерінің  етінен  ерекшеленеді,  себебі 

оларда  ақуыз  көп  және  майы  аз.  Жабайы  үйрек  етінің  биологиялық 

толыққандылығы  макро-  және  микроэлементтердің  болуымен  ескеріледі 

(кальций,  фосфор,  темір,  марганец,  молибден  және  кобальт),  одан  басқа, 

жабайы  үйрек  еті  органикалық  емес  тұздармен  бай,  қан  ағудың 

ынталандырылуы  және  бірқатар  витаминдердің  шығу  тегіне  байланысты  (А, 

тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы). Жабайы үйрек етін және жалпы суда 

жүзетін құс етін жоғары бағаланатын диеталық азыққа жатқызуға болады.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Жабайы құс етіне және оның азықтық құндылығын сипаттап беріңіз. 

2 Суда жүзетін құстардың еті туралы айтып беріңіз. 

 

 



 

14 

 

1.4 Құстарды тасымалдау және дайындау 



 

Сабақтың мақсаты: Құстарды тасымалдау және дайындау ерекшеліктері 

 

       Құстарды  инфекциялық,  инвазиялық,  протозойлық  және  жұқпалы  емес 



аурулардан  сау  шаруашылықтарда  дайындайды.  Союға  келесі  көрсетілген  

жасы  бойынша  құстарды  жібереді  (күндер):  бройлер-балапандары  49-63, 

күркетауық-120; үйрек-49, қаздар-60,  

бөденелер-63. 

       Шаруашылықтан  алынған  құс  жұмыртқасын  өңдеу  үшін  инкубацияға 

жіберуге  тыйым  салынады,  инфекциялық  аурулары  бойынша  нашар:  оба, 

түбекркулез,  орнитоз,  сальмонеллез,  лейкоз,  стафилакокк,  стрептококк, 

туляремия,  листериоз,  шешек,  инфекциялық  ларинготрахеит,  кокцидиоз  және 

жұмыртқа арқылы өтетін басқа аурулар.  

       Ньюкасл, орнитоз, тұмау, туляремия, сияқты инфекциялық аурулар кезінде 

немесе  күмәнді  жағдайда  құстарды  союға  тыйым  салынады.    Ауырған  немесе 

осы  ауруға  күмәнді  құстарды,  сонымен  қатар  ауру  құстармен  қатынаста 

болғандарды  сол  мезетте  өлтіреді  немесе  инфекция  шыққан  ошақты  өртейді. 

Шаруашылықта қатаң карантиндер және осы ауруларға қарсы нұсқау бойынша 

ветеринарлық-санитарлық  іс-шаралар  жүргізіледі.  Ауру  құстың  етін 

қолданбайды,  оны  азыққа  қайта  өңдеуге  жібереді.  Құстардың  арасында 

инфекциялық,  инвазиялық  және  жұқпалы  емес  аурулар  кезінде  әртүрлі  дәрі-

дәрмектермен,  сонымен  қатар  антибиотиктер  және  профилактикалық  іс-

шаралармен  (егулер,  вакцина,  іріткілер)  емдеу  жүргізіледі.    Құстарды  егуден 

соң  16  күннен  кейін  өлтіруге  рұқсат  етіледі.  Антибиотикпен  емдегенде    және 

профилактикалық  мақсатта  қолданғанда,  құстарды  ветеринариялық  ережеде 

көрсетілуі бойынша белгілі бір уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді.   Кез 

келген  және  жұқпалы  емес  аурулармен  ауыратын  құстар,  қайта  өндіру 

өндірістеріне түспеу керек, себебі қайта өңдеу процессінде ауру таратушы көзі 

болып табылады, одан сойылған азықтар тұтынушы денсаулығына қауіпті. 

 

Ауру  және  жарамсыз  құстарды  толық  аршуды  тек  шаруашылықтағы 



санитарлық  қасапханаларда  қайта  өңдейді,  ветеринарлық  мамандардың 

бақылауында өсіріледі.  

 

Санитарлық  қасапханаларда  сойылған  құстардың  барлық  азықтарын 



қайнатылған,  қуырылған  немесе  қыздырып  пісіру  арқылы  зиянсыздандырады. 

Санитарлық  қасапхананы  күнделікті  құстарды  сойып  болған  соң  келесі 

ерітінділердің  біреуі  бойынша  дезинфекциялайды:  хлорлы  жою,  гипохлорит 

кальцийінің негізгі тұзымен, 3% кем емес хлор белсендісінен тұратын, немесе 

3%  күйдірілген  натрий  ерітіндісімен  (PO-SOTC),  немесе  4%  «Демп»  және 

«Каспос»  препарат  ерітінділерімен  (70-WC).  Құстарды  қайта  өңдеу 

кәсіпорындарына құстарды шаруашылықтан, құстарды сою алдында 4 сағаттан 

8  сағатқа  дейін  құстардың  түріне  қарап  тасымалдауын  есепке  ала  отырып 

төзуден  өткендерін  жібереді  (әтештер  үшін  6-8  сағат,  мысыр  тауығы  және 

күркетауық және үйректер мен қаздар үшін 4-6 сағат). 



15 

 

 



Суды  қолдану  шектелмейді. Құстарды қайта  өңдеу  үшін кәсіпорындарға 

құстарды  шаруашылықтан  әдетте  көлікпен  арнайы  торлы-контейнерлерде 

жеткізеді.  Балапандар,  балапан-бройлерлер,  мысыр  тауығы,  үйректер  үшін 

торлар  көлемі  900х600х230мм;  қаздар,  күркетауықтар  үшін  –  900х600х300мм. 

Әр  торға,  арбаға,  контейнерге  немесе  жәшікке  жастары  мен  түрлері  бір 

құстарды  орналастырады.  Жәшіктерге  немесе  торларға  және  арбаларға  20-22 

балапан, 16-18 бройлерлер, 10-12 әтештер, 13-15 мысыр тауығын, 6-8 үйрек, 10-

12 үйрек балапандарын, 4-6 күркетауық, күркетауықбалаларын, 4-6 қаздар және 

қаздардың балапан бастарын орналастырады.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Құстарды қалай тасымалдайды? 

2 Құстарды қалай дайындайды? 

 

 



1.5

 

Құс  өнімдерін дегустациялау 

 

Сабақтың мақсаты: Құс өнімдерін дигустациялауды үйрену. 

 

          Ет  өнімдері  дәмінің  сезілу  сатысына,  жұпарлығына  және  термиялық 



жағдайына  байланысты  белгілі  бір  жүйелікпен  дегустанцияланады.  Бірінші 

жұпарлылығы  төмен  немесе  әлсіз  азықтарды  (аздап  тұздалған,  қайнатылған 

шұжықтар,  қыздырып  пісірілген  өнімдер,  «өткір»  азықтар),  содан  кейін 

бірқалыпты  ерекше  үлгілер  бойынша  өткір  жұпарлылықпен  (сүрленген, 

тұздалған,  ащы)  бағалайды.  Соңғы  кезеңінде  өнімді  қыздырылған  күйінде 

дегустациялайды,  мысалы,  сосиска,  сарделька,  кейбір  консервілер  немесе 

термиялық  өңделген  азықтар  –  пельмень,  котлет,  басқа  жартылай  фабрикатты 

және  кулинариялық  өнімдер,  және  дәмі  мен  жұпарлылығына  байланысты 

сатылармен ажыратылады. 

Толықтай, кейін бөлінген азыққа дегустациялық баға беріледі.  



Азықты  толықтай  анализдеу  үшін  көрсеткіштерін  келесі  жүйелік  бойынша 

анықтайды: 

 

Сыртқы түрін, пішінін, беткі жағдайын; 



 

Бетіндегі  иіс,  қажетті  жағдайда  –  азық  тереңдігіне  ағашты  немесе 



металлдық инені еңгізу

 



Консистенциясы – шпателмен немесе саусақтармен басу; 

Бөлінген  азықтың  анализі.  Өзіне  тән  түрін  және  суретті  сақтап  қалу  үшін, 

азықты  өткір  пышақпен  жұқа  тілімдерге  кеседі.  Азықтың  қабықшасын  және 

жібін шамалап қаптамадан босатады, бар болса сүйектерін жояды.  


16 

 

 

Дегустацияның бірінші сатысында түсін, түрін, кескіндегі суретін, содан 

кейін иісі және жұпарлылығын, дәмін және балғындығын оның ерекшеліктеріне 

қарай  отырып,  бейтаныс  иістердің,  дәмдердің  болуы,  жұпарлылық 

жағымдылығы, сүрлену және тұздылығынанықтайды. Соңғы кезеңінде азықтың 

консистенцисясын  басу,  кесу,  шайнау,  жағу  (паштет)  арқылы  анықтайды. 

Сонымен  бірге  тығыздығын,  жұмасақтығын,  нәзіктігін,  қаттылығын, 

ұнтақтығын, иілгіштігін, біркелкілік салмағын анықтайды.  

 

Сосиска  және  сарделектардың  органолептикалық  анализін  қыздыру 



күйінде  жүргізеді.  Осы  мақсатпен  оларды  жылы  суға  салады  (50-60*С)  және 

қайнағанға  дейін  жеткізеді.  Сосиска  және  сарделектардың  балғындығын 

қабықшасын  тесу  арқылы  анықтайды.  Егер  азық  балғын  болса,  тесілген 

жерлерде тамшы сұйықтық пайды болады. 

 

Азықта  қолдануынан  бастап  ет  консервілерін  зерттеу  қыздырылған 



немесе  суытылған  күйде  өткізіледі.  Банкаларды  қыздыру  үшін  қайнап  жатқан 

суға  20-30  мин  қояды,  содан  кейін  оны  суытпай  таза,  құрғатылған  тәрелкеге 

орналастырып,  анализдейді.  Қажет  болған  жағдайда  банкаларды  және 

қақпақтарын ыстық сумен жуып зерттейді.  

 

Азықтың  иісі,  дәмі  және  консистенциясына  баға  беру  барысында 



бірмезгілде 3 үлгіден көп берілмейді, ал көзбен қарағанда  - 6 үлгіге дейін. 5-8 

сынамадан кейін 10 минуттан көп емес үзіліс жасайды. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1 Құс өнімдерінің дегустациясы қалай өтеді? 

2 Азықты толықтай анализдеу? 

 

 



2. Ветеринарлық санитарлық сараптау 

2.1  Құс  етінің  балаусалық  сатысын  және  органолептикалық  бағасын 

анықтау 

 

Сабақтың мақсаты: Құс етінің балаусалық сатысын және органолептикалық 

бағасын анықтау 



 

 

Сапаның  органолептикалық  бағасы  және  құс  етінің  балғындылық 

сатысын  МемСТ  7269-79  және  МемТ  Р  51944-2002  бойынша  жүргізеді. 

Анализдеу  үшін  таңдап  алынған  бұлшықет  жуандығы 5мм  терең  емес  еттерді 

бөлме  температурасында  0  -  ден  4*С-қа  дейінжібітеді.  Егер  еттер  тұтынушы 

ыдысқа қапталған болса, оларды 30

+

-

2*С суда 2-3 сағат ішінде жібітеді немесе 



бұлшықет  жуандығының  тепмпературасы  бөлме  температурасы  0  -  ден  4*С 

17 

 

болғанға  дейін.  Жібітіп  болғаннан  кейін  етті  тұтынушы  ыдыстан  босатып 



анализге жібереді.  

Органолептикалық анализ. Еттің беткейлік иісі және көк ет қуыстары немесе 

оның  бөліктерін  сынмаларды  алу  кезінде  органолептикалық  анықтайды. 

Органолептикалық  анықтау  үшін  таза  пышақпен  бұлшықет  қабаттарын 

тереңірек  кеседі.  Сүйектерге  жабысып  тұратын,  бұлшықет  тіндерінің  иісіне 

ерекше назар аударады.  

Анализ  қорытындысын  құс  етінің  нақты  бір  түрі  немесе  бөліктері  бойынша 

анықтайды.  Келіспеушілік  болған  жағдайда  құс  етінің  сапасын  тұнықтығы 

және сорпаның жұпарлылығына байланысты анықтайды.  

Сорпаның  тұнықтығына  және  жұпарлылығына  баға  беру  үшін  үлгіден  етті 

немесе  бөліктерін,  қанаты  мен  мойнынан  басқа,  екі  реттен  скальпелмен 

бұлшықет  аралық  тіндерін  тереңдікте  кесіп,  70  г  бұлшықетті  еттартқышта 

ұсақтайды.  Екі  үлгіден  алынған  фаршты  әбден  араластырады.  Содан  кейін 

барлық  мөлгшерінен  20  г  фаршты  алып,  суыққа  қойып  60  мл  дистиллденген 

суды  құяды.  Шыны  ішіндегілерін  әбден  араластырады,  сағат  шынысымен 

жабады  және  қайнап  жатқан  моншаға  қояды  (10  минут).  Кішкене  ашылып 

тұрған шыныдан ерекшеленетін,сорпа жұпарлығын бу жұпарлылығы бойынша 

қызып  жатқан  процессте  температура  80-85*С-та  анықтайды.  Сорпаның 

мөлдірлік сатысын өлшеуіш цилиндрге құйылған 20 мл сорпаны көзбен қарау 

арқылы анықтайды. 

 

Құс етінің балғындығы бойынша оларды балғын, күмәнді, күмәндібалғын 



және балғын емес бөледі. 

Егер  органолептикалық  көрсеткіштері  бойынша  ең  болмағанда  бір  күмәнді 

балғындық  болатын  болса,  ол  өнімді  химиялық  немесе  микробиологиялық 

зерттеу үшін жіберіледі. 

Физико-химиялық  көрсеткіштері  бойынша  аммиак  және  аммони  тұздарын, 

пероксидаза,  май  қышқылдарын,  қышқылды  және  майдың  перекси  санын 

анықтау  үшін зертханаға зерттеу жіберіледі.  

Аммиак  және  аммоний  тұздарының  реакциялары.Аммиак  және  аммоний 

тұздары  Несслер  ракциясы  бойынша  сары-қоңыр  бояу  түсіне  әсері 

қабілеттілігіне негізделеді.  

Сығындыны  дайындау  үшін  беткейлік  және  терең  қабаттарынан  жамбас 

бұлшық  еттерінен  етті  кеседі,  оларды майдан босатады,  біріктіруші  тіндерден 

ұсақтайды. Алынған фарштан 5 г колбаға орналастырады, 20мл дистиллденген 

су құйып, 15 мин-та 3 есе араластырады, содан кейін сығындыны қағаз фильтр 

арқылы  фильтірлейді.Түтікке  пипеткамен  1  мл  сығындыны  және  Несслер 

реактивінің  10  тамшысынқосады.  Түтік  ішіндегісін  шайқайды,  түсінің 

өзгергенін және сығынды мөлдірлілігін бақылайды. 



18 

 

Егер  сығынды  1-2  мин  ішінде  көк-жасыл  түстен  қоңыр-сұр  түске  боялса  етті 



балғын  деп  санайды.  Балғын  емес  ет  кезінде  сығынды  көк-жасыл  түске 

боялмайды немесе қоңыр-сұр бояулар пайда болады.  



Ұшқын май қышқылдарының мөлшерін анықтау (майлы емес құстар үшін). Бұл 

әдіс  май  қышқылдарын  фаршсынамасында  булы  суды  айдау  көмегімен  және 

натрий және калий гидроксиді мөлшерін анықтайды. 

Еттің  май  қышқылдарының  мөлшері  100  г  –да  4,5  мг  КОН  аспаса  балғын 

болады; күмәнді балғындық 4,5-9 мг КОН, балғын емесі- 9 мг КОН жоғары. 

 

Қышқылдықты  және  май  тотығының  мөлшерін  анықтау.  Алдын  ала 

піскен  майды  алады.  Етті  балғын  деп  санайды,  егер  майдың  қышқылдық 

мөлшері салқындатылған және қатырылғын еттерде 1-ден көп болмау керек. 



 

Балғындығы  күмәнді  тауық    майы  салқындатылған  еттен  қышқыл 

мөлшері 1-ден 2,5-ке дейін, қаздыкі 2-ге дейін, үйрек және күркетауықтыкі 3-ке 

дейін,  сонымен  қатар  мұздатылғын  еттерде  қышқылдық  мөлшері  1,6-ға  дейін 

мөлшермен  есептеледі.  Майдың  тотықтырғыш  мөлшері  салқындатылған  және 

мұздатылған  құс  еттерінің  барлық  балғын  түрінде  0,01  аспау  керек.  Күмәнді 

балғынды  тауық  майын  салқындатылған  етте  тотықтырғыш  мөлшерімен  0,04, 

қаздыкі, үйрек және күркетауықтыкі 0,01-ге дейін, сонымен қатар мұздатылған 

барлық еттер түрінің тотықтырғыш мөлшері 0,03-ге дейін деп есептейді. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1Құс етінің балғындығының сатысын және органолептикалық бағасын анықтау 

2 Пероксидаза әдісіне қысқаша анықтама беріңіз 

3 Қышқылдық және май тотықтырғыш мөлшері қалай анықталады? 



 

 

2.2 Жабайы  құс етінің ветеринарлық-санитарылқ сараптамасы 

 

Сабақтың мақсаты: Жабайы  құс етінің ветеринарлық-санитарылқ 

сараптамасын оқып үйрену 

 

 

           Ветеринарлық  жарғы  және  ветеринарлық-санитарлық  ережеге  сәйкес, 



жабайы  құстар  мен  жануарлардың  таралуын,  ветеринарлық  қызмет  

қауырсынды жабайы құс етінің қауіпсіздігі және сапасын бақылайды.  

 

Ресей  территориясында  шамамен  жабайы  құстардың  700-дей  түрі 



мекендйді,  олардың  150  аңшылық  кәсіпке  арналған.  Аңшылықтың 

маңыздылығына  көбіне  тауықтар  отрядына  жататын  құстар  кіреді  (шіл  және 

фазан тұқымдастары), қарағай орманының ақ құсы: бұлдырық, рябчик, глухарь, 

шіл құсы, (ақ, сұр, тасты, сақалды), фазан, бөдене және т.б шартпен айтылатын 



19 

 

құстар.  Суда  жүзетін  жабайы  құстардың  ішінде  кәсіптік  обьекті  болып 



табылады:  кәдімгі  барылдауық,  бізқұйрық  үйрегі,  сұр  үйрек,  сонымен  қатар 

қасқалдақ,  шәукілдек,  жылқышы,  тауқұдырет,  маңқы,  қайра,  көгершіндер  т.б. 

Аңшылық уақыты жергілікті басқарушы органдардың қойылған инструкциясы 

бойынша белгіленген.  

 

Аңшылық  құстар  етінің  сақталуы  олжаның  түскен  уақытына  және 



әдісіне  байланысты,  технологиялық  өңдеулер  және  сақтау  жағдайлары.  Қыста 

ауланған  қарағай  орманының  ақ  құсы  ,  бактерицидті  заттары  бар  ағаштардың 

бүршіктерімен  қоректенеді,  сақтау  кезінде  көп  тұрады.  Мұндай  еттер 

бұзылмаған қатырылған күйінде 1 жылға дейін сақталады, сапасын жоғалтпай. 

Суда  жүзетін  жабайы  құстар  еті,  рационында  жануарлар  жемі  көп, 

микробтардың  көбеюіне  қолайлы  орта  болып  табылады  (ішекте),  сондықтан 

потрошение  және  консервілеу  кезінде  тез  бұзылады,  оған  қоса  суық  түсетін 

кезде  күз  уақытында  табады.    Ауқымды  зақымдалған  еттерді,  дұрыс 

қансыратылмаған  және  ластанғанда  тез  бұзылады,  сондықтан  оларды  көп 

сақтамайды.  

 

Дұрыс  ауа  жетуі  үшін  және  өлген  құсты  салқындату  үшін  торларда 



немесе  тақтасы  бар  қораптарда  тасиды.  Жабайы  құстар  арасындағы  қабат 

арақышықтығы 5 см-ден кем болмауы керек.  

 

Базарларда  қауырсында  құстарды  сатуға  рұқсат  етіледі,  сонымен  қатар 



тірі үй құстарын және олардың етін. Сатылымға келген тірі құстар, клиникалық 

түрде  сау  және  ветеринарлық  куәлігі  болуы  керек.  Ветеринарлық  құжаттың 

жарамдылық мерзімі берілгеннен кейін 5 тәулікке дейін.  

 

Өлген  құсты  көзбен  қарау.Сыртқы  қарау  кезінде  құстың  түрін  және 

жынысын  анықтайды,  оның  қоңдылығын,  қанатының  сақталғанын.  Сыртқа 

және  тері  астындағы  паразиттерге  ерекше  назар  аударады.  Ату  кезіндегі 

жаралар орнын көреді, тері астындағы қан құйылулар т.б. Бұл құстың атқанға 

дейінгі жағдайын және  еттің сапалы екенін анықтауға мүмкіндік береді.  



 

Бас конфигурациясына және атылған құс денесіне, ісіктің болуы, бастың 

және  дененің  қисаюы,  аяқ-қол  және  омыртқа,  формасына,  жетілмеген  немесе 

тұмсық деформациясынаназар аударады.  

 

Еттерді  ашып  сою  кезінде  түсін  және  паренхиматозды  ағзалардың 



өзгеруін  қарайды  (бауыр,  бүйрек,  өкпе  т.б).  Егер  ағзаларды  қарау  барысында 

өзгерістер байқалса, жабайы құсты бірден втеринарлық зертханаға зерттеу үшін 

жібереді.  

 

Құстардың  ішкі  ағзаларын  алу  үшін,  тесік  саңылауына  ағаш  немесе 



металлдық  ілгішті  кіргізеді,  онымен  тік  ішекті  іледі,  кішкене  бұрып  және 

ақырын  ішінділерін  алып  шығады.  Жабайы  үйректерді  өңдеу  кезінде  кішкене 

кесіп алған дұрыс.  


20 

 

 



Еттерді  сойып  болған  соң  зерттеу.Сапалы  еттердің  бұлшықеттері 

жақсы  дамыған  болу  керек,  таза,  қанаттары  қатты  ұсталған,  түсіп  қалмайтын 

көздері,  арнайы  балғын  иісі.  Травматикалық  зақымданулар  және  кішкене 

ластануларға  жол  беріледі.  Қатты  атудан  зақымдалған  жабайы  құсты, 

қанаттары  қанмен  ластанған,  әртүрі  басқа  иістердің  бар  болған  құстарға  жол 

берілмейді. 



 

Жабайы  құстардың  ветеринарлық-санитарлық  сапасы  белгілі  бір 

қиындықтармен  байланысты.  Сонымен,  жабайы  құстарда  сою  алдында  қарау 

болмайды.  Қауырсында  жабайы  құстарда  үй  құстары  сияқты  инфекциялық 

және  паразитті  аурулармен  аурады.  Патолого-анатомиялық  зерттеулер  кезінде 

аурудың хроникалық ағымына сай белгілер көрінеді, бірінші кезекте бауыр мен 

көк бауыр зақымданады.  

 

Еттің  балғындық  сатысын  анықтау.  Аңшылық  жабайы  құстарды 

ветеринарлық-санитарлық  сараптау  кезінде  олардың  балғындығына  назар 

аудару  қажет.  Қауырсынды  жабайы  құстың  етін органолептикалық,  химиялық 

әдістер арқылы сорпада мыс сульфатың, ұшатын май қышқылдарын   және рН 

анықтайды.  



 

Қауырсынды  жабайы  құстың  балғындық  сатысын  анықтау  барысында 

қатпаршақ аймағына, қарнына, қанат астына, еттің ерте бұзылу жерлеріне назар 

аударылады.  Бұзылған  ет  сұр,  сұр-жасыл  түсті  болады,  шағымсыз  шірік  иісі 

шығады,  босаңсыйды.  Бұзылған  еттер  әдетте  дұрыс  қатырылмаған  болады. 

Бұзылу  анықталмаған  жағдайда  етті  кесіп  алып  қайнатады  және  сапасын 

анықтайды.  

 

Барлық  инфекциялық  және  басқа  ауруларға  күмәнді  жағдайларда, 

еттердің  үлгілерін  зертханаларға  зерттеуге  жібереді  және  ветеринарлық 

санитарлық бағасын беріп қорытындылайды. 

 

Балғын  еттерде  көздерін  толықтай  орбита  сәулесі  толтырады,  тұмсығы 



құрғақ,  жылтыр,  қанаттары  теріде  жақсы  ұсталады,  ішек  қабаттары  мықты, 

көкшандыры  ылғалды.  Бұлшықеттері  қызғылт,  қызыл  немесе  күңгірт-қызыл 

түсті,  бірақ  консистенциясы  міндетті  түрде  тығыз,  майы  ақ  немесе  кішкене 

сарғыштау. Еттің сорпасы ақ немесе кішкене сарғыштау, ерекше иісті. Ұшатын 

май қышқылдары қауырсынды жабайы құс еттерінде 16 мг дейін.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет