Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
§43. халық ауыз әдебиеті
Қазақ халқы ауыз әдебиетінің тарихы Түрік 
қағанаты дәуірінен басталады. 
Ауыз әдебиеті-
не ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, 
жұм бақтар мен эпостық жырлар жатады. 
ертегілер. Ертегілердің көпшілігінде өмірде 
аз кездесетін не мүлде болмаған қиял неме-
се ойдан шығарылған оқиғалар суреттеледі. 
Ертегілер мазмұнына қарай үш түрге бөлі не-
ді:  хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және 
тұр мыс-салт  ертегілері.
Қазақ ертегілерінде батырлық, адал еңбек, 
достық, өзара көмек, ақылды жар туралы ай-
тылады. Сонымен қатар сараң бай, жалқау 
адам, қомағай саудагердің әрекеттері сынала-
ды. Ертегілердің уақыт өте келе әр заманға сай 
мазмұны өзгеріп, жетілдіріліп отырған.
аңыз әңгімелер – ауыз әдебиетінің бір сала-
сы. Аңыз – көпшілік жағдайда әңгіме түрінде 
болады, өлең-жыр түрінде си-
рек кездеседі. Аңызда шындық 
пен қиял-ғажайып оқиға ара-
лас келеді, сондықтан аңыз 
бен ертегі бір-біріне ұқсайды. 
Бас ты айырмашылығы – аңыз 
әң гіме тарихта болған адам тө-
ңірегінде құрылады. Адам та-
рихта шын болғанмен, кейін 
сондай адам болыпты-мыс деп 
ел аузында лақапқа айналып 
кетеді.
Аңыз-әңгімеде көбінесе та-
рихта болған адамдар жай-
лы айтылады. Ол адам батыр, 
жауынгер, хан, бай, би, ше-
шен, күрескер болуы мүмкін. 
Аңызда осы адамның істеген 
 
«Ана тілі», «Әдебиеттік 
оқу» пәндерінен алған 
біліміңді еске түсір. 
Қазақ халқының 
қандай ертегілері 
мен аңыз әңгімелерін 
білесің? 
 
Ертегілерге не жатады?
 
Аңыз бен ертегінің 
арасында қандай 
айырмашылық бар?

137
ісі, тарихи рөліне байланысты 
шындыққа қоспалар қосылып, 
біртіндеп лақап аңызға айнала ды. 
Қазақ аңыздарында Алдаркөсе, 
Жиренше шешен, Асанқайғы, 
Қор қыт және басқалар жайлы ба-
яндалады.
Эпостық жырларда – Отанын, 
елін, жерін қорғау үшін басқын-
шылармен күрескен батыр лардың 
ерлігі баяндалады. Әйгілі «Алпа-
мыс батыр», «Қобыланды батыр», 
«Ер Тарғын», «Ер Қосай» сияқты 
тарихи батырлық жырлардың 
тәрбиелік мәні ерекше. 
лиро-эпостық жырлар – бос тандық, сүйіс-
пеншілік, махаб 
бат тақырыбына арналады. 
Мұн дай жыр ларда адамның басынан өткен әр-
түрлі қиыншылықтар, ғашықтардың бақыт 
және бостандық үшін күресі, халықтың өмірі, 
тұрмыс-тіршілігі көбі 
рек баяндалады. Мұн-
дай  шығар маларға  «Қозы Көрпеш–Баян сұлу»,  
«Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырлары жа-
тады.
мақал-мәтелдер  – халықтың өмірден көр - 
ген-білгенін бір-екі ауыз сөзбен түйіндеп 
айтқан нұсқа сөздері. Мақал-мәтелдің тәр-
биелік мәні зор, өйткені оның негізгі мәні 
туған жерін, Отанын сүю, еңбекке, достыққа 
шақыру, жақсылыққа бау лу, ақыл айту болып 
сана лады.
Мақал мен мәтелге ортақ белгі – оны ешкім 
өзгерте алмайды, сөздердің орны тұрақты бо-
лады. Мақал мен мәтел ұқсас ұғымдар болғаны-
мен, айырмашылығы да бар. Мақалда ой толық 
айтылады. Ал мәтелде сөйлем аяқталмай 
қалған сияқты көрінеді. Бірақ ондағы басты 
айтылмақ ойды адам өзі ұғады. Мысалы, «Жері 
байдың елі бай», «Ай ортақ, күн ортақ, жақсы 
мына  мақал-мәтел дер ді 
қалай түсінесің?
Елдің көркі – ерімен
Отан көркі – жерімен.
***
Болар бала он бесінде 
баспын дер,
Болмас бала отызында 
жаспын дер.
***
Жақсымен жолдас бол саң, 
  жетерсің  мұ рат қа,
Жаманмен жолдас болсаң, 
қаларсың ұятқа.
***
Туған жердің 
жуасы да тәтті.
Туған жердің 
ауасы да шипа.
***
Туған жерге туың тік.

138
ортақ», «Талаптымен таласпа», т.б. мақал-
мәтелдер өмірдің барлық салаларын қамтиды.
Жұмбақ  – нақты бір затты тұспалдап айта-
тын және шешушінің тапқырлығын сынайтын 
ауыз әдебиетінің бір түрі. Қазақ әдебиетінде 
ақындардың ауызша және жазбаша жұмбақ ай-
тыстары көбірек кез деседі. Жұмбақ өлең жә не 
қарасөз түрінде де болады.
Жұмбақта бәсекеге түскен екі адамның 
ақыл-ойы мен алғырлығы сыналады. Жұмбақ 
шешуші адам қарсыласын сөзбен жеңіп, тізе 
бүктіруге тырысады.
нақыл сөздер (афоризм) – күрделі мә селелер-
ді өте дәл, терең жеткізетін, қысқа қайырымды, 
мағынасы кең, көп қырлы, көр кемдік дәрежесі 
жоғары сападағы қанатты сөздер. 
Нақыл сөздер ел аузында белгілі адамдардың 
есімімен қатар жүреді. Нақыл сөздердің адамды 
өнер-білімге, достыққа, сүйіспенші лікке, адам-
гершілікке тәрбиелеуде маңызы өте зор.
Нақыл сөздерді А. 
 
Байтұрсынұлы «ділмар 
сөз» десе, Шәкәрім «мәнді сөз» деп атаған.
Абайдың нақыл сөзі:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
 
Ауыз әдебиетінің салаларын ата.
 
Ертегіде қандай мәселелер баяндалады? Ертегілердің қандай  тәрбиелік 
мәні бар?
 
Аңыз-әңгіме дегеніміз не? Аңыз-әңгімелерде не туралы айтылады?
 
Батырлар жырында не суреттеледі?
 
Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді, жұмбақтарды неліктен ел жаттап 
алады? Олар бізге қалай жетті?  
«алпамыс батыр»  
жырынан үзінді:
«Ақ сүт берген ананың
Балада қақы көп 
болар.
Ана деген мейірлі,
Сыйлай гөр, балам,
 анаңды.
Ата деген қадірлі,
Сыйлай гөр, балам,
 атаңды».

139
§44. Қазақ халқының салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдері
1.   Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері.  Әр ха-
лықтың өзіне тән әдет-ғұрпы мен қалыптасқан 
дәстүрі болады. 
Салт-дәстүр дегеніміз – өте 
ерте кезден осы күнге дейін халықтың өмірі 
мен тұрмысында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа 
ұмытылмай жалғасып келе жатқан үлгілі істер.
Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үл-
кенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-
ананы ардақтау сияқты ізгі дәстүрлер бар.
Халқымыздың жақсы дәстүрінің бірі – 
үл-
кенді сыйлау. «Сен үлкенді сыйласаң, кіші 
сені сыйлайды» деген сөз бар. Ата мен әкені 
сыйлау, оған қартайғанда құрмет көрсету, 
сыпайылықпен «сіз» деп сөйлеу, сәлем беру, 
тілін алу, көмек көрсету кішінің парызы болып 
саналады.
Қонақжайлық  – келген қонақты құрметпен 
қарсы алып, сыйлап күту. Ата-бабаларымыз кел-
ген қонақты жылы шыраймен күткен. Жолау-
шы сыпайылық танытып: «Үйде кім бар?»  деп 
«Баланы атқа мін гізу 
салты».  Қазақ балалары 
бес жасынан бастап атқа 
салт мінуге жаттығады. 
Ата-аналары баланың 
алғаш атқа мінгеніне той 
жасайды. Атқа мінетін 
бала жаңа киім киіп, ба-
сына үкі тағып, «ашамай» 
деп аталатын екі  қасы 
«X» түрінде айшықталып 
жасалған ерге мініп, ту-
ған-туысқандары мен 
ру лас тарын 
аралайды. 
Туыстары оған шашу ша-
шып, айыл-өмілдірік, 
құйысқан, қамшы сияқты 
ер-тұрман әбзелдерін бай-
ғазыға береді. Осыдан бас-
тап бұл бала өз алдына ер-
тұрманға ие болып, көш 
кезінде тай-құнанға мініп 
жүреді. 
Қазақтың көне  
тарихы. – Алматы,  
1993,  389–390-беттер.

140
үй сыртынан дауыс береді. Келген қонақты жас-
тар аттан түсіріп, атын байлаған. Үйдің есігін 
ашқан. Қонақ үйге кірер алдында қару-жарағын 
сыртқа іліп, өзінің «қас емес, дос» екендігін 
білдірген. Қонақ үйге сәлем беріп кіреді. Төрге 
жайғасып, үй иесімен жөн сұрасады. Танымай-
тын жолаушыны үй иесі «құдайы қонақ» деп 
атаған.  Қазақтар «қонақ құт, береке әкеледі» деп 
санаған. Қонаққа берілетін тамақты «бөлінбеген 
енші» деп есептеген. Үй иесі қонақты ғана емес, 
оның ат-көлігін тегін күтіп, кетерінде аман-есен 
қолына тапсыратын болған.
Асар  қазақтар арасында ертеден келе жатқан 
салттардың бірі.  Руластар не ауылдастар жа-
была күш біріктіріп, бір-біріне көмек көрсетуді 
«асар» деп атайды. Үй салу, мал таңбалау, 
жүн қырқу, шөп шабу сияқты істерді барлығы 
бірлесіп істеген. Асарға келушілер ақы алмай 
тегін істеген, осындай жұмыс басына кездейсоқ 
келген адамның жұмысқа қол тигізбеуі салтқа 
қайшы деп саналған. Үй иесі мал сойып, асарға 
келгендерді тамақтандырады. 
1. Асар деп нені айтады:
а) қонақжайлылық
ә) көпшіліктің бір-біріне 
көмек көрсетуі
б) ақсақалдардың үлгі-
өнеге сөзі
2. «Бөлінбеген енші» де-
ген не:
а) кез келген жолаушы-
ны үйге қондырып, 
тамақтандыру
ә) халықтың жақсы 
дәстүрі
б) ұлттық мереке
Асар. Қой қырқу.  
Суретшi Н.Г. Хлудов

141
2.   Қазақтың  діни  наным-сенімдері.  Ежел-
гі адамдар өздерін қоршаған табиғат құбылыс-
тарының себептерін түсінбеді, сон 
дықтан да-
уылдан, найзағайдан, су тасқынынан қорыққан. 
Олар барлық жануарлардың, таби ғаттың өз иесі 
болады деп, соларға табынған. Көне заманда аң 
аулауға шығар алдында адам алдымен аңның 
суретін салып, салынған суретті найзамен атып, 
аң аулауға дайындалған. Аңға сапары сәтті бо-
луы үшін «аңды сиқырлау» ырымын жасаған. 
Адамды жерлегенде қабірге түрлі тағам, еңбек 
құралдары, әшекей заттар, ал кейде оның атын 
да қоса жерлеген. Өлген соң «жан» адам денесіне 
қайта оралады, сол кезде оған барлығы керек бо-
лады деп түсінген.
Ертеде түркілер Көкке, Жер мен Суға, Отқа 
табынған. Көк Тәңірінің әмірімен қағандар ел 
билейді, түркі тайпалары жеңіске жетеді және 
жеңіліске ұшырайды деп ұғынған.
Олар отты «әулие», «От-Ана» деп қасиет тұт-
қан. От үйдің сақтаушысы, қамқоршысы санал-
ған. Оттың қаһарынан қорқып, отпен ант берген.
Қазақтарда от пен ошаққа табынушылық қа-
зірге дейін сақталып қалған. Мәселен, әлі күнге 
дейін жастар үйленгенде, қалыңдық босағаны 
алғаш аттарда ошақ алдында тізе бүгеді, отқа 
май тамызады.
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға 
арабтардың жаулап алуынан бастап ене баста-
ды. Ірі қалаларда, қыстақ, кенттерде мешіттер 
салынды. Араб тілінде әдеби шығармалар жа-
зыла бастады.
 
Салт-дәстүр сөзінің 
мағынасын түсіндір.
 
Қазақ халқының 
қандай салт-
дәстүрлерін білесің?
 
Қазақстанда 
тұратын басқа 
халықтардың қандай 
әдет-ғұрыптары бар?
 
Діни наным-сенімдер 
туралы әңгімелеп бер.
Ислам (арабша – мо йынсұну, амандық, та ту лық) – дүние жүзіне кең таралған 
әлемдік дін дердің бірі. Алла таға ланың адамдар қауымына арналған өсиеттері 
Мұ хам мед  пайғамбарға  жіберілген. 
Ислам дінін дегі ең маңызды ғибадаттар: Алладан басқа Құдайдың жоқтығына, 
Мұхаммед оның елшісі екендігіне сену, Құран Кәрімді түсініп оқу, намаз оқу, дұға 
ету, Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару,  ізгілік 
амалдар істеу, адал жолмен ризық табу, ғылыммен шұғылдану.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясынан

142
§45. материалдық мәдениет
1.  мәдениет туралы.  Мәдениет –  адамдар дың 
материалдық және рухани өміріндегі қол жет-
кізген табыстары.  
Материалдық мәдениет  дегеніміз – адам-
дар 
дың күнделікті тұрмыста қолданатын бұ-
йым дары,  еңбек құралдары, баспанасы, киім-
ке шектері, тағамдары мен еңбек тәжірибесі. Кез 
келген халықтың материалдық мәдениеті сол 
халықтың шаруашылығы дамуымен тікелей 
байланысты. Қазақ халқы материалдық мә-
дениетінің негізгі түрін мал шаруашылығы, 
егін шілік, үй кәсіпшілігі, қолөнер және еңбек 
құ ралдары  құрайды.
Рухани мәдениет  – оқу-білім, ғылым, өнер 
мен әдебиет, наным-сенімдерді қамтиды.
2.   тұрмыстық  бұйымдары.  Қазақ халқы 
ұлан-байтақ жерінде  көшпелі және жартылай 
көш 
пелі мал шаруашылығымен айналысты. 
Төрт түлік мал – қой, жылқы, түйе, сиыр өсірді. 
Жыл дың төрт маусымында жайлау, күзеу, қыс-
тау, көктеуге көшіп-қонып отырған.
Көшпелі малшылар мал терісінен күнделікті 
тұрмысқа қажетті құралдар: жылқы ұстау үшін 
құрық, арқан, мал суаруға қауға, науа, жылқы 
тұсау үшін шідертұсау, ал құлын байлау үшін 
желі мен ноқта дайында-
ды.  
Ал ға шында 
ағаштан, 
ке йін  те мірден  егіншілікке 
қажетті құралдар: тіс 
ағаш, мала, орақ, аша, 
тырма, атпа шығыр, кет-
пендер мен күрек-айыр,  та-
ғы басқаларды жергілікті 
ұсталар жасады.
Ат әбзелдерін – былға-
рыдан тоқым, жүген, үзең-
гі, өмілдірік пен тартпа, 
Сырмақ
Күмісті ер

143
таралғы, қамшы, құйысқан, 
ноқта  және тағы басқаларды 
ершілер мен өрімшілер жасаған. 
Қамшы – бүлдіргі,  сап, алақан 
және  өрімнен тұрады. Олардың 
әрқайсысы бөлек дайындалып, 
біріктіріледі. Қамшының са-
бын тобылғыдан, таутеке мен 
ақбөкеннің мүйізінен не еліктің 
сирағынан дайындаған. 
Қару-жарақтан – сойыл  (қат-
ты ағаштан жасалған шоқ-
пар),  айбалта, жебелері мен 
қорамсағы  бар садақ.  Сауыт,  қалқан, қылыш, 
наркескен (болаттан соғылған екі жүзді ал-
мас қылыш), селебе (үшкір қару), сапы(кішкене 
семсер),  темір ұшты үшкір  найза – сүңгілер 
жасалған.  Кейінірек   мылтық соғатын шебер-
лер шыққан.
Үй тұрмысына қажетті қолөнердің алуан 
түрлері:  тоқымашылық, киіз басу, ағаш, ме-
талл, тері, сүйек және  мүйіз  өңдеу дамыды. 
Әйелдер  киіз үйге керекті басқұр, бау-шулар, 
сырмақ, кілем, алаша, шекпен және басқаларды 
дайындады. Шеберлер мүйізден қасық, түйме
ағаш пен сүйектен төсағаш, аяқ-табақтар жа-
сады,  тарамысты ширатып былғарыдан етік 
тікті. Зергерлер алтын-күмістен білезік, жүзік, 
сырға, белбеу, т.б. жасаған.
3.   Киіз  үй  – көшпелі қазақ халқының ерте-
ден пайдаланып келе жатқан баспанасы. Киіз 
үй көшіп-қонуға ыңғайлы, оны тез жығып, 
шапшаң тігуге болады. Түйе мен жылқыға 
теңдеп артып жүруге өте қолайлы.  Киіз үй жазда 
салқын, қыста жылы. Киіз үйдің сүйегі бірнеше 
керегеден,  оған бекітілген уықтан,  күмбезді 
шаңырақтан және жарма есіктен тұрады. Киіз 
үйдің сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар арқылы 
біріктіріледі. Оның сыртынан ши тұтылады, 
киіздермен жабылады.
Қорғаныс 
жарақтары
Түндік – шаңырақтың 
күлдіреуішінің үстінен 
жабылған төртбұрышты 
киіз. Әр бұрышына ұзын 
жіппен бау тағылады. 
Қатты жел не дауыл соқ-
қан кезде ұшып кетпеуі 
үшін осы баулар белдеуге 
тартып байланады. 
Шаңыраққа жабылған 
түндіктің бір шеті күндіз 
түрі 
леді де, үйдің ішіне 
жа 
рық түсіріледі. Қазақ 
салты бойынша түнде 
үйдің іші 
нен аспандағы 
жұлдыз сәулесі көрінбеуі 
тиіс. Сондықтан түнге 
қарай түндік жабылып, 
баулары белдеуге байла-
нады.
Қ. Толыбаев

144
Киіз үйдің үлкен-кішілігі керегелерінің са-
нына байланысты болады. Керегені қанат  деп 
атайды. Киіз үй керегесінің саны қанша болса, 
сонша қанатты болып есептеледі. Мәселен, киіз 
үй 6 керегеден тұрса, 6 қанатты үй болып сана-
лады.
4.   Ұлттық  киім.  Қазақтың ұлттық киімдері 
өмір сүрген табиғи ортасына, көшпелі тұрмыс 
жағдайына бейімделген.  
Баскиімдер.  Айыр қалпақ – ер адамның 
баскиімі. Оны хан-сұлтандар мен ел билеушілер 
мерекеде, салтанатты жиылыстарда кие 
тін. 
Ішкі жағы жұқа киіз не қалың матамен сыры-
лып тігіледі. Сырты өрнектеліп, алтын не жібек 
жіппен зерленеді. Бұл қалпақ жазда салқын әрі 
сәнді.
Бөрік – бағалы аң терісінен не мал елтірісінен 
тіккен. Бөрікке қандай аң терісі пайдаланылса, 
Бөрік
Тақия

145
соның атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, т.б. деп 
аталады. Қыз бөркінің төбесіне үкі тағылып, 
күміс, асыл тастармен әшекейленген. 
Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оның 
күмістен құйылған төбесіне үкі тағылады, маң-
дайына жақұт қондырылады. Екі жағынан мар-
жаннан тігіліп салпыншақ өріледі. Төбесінен 
жерге дейін жібек желек жабылады. Бұл киімді 
келіншек ұзатылған күннен бастап бір жылға 
дейін салтанатты жиындарда киеді.
Тымақ – төбесі төрт немесе үш бұрышты 
киізден құралған, шошақ болып келеді. Маң-
дайы мен құлақшасының ішкі жағы түлкі те-
рісінен тігіледі. Сырты мақпал, пүліш сияқты 
маталармен қапталады. 
Сыртқы киімдер.  Шапан – арасына мақта, 
жүн салынған қалың матадан астарлап тігіледі. 
Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киген. 
Оның: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы 
шапан, зерлі шапан, т.б. түрлері болған.
Шекпен – түйе, қой  жүнінен тоқылған сырт 
киім. Шекпен су өткізбейді. Таза жүннен 
тоқылғандықтан төзімді болады.
Ішік – аң терісінен, сырты матамен тысталып, 
жүні ішіне қаратып тігіледі. Түлкі ішік, қасқыр 
ішік, т.б. түрлері болады.
Жарғақ шалбар. Жақсы иленген жұқа тері 
«жарғақ» деп аталады. Қызғылт түске боялып, 
өрнек салынған жарғақ шалбарды салтанатты 
жиында батырлар мен билер, сал-серілер киген.
Қамзол – барқыт, пүліш, мақпал сияқты сапа-
лы матадан тігіледі. Шапанға қарағанда қысқа, 
көбіне жеңсіз және жағасыз болып келеді.
Саптама етік  –  қонышы тізені жауып 
тұратындай ұзын, табаны қалың, ұлтан мен 
былғары салып, сиыр не жылқының иленген 
терісінен тігеді. Ат үстінде қысқы суықта жылы 
болу үшін оны киіз байпақпен киеді.
Мәсі – өңделген жұқа теріден жасалған, қо-
нышына ою салынған, табансыз, ұлтансыз аяқ 
киім.
Айыр 
қалпақ
Киіз қалпақ
Қалыңдық киетін  
сәукеле
Әжелер киетін  
кимешек

146
Кебіс – мықты теріден  тігілген, мәсінің сыр-
тынан киюге арналған аяқ киім.
5.  Ұлттық  тағамдар.  Мал шаруашылығымен 
айналысқан көш 
пелі қазақтардың негізгі 
тағамы ет пен сүттен жасалған. Биенің сүтінен 
қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындаған. Сиыр, 
қой мен ешкі сүтінен қаймақ, май, ірімшік, ай-
ран, қатық, сүзбе, құрт, т.б. тағамдар жасаған.
Қастерлі тамақтарының бірі – тары. Қуырып 
ақтаған тарының жармасына сары май мен 
шекерді араластырып жент дайындаған. Тары-
ны түйіп, тары көже пісірген.
Жылқының жал, жая, қазы, қарта, шұжығы 
кәделі ас саналады. Құрт езілген сорпа ішкен. 
Бауырсақ, шелпек, кеспе, көже және күріштен 
сүт ботқа мен күріш көже, палау  дайындаған. 
 
Мәдениет дегеніміз не? Материалдық және 
рухани мәдениетке не жатады?
 
Қазақтың еңбек құралдары туралы айт.
 
Киіз үй туралы әңгімеле. 
 
Қазақтың ұлттық киімдерін суретте. «Қазақ 
киімі» деген тақырыпта сурет сал.
 
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
«Киіз үйді тігу екінің 
бірінің қолынан келе бер-
мейді. Тәжірибесіз адам-
ның тіккен киіз үйі бір 
жағына қисайып немесе 
уығы ырғып кетеді.
Киіз үйді тіккенде ең 
бірінші керегені жайып, 
оның сығанақтарын таң-
ғыштармен біріктіре та-
ңады, есігін орнатады. 
Басқұр-таңғыштармен 
мық 
тап таңылған кереге 
шең 
берінің үстінен ша-
ңы 
рақты бақанмен көте-
ріп, оған уықтар шанша-
ды. 12–18 қанат үйлер 
өте биік болғандықтан, 
атты кісі шаңырақты 
кө 
теріп тұрады, ал өзге 
кісілер уықты шаншиды. 
Уықты керегенің басына 
балақбау арқылы байлап 
бекітеді. Шалма жіппен 
уық тардың 
ортасынан 
байлап, бір-бірінің ара-
сын жалғастырады. Әрбір 
уық қаламын шаңырақ 
қалам дығына 
кіргізіп, 
екінші жағынан құрмен 
шалмап шығады. Осы-
дан кейін туырлық, үзік, 
түндік, киіз есік деп ата-
латын киізден жасалған 
бөлшектермен жабады да, 
баумен   байлап бекітеді».
Қазақстан Ұлттық 
энциклопедиясынан
Тапсырма. төменде келтірілген түсініктерге 
сәйкес анықтаманы тап.
Түсініктер
Анықтамалар
1.   Ән
а) аспаптық-музыкалық шығарма
2.   Күй
ә) әуенімен айтылатын өлең
3.   Жыр
б) ауыз әдебиетінің жанры
4.   Асар
в) көшпелі қазақ тайпаларының 
ертеден пайдаланып келе жатқан 
баспанасы
5.   Киіз үй
г) адамдардың не руластардың 
бірлесіп күш біріктіріп, бір-біріне 
көмектесуі

147
 
Ірі сәулет  құрылыс та-
рына не жатады? 
X–XII ғасырлар  
ғи марат тарының 
ерекшелігін ата.
 
Мешіт не үшін 
салынған? Кесене 
дегеніміз не? Қандай 
кесенелерді білесің?
 
Айша бибі кесенесі ту-
ралы әңгімелеп бер.
 
Қожа Ахмет Йасауиді 
неліктен түркі ха лық-
тары қадір тұтады?  
Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесі қашан салынды?
 
Қазақтар Наурыз 
мерекесін қалай той-
лайды? Қазақстанда 
тұратын қандай  
ұлттардың салт-
дәстүрін білесің?
 
Сөзге шешен болу үшін 
қандай қасиет қажет 
деп ойлайсың? Қазақ 
шешендері туралы 
әңгімеле.
 
Музыка адамға қалай 
әсер етеді? Қазақтың 
әндері мен күйлерінде 
қандай мәселелер жыр-
ланады?
 
Қорқыт ата туралы 
не білесің?
 
Құрманғазыны нелік-
тен «күй атасы» дейді?
 
Ауыз әдебиетінің  
туындылары бізге 
қалай жеткен?
 
Алдаркөсе, Жиренше ту-
ралы білетініңді айт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет