Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
§51. Ұлы отан соғысы
1.  Ұлы отан соғысының басталуы. Германия-
да 1933 жылы билік басына келген Адольф Гит-
лер: «Немістер – жер бетіндегі ең таңдаулы ұлт, 
басқа халықтар оған қызмет етуі тиіс», – деп 
неміс халқының санасын улай бастады. Соғыс 
техникасы мен қарулы күштерін әбден күшейтіп 
алған фашистік Германия бүкіл дүниежүзін 
жаулап алуды ойлады. Ол алдымен Австрия 
мен Чехословакияны басып алды, Польшаға 
баса-көктеп кірді. Англия мен Франция фашис-
тік Германияға қарсы соғыс жариялады. Бұл  
1939 жылдың 1 қыркүйегі болатын. Осылайша 
екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусым-
да соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға 
шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан 
соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті со-
ғыс болған емес. Бұл соғыс 1418 күн мен түнге 
созылды. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес 
адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы 
қазақстандықтар болатын. 
2.   Қазақстандықтардың  майдандағы  ер-
лігі.  Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қа-
зақстандықтар да фашистік басқыншыларға 
қарсы кескілескен ұрыстарға қатысты. Жауға 
Ұлы Отан соғысында 
кеңес адамдары жан-
қиярлық ерлік пен батыр-
лықтың үлгісін көрсетті. 
Соғыс майдандарында тек 
ересек адамдар ғана емес, 
тіпті балалар да ерлік-
пен астыртын жұмыстар 
жүргізді, тылда еңбек 
етті, партизан отрядта-
рында 
қаһар мандықпен 
шайқасты.
Кеңес халқы Отанын 
қорғау, жеңіске жету, фа-
шизмді талқандау үшін 
әділетті соғыс жүргізді. 
Фашистік Германия жа-
ғынан басқа елдерді баса-
көктеп, жаулап алуға ба-
ғытталған әділетсіз соғыс 
болды.

162
тойтарыс беру ісіне өз үлесін қосты. Соғыс 
жылдарында республикамызда ондаған әскери 
құрама жасақталды. Атқыштар, атты әскер 
дивизиялары мен бригадалар құрылды. Олар 
қан майданда жанқиярлық ерліктің үлгісін 
көрсетті.
497 қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес 
Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие 
болды. Солардың қатарында қазақ халқының 
ержүрек қыздары Әлия Молдағұлова мен Мән-
шүк Мәметовалар да бар. Төрт қазақстандық 
ұшқыш Т. Бигелдинов, С. Луганский, И. Пав-
лов, Л. Беда Кеңес Одағының Батыры атағына 
екі мәрте ие болды. Мыңдаған қазақстандық 
жауынгерлер майдандағы асқан ерліктері үшін 
орден-медальдармен марапатталды.
3.   Брест  қамалын  қорғау.  Соғыс таңғы 4-ке 
таман фашистердің Белоруссиядағы Брест қа-
малына шабуыл жасауымен басталды. Соғыстың 
алғашқы минуттарында-ақ көптеген жауынгер-
лер, шекарашылар, әйелдер мен балалар не бо-
лып жатқанын біліп те, түсініп те үлгерместен 
қаза тапты. Тірі қалғандары ақырғы демі 
таусылғанша шайқаса берді. Брест қамалын 
ерлікпен қорғау бір айдан аса уақытқа созылды. 
Фашистер жүздеген километр алға жылжып, 
баса-көктеп кірді. Қамал қоршауда елден бөлініп 
қалды. Онда қорғаушылар сусыз, азық-түліксіз 
қырылып жатты.
Брест қамалын қорғаушылардың арасын 
да 
В. Фурсов, И. Айтбаев, Д. Жақыпов, К. Иман-
құлов, М. Ниязов, К. Байжігітов, Г. Д. Деревян-
ко, Қ. Тұрдиев, т.б. қазақстандықтар да болды. 
Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі хал қы-
мыздың жүрегінде мәңгі сақталады. 1965 жы лы 
Брест қамалына «Батыр қамал» атағы берілді.
4.  Қазақстандықтардың тылдағы ерен ер лігі. 
Қазақстандықтар майданда ғана емес, тылда да 
ерен ерлік көрсетті. Тылдағылар армия ны қару-
«Менің өмірім тікелей 
қазақ даласымен байла-
нысты. Мен осында ту-
дым, соғыстың қысыл 

таяң күндері қазақстан-
дық тар  жақындарындай, 
өз баласындай қамқорлық 
жа 
сады. Қазақстан же-
рінде мен ұшқыш бол-
дым. Ғарыш кемесіне мі-
ніп, осы жерден көкке 
самғап, осы жерге қайта 
қондым. Қалай сіздерді 
сүй 
меске, қалай сіздерді 
мақтаныш тұтпауға бола-
ды, қазақстандықтар!» – 
деп тебірене жазды екі 
мәрте Кеңес Одағының 
 
Батыры атағын алған 
КСРО ғарышкер-ұшқы-
шы В.А.  Шаталов.
Ел мен ердің жеңісі.  
– Алматы, 1985, 20-б.

163
жарақ, оқ-дәрі, азық-түлікпен кі 
діріс 
сіз жаб-
дықтап тұрды. Республикада шаруа шылықтың 
барлық саласы соғыс мақсатына лайықтап 
қайта құрылды. Республикада әскери өндірісті 
нығайту, соғыс техникасын көптеп шығару, түс-
ті металды, көмір, мұнай кен орын дарындағы 
жұмыстарды жақ сарту қажет болды. Қазақ стан 
марганец өндіру ісін жеделдетті. Уралдың ме-
таллургия зауыттарын шикізатпен қамтамасыз 
етуде ерен еңбек етті. Қарағанды кеншілері 
мыңдаған тонна көмір өндірді, Өскемен мы-
рыш комбинаты соғысқа қажетті өнім өндіру 
мөлшерін ұлғайтты.
Ғалымдар мен инженерлер де тынбай жұмыс 
істеді. Кен өндіруді ұлғайту ісіне КСРО Ғылым 
академиясының президенті В. Л. Комаров және 
академик Қ. И. Сәтбаев бастаған ғалымдар үлкен 
үлес қосты.
Шымкенттегі қорғасын зауытының өні 
мі 
оқ жасайтын зауыттарға жіберілді. Теміржол-
шылар майданға қажетті әскери техниканы, 
қару-жарақ, азық-түлікті, киім-кешектерді тоқ-
таусыз жөнелтіп жатты. Қазақстанға жау қор-
шауында қалған Ресей, Украина, Белоруссия-
дан жүз мыңдаған адамдар көшіп келді. Оларды 
қазақ халқы құшақ жая қарсы алды.
Соғыс жүріп жатқан жерлерден 220 зауыт 
 
пен фабрика, кәсіпорын Қазақстанға көші рілді. 
Мәскеу қаласы мен облысынан 40 зауыт көшіп 
келді. Соның ішінде Мәскеу авиа ция зауыты, 
Дзержинский  атындағы  электро ме ханикалық 
зауыт және басқалар келе сала өнім өндіре бас-
тады.
Украинадан 70-тен аса өнеркәсіп көшіріліп 
әке лінді. Өнеркәсіп орындарымен қатар мыңда-
ған мамандар да көшірілді. Донбасстан 3200-дей 
шахтер мен техниктер келді.
Майданға аттанған жұмысшының станогына 
жас балалар мен қарттар, әйелдер тұратын. Адам-
Қазақстан Ұлы Отан 
соғысы жылдары көшіп 
келген 1,5 миллион адам-
ның туған отанына ай-
налды. «Алыстағы Қазақ-
станда, Теректі ауылында 
біз өзімізді үйіміздегідей 
сезінеміз», – деп жазды 
КСРО-да тұңғыш трак-
торшы әйелдер бригада-
сын ұйымдастырған атақ-
ты Паша Ангелина. 
Осы сөздің мәнін тү-
сіндір.

164
дар зауыт-фабрикалардың жұмысын тоқтатпай, 
тәуліктер бойы аянбай еңбек етті. Қазақстан 
майданды шикізатпен қамтамасыз ететін басты 
әскери базаға айналды. Сонымен қатар майдан-
ды малмен, мал өнімдерімен қамтамасыз етті. 
Соғыс жылдары Қазақстан мал саны жағынан 
Ресейден кейінгі екінші орынға шықты.
Ыбырай Жақаев  (1891–1981) – әйгілі күріш 
өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауда-
нында дүниеге келген.
Осы ауданның «Қызыл ту» колхозының зве-
но жетекшісі болды. Оның звеносы бекітілген 
егістің әрбір гектарынан орта есеппен 80–90 цен-
т нер күріш алды. Атақты күрішші 1966 жылдан 
бастап дербес зейнетке шыққанына қарамастан 
еңбек жолын тоқтатпады, жастарға өз тәжірибе-
сін үйретті. Еңбегі бағаланып, Ы. Жа қаев 2 мәр-
те Социалистік Еңбек Ері ата ғын алды, орден-
дермен, медальдармен марапатталды.
Шығанақ Берсиев (1881–1944) – тары өсіру-
дің әйгілі шебері. Ақтөбе облысы Ойыл ауда-
ны «Құрман» ұжымшарының звено жетекшісі 
болды. Жыл сайын Ойыл ақ тарысының саба-
ғы майысып тұрған күлте лерін таңдап, оның 
ірі дәнін ғана тұқымға алып отырған. Шөлейтті 
ай мақтың қиын ауа райына қарамастан, оның 
звеносы тарының жақсартылған жаңа сортын 
өсіру арқылы әр гектардан: 1941 жылы – 165; 
1943 жылы – 201 центнер өнім жинады. Осы-
лайша тары өсіруден дүниежүзілік рекордқа 
қол жеткізді. 
Ш.  Берсиевтің звеносы соғыстың ауыр кезін-
де майданға 49 вагон тары жөнелтті. Атақты  
тары шының еңбегі жоғары бағаланып, ол екі 
мәрте Ленин орденімен марапатталды.
Соғыс  кезінде  Ы.  Жақаев,  Ш.  Берсиевтермен 
бірге Ким Ман Сам, В.П.  Кривич сияқты ең-
бекшілердің есімі бүкіл елге танылды.
 
Ұлы Отан соғысы қа-
шан басталды? КСРО-
ның аумағын карта-
дан көрсет.
 
Қазақстандықтардың 
Ұлы Отан соғысындағы 
ерліктері туралы не 
білесің?
 
Қазақстандықтардың 
тылдағы ерліктерін 
баянда.
 
Қазақстанға қандай 
кәсіпорындар көшіп 
келді?
 
Брест қамалын 
ерлікпен қорғаушылар 
туралы айт. 
Ыбырай Жақаев
Шығанақ Берсиев

165
§52. Қазақстандықтар Ұлы отан 
соғысында
1.  Қазақстандықтар мәскеу үшін шайқаста. 
Фашистік Германия Кеңес Одағының астана-
сы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып ала-
мыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі 
шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан 
фашист басқыншыларын тоқтатып, өз дері қар-
сы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақ стан-
дықтардың үлесі зор болды.
1941 жылы Алматыда генерал И.В. Панфи лов 
316-атқыштар дивизия 
сын жасақтайды. Осы 
дивизияның 28 панфиловшы-батырлары Мәс-
кеу қаласын қорғауда ерліктің өшпес үлгісін 
көрсетті.
 Волоколамск тас жолының маңында-
ғы маңызды жерді қорғаған 28 жауынгердің 
 
22-сі қазақстандықтар еді. Онда түрлі ұлт адам-
дары: орыс, украин, қазақ, өзбек, қыр ғыз, тү-
рікмен де болған еді. Оның төр теуі қазақ жауын-
герлері: Н.  Ес болатов, Ә.  Қо жа бергенов, Ә.    Қо саев, 
М.  Сең гір баев  болатын. 316-дивизия 1941 
жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін 
ер лікпен шайқасты. Дубосеково разъезі 
маңында саяси жетекші В.Г. 
 
Клоч 
ков: 
«Ресей – кең-байтақ, бі 
рақ шегінерге 
жер жоқ. Артымызда Мәскеу!» – деген 
ұран тас тап, жауын герлерді жауға қарсы 
шайқасқа  жігер лендірді.
28 жауынгер басқыншылар дың 50 тан- 
кісіне қарсы тұрды. Тан кілер бірінен соң 
бірі жанып жатты. Батыр лардың бар лы-
ғы дерлік қаза тапты. 28 батырға Кеңес 
Ода ғының Батыры атағы берілді.
1941 жылы аға лейтенант 
Бауыржан 
Момышұлы  Мәскеу түбіндегі шайқаста 
қазақстандық батальонды басқарды. Өз 
жауынгерлерімен жау қоршауын үш рет 
бұзып шықты.
Бауыржан Момышұлы
Панфиловшыларды ха-
лық не үшін қастерлеп, 
ес терінен  шығармайды?
Мәскеу үшін шай қасқа 
қатыс қан  соғыс  арда ге-
рінің әңгі 
месін тыңдап 
отыр  мын деп сезін. Ол са-
ған Мәскеу маңында бол-
ған  сұра пыл  со ғыс  жай лы 
айтып берді. Сен қалай 
ойлайсың, ол өз әңгі 
ме-
сіне нені арқау етеді және 
неліктен? Мәс 
кеу үшін 
шайқасқан батыр 
лар ту-
ралы әңгіме дайында.

166
Төлеген Тоқтаров
                                                           
Бауыржан Момышұлы:
«Біз Ұлы Отан соғысында қан кешіп жүріп сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. 
Ол – қазіргі кең-жазира Отаның сенің. Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны 
көздің қарашығындай сақтаңдар.
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі  
үшін аяусыз еткен еңбектен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жа-
сар азаматтар ерекше ерлік көрсетті. Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын 
жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек.
Жастарымыз Отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы 
қасиет. Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол 
ата-анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, 
туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өз әке-шешесін 
ардақтамаған өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде 
интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың 
тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны 
ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажы-
рата білуі шарт.
Намыс – адамзаттың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана на-
мыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ 
ата-анамды, жұртымды жерге қаратпаймын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы,  
Отаны, өз үйі...»
Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы, 1976, 380-381-бб.

167
Б.  Момышұлы соғысты полковник шенінде, 
9-гвардиялық атқыш тар дивизиясының коман-
дирі болып жүріп аяқтады. Оған соғыс аяқтал-
ғаннан 45 жылдан кейін ғана, 1990 жылы Кеңес 
Одағының Батыры атағы берілді.
Төлеген Тоқтаров  соғыс қарсаңында Ле ни-
ногор полиметалл комбинатында жұмыс істеді. 
Ол 8-гвардиялық ат 
қыш 
тар дивизиясы қата-
рында шайқасты. Мәскеу облысы Бородино се-
лосы үшін болған шайқаста асқан ерлікпен қаза 
тапты. Т. Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры 
атағы берілді.
Кеңес Одағының Батыры 
Мәлік Ғабдуллин 
даңқты 8-гвардиялық дивизия құрамында шай-
қасты. Ол көптеген фашисті атып өлтірді, жау дың 
бірнеше танкісін жойып, ерлігімен көзге түсті.
Кеңес жауынгерлерінің Мәскеу түбіндегі же-
ңісі миллиондаған адамдардың жеңіске деген 
сенімін оятты. Мәскеуді қорғаушылар ерлігі ел 
аузында аңызға айналды.
2.  ленинградты  қорғау.  Гитлерлік  басқын шы-
лар 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа 
жетіп, қаланы толық қоршауға алды. Ленин-
град үшін ауыр блокада күндері бас 
талды. 
 
900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты 
әуеден бомбалады, ауыр зеңбіректен оқ жау-
дырды. Олар қаланы бүкіл елден бөліп тас тады. 
Нан мен отын жетіспеді. Электр жарығы бол-
мады. Қала көлігі мен су құбыры істен шықты. 
Адамдар аштықтан қырылып жатты. Бірақ қа-
ла ерлікпен қорғана берді. Қаланы Ленинград 
май данының әскерлері мен Балтық теңіз шілері 
қор 
ғады. Ленинград қаласының тұрғындары 
ержүректілік көрсетті. Қақаған суыққа, аш-
тыққа, 900 күн қоршауға қарамастан, Ленин-
градтың кейбір зауыттары жұмысын тоқ 
тат-
пады. Адамдар 15–16 сағаттан жұмыс іс теді.  
Киров зауытынан ауыр танкілер тікелей май-
данға аттанып жатты.
Жамбыл Жабаев (1846– 
1945) – 14 жасынан өлең 
айтып, 15 жасында Сү-
йін бай ақыннан бата ал-
ған ұлы ақын, жырау, 
жыршы. Жамбыл есімін 
алғаш елге танытқан өне-
рі – оның айтыстары. Жа - 
ныс ақынмен, Айкүміс-
пен, Құл 
мамбетпен, Дос-
панбетпен т.б. айтыста-
рында Жамбыл кестелі 
сөздің шебері, тапқыр ше-
шен екен дігін көрсетеді.
Ол «Өтеген батыр», 
«Сұ 
раншы батыр», т.б. 
ұзақ-ұзақ эпос жырларын 
жатқа айтатын. 
Жамбылдың қоршау-
дағы Ленинград халқы-
на арнап жазған «Ленин-
градтық өренім» өлеңі 
жазылған плакат сол 
кезде қала көшелерін 
де 
жапсырулы тұрды. Бұл 
өлең халықты ерлікке 
ша 
қырып, жеңіске жұ-
мылдырды.
Жамбыл Жабаев

168
Ленинград бүкіл елмен бір ғана жол – «Өмір 
жолы»  атанған Ладога көлінің мұзы арқылы 
байланыс жасады. Осы мұз арқылы күн сайын 
жүздеген машинамен қоршауда қалған қалаға 
азық-түлік пен оқ-дәрі жіберілді. Қаладан күн 
сайын ауру адамдар, қарттар мен жас балалар-
ды тасыды.
Ленинградқа бүкіл ел көмектесті. 1944 жыл-
дың қаңтарында кеңес әскерлері шабуыл ға шы-
ғып, қала қоршаудан құтылды. Басқыншы лар 
Ленинградтан қуып тасталды.
Ленинградты қорғауда қазақстандық жа уын-
герлер де ғажайып ерлік көрсетті. 1944 жыл- 
 дың қысында Ленинград түбінде 
Сұлтан Бай-
мағамбетов  жаумен шайқасты. Жаудың 
атыс ұясынан пулемет оғын қардай боратып, 
бас көтертпей қойды. Жолдастарын аман сақ-
тау үшін С. 
 
Баймағамбетов еңбектеп барып, 
атыс ұясын кеудесімен жапты. Мұны көр-
ген жауынгерлер алға ұмтылып, шепті бұзып 
өтті. Қаһармандықпен қаза тапқан С.  Бай 
ма-
ғамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы бе-
рілді. Бұл ерлікті қазақстандық жа уынгерлер  
С. Есқалиев,  А.  Сухамбаев,  И.  Батин,  И.  Сиури-
дин және басқалар да қайталады.
3.  Қазақтың  қаһарман  қыздары. 
Әлия  Мол дағұлова (1924–1944) – Ақтөбе об-
лысы Қоб да ауданында дүниеге келген. Жаста-
йынан жетім қалып, туыстарының отбасында 
тәрбиеленеді. 1942 жылы майданға өз еркімен 
аттанып, мер 
гендер мектебін үздік бітірген 
Әлия 2-Прибалтика майданының 54-атқыш-
тар бригадасы құра 
мында шайқасып, асқан 
мергендігімен көзге түседі. 1944 жылы Ново-
сокольники стансасы маңындағы шайқаста 
қазақтың батыр қызы ерлікпен қаза тапты. 
Әлияға Отан қорғауда көрсеткен ерлігі мен 
қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры 
атағы берілді.
«Еділ бойындағы шай-
қаста ұшқыш-штурман 
Нүркен Әбдіров мәңгі 
өш пес ер лік жасады. Қа-
лада ұрыс жүріп жатқан 
болатын. Н.Әбдіров ұша- 
 
ғы 
мен 18 рет ұшып ба- 
 
рып, немістің 12 тан кісін, 
28 автомаши на сын, 3 дзо-  
тын,  3  зең бі регін  қи рат ты, 
50 фа 
шисті жойды. Ша-
буыл күндерінің бірінде 
ол ма 
ңызды тапсырма-
ны орын 
дау үшін жау 
шебіне төрт рет ұшып 
барды. Соңғы барғанда 
ұша ғына  оқ  тиді.  Аэ ро д-
ромға жету мүмкін емес-
ті. Нүркен жанып ба 
ра 
жатқан ұшақты фа 
шис-
тердің танк колоннасына 
бағыттады».
Р. Аманжолов. 
Шайқаста шыңдалған 
достық.
 Алматы, 1985, 97-б.

169
Мәншүк Мәметова  (1922–1943) – Батыс 
Қазақстан облысы Орда ауданында туған. 
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Ал-
маты медицина институтында оқып жүрді. 
 
1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. Ка-
линин майданының 21-гвардиялық атқыштар 
диви зиясы құрамында ұрысқа қатысады. Аға 
сер жант, пулеметші ержүрек қыз ерекше мер-
гендігімен, қаһармандығымен көзге түседі. 
 
1943 жылы 15 қазанда Невель қаласы түбінде 
болған шайқаста М. Мәметова ерлікпен қаза 
тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді.
 
Мәскеуді  қорғау шы-
лардың ерлігі туралы 
әңгімелеп бер.
 
28 гвардияшы-
панфиловшылардың 
ерлігі туралы  
не білесің?
 
Б. Момышұлы кім? 
Ол туралы қандай 
кітаптар оқыдың? 
Оның ерлігі туралы 
қандай кинофильм 
көрдің?
 
«Отанды сүю» деген 
сөзді қалай түсінесің? 
«Б. Момышұлы – 
өз Отанын шексіз 
сүйген батыр» деген 
тақырыпта хабарла-
ма дайында. 
 
Ленинградты қорғау-
шылардың ерлігі  
туралы айт.
 
«Ә. Молдағұлова мен 
М. Мәметованың  
өмірі – ерліктің үлгісі» 
деген тақырыпта 
шығарма жаз.
 
Ленинградты қоршау 
қанша уақытқа  
созылды?
Әлия  
Молдағұлова
Мәншүк  
Мәметова

170
§53. сталинград шайқасы. 
Қазақстандықтардың ерлігі
1.  сталинград  шайқасы.  Мәскеу түбінде же-
ңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен 
мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ  
болып, Сталинград (қазір Ресейдің Волгоград 
қаласы) бағытына ең таңдаулы әс керін жіберді. 
Кеңес жауынгерлері: «Өліспей беріспейміз!» – 
деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, 
әр көшесі қамалға айналды. Кеңес жауынгерлері 
фашист әскерінің күн сайын 20–25 шабуылына 
тойтарыс берген кездері болды. Қала іші бомба 
мен снаряд жарылысынан, пулемет пен автомат 
оқтарынан жалындаған өртке, қара түтінге ай-
налды.
Сталинградқа ірі әскер құрамы, танкілер, 
ұшақтар мен артиллерия жеткізілді. Кеңес жа-

171
уынгерлері 330 мың фашист әскерін, генерал-
фельдмаршал Ф. 
 
Паулюстің 6-армия 
сын қор-
шауға алды. 1943 жылы 2 ақпанда кес кілескен 
шайқастан соң генерал-фельд 
мар 
шал қолға 
түсті. Сталинград шайқасы аяқталды.
Сталинград батыры атанған 
Қарсыбай  Сы па-
таев ұрыс даласында асқан ерлік пен қаһар ман-
дық көр сетті. Шайқастардың бірінде ол 25-тей 
фашист солдатын жойып жіберді. 1942 жы лы 
25 қарашада Шарнутовский селосын фашист 
ұшақтары төбеден бомбаласа, жерден 30-дан аса 
танк қаптап, ажал оғын бүр ікті. Сыпатаев және 
оның жауынгер достары танкілерді бронбұз-
ғыш оқпен, минамен қарсы алды. Танкілердің 
қардай жауған оғынан Қарсыбайдың жолдас-
тары бірінен кейін бірі ажал тауып жатты. 
Қарсыбайдың қолында жалғыз снаряд қалған 
еді. Жау танкісі оқ боратып жақындап келеді. 
Қарсыбай қаймықпастан алға ұмтылып, жау 
танкісінің астына құлады. Танк күл-талқан 
болып жарылды. Артында келе жатқандары 
кілт тоқтады. Осылайша Сыпатаев асқан ерлік 
жасап, фашист танкілерінің жолын бөгеді. 
 
Қ. Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді. 
2.  Жау  тылында.  Қалың ормандарда, Қырым 
тауларында, Украина далаларында қазақстан-
дық партизандар ерлікпен шайқасты. Жұмағали 
Саин, Әди Шә ріпов, Қасым Қайсенов, А.С. Его-
ров, Ф. Абдуллин және басқа партизандар жау 
тылында күрес жүргізді.
Соғыстың басында партизан қозғалысын 
ұйымдастыру үшін тылға арнайы дайындықтан 
өткен коммунистер мен комсомолдар аттанды-
рылды. Партизандар Қызыл армияға елеулі 
көмек көрсетіп, олармен үнемі байланыста бол-
ды. Витебск облысында алматылық Ғалым Ах-
медияров басқарған партизандар немістер өте-
тін 765 пойыз рельсін жарып, істен шығарды. 
 
Ұлы Отан соғысының 
қандай ірі ұрыстарын 
білесің? Осы ұрыс бол-
ған жерлерді картадан 
көрсет.
 
Сталинград шайқасы 
қай аумақта өтті?
 
Жау тылындағы пар-
тизандар құрамалары 
шайқасқан аудандарды 
картадан тап.
Ұлы Отан соғысы 
 
1941 жылы 22 маусым-
да басталып, 1945 жылы  
9 ма мырда жеңіспен аяқ-
талды. 
Соғыс 1418 күн мен 
түнге созылды. 
Соғыста 27 миллион-
нан астам ке 
ңес адам-
дары қаза тап 
ты. Оның  
410 мыңы қазақ стандық.

172
3.  екі  мәрте Кеңес ода ғының Ба-
тыры атанған қазақстандықтар.
Талғат Бигелдинов (1922 ж. т.) – 
авиация генерал-майоры, екі мәрте 
Кеңес Одағының Батыры. Т. Бигел-
динов 305 рет жа уынгер лік тапсыр-
мамен ұшып, фа 
шистің жүздеген 
танкісін, зеңбі ректері мен солдатта-
рын жойды. Әуе шай қасында жау-
дың 7 ұшағын қи ратты. Ұлы Отан со - 
ғысындағы асқан ерлігі үшін екі мәр-
те Кеңес Одағы ның Батыры атанып, 
орден-медаль дар мен  марапатталды.
Беда Леонид Игнатьевич  (1920–
1976)  – әскери ұшқыш, авиация 
генерал-лейтенанты, екі мәрте Кеңес 
Одағының Батыры. 1942 жылы 16 тамызда Ста-
линград майданында шайқасқа қатысып, ерлігі 
үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 
Ержүрек ұшқыш 214 рет жа уынгерлік тапсыр-
мамен ұшып, жауға қирата соққы берген. Ерлігі 
үшін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді.
Луганский Сергей Данилович  (1918–1977)  – 
авиация генерал-майоры. Алғаш 1939–40 жыл-
дары финдермен болған соғыста батырлығымен 
көзге түседі. Ұлы Отан соғысына басынан аяғы на 
дейін қатысады. Кескілескен әуе ұрыстарында 
жаудың 37 ұшағын, әріптесімен бірге 6 ұшақ-
ты жойып, екі рет таран жасаған. Осындай 
 
асқан ерліктері үшін екі мәрте Кеңес Одағының 
Батыры атағы берілді.
Павлов Иван Фомич (1922–1950)  – соғысқа 
1942 ж. желтоқсаннан араласты. 200-ден аса 
әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың 
 
3 ұшағын атып түсірді. Осындай ерлігі үшін  
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды.
 
Сталинград шайқасы 
туралы әңгімеле. 
 
Қарсыбай Сыпатаев 
қандай ерлік жасады? 
 
Жау тылындағы пар-
тизандар ерлігі тура-
лы әңгімеле.
 
Қазақстандық 
ұшқыштар, екі мәрте 
Кеңес Одағының  
Батырлары Т. Бигелди-
нов, С. Луганский,  
Л. Беда, И. Павлов 
ерліктері туралы 
әңгімеле.
 
Қазақстандық батыр-
лар туралы қандай 
кі таптар  оқыдың,  қан -
дай кинофильм, спек-
такль көрдің? Есіңе 
түсіріп, айтып бер.

173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет