§38. іі бөлім бойынша
қорытынды қайталау
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен
Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін сақ тай-
палары мекендеген.
Сақ тайпалары қай жерлерді мекендеді? Ол
аумақты картадан көрсет.
«Сақ – біздің арғы ата-бабамыз» деген сөздің
мәнін түсіндір.
Сақтардың өмірі мен тіршілігіне сипаттама
бер.
Сақтар өз елін қорғауда қандай ерлік
көрсеткеніне мысал келтір.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта ғұн тайпалық одағы
қалыптасып, қуатты мем лекетін құрды.
Ғұндар – түркі тайпаларының арғы тегі.
Ғұн тайпалары мекендеген аумақты картадан
көрсет.
Ғұндардың негізгі шаруашылығы қандай
болды?
Ғұн жауынгерлері туралы не білесің?
«Мөде – құдіретті ғұн билеушісі» деген
тақырыпта әңгіме құрастыр.
Неліктен Еділ-Аттила ғұндардың атағын жер
жүзіне танытқан ұлы тұлға дейміз?
552 жылы түркі тайпалары бірігіп Түрік
қағанатын құрды. Бумын қаған Түрік мем-
лекетінің негізін қалады.
Ежелгі түркі тайпаларының шаруашылығы
қандай болды?
VII ғасырда Түрік қағанатының қоластына
қандай аумақтар қарады?
122
Көне түркі жазулары қайда және қашан
табылған? Онда не туралы айтылады?
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған ескерткіш-
терінде не туралы жазылған?
«Ұлы Жібек жолы» Қазақстан арқылы
Қытайды Алдыңғы Азия
мен жалғастыра-
тын сауда, керуен және елшілік жолы болды.
Картадан ежелгі Қазақстан аумағын және
Ұлы Жібек жолын көрсет.
Ұлы Жібек жолының қандай мемлекеттерді
байланыстырғанын ата.
Ұлы Жібек жолы арқылы не таралды?
Ертедегі Қазақстан аумағындағы қала лар
қолөнер мен сауда және мәдениет орталық-
тарына айналған.
Қалалар қалай пайда болып, өркендеп өсті?
Олар неліктен құлдырауға ұшырады?
Қазақстандық қалалар құрылысы несімен
ерекшеленеді?
VI–XII ғасырлардағы қалаларды атап, карта-
дан көрсет.
Отырар қаласына сауда жасау үшін келдім
деп елестет. Кіммен сөйлестің, не көрдің, қандай
жаңалықтар естідің?
XII ғасырдың басында Шыңғысхан Моңғол
мемлекетін құрды.
Моңғолдар 1218–1224 жылдары Қазақстан
мен Орта Азияны түгел бағындырды.
Моңғол мемлекетінің билеушісі Шыңғыс-
ханға сипаттама бер.
Ел ішіндегі бытыраңқылық пен өзара қыр-
қысулар не үшін өте қауіпті? Жауабыңды мы-
салдармен дәлелде.
Отырар қаласы тұрғындарының ерлігі жай-
лы айт.
123
XV ғасырдың 50 – 60-жылдары қазақ хал қы-
ның қалыптасуы аяқталды. 1465–1466 жыл-
дары Қазақ хан дығы құрылды.
Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «қазақ»
атауы жайлы өз пікіріңді айт.
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
Қазақ хандығына кімдер қауіп төндірді?
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ту-
ралы әңгімеле.
Қиын-қыстау кезде елін, жұртын жаудан
қорғаған хандар, батырлар мен билер туралы
әңгімеле.
Жан-жақтан анталаған жаулардан қор-
ғану үшін қазақтар Ресейдің қоластына
өтуге шешім қабылдады.
1731 жылы кіші жүз Ресей им периясының
бодандығын қабылдады.
1734 жылы орта жүздің бір бөлігі Ресейдің
қоластына өтті. Олар неліктен мұндай шешім
қабылдады?
Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз
ықпалын күшейте түсті. Қазақтарды жайы-
лымдық жерлерінен құмды, шөлейт аудан-
дарға ығыс
тырды. Қазақтар бұл қысымға
қалай қарсы тұрды?
Ашу-ызасы шегіне жеткен қазақтардың отар-
лық саясатқа қарсы азаттық қозғалыста ры бас-
талды.
Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы мен
Исатай Тайманұлының, Кенесары Қасымұлы
көтерілістерінің себебін айт.
Қазақ халқының ағартушылары Шоқан Уә-
лиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнан-
байұлының қандай еңбектерін білесің?
124
ііі бөлім
ҒаЖаЙыПтар
әлемінДе
§39. Көрікті кесенелер
1. Қожа ахмет Йасауи кесенесі. «Архитек-
тура» – латын тілінен аударғанда «құрылыс»,
«сәулет өнері» деген мағына білдіреді. Сәулет
өнері Қазақстанда орта ғасырларда-
ақ дамыды. Қалалар мен қоныс-
тарда кесенелер, мешіттер мен мон-
шалар салынды. Оларды жасаған
шебер күйдірілген және шикі
кірпішті пайдаланған. Кесене
ішін де құлпытас қойылған. Төбесі
күмбезбен жабылып, есігі шығыс-
қа қаратылған. Сол заманның бізге
жеткен куәгер лері – Айша бибі мен
Бабаша әже, Қарахан, Қожа Ахмет
Йасауи ескерткіштері.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі –
сәулет өнерінің ерекше үлгісі,
бұрынғы Йасы (қазіргі Түркістан)
қаласында орналасқан. Бұл кесене
ислам дінінің көрнекті өкілі, дін
уағыздаушы әрі ғұлама ақын Қожа
Ахмет Йасауи қабірінің басына
тұрғызылған.
Кесененің ұзындығы 65,5 м, ені
46,5 м, биіктігі – 37,5 м. Қабырға-
лар мен күмбездер көгілдір, көк,
ақ түсті шыны тастармен өрнек-
тел
ген. Ал ең жоғарғы бас пор-
тал (қақпаның қасбеті) өрнексіз.
Қожа Ахмет Йасауи
кесенесіндегі тайқазан
125
Кесенеге келушілер сүйекпен апталып, ою-
ланған есіктен орталық үлкен бөлмеге кіреді.
Оның көлемі 18,5 х 18,5 м. Бөлменің ортасы-
на адам бойымен шамалас үлкен қола қазан
қойылған. Діни мейрамдарда қазанға тамақ
пісіріліп, адамдарға тегін таратылған. Қазан
Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ
деп аталатын мекенде құйылыпты.
Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Қабірдің
үстіндегі құлпытас ашық жасыл нефриттен
жа салған. Бұл бөлме қарапайым, қабырға бұ-
рыш
тары жартылай дөңгелек бағаналармен
көмкерілген. Ақ қабырғалардың төменгі бөлігі
өрнектермен безендірілген.
Кесенеде мешіт, медресе және кітапхана да
болған. Ақ сарай және Кіші сарай деп аталатын
бөлмелерде қазақтың атақты адамдары мен хан-
дар жерленген.
Сол кездегі шеберлер ескерткішті безендіру
үшін қолданбалы өнердің барлық түрін қол-
данған. Ағашқа өрнек салып, сүйекпен аптаған.
Көгілдір, көк, ақ сырлы шыны тастармен қап-
таған. Кесененің күмбезі құран аяттарымен
өрнектелген.
2. айша бибі кесенесі – Тараз қаласынан
18 шақырым жерде орналасқан сәулет ескерткі-
ші. Бұл кесене жартылай ғана сақталған, күмбезі
құлаған. Бірақ бастапқы көркін жоғалтпаған.
Бүгінгі күні кесене қайта жөндеуден өтіп,
қалпына келтірілуде. Айша бибі кесенесінің
төбесі күмбезді. Кесененің төрт бұрышына
алып тіреу бағаналар қойылған. Кесене баға-
налары белдеу арқылы екі қабаттан тұ
ра
ды.
Ескерткіштің қабырғасы үш қабат етіп жа-
салған. Бірінші қабатының қалыңдығы 40 см.
Ол күйген кірпіштен қаланған. Ортаңғы қаба ты
80 см. Сыртқы қабаты күйдірілген керамика-
лық тақтамен қаптал
ған. Биіктеген сайын
ағаш құрсау мен байланған. Мұның өзі кесене-
нің өзіндік ерекшелігі мен беріктігін күшейте
түскен. Кесененің ортасында күйдірілген кір-
піштен қаланған шағын құлпытас тұр.
«Әмір Темір (Темірлан)
(1336–1405) – моңғолдың
түркіленген барлас тайпа-
сынан шыққан жергілік-
ті билеушінің баласы. Ол
шағын әскердің қолбас-
шысы бола жүріп, өзінің
империясын құра бас
та-
ған.
Темір Самарқанды жау-
лап алып, өзін мемле-
кет басшысы деп жария-
лайды. Самарқанда бекін-
геннен кейін Темір бү кіл
Орта Азияны, Парсы, Бағ-
дат, Дамаск, Египет, Үн-
дістанды жаулап алып,
Алтын Орданы тал
қан-
дайды.
Өзі құрған мемлекет тің
құдіретін әлемге таныту
үшін Түркістанда Қожа
Ахмет Йасауиге кесене
тұрғызған. Отырардың
жа
нынан Арыстан бабқа
ке
сене және мешіт сал-
дырған».
Байпақов К.
Қазақстанның ежелгі
қалалары. – Алматы,
2005, 137-бет.
126
Кесенедегі оюлар құйып жа
салған. Қабыр-
ғалары мен тіреу бағаналарының бұрышы гео-
метриялық және өсімдік тектес өрнектермен
безендірілген. Барлық қабырғалар мен ба-
ғаналардың беті тұтас күй ді рілген қыш тақта-
лармен қап талған. Әрбір қасбеті (фасад) тере-
зе сияқты сүйірлеу аркамен жиектелген. Есігі
шығысқа қаратылған.
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген атақты
ақын әрі ғалым Хәкім атаның қызы Айшаның
құрметіне тұрғызылған. Айша өзінің жары
Қараханға бара жатқан сапарында жылан ша-
ғып қайтыс болыпты.
Сәулет өнері
дегеніміз не? Оған
не жатады?
Қожа Ахмет Йасауи
кесенесіне сипаттама
бер.
Айша бибі кесенесіне
сипаттама бер.
Әмір Темір Түркіс-
тандағы Қожа Ахмет Йа-
сауи кесенесін 1397–1405
жылдары салдырған.
«Құрылысты салушы
сәу
леткер жергілікті ха-
лықтың тұрмысын, сенім-
нанымын, ою-өрнегін жақ-
сы білген. Қабырға лар дың
оюы қазақтың киіз үйі-
нің керегелеріне, басқұр
әшекейлеріне, кілем, теке-
мет, түр-өрнектеріне елік-
тегендікті білдіреді... Құ-
ран аяттарын қабырғаға
әсем оймыштап, жазудан
гөрі оюға ұқсатып жі-
берген. Яғни, шебер шы-
ғыс құрылыс өнерін жер-
гілікті халық өнері
мен
тамаша ұштастырған», –
деп жазды профессор
X. Сү йін шәлиев.
Айша бибі кесенесі
127
§40. наурыз
1. Ұлыстың ұлы күні. Наурыз – шығыс
халықтарының мейрамы, жыл басы, көктем
мерекесі. «Наурыз» – парсы тілінен аударғанда
«нау – жаңа, руз – күн, яғни жаңа күн» деген
мағынаны білдіреді. Наурыз айында күн жы-
лынып, қар еріп, жылғалардан су ағып, жан-
жануар көктемнің келгенін сезеді. Ағаштар
бүршік атып, шөп шығып, күн сәулесі әлемге
нұрын шашады. Міне, табиғаттың осыншама
керемет өзгерістері кезеңінде елімізге жаңа
жыл – Наурыз мерекесі келеді.
Наурызда күн мен түн теңеседі. 21 наурыз
түнін «Қызыр түні» деп атаған. Бұл күні дала-
ны Қызыр ата аралайды. Қызыр – адамдарға
бақ-дәулет, жақсылық әкеледі. Қызыр ата жерге
түссе, тоң кеудесін жібітіп, ал тасқа түссе, тасты
ерітіп жібереді деген аңыз бар.
Қазақтар Наурызға дейін үй ішін жуып-
тазартады. «Қызыр ата таза үйге кірсе, ол үй
ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады»
Наурыз таңын
қарсы алу
128
деп сенген. Ыдыстарды аққа (сүт, айран, шұбат,
т.б.) және суға толтырған. Наурыз күні кәрі-жас
ауыл-ауылды, үй-үйді аралап, амандасқанда:
Наурыз құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс берекелі болсын!
Пәле-жала жерге енсін! –
деп құттықтаған.
Ер адамдар бір-бірімен қос қолдап амандасып,
төс түйістірген, ал әйелдер құшақ айқастырған.
Бұл күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жау ды,
жаңа жыл жақсы, молшылық жылы болады»
деп қуанған.
2. наурыз дәстүрлері. Ұлыс күні ел ет асып,
қазан-қазан наурызкөже дайындайды. Нау рыз-
көже жеті түрлі дәмнен – су, соғымнан қалған
сүр ет, сүт, құрт, бидай (тары, күріш, арпа),
тұз, ұннан жасалады. Жеті саны – Шы
ғыс
елдерінде жеті қат көк, жеті қазына, аптаның
жеті күні және жеті
ата сияқты қасиетті сан
деп есептеледі. Әр үйде
дастарқан жайылып,
оның үсті бауырсақ,
құрт-ірімшік, жент-май,
талқан-тары және т.б.
толы болады.
Ұлыс күні жас жігіт-
тер төңіректі, арықтар-
ды тазартып, бұлақтың
көзін ашады, ағаш
егеді. Ал қыздар мен
әйелдер «Күн ана, Жер
ана, жарылқа!» – деп,
ашыл
ған бұлақ көзіне
май құйып, жаңа егілген
ағаш тарға ақ бүркеді.
129
Наурыз мерекесі ел бірлігін күшейте түседі.
Бұл күні жауласып жатқан жақтар соғысын
тоқтатып, келісімге келетін болған. Бауырлас
ел, ағайын-туыс реніштерін кешіріп, ақ дас-
тарқаннан дәм татып, татуласады. Түрлі ұлттық
ойындар өткізіледі.
Жиналған жұрт алдында ақындар өлең ай-
тып, айтыс ұйымдас
тырған. Ауыл сыртында
алтыбақан құрылады.
Наурыз мерекесін Орта Азия, Түркия, Иран,
Үндістан, Ресей және басқа елдегі мұсылман
халықтары да мерекелейді. Наурыз мейрамы –
халықтың ежелгі салт-дәстүрі. Наурыз күні
халықтар арасында бірлік, тыныштық, бей біт-
шілік орнайды. Бүгінгі күні бұл қадірлі мереке
елімізде жыл сайын аталып өтіледі.
«Ұлыстың ұлы күні»
деген сөздің мағынасын
қалай түсінесің?
Қазақ халқы Наурыз-
ды қалай қарсы алған?
Наурызкөжені қалай
дайындайды?
«Наурыз – Шығыс
халықтарының
мерекесі» деген
сөйлемнің мағынасын
түсіндір.
5-сынып оқушысының «Наурыз мерекесі» атты шығармасынан
«Мен сіздерге Наурыз мерекесі жайлы анам мен атамның әңгімесін айтып
берейін. 22 наурыз күні жаңа жыл келеді. Бұл мейрам күні көшеде адамдар
көп, барлығы көңілді, жақсы, жаңа киімдерін киген. Адамдар бір-бірін жаңа
жылдың келуімен құттықтайды. Ақсақалдар мен жасы үлкен қадірлі адамдар
көпшілікке денсаулық, мал мен азықтың көп, молшылық, береке болуын тілеп,
тілек білдіреді.
Бұл күндері жалпы халық болып үй-үйге кіріп, басқа ауылға қыдырып,
құттықтап отырған.
Мереке күндері түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. Мұнда бәйгені, екі жігіттің
күш сынасып жатқан күресін, екі аттының сайысын көресің. Жиналған жұрт
алдында ақындар өлең айтып, қобыз не домбырасымен өнер жарыстырған ай-
тысты көреміз.
Осындай мерекеде қыздар мен жас жігіттердің ойынын да тамашалаймыз.
Жігіт пен қыз жарыса атпен шауып келеді. Егер қызды ер жігіт қуып жетсе,
оны сүюге еркі бар, ал жетпесе, онда қыздар жігітті қамшының астына алады.
Жас жігіттер мен қыздар аттың үстінде осындай кереметтей өнер көрсетеді.
Бұны көріп тұрған басқа елден келген жолаушы қонақтар қазақ халқының
тамаша шабандоз екенін ғана көріп қоймайды, қазақ қыздарының да ер адам-
дармен қатар мерекелерде болып, тіпті әйелдерге арналып киіз үйлер тігіліп,
ұлттық тамақтар дайындалып, олардың көңілін көтеруге жағдай жасалғанына
таңырқап қалады».
130
§41. Қазақтың шешендік өнері
1. Шешендік өнер. Шешендік өнер Египет,
Ассирия, Грекия, Рим, Үндістан сияқты елдер
мен қазақ жерінде ежелден дамыған. Шешен
латын сөзі – көпшілік алдында сөз сөйлеуші
адам дегенді білдіреді.
Ежелгі грек оқымыстылары Аристотель, Де-
мосфен, Цицерон, Платон, т.б. шешендік өнердің
шеберлері саналады. Грек ойшылы Платон:
«Шешен – сендірудің шебері. Оның бар мәні де,
міндеті де осында» деп жазады.
Шешендік сөз дегеніміз – бір мәселе бойын-
ша тапқыр ой, көркем тілмен айтылған, халық
қабылдаған жүйелі, үлгілі сөздер. Ақындық-
шешендік өнер ел өміріндегі елеулі оқиғаларға
байланысты, туған жерге қатер төнгенде, ел
мен ердің ар-намысына тиген кездерде күшейе
Қыз бен жігіт айтысы
131
түседі. Мәселен, «Ақтабан шұбырынды, Ал-
қакөл сұлама» жылдары Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би сияқты атақты би-шешендер тарих
сахнасына шықты. Нағыз шешен хан мен сұл-
таннан қаймықпайтын, батыл да әділ, заңды
жақсы білетін адам болған.
Қазақ шешендерінің ұлағатты сөздері ұмы-
тылмай, ауыздан-ауызға көшіп, бүкілхалық-
тық мұраға айналған. Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Майқы би, Жиренше, Асан қайғы, Сырым,
Бөлтірік шешен мұралары жасқа да, үлкенге де
үлгі-өнеге.
Шешендік сөздерге – жер дауы, жесір дауы,
не ердің құнына байланысты билік-төрелік
сөздер де жатады. Шешендер ақындар сияқты
арнайы өнер жарысына түспеген. Олар бір дау-
лы мәселені шешу барысында ғана өнерін таны-
та білген. Шешендер айтысқан даулы мәселеге
екінің бірі кірісіп, араласа алмайды. Шешендік
өнердің танымдық және тәрбиелік мәні зор,
жүйелі ойлауға, нақты да дәлелді сөйлеуге бау-
лиды.
2. сырым Датұлы шешендігі. Сырым жас-
тайынан шешендігімен көзге түсіп, бала би
атанған.
Сырым Датұлы бастаған азаттық көтеріліс
туралы 34-параграфта оқығансың.
Ол ерекше күш-жігерлі, терең ойлы, батыл,
тапқыр, айлакер адам болған. 40 жігіттің іші-
нен Сырымды жазбай таныған қарындасы: «Сы-
рымда үш қасиет бар: бірінші – батырға біткен
тұлғасы, екінші – өжет мінезі, үшіншісі – асқан
даналығы. Ол қыран топшылы, толық денелі,
кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті, басы
да елден ерекше, торсық шекелі. Сырымның
дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-жақты
жетілген, сом болаттан құйылғандай», – депті.
Халқын аузына қаратқан білгір де тапқыр,
өткір сөзді шешен Сырым жақынын жараламай,
алысын қараламай, елінің ар-намысын жоғары
ұстаған.
Қазақ даласын арала ған
поляк жур налисі А. Януш-
кевич 1846 жылы 22 мамыр-
да туысқан да рына жазған
хатында қа
зақ билерінің
екі жақты айтысын былай
деп жазады: «Бұл іс біздің
бірнеше күнімізді алды,
өйткені айтысқа бір-біріне
қарсы екі партия көтерілді.
Бар
лық мүдде, ынта-жігер
қозды. Әр минут сайын
жаңа шешен сөйлейді, осы
бір дала Демосфендерінің
кейбіреулері мені сөз
де-
рінің
мазмұнды лығы мен
және жігерлілігімен бау рап
алды. Егер ежелгі Грекия-
да немесе Римде өмір сүрсе,
старшын Тоқымбай мен
Бейсекенің өздері-ақ лавр-
дан белдері бүгілген болар
еді»... «Қа
зақтардың ақыл-
ой қабілетінің алғырлығына
барған сайын менің көзім
жетуде. Сөздері қандай
жеңіл! Әрқайсысы айтайын
дегенін түсіндіруге де, қар-
сыласының дәлеліне тойта-
рыс беруге де шебер, тіпті
балалардың ақыл-есі де өте
тез жетіледі».
Қазақ халқының бір
көріп, естігенін лезде жат-
тап алатын, басқаға жеңіл
де жедел түсіндіре алатын
қасиеттеріне бөтен елдің
саяхатшылары мен жолау-
шылары осылай қайран
қалған. «Халық шешен
ді-
гіне» халық арасында кең
тараған, жүздеген адамның
өңдеуінен өткен нақыл сөз-
дер, тақпаққа айналған мә-
тел дер жатады.
132
Патша отаршыларының кесірінен қазақтар
сулы, нулы жерінен, қоныс-мекенінен айырыл-
ған кезде, Сырым батыр адамның жанына ба-
татындай сөз сөйлейді. Ел татулығын сақтауға,
жерін қорғауға шақырады. Қозғалысты қол-
дамаған Есім ханды Сырым жер жастандыра-
ды. Осы оқиғадан кейін Алдар би:
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Көндей қамқа тозды.
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды, –
деп, алдынан шығып, оның бағасын оздыра
сөйлейді. Сонда Сырым:
Қарадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам жараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Дәурені өткен болар.
Атадан ұл озса,
Ержеткені болар.
Анадан қыз озса,
Бойжеткені болар, –
деп жауап беріпті.
Шешендердің өткір де әділ, ұтқыр сөздері ке-
лешек жастарға үлгі-өнеге. Олар елін бірлікке,
татулыққа шақырады, әділдікке, адам
гер
ші-
лікке баулиды.
Шешендік сөздер
дегеніміз не?
Шешендік сөздер
қайдан бастау алған?
Қандай қазақ
шешендерін білесің?
«С. Датұлы – қол-
басшы, батыр, шешен»
тақырыбына жоспар
құр.
133
§42. Дала музыкасы
1. Қазақ халқының музыка өнері. Музыка
(грек сөзі – музалар өнері) – белгілі ырғақты ды-
быстардан тұрады, өмірдің барлық жағдайын
дыбыс арқылы бейнелейді. Музыкада адамның
жан дүниесі, көңіл күйі, сезімі, күш-жігері ды-
быс түрінде көрініс табады.
Қазақ – ежелден ән мен күйге бай халық.
Қазақ халқының жиырмадан аса түрлі му-
зыкалық аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы,
шаңқобыз, дауылпаз, шертер, т.б. бар.
Әннің әуені мен сөзінен халықтың қуаныш-
қайғысын, өмірін сезінеміз. Қазақ халқы той-
думанды өлең-жырмен, ән-күймен өткізген. Ха-
лық өзінің ержүрек батырларын, билері мен хан-
дарын өлеңмен дәріптеп мадақтаған, жағымсыз
әрекеттерін өлеңмен сынаған. Қазақ әйелдері
балаларын бесік жырын айтып жұбатқан. Ада-
мы қайтыс болғанын естірту, көңіл айту, жоқтау,
қысқасын айтқанда, қазақ кез келген сезімін
өлеңдетіп, әндетіп жеткізген.
Халық әндері деп аталатын әндерді де кезінде
белгілі бір адам шығарған. Уақыт өте келе авто-
ры ұмытылған. Халықтың жүрегінен шыққан
жақсы әндер ұрпақтан-ұрпаққа тарап, бізге
жетіп отыр.
Батырлар жырын, аңыздарды, тарихи шы-
ғармаларды ауыл-ауылды аралап, айлап қона
жатып жүріп халық арасына ақын, жырау,
әнші, өлеңші, күйшілер тарататын болған.
Күй – қазақ халқының ертеден келе жатқан
музыкалық шығар масы. Күй музыка аспабымен
ғана орындалады. Күй шығармалары Қорқыт,
Асанқайғыдан бастау алады. Құрманғазы, Тәт-
тімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей мәңгі
өшпейтін тамаша күйлер қалдырды.
2. Қорқыт – VIII ғасырда Сырдария төңіре гін
мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шық-
қан атақты жырау, дарынды күйші, ке меңгер
ойшыл.
Домбыра
Қорқыт ата
134
Қорқыт – қазақтың музыкалық аспа-
бы қо бызды алғаш жасаған адам. Қорқыт өз
елін ауыр халден құтқаруды, мәңгілік өл-
мей
тін бақытты өмір тауып беруді аңсайды.
Ол дүниені кезіп жүріп, қайда барса да көр
қазып жатқандарды көреді, ақыры: дүниеде
өзгермейтін ешнәрсе жоқ, «сынбас темір жоқ,
өлмес өмір жоқ» деген қорытындыға келіп,
мәңгілік өмірді халықтың ән-күйінен іздейді.
Өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның
өмірінде істеген игілікті ісі екенін түсінеді. Со-
дан кейін Қорқыт ата өмірін домбыра, қобыз
тартып, күй шығарумен өткізеді, келешек ұр-
паққа өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыттың
бізге оннан астам күйі жетті. Қорқыт күйлері –
әуенді, сазды, мағынасы терең, ойлы.
3. асанқайғы – XV ғасырда өмір сүрген
атақты ойшыл, ақын. Қазақ хандығын құрған
Жәнібек ханның қасында жүріп, оның жы-
рауы, ақылшысы болған. Асан өз халқының
бүгінгі күні мен келешегін ойлап, қайғыра
бергендіктен оны Асанқайғы деп атап кеткен.
Халқы бақытты өмір сүретін жер іздеген, ол
оны – «Жерұйық» деп атайды. Ол армандаған
Жерұйықты мекендейтін елдің бай-кедейі бол-
майды. Бәрі тең, барлығы қайғы-қасіретсіз
бақытты өмір сүреді. Жау алмайтын, суы сүт,
тасы алтын, ағаш басы жеміс-жидекке толы
құтты қоныс. Асанқайғы ел қамын ойлап, сол
құтты жерді табу үшін дүниенің төрт бұрышын
кезіп, таба алмай, өкінішпен дүниеден өтеді.
Асанқайғының «Жерұйық» жайлы аңызы өз
халқының бақытты болашағын аңсаған арма-
нынан туған.
4. Құрманғазы сағырбайұлы (1823–1889) –
атақты күйші, сазгер. Құрманғазының өнерге
әуестігі жас шағында-ақ байқалады. Ол алты
жасынан байдың қозысын бағып жүргенде, өзі
жасап алған домбырасымен ауылда естіген ән-
күйін тартып үйрене бастайды.
Құрманғазы ержеткенде өзінің ұстазы, атақ-
ты домбырашы Ұзақпен ел аралап, өнер сайысы-
на қатысып, домбыралық өнерін шыңдайды.
Асанқайғы
Қорқыт ата кім болған:
ойшыл, ғалым, саз-
гер, жыршы, жырау,
ақын, күйші, әнші?
Оқулықты және
түсіндірме сөздікті пай-
даланып, осы сөздердің
айырмашылығын
анықта.
Төмендегі тізімдегі
жандар қандай ісімен
ел есінде қалған:
Құрманғазы, Жирен-
ше, Асанқайғы, Сырым
Датұлы, әл-Фараби,
Айша бибі, Шырақ.
Оқулықтан және
қосымша әдебиеттерден
алған біліміңді пай-
далана отырып, осы
қайраткерлердің бір-
екеуі жайлы әңгімеле.
135
Құрманғазы өмір сүрген уақыт Ресей импе-
риясының отаршылдық езгісі күшейіп, шек-
тен шыға бастаған кезі еді. Ол тұңғыш шығар-
маларының бірі – «Кішкентай» атты күйін
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске арна-
ды. Бұл күйден халықтың ерлігі, қайғысы мен
күйініш үні естіледі.
«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай»,
«Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Жігер» сияқты күй-
лерінде азат өмірді аңсаған халықтың арма-
ны, үміті, халық күресінің құдіреті, ерлігі
дәріп теледі. Құрманғазының «Сарыарқа» атты
шығармасында халықтың асыл арманы мен
жеңілмес бейнесі көрініс тапқан.
Құрманғазының жанына шәкірттері, жас
күйшілер Дина Нұрпейісова, Меңдіғали Сү-
лейменов, Ерғали Есжанов және басқалар жина-
лады. Құрманғазыдан күй тартудың қыр-сырын
үйренген шәкірттері кейін өздері де атақты
күйші атанады.
Бүкіл өмірін күйге арнаған Құрманғазының
бізге 60-тан аса күйлері жетті. Озық ойлы орыс
азаматы Н.
Ф. Савичев Құрманғазы туралы:
«...Егер ол еуропалық білім алғанда, музыка
әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді» деп
жазған.
5. Дина нұрпейісова (1861–1955) – жастайы-
нан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш,
Ұзақ сияқты атақты күйшілердің күйін мәніне
келтіріп тартқандықтан, «домбырашы қыз»
атан ған. Дина туралы естіген күйшілердің алы-
бы Құрманғазы арнайы келіп, батасын беріп,
оның болашағынан үміт күткен. Дина тоғыз жа-
сынан он тоғыз жасына дейін Құрманғазының
шәкірті болып, қазақтың күй өнерінің құдіре тін
үйренеді.
Тоғыз жасында Құрманғазыдай ұлы күйші-
ден бата алған Дина 90 жасқа толған салтанат-
ты кешінде Құрманғазының күйін шабыттана
тартып, дүйім жұртты таңғалдырған.
Динаның елімізге танымал « Ана бұйрығы»,
«Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Жігер», «Же-
ңіс» сияқты шығармалары оның біртуар дарын,
әйгілі күйші, композитор екендігін дәлелдейді.
Құрманғазы Сағырбайұлы
Халық әндері мен
күйлері нені білдіреді?
Ерте замандағы
қандай әншілер мен
күйшілерді білесің?
Қорқыт, Асанқайғы
туралы әңгімелеп бер.
«Құрманғазы Сағыр-
байұлы – қазақтың
күйші-сазгері» деген
тақырыпта әңгіме
дайында.
Дина қандай күйлер
шығарған?
136
Достарыңызбен бөлісу: |