Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет18/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Ақпараттық ыңғайлылық. Ақпараттық ыңғайлылықты құру клиент алдын-
ала қаншалықты толық ақпаратты ала алатынын анықтаудан басталады. 
Ақпараттық ыңғайлылық түсінігіне сонымен қатар екі басқа негізгі параметр 
кіреді – клиенттің кез-келген сұрағына жауап беруге дайын кәсіпорын 
қызметкерлерінің ақпараттылығы және клиентке бағытталуға көмек беретін 
пиктограмма жүйесі.
Экономикалық ыңғайлылық. Экономикалық ыңғайлылық деп клиент үшін 
есеп-айырысу ыңғайлылығы, дисконттар, бонустар, клуб картасы жүйесі және 


29 
тамақтану тамақтану кәсіпорындарында, турагенттіліктерде және экскурсиялық 
бюроларда қызметтерді таңдауды мотивациялайтын басқа шаралар жатады.
Осыған орай соңғы уақытта аса өзекті болған клуб картасы жүйесіне 
ерекше көңіл бөлінеді. Бұған себеп орталақтандырылған есеп, тапсырыстарды 
бірден өңдеу, кредит карталарын автоматты қызмет көрсету және on-line 
тәртібінде тапсырыстарды орындауға бақылау. 
Эстетикалық ыңғайлылық. Клиент белгілі-бір кәсіпорынды таңдау себебі 
ыңғайлылық пен үй жылулығын құратын эстетикалық рәсімделген интерьер 
болып табылады. Бірақ безендіру кезінде кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін 
арттыру үшін келесі жағдайларды жетекшілікке алу керек: барлық бөлмелер 
бірыңғай стильде орындалу керек және кәсіпорын бағытына сай келу керек; түс 
гаммасы клиентті қоздырмау керек; безендіру үшін қолданылатын материалдар 
қауіпсіздік және гигиена стандарттарына сәйкес келу керек және сәйкес 
сертификаттары болу керек; сонымен қатар материалдар қолдану мерзімі ұзақ 
және жоғары температура мен химиялық заттар әсеріне тұрақты болу керек.
Сол жағдайда қызметті тұтынушы өз құқықтары саласында анағұрлым 
ақпараттанған болады, ал әртүрлі басқа елдерде болып, өз көзімен шетелдегі 
сервис мәдениетін және қызметтер сапасының деңгейін көріп, өз еліндегі 
сервис мәдениетіне қатаң талаптар қояды. 
Сапа кез-келген кәсіпорынның сервис мәдениетінде үлкен орын алады. 
Сапалы қызмет көрсету мақсаты тұтынушыны қанағаттандыру болып 
табылады. Бірақ қызмет сапасын жоғарылатуда бастапқы кезде ерекше көңіл 
клиентпен тікелей байланыста болатын персоналды таңдау мен дайындаумен 
байланыстырылған. Сапаны өлшеу және қызмет көрсету үрдістерін жақсарту 
мәселелері басында кәсіпорын жетекшілерімен ескерілген жоқ. Бірақ қазіргі 
кезде сервис мәдениетін қалыптастыру үшін негізгі мәселе кәсіпорынға қажетті 
қызмет көрсету сапасын өлшеуге қажеттілерді анықтау болып табылады.
Сервис сапасы мен мәдениетін жоғарылату үрдістері кейде өздігінен 
табиғи жолмен туындалады. Дұрыс енгізілген сервис мәдениеті жүйесі оларға 
тұрақтылық береді. Отандық нарық операторлары өз түсініктеріне қарай өз 
құрылымында сервисті жақсарта алады. Сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз 
етуде жоғары нәтижелерге жетіп жатыр.Бұнда ең бастысы – жүйелі қарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет