Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үй өнімін (қызметін) безендіру эстетикасы



Pdf көрінісі
бет61/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

6.2. Мейрамхана және қонақ үй өнімін (қызметін) безендіру эстетикасы 
 
Тағамдар эстетикасы. Нарық экономикасы жағдайында тағамдар 
ассортиментін кеңейтумен қатар, олардың эстетикалық қасиетін жоғарылату 
маңызды мәнге ие. Эстетикалық қасиеттер- тағамдардың тұтынушылық 
параметрлері арқылы сезіммен қабылданатын элементтерді көрсететін 
қасиеттер (тағам түрінің жетістік дәрежесі, дәмі, пайдасы және т.б.). 
Тағамдардың жалпы эстетикалық қасиеттері – әдемілігі, композиция бүтіндігі, 
өлшем пропорционалдылығы, түсі және т.б. Әрине тағамдарды әдемі түрі үшін 
даярламайды, оны тағамға қолдану үшін даярлайды. Бірақ тағамдар эстетикасы 
үлкен рөл атқарады, Мейрамхана және қонақ үй келушілері үшін 
тартымдылығын анықтайды. 
 
6.3. Мейрамхана және қонақ үй интерьері мен қызмет көрсету персоналы 
орындарын безендіру эстетикасы  
 
Мейрамхана және қонақ үй ғимараттарының сыртын безендіру 
стетикалық ерекшеліктері. Архитектуралық-көркемдік құралдарды таңдау, 
ғимараттардың құрылымдық шешімдері мейрамхана және қонақ үй 
ерекшелігіне байланысты. Бұл дизайнерлерді мейрамхана және қонақ үйдің 
айқын бейнесін іздеуге міндеттейді. Типтік жоба бойынша мейрамхана және 
қонақ үй ғимараттарын көтеру кезінде дизайнер аймақтық ерекшеліктер мен 
ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, ішкі өңдеудің ерекше бөлшегін жобалаумен 
айналысу керек. Мейрамхана және қонақ үй архитектурасы тұрғын, массив 
стиліне сәйкес келу керек. Бірақ қоршаған құрылыстардан келушілер назарын 
аудару үшін айқын бөлген жөн.
Қазіргі заманғы мейрамхана және қонақ үйлер ғимараттарының келген 
келушілері де, қызмет көрсететін персоналы да ыңғайлы жағдайлары болу 
керек. Ғимараттарды жобалау, өндірістік бөлмелерді жоспарлау қызмет 
көрсетудің прогрессивті түрлерін, соңғы ғылым жетістіктерін және 
Мейрамхана және қонақ үй сервисі саласында алдыңғы қатардағы тәжірибені 
ескере отырып, техникалық эстетика талаптарына негізделеді. 


94 
Мейрамхана және қонақ үй ғимараттарын эстетикалық безендіру әртүрлі 
көркемдік айқын құралдарын қолдануды көздейді. Соның ішінде ғимарат 
фасадын эстетикалық безендіру құралы витрина мен маңдайша жазу болып 
табылады. Маңдайша жазуда мейрамхана және қонақ үй аты, эмблемасы болу 
керек және халыққа ұсынылатын тағамдар ассортиментін мәлімдеу керек. 
Маңдайша жазуды безендіру үшін жарық, түс, сурет, шрифт және т.б. 
қолданылады. Маңдайша жазу тігінен немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін.
Мейрамхана және қонақ үй ғимараты айналасындағы территорияны 
көгалдандыру және көркейту сияқты эстетикалық рәсімдеу құралдарына да 
көңіл бөлу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет