Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Байланыс аймағы жұмысшысылар еңбегін ұйымдастыру әдістері



Pdf көрінісі
бет86/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Байланыс аймағы жұмысшысылар еңбегін ұйымдастыру әдістері
Байланыс аймағы жұмысшысылар еңбегін ұйымдастырудың негізгі екі әдісін 
қолданады – дербес және бригадалы. 
Дербес әдісте әр байланыс аймағы жұмысшысыға екі- үш төрт орынды 
үстелді зал аймағы бекітіледі. Қонақтарға қызмет көрсетумен байланысты 
барлық операцияларды бір байланыс аймағы жұмысшысы орындайды. Ол 
клиентті алдын-ала жайылған үстелге отырғызады, ас мәзірін ұсынады, тағам 
және сусын таңдауға кеңес береді, тапсырыс қабылдайды, оны өндіріске 
жібереді, буфет өнімін, асханадан тағамдарды алып, тағамдарды ұсынады, 
уақытылы қолданған ыдыс-аяқты жинайды, қажет болса, қосымша ыдыстар 
алып келеді, есеп жазып ұсынады, қонақтармен есеп айырысады. Қонақтар 
кеткен соң үстел басын толық жинап, қайтадан жаңа қонақтарға арнап 
дастарқан жаяды. 
Бұндай әдістің бірқатар кемшіліктері бар. Мысалы, байланыс аймағы 
жұмысшысы тапсырыс беру, сервиз бөлмесінен ыдыс-аяқтарды алу , буфет 
және асхана өнімін уақытында алу үшін және т.б. залдан жиі шығуы керек, ал 
бұл уақытта қонақтарда белгілі-бір сұрақтар туындау мүмкін, қосымша 
тапсырыс жасау қажеттігі, кеңес немесе тез есеп айырысу қажеттігі пайда 
болуы мүмкін. Ол үшін байланыс аймағы жұмысшысы үнемі залда болуы 
керек. 
Бригадалық әдіс қызмет көрсету үрдісін тездететіндіктен өте ыңғайлы. 
Қонақтарда персоналдың көңіл бөлмеуіне шағымы түспейді. Барлық байланыс 
аймағы жұмысшысылар бірнеше бригадаға бөлінеді, әрқайсысын зал 
метрдотелі немесе бас байланыс аймағы жұмысшысы басқарады. Байланыс 
аймағы жұмысшысы міндеттері нақты бөлінген. Бас байланыс аймағы 
жұмысшысы тапсырыс қабылдайды, үнемі залда болады, қонақтармен есеп – 
айырысады. Бригаданың қалған мүшелері тапсырысты асханаға береді, 
тапсырылған тағамдарды, сусындарды және буфет өнімін алып жеткізеді, 
қолданған ыдыс-аяқты жинайды. 


132 
Егер бригада үш байланыс аймағы жұмысшысы, біреуі- бас байланыс 
аймағы жұмысшысы болса, онда қызмет көрсету мына сызба бойынша жүзеге 
асады. Бас байланыс аймағы жұмысшысы тапсырыс қабылдайды, бірінші 
байланыс аймағы жұмысшысы буфет өнімін алып, үстелге алып келеді. Бұл 
уақытта екінші байланыс аймағы жұмысшысы тісбасар мен салқын тағамдарға 
тапсырыс береді. Бірінші байланыс аймағы жұмысшысы жіберу бөлімінен 
тісбасарлар мен салқын тағамдарды алып, залға жеткізеді, бас байланыс аймағы 
жұмысшысымен бірге қонақтарға тағамдарды тасып қызмет көрсетеді. Ол 
қолданған ыдыстарды жинап, жууға өткізеді де, ыстық тағам алуға 
дайындалады. 
Екінші байланыс аймағы жұмысшысы бірінші тағамдарды алып, оны 
қыздырылған тәрелке немесе көжеге арналған ыдыстармен бірге залға жеткізеді 
де, бас байланыс аймағы жұмысшысыға қонақтар алдына тәрелке қоюға 
көмектеседі. Содан соң қолданған ыдыстарды жинап, жууға өткізеді де, десерт 
алуға дайындалады. 
Бірінші байланыс аймағы жұмысшысы ыстық тағамды алып, залға 
жеткізеді, қонақтарға тасып қызмет көрсетеді немесе қосымша үстелде 
тәрелкеге салып береді. Қолданған ыдыстарды жинап, жууға өткізеді де, ыстық 
сусын ұсынуға дайындалады.
Екінші байланыс аймағы жұмысшысы десерт тағамдарын алып, залға 
жеткізеді, қонақтар алдына қояды. Содан соң қолданған ыдыстарды жинап, 
жууға өткізеді. 
Бірінші байланыс аймағы жұмысшысы кофе немесе шай алып, залға 
жеткізеді, шыны аяқтарға құйып, қонақтарға ұсынады. Содан соң қолданған 
ыдыстарды жинап, жууға өткізеді. 
Бас байланыс аймағы жұмысшысы есепті жазып береді, қонақтармен есеп 
айырысады. 
Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық әдісі дербес әдіске қарағанда қызмет 
көрсету уақытын 2,5-3 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұндай 
әдіс байланыс аймағы жұмысшысы еңбек жағдайын жақсартады, аусым 
ұзақтығы 6-7 сағат болатын ыңғайлы график қолдануға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет