Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Байланыс аймағы жұмысшысыға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет85/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Байланыс аймағы жұмысшысыға қойылатын талаптар. Байланыс 
аймағы 
жұмысшысы 
еңбегі 
келушілермен 
тікелей 
байланысуымен 
ерекшелінеді. Сондықтан байланыс аймағы жұмысшысы қызмет көрсету 
техникасын, тағамдардың аспаздық сипаттамасы мен даярлау технологиясын 
ғана емес, қонақжайлық индустриясының барлық ерекшелігін білу керек. 
Қазіргі заманғы байланыс аймағы жұмысшысы – жинақы, ұқыпты және 
сырбаз киінген, жақсы әдеттері мен өз қасиеттерін бағалайтын адам. Ол 
уақытылы дау жағдайын тоқтату керек. Зал метрдотелімен бірге құрылатын 
қонақжайлық атмосферасында сыпайылықты жағымпаздық пен итаршылықпен 
ауыстырмау керек. Байланыс аймағы жұмысшысы мен қонақтар арасындағы 
қатынас негізінде ең алдымен өзара сыйластық жату керек. 
Байланыс аймағы жұмысшысыға қойылатын міндетті талаптардың бірі 
тәжірибе жүзінде қызмет көрсету ережелері мен техникалық әдістерді қолдана 
алуы болып табылады. Байланыс аймағы жұмысшысы зал жабдықтарын, 
ыдыстар мен аспаптардың тағайындалуын, сонымен қатар аспаздықты, әртүрлі 
қызмет көрсету типтері мен тағамдарды ұсыну әдістерін білу керек. 
Қонақтарға қызмет көрсетуге байланыс аймағы жұмысшысы дайындалуы 
жұмысқа қажетті заттарды алудан басталады. Оның бірі – қол орамал. Таза, 
жақсы тігілген, ені бойынша екі бүктелген қол орамалды, байланыс аймағы 
жұмысшысы сол қол білегінде ұстайды. Оның көмегімен дастархан жаюда 
ыдыстар мен аспаптар қосымша жылтыратылады, ол ыстық тағамдарды 
тасымалдау үшін керек. Сонымен қатар қол орамал көйлек жеңінің тез 
кірлеуінен қорғайды. 
Байланыс аймағы жұмысшысының негізгі міндеттеріне төмендегілер 
жатады:
 қызмет көрсету бойынша зал метрдотелі нұсқауларын нақты және дәл 
орындау; 
 қызмет көрсету ережелерін қадағалау; 
 сыпайы, кіші пейіл, ілтипатты болу керек; 


131 
 ас мәзіріндегі тағамдардың, сусынордың болуын және олардың бағасын 
білу керек; 
 тағамдарды даярлау технологиясы негіздерін білу және оларды ұсыну 
ережелерін қадағалау керек; 
 қонақтарға фирмалық тағамдар мен сусындарды ұсыну; 
 қонақтарды қабылдауға үстелдерді мұқият дайындау; 
 үстелдер мен өз жұмыс орнында тазалықты ұстау
 үстелдерді уақытылы және дұрыс жаю, қолданған ыдыстарды белгілі-бір 
техникалық әдістерді қадағалай отырып жинау; 
 қосымша үстелдер мен сервантты реттілік пен тазалықта ұстау; 
 зал метрдотеліне уақытылы қонақтар шағымы мен тілектерін азайту; 
Байланыс аймағы жұмысшысы білдіртпей, өзіне көңіл аудартпай, ыдыстар 
мен даңғырлатпай жұмыс істей алу керек. Егер қонақ майлық, аспабын түсіріп 
алса, байланыс аймағы жұмысшысы алдымен тазасын кішкентай подноста 
ұсынып, содан соң құлаған затты көтереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет