7.5. Мейрамхана және қонақ үй жұмысшыларына қойылатын талаптар Мейрамхана және қонақ үй жұмышыларына қойылатын жалпы кәсіби талаптар: персонал мейрамхана және қонақ үй концепциясына сәйкес қабылдаған
формалық киім кию керек, формалық киім жақсы күйде, өте таза болу
керек. Жеке значокта қызметкердің аты-жөні, оның лауазымы және
кәсіпорын эмблемасы көрсетіледі. Клиенттермен тікілей жұмыс істейтін
әртүрлі категориялы қызмет көрсету персоналының формалық киімі бір-
бірінен ресми өңдеу элементтерімен ерекшелену керек.
персонал кіші пейлді, достық сарынды, тұтынушыны жарты ауыз сөзден
түсінетін болу керек.
персонал мейрамхана және қонақ үй ерекшілігіне қатысты жақсы хабар
болуы керек, тұтынушылар сұрақтарына қызмет мәліметтерінің
құпиялылығын бұзбай жауап бере алуы керек.
барлық қызмет көрсететін персонал мен басшылық кәсіби дайындықтан
өту керек. Дайындық денгейі көрсетілетін қызметке сәйкес келуі керек.
метрдотельдер, байланыс аймағы жұмысшысылар, бармендер , сомелье аз
дегенде бір еуропалық тіл білуі керек. Әдетте бригадаға әртүрлі шет
тілдін білетін байланыс аймағы жұмысшысыларды қосады.
біліктілік разрядын растау немесе жоғарылату үшін өндірістік, қызмет
көрсетуші, әкімшілік-басқару және техникалық пероналды аттестаттау
уақыты (бес жылда бір реттен аз емес) жүргізіледі .
Сәйкес сертификат алу үшін барлық категориялы персонал периодты
түрде медициналық куәландыру өту керек.
Мейрамхана және қонақ үйдің қызмет көрсетуші персоналының тәртібіне қойылатын талаптар. Мейрамхана және қонақ үй персоналының
кез-келеген этикалық тәртібінің көрінісі оның корпоративті этика принциптерін
қадағалауға негізделді.
Қызмет көрсететін персонал тәртібіне қойылатын талаптар:
барлық категориялы жұмысшылар қонақжайлық, ыңғайлылық, жайлылық
атмосферасын құра алу керек. олар тұтынушы қалауын тілектестікпен
орынындауға дайын болу керек, шыдамдылық пен ұстанымдылық
көрсету керек;
жұмысшылардың сыртқы түрі ұқыпты, белсенді, жинақы түрде болу
керек, сенімділік, оптимизм көрсету керек.
жұмысшылар, тұтынушыларға қатысты сыпайы, ықыласты, кіші пейіл
болу керек;
жұмысшылар жұмыс орнында басқа іспен айналыспау керек;
тұтынушылармен даулы жағдай туындаған кезде қызметкерлер зал
менеджерін, кезекші администраторды, метрдотелді немесе Мейрамхана
және қонақ үй директорын ( басқарушысын) шақырады;
асхана, техникалық қызмет жұмысшылары мен қосымша персонал
арнайы киімде залда және қонақтарға қызмет көрсетуге арналған басқа
128
бөлмелерге, егер тікелей кәсіби міндеттерін орындаумен байланысты
болмаса шықпау керек.