Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үй басшысының тәртібіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет83/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Мейрамхана және қонақ үй басшысының тәртібіне қойылатын 
талаптар. Жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеу корпоративті этика атрибуты 
болып табылады. Өзін жақсы жағынан көрсете алу, кері эмоцияларын ұстай алу 
– мейрамхана және қонақ үй сервисі саласындағы барлық мамандар үшін, 
әсіресе басшылар үшін өте маңызды.
Мейрамхана және қонақ үй басшылары үшін іскерлік сөйлесудің негізгі 
принципі (корпоративті этика) қызметкерлер тілегін ескеріп, мотивациямен 
қатар бақылау принципі болып табылады.Осы принципке сәйкес басшы 
тәртібін келесі талаптарға сай болу керек: 
 мейрамхана және қонақ үйді басқарудың басты мақсаты коллективті 
максималды біріктіруден тұрады. Бұндай коллективте қызметкерлер 
психологиялық ыңғайлылық күйде болады. Олар бірге бір бүтін, әр 
қайсысы индивидуалды және ерекше екенін түсінеді; 
 қызметкерлерде мейрамхана және қонақ үй мен өз еңбегіне, ортақ 
нәтижелерге кәсіби мақтаныш тудыру
 басшы қылық, сәтсіздік себебін анықтай алу керек ; 
 этикалық тәртіп ережелерін қадағалау, себебі жауапсыз қалдыру біріккен 
коллективті бұзу мүмкін; 
 басшы қызметкердің құмарлығы мен кемшіліктеріне емес, жұмыс 
нәтижесін сынау керек; 
 басшы барлық қызметкерлермен мейірімді және тең қатынас ұстау керек
 бұйрықты өтінішпен үйлестіріп, қызметкерлермен мәселені талқылап, 
олармен кеңесіп ұйғарымның тиімді түрін таңдау; 
 басшы қызметкерлерде өзара коллективте , қонақтарға қызмет көрсетуде 
де этикалық қатынас мен тәртіп нормаларын тәрбиелеуге жауапты;
 басшы өз-өзіне сыншыл болу керек, өз қателіктерін мойындауға және 
түзеуге қорықпау керек;
 қызметкерлердің тікелей басшысын аттап өтіп, директорға тікелей 
баруын қолдамау; 
 басшы қызметтестеры мен бағыныштылары оның әдеттерін, қимылдарын, 
интонациясын, жалпы тәртіп белгілерін еріксіз көшіретінін ұмыту керек;
 физикалық жүктеме мен энерго шығындарды деңгейі бойынша аспаз 
және дашы кәсіби тау- кен саласы жұмысшыларының кәсібімен пара-пар 
екенін ескеру керек. Сондықтан жұмыс жағдайларын сынау және 
талқылау уақытын залда қызмет көрсету аз уақыт жүргізу керек.
Мейрамхана және қонақ үй басшысының табысты қызметіне төмендегі 
жағымсыз факторлар кері әсер етеді. 
қабылданған басқару технологиясының белгісіздігі. Күні бойы кез-келген 
басқару шешімдері алдымен қабылданып, содан соң одан бас тартады, 
түсінбестік пен білместік туындап, дау пайда болады. Бұл кезде персонал 
реакциясы келеңсіз болады. 


129 
көп басшылық, жетілмеген сызықтык және көлденең басқару 
құрылымында басшылар өкілеттілігі қиылысады. Бұл кезде басқару 
шешімдері бір- бірін қайталайды немесе қарама-қайшы келеді. Әр басшы 
өз бұйрықтарының оындалуын, есеп беруін талап етеді. Қызметкерлердің 
күнделікті жұмысы бұндай жағдайда күрделене түседі.
бағыныштылар саны максималдар рұқсат етілген мөлшерден артық
Бағыныштылар саны көп болғанда (7 адамнан көп), олармен 
индивидуалды сөйлесу қиындайды және олардың жұмысын тікелей 
бақылау 
жоғалады. 
нәтижесінде 
тәртіп 
және 
қызметкерлер 
жауапкершілігі төмендейді; 
коллективте «ашу шақыратын тыныштық» категориясының болуы
бұндай жұмысшылар категориясы әрқашан және барлық жерде риза 
болмау себептерін іздей бастайды, оны басқа қызметкерлермен талқылап, 
коллективте наразылық және дискомфорт атмосферасын, яғни жаңа дау 
тудыру жағдайын құрайды. 
Сондықтан мейрамхана және қонақ үй басшысы үшін дауды басқару 
әдістері мен тактикасын игеру керек. Дауларды басқару – дау жағдайын 
бақылауға алу, оны шешу үрдісін ұйымдастыру. Өз тәжірибесін мен біліміне 
байланысты басшы дауларды басқарудың белгілі-бір әдісін таңдайды: өзінің 
билеу өкілеттігін қолданып, дауды басу; дауды елемеу және ол туралы сөз 
қозғамау; дауды тудырған мәселені объективті шешу; саналы ымыраға келу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет