130
тапсырысқа сәйкес өнімдердің асхана мен
буфетпен жіберілу толықтығын,
сервиз бөлмесіндегі ыдыстар тазалығын тексереді.
Бірақ метрдотельдің негізгі жұмыс уақытын келушілерді қабылдау алады.
Келушілерді қарсы алып, оларды үстел басына шақыру – оның негізгі міндеті.
Мейрамхана және қонақ үйде қонақтар көбіне метрдотельге әртүрлі
сұрақтармен жүгінеді. Ол кез-келген сұраққа сауатты жауап беруі тиіс.
Зал метрдотелі жүйелі түрде байланыс аймағы жұмысшысылармен
(бармендермен) келушілерге қызмет көрсету бойынша жұмыс істеу әдістерін
үйрену жөнінде сабақтар жүргізеді. Бұндай сабақтар жүргізу үшін метрдотельге
білікті және тәжірибелі оқытушылар
мен тәжірибелі жұмысшыларды
шақыруына болады.
Зал метрдотелі қонақтардың мейрамхана және қонақ үйдегі тәртіп
ережелерін қадағалауына жауапты. Ол қауырт жағдайды жою,
дауды тоқтату
үшін уақытылы шаралар қолдану керек. Қауіпсіздік және күзет қызметінен
бірге жеке келушілердің антиқоғамдық тәртібін алдын-алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: