137
жарнамалық идеясы тұтынушыларға тағамның (өнімнің) ерекше қасиеттерін
түсіндіру қажет. Бұндай түсіндіру фотографиялармен қатар жүру керек.
Нәтижесінде ұсынылатын тағам рецептісі мұқият ойластырылған зерттеме
нәтижесі екенін білдіреді. Тек ерекше жарнама адам еркіндігінен тыс санасына
еніп, есінде ұзақ сақталады. Тек сондай жарнама жаңа тағамдарға (қызметтерге)
қолданылуы керек.
Тиімді жарнаманың ерекше сценарийлік және композициялық шешімі
болу керек, маркетинг құралы болу керек және жоғары эстетикалық көрнекті
болу керек.
Мейрамхана және қонақ үй жұмысы туралы жарнамалық хабарламаларды
қабылдау тиімділігі көбінесе осы хабарламалардың сыртқы рәсімделуінің
Мейрамхана және қонақ үй тұтынушыларының қажеттілігіне қаншалықты
сәйкес келетініне байланысты. Зерттеулермен адамдар өздерінің қажеттілігі
мақсатына сәйкес келетін ақпаратты ғана қабылдайтыны дәлелденген.
Көзқарастарына сай келмейтін ақпарат әдетте қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: