Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі жарнама рөлі



Pdf көрінісі
бет92/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі жарнама рөлі. Мейрамхана 
және қонақ үй қызметтеріне сұранысты қалыптастыру үшін жарнама 
мүмкіндіктері кең қолданылады. Мейрамхана және қонақ үй жарнамасы 
ықтимал тұтынушыларды ұсынылатын тағамдар, шараптар және т.б. 
ерекшеліктері туралы хабарлау құралы. Мейрамхана және қонақ үй жарнамасы 
тұтынушыларді, тұрақты тұтынушыларды хабарлау, шақыру және ұстау
көрнекті имидж құруға бағытталған. Тиімді жарнама мейрамхана және қонақ 
үйдің тұтынушылар туралы қамқорын, қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін 
және т.б. көрсетеді. 
Жарнаманы орналастыру құралын таңдау өте маңызда жоғары классты 
Мейрамхана және қонақ үйге жарнаманы орнықты баспа басылымдарына 
орнатқан жөн. Жылдам қызмет көрсету мейрамхана және қонақ үйлері әдетте 
жарнамаларын көшшелерде тақта жарнамасы, сонымен қатар бұқаралық 
ақпарат құралдарында орналастырады.
Жарнама компаниясы мақсаттарына жетуге мейрамхана және қонақ үй 
ғимаратының өзін витриналарды, маңдайша жазуды, декор элементтерін және 
фасадты (кіре берісті) безендіру, қабырғалық ас мәзірін және т.б. сыртқы 
безендіру де ықпал етеді. Сыртқы жарнама құралы ретінде жарнама стендтары 
(тақталары), плакаттар, листовка, проспекттер қолданылу мүмкін. 
Маңдайша жазу кең тараған көше жарнамасының құралы. Маңдайша жазу 
– мейрамхана және қонақ үйдің визит карточкасы. Ғимарат архитектурасын, 
сонымен қатар көшенің архитектуралық ортасы ерекшелігін ескеріп маңдайша 
жазу фасадта көлденеңінен немесе тігінен, фасад бойымен немесе 
перпендикуляр жазықтықта орналасуы мүмкін. Маңдайша жазуда мейрамхана 
және қонақ үй аты мен фирмалық белгісі, қазіргі заманғы жарық техникасымен 
компьютерлік графика құралдары қолданып суреттер көрсетіледі. Маңдайша 
жазу көшедегі адамдар көңілін аулап, сонымен қатар қажетті ақпараттан тұру 
керек. 


138 
Мейрамхана және қонақ үйдің терезе витриналары маңдайша жазуды 
толықтырып, онымен бірге бір композиция құрайды. Витриналарды безендіру 
Мейрамхана және қонақ үй профилін айқындап, ғимарат индивидуалдылығы, 
оның аспаздық ерекшелігі туралы хабарлау керек. 
Жарнамаға әртүрлі сувенир өнімдерін, мысалы мейрамхана және қонақ 
үйдің фирмалық тауарлық белгісі бар тегін таратылатын қымбат емес 
сыйлықтарды жатқызуға болады. Бұл күл салғыштар, миниатюрлі подностар, 
Мейрамхана және қонақ үй эмблемасы бар бокалдар болуы мүмкін. Көптеген 
Мейрамхана және қонақ үйлерда сувенир ретінде көрнекті безендірілген ас 
мәзірі карточкалары таратылады. Тағамдар тізімі мен бағасынан басқа, 
Мейрамхана және қонақ үйдегі қызмет көрсету ерекшеліктері, дәстүрлері, 
фирмалық тағамдарға қатысты қызықты тарихи және басқа экскурстардан 
тұруы мүмкін. 
Мейрамхана және қонақ үйдің әртүрлі конкурстарға, көрмелерге және т.б. 
қатысу маңызды жарнамалық мәнге ие. Мысалы, аспаздар, байланыс аймағы 
жұмысшысылар, бармендер арасындағы конкурстар. Бұндай шаралар персонал 
біліктілігін арттырумен қатар, өте жақсы жарнама құралы болып табылады. 
Қазіргі заманғы мейрамхана және қонақ үй алдында оны басқа 
Мейрамхана және қонақ үйлер арасында ерекше ету, клиенттерді шақыру, 
оларды тұрақты қонақ ету мәселесі тұр. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы 
жарнама шаралары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет