150
тұтынушылар өз ойларымен кәсіпорын үшін әрқашан да сәтті емес имидж
нұсқасын құрып алады.
Оңтайлы имидж адекватты, өзіндік, иілгіш және нақты мекен жайы болуы
керек. Адекватты болу – кәсіпорының тұрақтанған бейнесіне немесе
ерекшелігіне нақты сәйкес келуі. Өзіндік болуы – басқа кәсіпорындар, әсіресе
біртекті кәсіпорындар бейнесінен ерекшелену керек. Иілгіш болу – яғни
ескірмеу,
сәннен шықпау, өзгере отырып, өзгермеген қалпын ұстау. Нақты
мекен жайы болуы - белгілі-бір мақсатты аудиторияға, яғни бар және ықтимал
тұтынушыларға көрнекті болуы.
Имидж қалыптасуының негізгі кезеңдері:
Имидж қалыптастырудың мақсатын анықтау;
Мақсатты аудиторияны анықтау, оның жасын, қызмет тегін және т.б.
зерттеу;
Имидж концепциясын құрастыру (басты принциптері,
кәсіпорынға және
оның тауарларына тән және тұтынушыларға маңызды мотивтері мен
құндылықтары);
Аталған имиджді қалыптастыру үшін кәсіпорын мүмкіндіктерін бағалау;
Имиджді қалыптастыру, енгізу және
тұтынушылар санасында бекіту;
Имидж күйін бағалау, бағдарламаны өткізуді бақылау.
Имиджді қалыптастырудың негізгі құралдары:
Фирмалық стиль – имидж негізі, оның қалыптасуының басты құралы;
Көзге көрінетін құралдар – имидж қалыптастырудың дизайнерлік
тәсілдері, соның ішінде қаптама құру, витриналарды, көрмелерді
рәсімдеу, хабарландыру макеттерін құрастыру;
Түпнұсқа – макеттер әртүрлі болуы мүмкін,
бірақ барлық позицияларда
тұрақты болып қалатын бір элементі макеттер сериясын танымал етеді.
Түс те маңызды орын алады.
Сөз құралдары – тұтынушы қажеттілігіне бағытталған арнайы таңдалған
стилистика.
Жарнама құралдары – қолайлы қатынас қалыптасуына ықпал ететін әрбір
нақты жағдайда қолданылатын жарнама құралдары.
PR- шаралары - кәсіпорын мен қоғам арасындағы өзара түсінушілікті
орнату және күшейту бойынша ойластырылған, жоспарланған және
тұрақты күштер.
Бұл көрмелер, презентациялар, пресс-конференциялар,
спонсор шаралары. PR-компанияларды жүргізген
кезде кәсіпорын
ерекшелігі жүргізілетін шара ерекшелігіне сай болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: