Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет90/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Спонсор типі бойынша жарнаманы жіктеу: өндіруші атынан жарнама, 
саудалық делдалдар атынан жарнама, жеке тұлға атынан жарнама, өкімет және 
басқа қоғамдық институт атынан жарнама. 
Мақсатты аудитория типіне байланысты бизнес саласына жарнама 
(өндірістік тұтынушыларға арналған), жеке тұтынушыға жарнама болып 
ажыратылады.
Аудиторияның белгілі бір сегментінде жинақталу критерийі бойынша
белгілі бір тұтынушылар сегментіне арналған селективті жарнама; белгілі бір 
контингентке бағытталмаған бұқаралық жарнама болып ажыратылады.
Жарнамалық әрекеттің қамтыған территориясы бойынша жергілікті 
жарнама (шартты түрде сату жері бойынша және сыртқы жарнама деп бөлуге 


136 
болады), аймақтық жарнама, жалпы ұлттық жарнама, халықаралық жарнама 
болып ажыратылады.
Жарнамалық нысан әрекеті мен оның сипаттамасы келесі жіктеу 
қажеттілігін айқындайды: тауарлық жарнама (нақты тауар немесе тауарлық 
топқа сұранысты қалыптастыру), престижді жарнама (нақты фирманы, ұйымды 
жарнамалау), идея жарнамасы және т.б. 
Жарнамалық кампания ұстанатын мақсат сұранысты қалыптастыратын 
жарнаманы, өткізуді реттейтін жарнаманы, тауар позициясын табуды немесе 
позициясын ауыстыруды және т.б. қарастыратын жарнаманы қарастырады.
Әсер ету әдісі бойынша жарнама көрінетін (витрина, жарықтық немесе 
баспа жарнамалары және т.б.), естілетін (радиожарнама, телефон бойынша 
жарнама), көріп-естілетін (теле-, видео-және киножарнама) болады.
 Аудиторияға әсер ету бойынша қатаң және жұмсақ жарнама болып 
ажыратылады. Қатаң жарнама сипаты бойынша өткізуді басқаратын құралдарға 
жақын және онымен бірге қолданылады. Түрі бойынша тұтынушыға агрессивті 
қысып, жарнамаланатын тауарды сатып алуға итермелейді. Қысқа мерзімді 
перспективаға есептелген.
Жұмсақ жарнама тауар туралы хабарлап қана қоймай, ауналасында 
қолайлы атмосфера құрады. Орташа және ұзақ мерзімді перспективаға 
есептелген.
Қолданылатын беру құралдарына байланысты: баспа, периодты басылым, 
радио және теле жарнамалар, көліктегі жарнама және т.б. болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет