Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үйде жарнамалық сауда түрлері



Pdf көрінісі
бет93/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Мейрамхана және қонақ үйде жарнамалық сауда түрлері. Оған 
біртіндеп, реттік саудалар жатады. Бұл жарнама түрі мейрамхана және қонақ 
үйде ұзақ уақыт бойы кез-келген мейрамхана және қонақ үй өнімі, жартылай 
фабрикаттар, асханалық аспаптар және шарап фужерлері бөліктеп біршама 
жеңілдікпен сатылуымен ерекшеленеді. Бұл өнім мейрамхана және қонақ үй 
қонағы үшін бүтіндей болғанда ғана құнды саналады. Күнделікті немесе 
аптасына бір рет жинақтап бір ғана бұйымы сатылады. Барлық жинақты сату 
бірнеше күнге немесе аптаға созылады, сондықтан тұтынушылар жүйелі түрде 
мейрамхана және қонақ үйге қажет. Мейрамхана және қонақ үй басшысы әрбір 
келгенде клиент тағы да белгілі бір өнім алуын көздейді. Ұзақ мерзімді және 
қысқа мерзімді сауда түрлері қолданылады. Бұндай шаралар төрт-алты аптадан 
аса созылмау керек. 
Сабақтас сауда мейрамхана және қонақ үй қонаққа белгілі бір мейрамхана 
және қонақ үй өнімін льготалық бағамен ұсынуынан тұрады. Бірақ бұл өнімді 
льготалық бағамен алу үшін басқа өнімдерді белгілі бір сомаға немесе белгілі 
бір уақыт аралығында реттік сатып алу қажет. Осылайша мейрамхана және 
қонақ үй жаңа тұтынушыларді шақырып, оларды аз дегенде жарнамалық 
компания аяқталғанша тұрақты клиент есебінде ұстайды. 
Жарнамаланатын мейрамхана және қонақ үй өнімін льготалық бағамен 
сату мейрамхана және қонақ үй пайдасының төмендеуіне әсер етпейді, оның 
орнын басқа өнімдер мен тағамдардың сатылуымен толтырылады. 
Мейрамхана және қонақ үйде арнайы сауда. Мейрамхана және қонақ үй 
басшылары арнайы қызмет көрсетудің әртүрлі кезеңдерін (апта, декада, ай) 


139 
өткізу тәжірибесін кең қолданады. Бұл мейрамхана және қонақ үй өнімін 
маусымдық немесе мереке алдында сату, әртүрлі оқиғаларға сай сауда. 
Маусымдық жарнамалық компания ассортименті жаңарту, өткен маусым өнімін 
сату стимул болып табылады. Жалпы халықтық мерекелермен қатар бұндай 
оқиғалар Мейрамхана және қонақ үйдің ашылу күні, оның мерейтойы және т.б. 
болуы мүмкін. 
Кез-келген оқиғаға байланысты арнайы сауда үшін жартылай 
фабрикаттардың ассортименттік таңдаудың көп нұсқасы бар, себебі 
ассортимент нақты мереке сипатына сай емес. Бұл жағдайда негізгі 
жарнамалық аргумент өнім құндылығы мен төмен баға болып табылады. 
Арнайы сауда мейрамхана және қонақ үй жұмысына алуан-түрлілік енгізеді. 
Әдетте интерьер мерекелік безендірілген, персонал сәйкесінше униформа 
киген. Бұндай атмосфера клиенттерге де, қызмет көрсету персоналына да 
ұнайды. Бұндай жарнамалық компаниялардан күтілетін табысқа жету үшін 
мұқият жоспарлау және үлкен ұйымдастырушылық жұмыс қажет. Ең алдымен 
тақырып таңдалады. Егер бұл мереке алдындаңы немесе маусымдық сатылым 
болса, онда тақырып өздігінен анықталып тұр. Басқа тақырыптарды 
мейрамхана және қонақ үй басшылары өздері құрастырады. Тақырып таңдалған 
соң, жартылай фабрикаттар таңдалады, жарнамалық компанияға қызмет 
көрсету персоналы іске қосылады, тұтынушыларге хабарланады. 
Мейрамхана және қонақ үй өнімін арнайы сату компаниясын жүргізу аса 
табысты. Көп мөлшерде қызмет көрсету персоналының қатысуына, 
дайындығына және энтузиазміне байланысты. Сондықтан арнайы сатылымды 
жоспарлау мен ұйымдастыруға Мейрамхана және қонақ үйдің көп 
қызметкерлерін қатыстыру қажет. Егер жалпы жарнама шаралары жалпы 
түсімді ұлғайтуға бағытталса, мейрамхана және қонақ үй өнімін арнайы сатуды 
жүргізу белгілі-бір өнім түрін өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған. 
Сондықтан, бұндай арнайы сауда алдын – ала белгіленіп, ал өнім сатуға 
дайындалуы тиіс. Сонымен қатар уақытылы плакаттар, транспараттар іліну 
керек, бөлме декоративті безендірілуі тиіс. 
Жүргізілетін жарнамалық акция туралы тұтынушыларге хабарлау үшін 
әртүрлі құралдар кешені қолданылады. Басты талап жарнамалық әсер 
уақытылы көрсетілуі тиіс. Бұнда ең алдымен жарнама бұқаралық ақпарат 
құралдарында қолданылуы тиіс. Тұтынушылар санасында мейрамхана және 
қонақ үйдің оң имиджін бекіту үшін теледидар жарнамасын қолданған жөн. Ең 
тезі радиодағы жарнама, себебі оны дайындау үшін аз уақыт қажет. Көптеген 
мейрамхана және қонақ үйлер жарнама құралы ретінде жарнама тақталарын 
қолданады. Бірақ жарнамалық парақтар, проспекттер және т. б. кең 
қолданылуда. Бұндай жарнама ұсынылатын қызмет бағасынан, сонымен қатар 
қызмет түрлері мәліметтерінен тұрады. Клиенттер бұндай мәліметтерді әртүрлі 
мейрамхана және қонақ үйдегі баға деңгейін салыстырып, орын таңдау үшін 
қолданады. 
Яғни арнайы мейрамхана және қонақ үй қызметтерін көрсету кезеңін 
жоспарлау мен ұйымдастыру барлығы ойластырылуы керек. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет