Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет35/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
Ойлау және сөйлеу 
Ойлау – адам санасында заттар мен құбылыстарды және олардың 
арасындағы байланыстарды бейнелейтін психикалық үрдіс.
Ойлау арқылы адам қоршаған ортаны таниды. Ойлау нақтылықтың 
жалпыланған немесе жеке бейнесі. Ойлау нәтижесі парасат ал оның сөздік 
көрінуі сөйлеу болып табылады. 
Ойлаудың маңызды ерекшелігі оның сөйлеумен байланысы болып 
табылады. Сөйлеу арқылы адам бейнеленетін нақтылықты сөзбен жалпылайды. 
Ойлау үрдісінде болашақ әрекеттердің нұсқалары өңделеді. Сезім және 
қабылдау түрінде алынған ақпаратты адам миы сүзеді. Қажет ақпаратты 
іріктеп, ал оның негізінде мақсаттар қояды, оларды шешу сызбасы мен 


58 
жоспарын қалыптастырады, мақсаттардың орындалуының оңтайлы шешімін 
таңдайды.
Ойлаудың келесі түрлерін ажыратады: тәжірибелік, нақты бейнелік, 
теориялық.
Тәжірбиелік ойлау тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталған. Мысалы, 
ірі шараларға (съезд, конференция, мәжіліс) қатысушыларға қызмет көрсету 
алдында мейрамхананың өндіріс меңгерушісі тапсырыс берушімен бірге үш- 
төрт нұсқада кешенді таңғы ас, түскі ас және кешкі ас мәзірлер құрастырады. 
Нақты - бейнелік ойлар мәселелерді шешу кезінде көрнекті бейнелермен 
қолдануда көрінеді: мысалы, дастарқан жаю кезінде даяшы майлықтарды 
бүктеудің әр түрлі нұсқаларын қолданаады. 
Ойлау формалары келесі ойлау операцияларға негізделеді: талдау, синтез, 
салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау. 
Ойлаудың сөйлеумен байланысы заттар мен құбылыстардың жалпы 
қасиеттерімен байланысын айқындай алуда көрінеді. Өте жеткілікті дәрежеде 
сөйлеу даяшының басты кәсіби белгісі. Оның сөйлеуі жақсы дамыған, сөз қоры 
бай болуы керек. Ол нақты, анық және ретімен тұтынушыға тағам туралы 
қажетті мәліметтерді жеткізе алу керек.
Сөйлеуді адам қатынасу мақсатында қолданады. Адам ойлау кезінде 
ішінен сөйлеу ішкі деп аталады. Басқа адамдарға бағытталған сөйлеу ішкі 
немесе диалогтық деп аталады. Диалогтық сөйлеуде адамдар бір біріне 
сұрақтар койып, жауап береді, өз ойларын білдіреді. 
Кез-келген 
сөйлеу 
мазмұндылығымен, 
айқындылығмен 
және 
итермеушілігімен сипатталады. Мазмұндылығы ойлар байлығын, мағынасын, 
нақтылығын білдіреді. Сөздер саны емес, ойлардың тереңдігі сөйлеу байлығын 
құрайды. Сөйлеу айқындылығы оның эмоционалды боялуы. Айқын, бейнелі 
сөйлеу есте ұзаққа сақталады. Итермеушілігі - сөйлеудің тыңдаушы ойына, 
сезіміне және еркінділігіне әсері.
Қиял. Қиял - бұрынғы қабылдау негізінде жаңа бейне идеяларды құру 
үрдісі. Қиялда сезімдер, түсініктер, ес, назар, эмоция қатысады.
Қиялдың физиологиялық негізі бас миының қабығында бұрында болған 
шартты рефлексті байланыстардың жаңа үйлесімін, жаңа құрылымын түзу 
болып табылады. Мысалы, аспаз қиялға байланысты болашақ тағамның жалпы 
түрі мен дәм үйлесімін елестете алады. Бармен витриналарға тауарларды 
қойып, жұмыс нәтижесін елестете алады.
Қиял пассивті ( өздігінше туындайтын) жәнеактивті ( қойылған мақсатқа 
бағынатын) болады. Активті қиялдың екі түрі бар: жаңадан тудыратын және 
шығармашылық. Қиял сөзбен айтылғанды бейнеге айналдырады. 
Назар. Назар - психикалық әрекеттің бін немесе біренеше нысанда 
тоқталуы. Даяшы үшін назар нысаны: тұтынушы, тағам, тұтынушы немесе 
метрдотель сөзі, өз ойлары, әрекеттері болуы мүмкін, 
Назардың үш түрі бар: еріксіз, ерікті, еріктен кейн. Еріксіз назар- бұл 
пассивті назар, нысан адамның санасына өздігінен енеді. Мысалы, 


59 
мейрамханаға келген қонақтар орын ұсынуға шыққан метрдотельге еріксіз 
назар аударады. 
Ерікті назар - бұл кез келген нысанға саналы түрде назар аудару. Мысалы, 
мейрамхана мәзірімен танысқанда тұтынушы тағамдар мен сусындар тізімін 
зерттеу үшін біршама күш жұмсайды. Еріктен кейін назар- ерікті назардан 
кейін туындайтын назар. Бұл кезде әрекеттің өзі қажеттілік ретінде, ал оның 
нәтижесі адам үшін маңызды болады. Мысалы, метрдотель порциялық 
тағамдар мәзірін құруға қатысады. Ол әдетте фирмалық жәнетапсырысқа 
берілетін тағамдардың, тіс басарлардың, бірінші, екінші, тәтті тағамдардың, 
ыстық және салқын сусындардың, ұннан даярланатын кондитерлік өнімдердің 
кең ассортиментінен тұрады. Бұл мәзірді құруға кірісерде мертдотель басында 
қиналады, аса зейін қоюды қажет етеді. 
Бірақ содан соң бұл іске қызығып енген соң, одан шығармашылық 
элементтерін таба бастайды. Бұл еріктен кейінгі назардың іске қосылғанын 
білдіреді, ол салыстырмалы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Еңбек 
шығармашылық фазасына еніп аз шаршатады.
Назардың келесі қасиеттері аса маңызды: концентрация, көлем, ауысыу, 
тарату және тұрақтылық.
Назар концентрациясы- берілген нысанға зейін қою қабілеті. Даяшы 
жұмысында көп жағдайға зейін қою қажет. Мысалы, тағамдарды таратудан 
калған кезде,тағам сапасының стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру керек.
Назар көлемі - бір мезгілде көңіл бөлінуі мүмкін нысандар саны. 
Мысалы, таратуда даяшыға әр түрлі 7-8 екінші тағам қойса, онда бірден 
барлығына көңіл аударып, бақылау қиынға соғады. Адам төрт - бес, максимум 
алты бір - біріне тәуелсіз нысандарға назар аудара алатыны анықталған. 
Назарды тарату адамның санасында бір нысанды қалдырып, бір мезгілде 
басқа нысанға көңіл аудару қабілеті. Мысалы, тұтынушылар тобынан даяшы 
тапсырыс қабылдау кезінде тағамдар мен сусындарды блокнотқа жазады 
(назардың орталық нысаны) және бір мезгілде қонақтардың тағамдардың
дәмдік қасиеті туралы сұрақтарына жауап береді.
Назарды ауыстыру - назар нысанын әдейі өзгерту, бір нысаннан екіншісіне 
өту жылдамдығы. Бұл қасиет негізгі жүйке үрдістерінің қозғалғыштығына 
(қозу, тежелу) байланысты. Барлық адамдарға басқа жұмыспен айналысып
оған көңіл бөлу оңай емес. Мысалы, даяшыда инертті жүйке үрдістері басым 
болса онда «өз» үстеліне қызмет көрсету кезінде «басқа» үстел бойындағы 
тұтынушылар тілегін орындауға үлгермейді. 
Назар тұрақтылығы - ұзақ уақыт бойы бір нысанға көңіл аудару қабілеті. 
Бұл көбіне жұмыс сипаты мен мазмұнына тәуелді. Жұмыс қызықты болса, оған 
назарды көбірек бөледі. Өндірістік жағдайда назардың бір нысанға 
тұрақтылығы 15-20 мин аспайды, содан соң қарқындылығы төмендеп, назар 
еріксіз түрде нысандарға ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет