Мысалы, өткір бақылағыштық суретшінің, сатушының, геологтың, психологтың
және басқада мамандықтағы адамдарлың қабілеттілік жүйесіне енуі мүмкін.
Аспаз үшін ең маңыздысы көру қасиеті анализаторы (түсті, порцияны және т.б
дәл анықтау) көз қаперінің жақсы дамығандығы.
Нышандардың қабілеттілікке айналуы тек адамның өзіне байланысты,
оның белсенділігі мен табандылығына, сонымен қатар, ерік- жігеріне және
мақсатқа талпынушылығына байланысты. Адамның қабілеттіліктерінің
қалыптасуы мен дамуы адами мәдениетті, көптеген ұрпақтардың
қабілеттіліктерін игерместен мүмкін емес. Адамның қабілеттіліктері, оған
рахаттану сезімін беретін және жағымды эмоциялар тудыратын жұмыспен
дамиды. Өмірлік бақылаудың көрсеткіштері бойынша, кез келген жұмыс адамнан
Қандайда бір қабілеттіліктің болмауы немесе әлсіз болуы басқа бір
қабілеттіліктердің дамуымен немесе табарды еңбектің арқасында орнын
толтырады. Әдетте, қабілеттілік әрдайым еңбексүйгіштікпен үйлесім табады.
Кондитерлік қабілеттіліктерді дамытуда онда сурет шығармашылығына
қабілеттерінің бар болуы жиі кездеседі.
Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеуді ұйғарған адамдардан
келушілерге қызмет көрсетуге қажетті қабілеттіліктерді игеру талап етіледі.
Оларлың ортасынан мыналарды атап айтуға болады: тұрақты жұмыс істеу
қабілеттілігі және төзім; қызмет көрсету жылдамдығын өзгерту қабілеттілігі
(келушілердің сұранысы бойынша).
Қабілеттіліктің келесі түрлерін атап көрсетеді:
Жалпы қабілеттіліктер
іскерліктің барлық түрінде жетістікке жету үшін қажет.
Оған жататын: жалпы интелектуалды деңгейдің дамуы, назардың тұрақтылығы,
ерік жігердің мықтылығы және еңбекқорлық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: