Г. М. Шеламова психология ж ә не к ә сіби қызметінің этикасы рұқсат берді Сарапшы кеңес кәсіби білім беру мекемелерде білім беру барысында қолдану үшін, бастапқы кәсіби білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата18.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#43771
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Нәтижелерді өңдеу. Өзіңіздің коммуникативке икемділініңізді білу үшін «кілтті» 
қолданыңыз: 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37 сұрақтарарының әр «ия» жауабы үшін 
өзіңізге 1 балл қойыңыз, ал 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39 сұрақтарының «жоқ» деген 
жауабы үшін өзіңізге 1 балл қойыңыз,
Коммуникативті коэффициенті (К
к
)
К
к
= m/20  
формуласы арқылы анықтайды
мұндағыm— «кілтке» сәйкес келген жауаптар саны.
 


0,46 дан 0,55 дейін — орташадан төмен 
деңгей; 
0,56 
дан 0,65 дейін — орташа деңгей; 
0,66 дан 0,75 дейін — жоғарғы деңгей; 
0,76 дан 1,00 — өте жоғарғы деңгей. 
Коммуникативтік қабілеттіліктер— бұл жеке тұлғаның тиімді қарым- 
қатынасын қамтамасыз ететін және серіктестік істе психологиялық үйлесім табатын 
бейімділігі.
Төмен — бұл адам аз сөйлейді, адамдармен қарым -қатынас орнатқанда 
қиындықтар мен белгілі бір ыңғайсыздықтар сезінеді
Орташадан төмен — бұл адам қарым қатынас орнатуға талпынбайды, таным емес 
ұжымда өзін емін- еркін сезіне алмайды, өз таныстарының шеңберін шектейді, өз ойын 
қорғауға тырыспайды және реніштерін қиын уайымдайды.
Орташа — бұл адам көпшіл, сөйлемпаз (әсіресе өз таныстарының ортасында), 
таныстарының шеңберін шектемейді.
Жоғарғы — бұл адам көршіл, жаңа ортада өзін еркін сезінеді, тез достасады, 
таныстық ортануда бастамашылдық танытады, өз таныстарының шеңберін кеңейтуге 
тырысады.
Өте жоғарғы— бұл адамда көпшіл, қарым қатынас қажеттілігін сезінеді, 
айналасында болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысады. Өз ортасын жандандырады, 
жаңа таныстықты оңай ортанады, достарның шеңберін кеңейтуге тырысады.
Ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді есептеу үшін мына «кілтті» қолданыңыз:
2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38 сұрақтарына берген әр «ия» жауабыңыз үшін өзіңізге 1
баллдан койыңыз; 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40 сұрақтарына берген әр «жоқ» 
жауабыңыз үшін өзіңізге 1 баллдан койыңыз . 
Ұйымдастырушылық қабілеттіліктердің коэффициентін (К
о
)ны К
о
= m/20 
формуласы арқылы анықтайды, мұндағы m — «кілтпен» сәйкес келген жауаптардың 
саны.
Егер К
о
төмендегідей сәйкес келсе: 
0,20 дан 0,55 дейін — төменгі деңгей; 
0,56 
дан 0,65 дейін — орташадан төмен деңгей; 
0,66 дан 0, 70 — орташа дейгей; 
 
 
 


Кәсіби іскерлік этикасы және 
этикеті 
Белгілі болғандай, адам өзінің өмір ағымында басқа адамдармен іскерлік 
қарым-қатынасқа түседі. Бұл қарым- қатынастардың реттеушісі мораль болып 
табылады. Онда біздің жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік туралы 
түсініктеріміз байқалады. Мораль, адамға айналасындағылардың іс-әрекетін 
бағалауға, дұрыс өмір сүріп жатырма, қандай нәрсеге талпыну керектігін түсініп 
және ойлануға мүмкіндік береді. Адам қарым-қатынас құра алады, көбінесе 
іскерлік, тиімді қарым- қатынас құрады, белгілі бір өмірлік және кәсіби 
мақсаттарына жетуі үшін, егер ол моральдық қағидаларды дұрыс түсінетін 
болса, онда ол іскерлік қарым- қатынас барысында соларға сүйенеді. Ал егер ол 
моральдық қағидаларды қарым -қатынас жасау барысында есепке алмайтын 
болса немесе оның құрамын бұрмалайтын болса, онда қарым- қатынас 
қиындықтар тудырады немесе қарым -қатынастыжалғастыру мүмкін болмай 
кетеді.
Адамның өзін-өзі ұстау ережелерін кім ойлап шығарды? Неге кейбір тәлім- 
тәртіп қоғаммен мақұлданады, ал басқасы талқыға салынады? Бұл сұрақтардың 
жауабын этика береді.
Этика 
— философияның көне салаларының бірі, мораль жөніндегі 
ғылым (адамгершілік). «Этика» термині грек сөзінің
ethos 
— әдет-ғұрып, 
мінез дегенді білдіреді және оны Аристотель (384 — 322 б.д.дейінгі) енгізген, 
этика «тәжірибелік философия» болып саналған, және «Біз дұрыс және 
адамгершілігі мол іс-әрекет жасауымыз үшін не істеуіміз керек?» деген 
сұраққа жауап беруі керек.
Алғашқыда «этика» және «мораль» терминдері бір- біріне сәйкес келген. 
Бірақ кейінірек, ғылымның және қоғамның дамуымен олардың мағыналарына 
айырмашылық енгізілді.
Мораль (латын тілінен moralis сөзі – адамгершілігі мол) — бұл адамдар 
мойындайтын этикалық құндылықтардың жүйесі. Ол қоғамдық өмірдің барлық 
саласында: еңбекте, күнделікті тіршілікте, жеке, отбасылық және халықаралық қарым 
қатынаста адамның жүріс тұрысын реттейді. 
 
 
2.1
Этикет ж
өнінде жалпы мағлұматтар 
49 


Жақсылық 
пен жамандық — адамгершіліктің көрсеткіштері, нақ солардың 
призмалары арқылы адамның іс-әрекетіне, оның барлық жұмысына бағалау 
жүргізіледі. Этика жақсылықтыіс-әрекеттің объективті моральдық мағынасы 
ретінде қарастырады. Ол жағымды қағидалар мен адамгершілік талаптарының 
жиынтығын біріктіреді және еліктеуге тұрарлық үлгі, мұрат болып табылады. 
Жақсылық ізгілік ретінде де алға шығады, яғни жеке тұлғаның моральдық 
қасиеті болып табылады. Жақсылыққа жамандық қарсы тұрады, әлемнің 
құрылуынан бастап бұл бастамалар арасында күрес жүріп жатыр. Көбінесе 
мораль жақсылықпен, жағымды іс-әрекетпен теңестіріледі, ал жамандық болса 
бейморальдық және адамгершілікке жат қылық ретінде қарастырылады.
Жақсылық және жамандық —бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын қарама 
қайшылықтар, жарықтың қараңғылықсыз, төменнің жоғарысыз, күннің түнсіз 
өмір сүре алмайтынындай, бірақ солай болса да олардың мәні мен маңызы бірдей 
емес.
Моральға сәйкес іс-әрекет жасау — жақсылық пен жамандық арасында 
таңдау жасауды білдіреді. Адам өз өмірін қалыптастырғанда жамандықты 
азайтып жақсылықты көбейтуге тырысады. Моральдың басқада маңызды 
категориялары — «парыз», «жауапкершілік», егер адам жақсылық үшін күрестің 
қиындығы мен ауырлығын түсінбеген болса, онда ол адамның іс -әрекетінің 
маңызды ұстанымдары болып табыла алмайды.
Мораль қағидалары өзінің саналы көрінісін өсиеттерден және өзін -өзі 
қалай ұстау керектігін түсіндіретін ұстанымдардан алады. Тарихтағы ең алғаш 
адамгершілік ережелерінің бірі былай тұжырымдалады: «Өзгелерге қарым 
қатынасыңды, олардың саған қандай қарым қатынас жасағанын қалағаныңдай 
Басқа адамдарға қарым -қатынасты , өзіңе қарым қатынас жасағандай етіп жасау 
қажеттілігі, өзіңді өзгелерді дамыту арқылы көтеру - мораль мен адамгершіліктің негізін 
қалайды. Інжіл кітабында Матфейдің айтқаны: « Сонымен, адамдардың сізбен қалай 
қарым қатынас жасағанын қаласаңыз, сіз оларға сондай қарым- қатынас жасаңыз» ( 7 
бөлім 12м). 
Адамның және қоғамның адамгершілік өмірі екі деңгейге бөлінеді; бір жағынан яғни 
нақтысы — әдет-ғұрып, күнделікті шын іс әрекет: келесі жағынан, ол, болуы керек— өнегелі, 
қажеті жүріс тұрыстың үлгісі.
Біз іскерлік қарым қатынастанақтылық пен қажеттілің ортасындағы қарама 
қайшылықпен жиі кездесеміз. Бір жағына, адам өзін адамгершіл ұстайға тырысады, дәл 
айтқанда лайықты түрде, ал басқа жағынан— өз қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, 
олардың іске асуы көбінесе адамгершілік қағидаларын бұзумен тікелей байланысты болып 
келеді. Бұл мұрат пен тәжирібилік есептің арасындағы күрес адамның ішкі дүниесінде 
жанжал тудырады, ол көбінесе іскерлік арақатынас этикасынқа, іскерлік қарым қатынасқа 
әсерін тигізеді.Іскерлің өзара қарым қатынас этикасы этиканың жиі кездесетін жағдайы 


адамдардың жүріс- тұрысын және кәсіби іскерліктегі қарым -қатынасын реттейтін 
адамгершілік қағидалары мен ережелер жиынтығы саналады.
Қоғамда орын алған жүріс- тұрыс қағидалары мен ережелері, адамды қоғамға 
қызмет етуге, жеке бастың мүддесі мен қоғамдың мүддені өзара байланыстыруға 
шақырады.
Моральдық қағидалар салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа сүйенеді, ал мораль әр ісімізді 
айналамыздағы адамдарға зияны тимейтіндей етіп жасауды үйретеді.
Мәдениеттің негізгі элементтернің бірі болып адамдардың адамгершіл жүріс тұрысы 
болып табылады. Ол жалпы адами моральдық қағидалар мен принциптерге сүйенеді – ол 
адамның қадір-қасиетін, арын, намысын, тектілігін, парыз сезімін және т.б сыйлау болып 
табылады.
Ар ұждан — бұл адамның өз іс әрекеттерін моральдық түсінуі, соның арқасында біз
өз іс-әрекеттерімізді қадағалаймыз және өз іс әерекеттерімізге баға береміз. Ар ұждан 
парызбен өте тығыз байланысты.
Парыз — бұл өз міндеттерін адал орындауды түсіну (азаматтық және қызметтік). 
Мысалы, парыз бұзылған жағдайды, ар-ұжданның көмегімен, адам тек өзгелердің 
алдында ғана емес, өз алдында да жауапкершілікті арқалайды.
Адамның моральдық бейнесі үшін 
намыс маңызды мағына береді, ол адамның 
беделіндегі моральдық еңбектерін мойындауда көрінеді. Офицердің намысы, іскер 
адамның намысы, рыцарьлық намыс — дәл осылар адамнан өзіне тиесілі әлеуметтік және 
кәсіби топтарда беделіне демеу жасауды талап етеді. Намыс адамды адал еңбек етуге, 
шыншыл, әділетті болуға, өз қателіктерін мойындауға, өз өзіне талапшыл болуға 
міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет