Г. М. Шеламова психология ж ә не к ә сіби қызметінің этикасы рұқсат берді Сарапшы кеңес кәсіби білім беру мекемелерде білім беру барысында қолдану үшін, бастапқы кәсіби білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата18.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#43771
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Шеламова Кәсіби қызмет психологиясы мен этикасы. Оқу құралы

Арнайы қабілеттіліктер ерекше, белгіленген жұмыс түрлерінде ең 
жоғарғы жетістік нәтижелеріне ие болу үшін қажет. Мысалы, математикалық, 
көркемдік, ұйымдастырушылық және басқада қабілеттіліктер арнайы 
қабілеттіліктер құрылымына кіреді. Жалпы және арнайы қабілеттіліктер өзара 
байланысты: олар бірін- бірі толықтырып байытып тұрады.
Сан түрлі қызмет түрлерінде білімді игеруде жетістік пен жеңілдікті 
қамтамасыз ететін жалпы қабілеттілікті, көбінесе дарындылық деп атайды. 
Дарындылық іскерліктің бірнеше саласында байқалуы мүмкін: оқу, 
интелектуалды, қарым -қатынас саласында. Дарынды адамдарға мақсатқа жету 
жолында табандылық, еңбек қажеттілігі тән, оларды ерекшелендіретін 
жинақылық пен мұқияттылық.
1.5 
45 
Жеке т
ұлға қасиеттері 


Өйткені өз ерекшелігіне сенімділік, тәнті болу масаттанумен күшейген, 
менмендікті, жалған намысты тудырады және қабілеттіліктерді дамытудың 
тежегіші болып табылады. 
Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адамның қызметі мен оның қабілеттіліктері қалай байланысты? 
2. Қабілеттілік, шеберлік пен білім арасынағы байланысты анықтаңыз.
3. Сізде ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттердің бар-жоғын 
анықтаңыз. Ол үшін «Коммуникативті және ұйымдастырушылыққа бейімділік» 
тестілнуінің сұрақтарынажауап беріңіз.
Нұсқаулық. Сізге 40 сұраққа жауап беру ұсынылады. Қаперіңізде болсын, 
сұрақтар қысқа және барлық керекті қажеттіліктерді қамтымайды. Сондықтан әдеттегі 
жағдайларды көз алдыңызға елестетіңіз және ұсақ түйектеріне дейін ойланбаңыз. 
Уақытты ұзақ ойлануға жібермеңіз, тез жауап беріңіз. Мүмкін, кейбір сұрақтарға жауап 
беру сізге қиынға соғар. Онда өзіңізге қолайлы деп көрінетін жауапты беріңіз. Бұл 
сұрақтардың қай қайсысына да жауап бергенде олардың ең алғашқы сөздеріне мән 
беріңіз Сіздің жауабыңыз тура соған қатысты болуы керек. Сұрақтарға жауап бере 
отырып, жақсы әсер қалдыруға тырыспаңыз. Маңыздысы белгілі бір жауап емес, 
жауаптар бойынша жиналған жалпы балл саны маңызды.
Егер сұраққа сіздің жауабыңыз оңды болса ( сіз келісесіз), онда сұрақ номерінің 
қасына «ия» деп қойыңыз; егер сіздің жауабыңыз теріс болса ( сіз келсіпейсіз) — онда 
«жоқ» деп қойыңыз. 
1. 
Сіздің үнемі араласатын достарыңыз көп пе? 
2. 
Өзіңіздің жолдастарыңыздың басым бөлігіне өз пікіріңізді қабылдауға жиі 
көндіре аласызба? 
3. 
Жолдастарыңыздың біреуі сізді ренжіткен жағдайда, реніш сезімі сізді ұзақ 
мазалайма? 
4. 
Орын алған қиын жағдайларда жөн табу әрдайым сізге қиынға соғама? 
5. 
Әртүрлі адамдармен жаңа таныстық орнатуға ұмтылысыңыз барма? 
6. 
Қоғамдық жұмыстармен айналысу сізге ұнайма? 
7. 
Сізге адамдармен уақыт өткізгеннің орнына, кітап немесе басқада істермен 
айналысу ұнайтыны распа? 
8. 
Ойыңызды жүзеге асыруда қандай да бір кедергілер туындағанда, сол 
ойыңыздан тез арыласыз ба? 
9. 
Жасы әлдеқайда үлкен адамдармен қарым- қатынас ортану, сізге ұңай ма? 
10. 
Өз жолдастарыңызбен түрлі ойындар мен сауықтар ойластыруды және 
ұйымдастыруды ұнатасыз ба? 
11. 
Жаңа ортаға еніп кету сізге қиынға соғама? 
12. 
Бүгін атқаруға болатын істерді, кейінге қалдыру жиі болып тұрады ма? 
13. 
Бейтаныс адамдармен таныстық орнату сізге ұңай ма? 
46 

Бөлі
м 
Жалпы психология негіздері 


14. 
Сіздің жолдастарыңыз сіздің ойыңызға сәйкес әрекет етуіне жету үшін 
тырысасыз ба? 
15. 
Жаңа ұжымда үйренісу сізге қиынға соға ма? 
16. 
Жолдастарыңызбен сіздің араңызда орындалмаған уәделер, жауапкершілік, 
міндеттер үшін кикілжің туындамайтыны рас па? 
17. 
Қолайлы бір жағдайда жаңа адаммен танысып және әңгімелесіге ұмтыласыз 
ба? 
18. 
Маңызды шаруаларды шешу барысында бастамашылдықты өзіңізге жиі 
аласыз ба? 
19. 
Айналаңыздағы адамдар сізді ашуландырады ма және жалғыз қалғыңыз 
келетін сәттер бола ма? 
20. 
Бейтаныс жайттарда жөн табуыңыз нашар, сол рас па? 
21. 
Үнемі адамдардың ортасында болу сізге ұнай ма? 
22. 
Бастаған ісіңізді аяқтай алмағанда, ашуланасыз ба? 
23. 
Жаңа адаммен танысу үшін бастама жасау керек болса, қиналу, ыңғайсыздану, 
ұялу сезімдері бола ма? 
24. 
Жолдастарыңызбен жиі арасқаннан шаршап қаласыз, сол рас па? 
25. 
Ұжымдық ойындарға қатысу сізге ұнай ма? 
26. 
Сіздің жолдастарыңыздың мүддесіне қатысты сұрақтарды шешуде 
бастамашылдық танытасыз ба? 
27. 
Шала таныс адамдардың ортасында өзіңізді сенімсіз сезінесіз, сол рас па? 
28. 
Өз әділдініңізді дәлелдеуге сирек ұмтылатыныңыз рас па? 
29. 
Шала таныс ортаны жандандырып көңіл көтеру, сізге қиынға соқпайды деп 
ойлайсыз ба? 
30. 
Мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға қатысып па едіңіз? 
31. 
Таныстарыңыздың шеңберін аз адамдармен шектеуге тырысасыз ба? 
32. 
Өз ойыңыз бен шешіміңіз жолдастарыңыз тарапынан бірден қабылданбаған 
жағдайда, оны сақтап қалуға тырысасыз, сол рас па? 
33. 
Таныс емес ортаға түскенде өзіңізді еркін сезінесіз бе? 
34. 
Өз жолдастарыңыз үшін түрлі іс шара ұйымдастыруға шын көңілмен 
кірісесізбе? 
35. 
Үлкен топтағы адамдарға бір нәрсе айту керек болған жағдайда, өзіңізді еркін 
және сенімді сезінесіз, сол рас па? 
36. 
Іскерлік кездесулерге, кездесулерге жиі кешігесізбе? 
37. 
Сіздің достарыңыз өте көп, сол рас па? 
38. 
Өз жолдастарыңның арасында назарлары астында жиі қаласыз ба? 
39. 
Шала таныс адамдармен әңгімелескенде ұялып, ыңғайсыздық сезінесіз бе? 
40. 
Жолдастарыңыздың үлкен тобының ортасында өзіңізді еркін сезінесіз, сол рас 
па? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет