үйке іс-әрекетінің түрлері
(сангвиник)
(флегматик)
34
1
Бөлім
Жалпы психолигия негіздері
белсенділік, іс-әрекет қабілеті мен белсенділіктің байланысы, реакция темпі,
эмоционалды әсерленгіштік, қимыл- қозғалыс үйлесімділігі және ебедейсіздік,
сыртқы немесе ішкі дүниеге бейімді болу.
Сезімталдылық. Адамда қандайда бір психиологиялық реакцияның пайда
болуына қажетті сытртқы күштердің ықпалын және бұл реакцияның пайда болу
жылдамдығын анықтайды. Мысалыға айтқанда, адамға «жетуі» үшін ықпал ету
күші қандай болуы керек
Әрекет қабілеті.
Бұл қасиет адамның бірдей шамадағы қандайда бір әсерге
(күшпен және энергиямен) әрекет ету деңгейімен анықталады. Мысалыға, біз
қандайда бір ренжітетін сөзге немесе сын пікірге әр түрлі әрекет көрсетеміз. Әрекет
қабілеті қатты немесе әлсіз ашушаңдықпен білінеді. Егер адамның әрекет қабілеті
жоғары болса, ол жайында, «қызуқанды», «оталуы тез» деп айтады.
Белсенділік.
Бұл жайында адам өзін қоршаған ортаға қандай энергиямен,
күшпен, табандылықпен ықпал етуі,сонымен қатар мақсаттарына жету жолында
ішкі және сытрқы кедергілерді жеңуіне қарап пайымдауға болады. Бұл қасиет
кәсіби мансапқа ие болып және жеңістерге қол жеткізуге көмектеседі.
Белсенділік пен іс әрекет қабілетінің арақатынасы .
Бұл қасиет адамның іс-
әрекетінің неге байланысты екенін анықтайды: кездейсоқ,сыртқы немесе ішкі
себептер
( көңіл күй, солай қалаған, кездейсоқ оқиғалар) немесе саналы түрде алдыға қойған
мақсаттары мен пікірлеріне байланысты.
Реакциялардың темпі.
Бұл қасиет әртүрлі психикалық реакциялардың және
процесстердің ағымдық жылдамдығын анықтайды (сөйлеу жылдамдығы, қылық
динамикасы, сананың зейінділігі және тб).
Темпераменттің ең жақсысы немесе ең жаманы жоқ екенін есте сақтау
өте маңызды. Кез келген темпераент негізінде өз-өзіңде жеке тұлғаның
белгілі бір қасиеттерін дамытуға, тәрбиелеуге және саналы түрде нақты бір
жұмыста қолдануға болады. Аты әйгілі адамдардың арасында
темпераменттің барлық төрт типі кездеседі. Адам өз темпераментін біле
отыра, оның жағымды тұстарына сүйенуге және жағымсыз тұстарын жеңуге
талпынады.
Темперамент қоршаған орта мен тәрбиенің әсерлерінен өзгерістерге аз
ұшырайтынын ескеру керек, өйткені ол адамның тума қасиеті болып табылады.
Ол жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі болып саналады, адамның іс-әрекетін, оның
жұмысын және басқа адамдармен қарым- қатынасын анық мінездейді.
Өз темпераментінің ерекшеліктерін білу керек, дау -жанжал оқиғаларының
алдын алу үшін, клиенттермен (жұмыстастармен, серіктестермен) қарым-
қатынас орнатқанда темперамент ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен қатар,
есте сақтайтын жайт, таза темперамент түрлері өте сирек кездеседі; көбінесе бір
адамда темперамент типтерінің әр қилы тұстары үйлеседі, бірақ бір типтің
қасиеттері басым болады.
Бірдей оқиғалар мен бірдей ықпалдардың темперамент типі әртүрлі
адамдарда әртүрлі реакция тудыратынын енді сіз білесіз. Мысалы, холерикке
сынап айтылған сөз ашушаңдықты тудырады, сангвинникті белсенді іс-
әрекеттерге итермелейді, меланхоликті бағытынан тайдырады, ал флегматик
немқұрай қалпында қалады.
Ал енді темперамент типтерінің психологиялық мінездемелерін
қарастырайық.
Холерикалық темперамент типі (холерик).
Мықты, сабырсыз, ширақ
темперамент типін білдіреді, өмірлік күш жігерінің мықтылығымен,
белсенділігімен, жұмысқа бейімділігімен ерекшеленеді. Бұл типтегі адамдар кез
кедген кедергілерді жеңе отырып, бар ынтасымен жұмысқа беріледі, бірақ
оларға бірқалыптылықты, сабырлылықты және баяу темпті талап ететін жұмыс
қиын беріледі, өйткені холериктер өткір және албырт.
Холерик көшбасщылыққа бейім келеді және айналасындағыларды өз
ықпалына бейімдеуге тырысады. Ол аз ойланады, бірақ жылдам әрекет етеді,
өйткені оның еркі солай, бірақ көбінесе ағат шешім қабылдайды. Қарым-
қанытаста ашушаң, сабырсыз, ұстамсыз, айқайлағыш, кей кездерде
басқыншылық көрсетеді. Оған көңіл -күйдің жылдам ауысуы бейім: қуаныштан
қайғыға, күлкіден ызаға тез беріледі. Холерикті күту, өз белсенділігін тежеу
қажеттілігі және тым сезімталдылық ашуландырады.
Ол шыншыл, кекшіл, сондықтан өкпе ренішті ұзақ есте сақтайды және
намысшыл, сондықтан онымен қарым-қатынас жасағанда оның намысына тию
қажет емес, ұқыпсыздық пен өткірліктен аулақ болуға тырысыңыз.
Сангвиник көпшіл, жаңа танысқан адамдармен тез араласып үйренісіп
кетеді, сондықтан оның таныстарының шеңбері өте кең, әйтсе де қарым-
қатынаста тұрақтылықпен ерекшеленбейді және айтарлықтай өте жиі өз
ынтықтығын өзгертеді. Ол жаңа жағдайрларға тез үйренісіп кетеді, сәтсіздіктер
мен жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Сангвинник жайында айтылатын
сөз «барлығыда қаз қалпында, ештеңе болмағандай». Бұдан басқа, ол өте бай
және ширақ мимикаға ие және өз-өзіне сенімді де оптимист адамның әсерін
қалдырады әзіл-оспақты түсіне біледі, бұл оған қиын жағдайларда жинақы және
мақсатты әрекеттер жасауға көмектеседі.
Сангвиник жоспар құрғанды ұнатады, бірақ өзінің тұрақсыздығынан ол
жоспарларын тез өзгертеді; ол өзіне ұнайтынның бәрімен айналысады. Өте жиі
сөз береді, бірақ өз сөзінде тұрмауы мүмкін, сонымен қатар, жұмысына қатысты
жеңілтектік, қамсыздық пен бейқамдық танытады, ретсіз, өз мүмкіндіктері мен
өзін асыра бағалайды.
Сангвинникпен қарым-қатынас жасағанда, оған жүктелген тапсырмаларға
талапшыл және мұқият бақылау керек. Сангвинник белсенділікті,
ұйымдастырушылықты, және коммуникативті қасиеттерді талап ететін және
әсерлердің әртүрлілігімен байланысты жұмыстарды анағұрлым жақсы
орындайды. Мысалы, сангвиникалық темперамент типі басым болған даяшы,
өзінің көпшілдігінің арқасында кез келген келушімен сөз табысып кетеді.
Жұмыс атқарғанда төзімді, сондықтан, оған ұзақ мерзімді мерекелерде қызмет
көрсету еш қиындық тудырмайды.
Меланхоликалық темперамент типі (меланхолик
).
Меланхолик — бұл жүйке іс
әрекеті өте әлсіз тип, мұндай адамдардың жұмыс істеу қабілеті тез төмендеп
кетеді және ұзақ демалуды қажетсінеді. Үйреніскен жағдайда атқарған
жұмыстары жемісті болады және өз-өзіне сенімді болады, сонымен қатар, барлық
берілген нұсқауларды орындайды.
Меланхолик қайратты, қайсарлы, көпшіл емес; жаңа жағдайлар және жаңа
адамдар оны қымсылтады, ол абыржып қалады. Сонымен қатар, меланхолик
себеппен және еш себепсіз қауіптенуге бейім; ұялшақ және жасқаншақ, ол өте
жиі мазасыздық пен ыңғайсыздық танытады. Болмашы бір себептер
меланхоликті жылатады немесе өкпе тудырады; ол өз айналасындағылардың
аяушылығына және қолдауына зәру. Оның дауыс ырғағы өте баяу және ақырын.
бі
і
б і
Флегматикке ескі таныстарының ортасында болу және үйреншікті жағдайда
болу ұнайды, өйткені оған өз әдеттерін өзгерту қиын, Ол әрдайым өте байсалды,
салмақты, оны күлдіру немесе мұңайту өте қиынға соғады, оның сезімдері мен
көңіл-күйі бірқалыптылықпен ерекшеленеді. Келеңсіз жағдайларда флегматик
сабырлы қалпында қалады; аз сөйлейді, мимикасы аз және қимыл-қозғалысы
анық емес. Қағида бойынша, ол тапқыр емес және назарын өте қиын
ауыстырады. Сонымен қатар, флегматик күте біледі. «Жеті рет өлшеп, бір рет
кес» мақалы флегматик жөнінде айтыған. Өйткені ол бір шешім қабылдау үшін
ұзақ ойланып толғанады, барлық «артық» және «кем» тұстарын ақылға салып
көреді. Сонымен қатар, флегматик немқұрайлық пен жалқаулыққа, келеңсіз
жағдайларда сылбырлық пен салғырттыққа бейім. Бірақ дұрыс тәрбиелеудің
арқасында оның іскерлік, ойланғыштық және іждағаттылығын қалыптастыруға
болады. Мысалы, флегматик-даяшы салмақты, шамамен ұстамды, сырт көзге
байсалды. Ол іскер, бірқалыпты көңіл күйге ие. Ал келуші флегматикті сөзге
тартып оның қалауларын мұқият тыңдаған дұрыс.
Баяндалған темперамент типтері нақты портреттер болып
табылмайды, өйткені ешқандайда нақты бір адам типтердің барлық немесе
бірнеше қасиеттеріне ие бола алмайды. Әйтседе, нақты адамның
темперамент қасиеттерін ескере отырып, оның белгілі бір оқиғаларға орай
әрекет ету ерекшеліктерін болжауға болады. Сонымен қатар, темперамент
адамның қарым қатынас жасау әдісіне із қалдырады және сан қилы жұмыс
түрлеріне икемділігін анықтайды.
Жеке тұлғаның моральдық қасиеттері темпераментке байланысты емес
және ол жағымсыз белгілердің пайда болуының орнын толтырады.
1.
Өзіңізге пайдасы болмайтынын біле тұра, әрдайым өз уәделеріңізде тұрасыз
ба?
2.
Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі немесе түсіңкі болуы жиі болып тұрады ма?
3.
Әдетте сіз ойланбастан сөйлейсіз және тез әрекет етесізбе?
4.
Себептер жеткіліксіз болсада, өзіңізді жиі бақытсыз сезінесізбе?
5.
Бәске не болса да орындауға дайынсызба?
6.
Сізге қарсы жынысты сүйкімді бейтаныс адаммен танысып сөйлескіңіз
келгенде, сізде ұялу сезімі пайда болады ма?
7.
Ашуланып, долдану сізде болып тұрады ма?
8.
Бір сәттік көңіл -күйдің әсерімен жиі әрекет етесізбе?
9.
Айтуға немесе істеуге болмайтын нәрселерді айтып немесе істегеніңіз үшін
жиі уайымдайсыз ба?
10.
Әдетте адамдармен кездесудің орнына кітап оқуды қалайсыз ба?
11.
Сізді ренжіту оңай ма?
12.
Серіктестеріңіздің ортасында жиі болуды ұнатасыз ба?
13.
Басқа адамдардан жасырғыңыз келетін ойлар болады ма?
14.
Кей кезде барлығы қолыңызда жанып тұрғандай сезініп, жігерге толы
боласыз, ал кейде босаңсып қаласыз, сол рас па?
15.
Достарыңыздың өзіңізге өте жақын, бірақ аз болғанын қалайсыз ба?
16.
Жиі армандайсыз ба?
17.
Сізге дауыс көтеріп айқалағанда, сіз дәл солай жауап қайтарасыз ба?
18.
Сізді кінә сезімі жиі мазалайма?
19.
Сіздің барлық әдеттеріңіз жақсы ма және дұрыс па?
20.
Өз серіктестеріңіздің ортасында барынша көңіл көтеріп, сезімдеріңізге
еркіндік бересізбе?
21.
Өзіңізді сезімтал және елігетін адам деп санайсызба?
22.
Сізді жайдары және көңілді адам деп санайма?
23.
Бір маңызды істі тындырғанда, ол істі бұданда жақсы орындауға болар еді
деген сезім сізді жиі толғандырады ма?
24.
Сіз бөгде адамдардың ортасында болғанда көбінесе үнсіз қаласыз ба?
25.
Сіз кейде өсек айтасыз ба?
26.
Басыңызға сан қилы ойлар келетіндіктен, ұйықтай алмау жағдайы болып
тұрады ма?
27.
Бір мәселе жөнінде білгіңіз келгенде, сіз оны біреулерден сұрағанның орнына
кітаптан оқып білгенді қалайсызба?
28.
Жүрегіңіздің қатты соғу ұстамасы болып тұрады ма?
29.
Сізге үнемі зейінді талап ететін жұмыс ұнайма?
30.
«Тітіркеніп кету» сізде болып тұрады ма?
31.
Егер тексерістен қорқпаған жағдайда, жүк алып жүргені үшін көлікке
әрдайым төлем ақысын өтер ме едіңіз?
32.
Бір бірімен әзіл айтып қалжыңдайтын ортада болу сіз үшін ыңғайсыздық
тудырады ма?
33.
Ашуланшақсыз ба?
34.
Сізден жедел іс әрекетті талап ететін жұмыс сізге ұнайма?
35.
Орын алуы мүмкін келеңсіз жайттар үшін, сіз уайымдайсыз ба?
Сі б
і б ?
1.5
39
Жеке тұлға
қасиеттері
39.
Сіз әңгімелесуді ұнататыныңыз соншалық, ешқашан бөгде адаммен
әңгімелесу мүмкіндігін қашырып алмайсыз, бұл рас па?
40.
Сізді қандай да бір аурулар мазалайма?
41.
Егер ұзақ уақыт бойы адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен
айырылған болсаңыз, өзіңізді бақытсыз адам ретінде сезінер ме едіңіз?
42.
Өзіңізді ашушаң адам деп айта аласыз ба?
43.
Таныстарыңыздың ортасында, сізге мүлдем ұнамайтын таныстарыңыз барма?
44.
Өз- өзіңізге толықтай сенімді адаммын деп айта аласыз ба?
45.
Сіздің жұмыста қателескен немесе ағат кеткен тұстарыңызды көрсетіп айтқан
кезде, сіз тез ренжисізбе?
46.
Сауық кештерінен нағыз рақатты сезіну қиын деп есептейсіз бе?
47.
Басқа біреулерге қарағанда, өзіңізді төмен сезіну сезімі сізді мазалайма?
48.
Көңілсіз отырған ортаны көңілдендіріп қыздырып жіберу сізге оңай ма?
49.
Өзіңіз түсініп білмейтін нәрселерді айту, сізде болып тұрады ма?
50.
Өз денсаулығыңыз жөнінде алаңдайсыз ба?
51.
Біреулермен қалжыңдасқанды ұнатасыз ба?
52.
і б ?
С х е м а 3
АЙЗЕНКА ШЕҢБЕРІ
ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
Үрейлі
Қиянкес
Ұ
Тұйық
Көпшіл емес
Ішкі дүниеге зер салушы
МЕЛАНХО-
ЛИКАЛЫҚ 13
24
23
Ренжігіш
22
Сабырсыз
21
Агрессияшыл
20
Ашушаң
19
Құбылмалы
18
17
Албырт
16
Оптимистік
15
Белсенді
14
ХОЛЕРИ
13
КАЛЫҚ
Сыртқы дүниеге зер
салушы
13 14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24
11
САНГВИНИ-
Көпшіл
10
КАЛЫҚ
1 2 3 4 5 6
Е
Ынталы
9 10 11
ФЛЕГМА-
ТИКАЛЫҚ
12
Бейбітшіл
Ұстамды
Сенімді
Ашық
Сөйлемпаз
Мінезі ашық
Бейқам
Жайдары
ТҰРАҚТЫЛЫҚ
|