Оқытудың дамытушылық мақсаттары. Тiлдiң дамытушылық қызметi өте зор. Дамытушылық мақсаттарға оқушылардың сезiмдiк, қозғалыс, ақыл-ой, ерiк-жiгерiн дамыту жатады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру бiлiгi мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттың бiрi.
12
Ана тiлiн оқып үйренгенде тiлдiң негiзгi құралдары – сөздер мен грамматикалық формалар туралы түсiнiк қалыптасады. Ал шетел тiлiнiң терминдерiмен салыстыру арқылы туған тiлдiң сөздерi мен грамматикасының категориясын толық түсiнедi.
Сондықтан мұғалiм бiрiншi сабақтардан бастап туған тiлi мен шет тiлiн салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тiлiн таныстыруда өлең арқылы таныстыруды ұсынады “What is your name?” Мысалы: дауысты дыбыстың ұзақ- қысқалылығы т.б. Шетел тiлiнде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Мыс: Listen, read and compare.Тiлдi үйрету тыңдау, көру, есту, қозғалыс органдарын белсендi пайдалануға үйретедi, ол естi, зейiндi, қиялды, ұғымды дамытады.
Шетел тiлiн үйрену қоршаған орта туралы бiлiмдi қалыптастырады. Тiлдi үйрену арқылы сол елдiң мәдениетiн де үйренедi, өнерi мен әдебиетi, әдет-ғұрпымен танысады.
Оқытудың барлық мақсаттары бiр-бiрiмен тығыз байланысты, олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейiнгi жастағы балалардың елiктегiш қасиетi жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тiлiнiң дыбыс жүйесiн үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерiн, сөйлемдерiн қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да елiктеу арқылы үйренедi, бiрақ бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшiн сөйлеу мүшелерiнiң жұмыстарын түсiндiруге болады.
5-6 жастағы балалардың негiзгi iс- әрекетi ойнау iс-әрекетi болып табылады, сондықтан ағылшын тiлiн үйрету үшiн мұғалiм осы факторды ескере отырып әртүрлi ойындарды пайдалануы керек. Ойындар арқылы мұғалiм балаларға жаңа сөздердi, сөз тiркестерiн үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бiрақ оларды ағылшын тiлiне оқыту үшiн тек ойындарды ғана емес, әртүрлi тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек.
Балабақшадағы балаларды ағылшын тiлiне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шет тiлiне оқытудың мынадай мақсаттары берілген: белгiлi бiр шетел тiлi бойынша оңай бiлiктiлiктерге үйрету, яғни қарапайым әңгiменi түсiнуге үйрету және шет тiлiнде сөйлеуге үйрету . Шет тiлiн үйрету балалардың ой-өрiсiнiң дамуына себепшi болады. Балабақшада шет тiлiн үйретудiң нәтижесiнде балалар төмендегiнi бiлу қажет:
Бағдарлама бойынша құрылған тiл материалын қолданып қысқа әңгiмелердi, шет тiлiнде айтылған өтiнiштердi, бұйрықтарды түсiну.
Ойын барысында сұрақтарға жауап беру және сөйлемдер қолдану, қысқа тақпақтарды, өлеңдердi айту.
Ағылшын тiлiн оқытудың сапасын көтеру үшiн ағылшын тiлiн оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған дұрыс. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың нәтижесi осы кезеңдегi балалардың жас ерекшелiктерiн пайдалану болып табылады. Ағылшын тiлiн оқыту арқылы мұғалiм баланы жан - жақты дамытуға тырысуы керек керек.
Мұғалiмнiң мақсаты – қоғамдық жұмысқа белсендiлiгi мол, өз бетiмен жұмыс жасай алатын, iскерлiгi мол жанды тәрбиелеу. Сондықтан ағылшын тiлiн бастауыш сыныптардан оқыту белсендiлiк, жетiлдiру, тәрбиелеу, практикалық мақсаттарын көздейдi. Оқыту мақсаттарының ең бастысы – практикалық мақсат болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |