Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Ағылшын тiлiн оқытудың мақсаттары



бет12/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Ағылшын тiлiн оқытудың мақсаттары.

Мақсаттар



Тәрбиелiк мақсат

Дамытушылық мақсат

Білімділік мақсат Ақыл-ой еңбегi

Оқушының жеке басын,

Оқушыларды ағылшын тәрбиесі

ойлау, сезiну

тiлiнде сөйлеуге - адамгершiлiк

қабiлеттерiн дамыту.

үйрету (тыңдап-түсiну, тәрбие

-логикалық ойлауды,

сөйлеу, оқу, жазу). -эстетикалық тәрбие

есті, қиялды дамыту. -оқушының қабiлетiн - қызығушылығын дамыту

Білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Шет тілін ерте оқыту мәселелері Біздің елімізде білім беру жүйесі, мектеп үлкен өзгерістерге әзірленуде. Бүкіл әлемдегі өмір үрдісі жоғары қарқын алып, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс-ақпарат құралдары және адамның ақыл-ойына қол жеткізетін әдістер кез-келген қоғамның негізгі байлығы бола бастады.

Әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған 12 жылдық білім беру жүйесі біздің елімізде де енгізілмекші. Оқытудың бірінші сатысында 1-5 сыныптар болады, оқу жасы 6дан басталады. Бұл сатының мақсаты баланың тұлғалық қалыптасуын, біліктілік пен дағдыларды игеруін, оқу, жазу, санау әрекеттерін игеруін қалыптастыру. 1-5 сыныптарда тәжірибелі оқу жоспары сынақтан өткізілуде, 2ші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылуда. Сынақтың маңызды бағыттарының бірі оқудың жетістігін бағалау жүйесін енгізу және қалыптастыру.

Қазір біздің елімізде ағылшын тілі мектептер мен гимназияларда ерте жастан оқытылуда. Шет тілін ерте оқыту ерте жастағы оқушының психологиялық ерекшеліктеріне атап айтсақ, оның есі мен сөйлеу қабылетінің қалыптасуына негізделген. Шет тілін неғұрлым ерте оқытса, соғұрлым оның нәтижесі де жоғары болады. 5-9 жастағы баланың шет тілін игеру қабілеті өте жоғары болады. Бұл кезде бала өзге тілдің негізгі құбылыстарын көшіріп алатын ,есте ұзақ сақтайтын қабілетке ие, бұл қабілет «импринтинг» деп аталады. Бұл қабілет 10 жастан ары қарай жоғала бастайды. Сондықтан 9 жасқа дейінгі балада тілдің негізгі образын қалыптастырып үлгеру қажет. Осы жастағы баланың сөйлеу механизмін саз балшықпен салыстыруға болады. 9 жасқа дейін балада туған тілдің формасы қалыптасып үлгереді, бірақ ол әлі де жұмсақ, сондықтан оған басқа да форма беруге болады. 9 жастан кейінгі өзгерту өте қиынға түседі. Бұдан әрі қарай тек қайталау арқылы яғни «drills» арқылы үйретуге болады. Бұл әдіс 3-4; 5-6; 7-9 жастағы балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне , негізінен ес пен зейіннің қасиетіне, оның ішінде импринтинг пен ойынға негізделген.

Ерте оқытуды барлық педагог-зерттеушілер қолдамайды. Олардың айтуынша 1. шет тілін 1-2 сыныптан бастағанмен оның жоғары сыныптағы аптасына 1 сабақтан болуы ешқандай нәтиже бермейді. 2. осы жастағы баланың есі тұрақты болмайды, оқылған нәрсені тез ұмытады. Егер 1-5 сыныптарда апталық жүктемені ұлғайтса, әр сабақта практикалық дағды қалыптастырылса ғана жақсы нәтижеге жетуге болар еді. Аптасына шет тілі 3-4 сағат болса оқушыға қиын болуы мүмкін. Себебі бұл жаста бір тілде емес 3 тілді қатар меңгеруі қажет. 3. ерте жастан оқыту үшін шағын комплектілі мектеп пен бастауыш мектептің базасын ұлғайтып, жаңа бағдарлама жасау керек. Бұл мектептерде шет тілінің тәжірибелі

14

мұғалімдері болуы керек. Ал бұндай мектептер саны қаншама. Бұл үлкен жұмысты талап етеді.



Шет тілін ерте оқытпау керек деп шешім қабылдауға болмайды. Асығыс шешім қабылдамау үшін әуелі ерте оқытудың тарихын қарастыруымыз керек. Ерте оқыту проблемалары Ресейде 19 ғасырдан бастап көтерілді. Бұл проблемалар әлі күнге дейін нақты шешілген жоқ. Соңғы жылдары ерте оқытудың мүмкіндігі мен тиімділігін негіздеп, дәлелдеп берген ғылыми, практикалық зерттеулер пайда болды. 19 ғасырда Ресейде шет тілін балаға ерте үйрету кең тараған дәстүр болды. Осы кезде 3 тілді француз, неміс, ағылшын тілін білетін балаларды кездестіруге болатын еді. Ауқатты адамдар 5-7 жастағы балаларға шет тілін оқытатын. Ерте оқытуды педагогикалық қауым да қолдап отырды. Сол кезде жарияланған мақалалар ерте оқытудың пайдасы туралы жазды. Бірақ көптеген педагогтар ерте оқытуға қарсы болды. Сол кездегі ерте оқытуға қарсы болғандар ішінде атақты педагог К.Д.Ушинский де болды. Ерте оқыту тек ауқатты жанұя балаларына мүмкін болды, бұл прогрессивті педагогтардың қарсылығын туғызды. Шет тілін білу балалардың іріктелуін туғызды. Ана тілінің мәртебесі төмендеді, барлық шетелдік нәрсеге бас ию сезімі қалыптасты.

Қазіргі кезде шет тілі жалпы оқытылады, сондықтан жоғарыда айтылған факторлар болмайды деп есептеуіміз қажет. 19-20шы ғасырларда шет тілін гувернанткалар оқытты. Олар бала психологиясы мен педагогиканы білмейтін еді. Көптеген педагогтар шет тілінің ағартушылық маңызы аз деп бағалады. Төменгі сыныптарда тілдің жүйесі ғана оқылады деп есептелді. Шет тілінің дамытушылық маңызын академик Л.В.Щерба мен оның шәкірттері ашып берді. Дұрыс ұйымдастырылған шет тілінің дамытушылық маңызы логикалық ойлауды дамытуы, ойлау және сөйлеу бірліктерін қалыптастыру біліктілігін негіздеуден тұрады. Жоғарыда айтылған себептер шет тілін ерте оқытуға кедергі бола алмайды. Шетелдік психологтар В.Пенфельд, Р.Робертстің зерттеулері бойынша бала ересектерге қарағанда шет тілін тез үйренеді. Физиологтар мидың биологиялық сағаттары бар екенін ашты. 9 жасқа дейінгі бала жасы -шет тілін үйренудің ең ықтимал уақыты.

Баланың шет тілін үйрену әрекеті оның өмірінің маңызды бөлігі – ойын арқылы жүзеге асқанда өте нәтижелі болмақ.

3-6 жасқа дейін ойын әрекеті негізгі әрекет болады. Қазіргі кезде ерте жастағы оқушыда сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастырудың психологиялық шарттарын Е.И.Негневицкая өз еңбектерінде көрсетіп берді.

Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер ерте оқытуды саналылық принципі негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Еліктеу әрекеті саналылықпен ауыстыруы керек. Еліктеу шет тілін үйретудің бірден –бір жолы емес. Бала тілді саналы түрде меңгеруі керек. Бала шет тілін қарым – қатынас құралы ретінде тануы керек және оқытудың барлық компоненттерін осы негізде игеруі керек. 5-6 жастағы бала ана тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолданып күрделі мәселелерді шеше алады. Егер бала тілдік бірліктердің комуникативтік функцияларын түсініп, оны ана тілімен салыстыра алса, осы бірліктерді белсенді қолданған жағдайда жоғары нәтижеге жетуге болады. Ерте жаста кез-келген тілдік бірлік, дыбыстар, буындар, сөздер коммуникативті байланыс жасаудың құралдары бола алады. Бұл жаста қарапайым тілдік бірліктер коммуникативті байланыс жасауға өте жоғары мүмкіндіктер береді. Ойын - тек қана ұжымдық шара емес, ол оқытудың мақсаттарына жеткізетін тәсіл. Ол белгілі бір талаптарға сай болуы керек.

Ерте оқыту үшін мынадай жағдайлар болуы керек: 1. Шет тілін ерте оқытудың тиімді бағдарламасының болуы 2. Мектептің шет тілі мұғалімдерімен толық жабдықталуы 3. Оқу әрекетінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасының болуы 4. Оқу- әдістемелік комплектінің болуы

15

Оқу әдістемелік комплекті оқулық, мұғалім кітабы, жұмыс дәптері, аудио кассетадан тұрады. Педагогикалық кеңестің шешімімен шет тілінің апталық сағат саны белгіленеді.



Ерте оқытудың маңызды міндеттерінің бірі ерте оқыту әдістемесін жаңарту болып табылады. Сабақ үстінде мұғалімнің жеке сөйлеуі тілді үйретуге толық мүмкіндік бермейді. Сабақта қарым-қатынас екі жақты болуы керек. Баланың ақыл-ойы белсенді шығармашыл еркін түрде дамуы керек. Ерте жастан оқытатын мұғалім ОӘКінің теориялық негіздерін өте жақсы білуі керек. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен әзірленіп, ОӘКінің әдістемелік принциптерін есте ұстауы керек.

Әдістемені жақсы білетін, ерте жастағы оқушының психо-педагогикалық ерекшеліктерін білетін , соңғы оқыту технологияларын меңгерген мұғалім ған ерте оқытудың мақсаттарына жете алады.

Оқытудың жемісті болуы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мұғалімнің сабақты қызықты және әсерлі етіп өткізуіне байланысты болады. Әр сабақ әсерлі, оқыту әдістері әр түрлі болуы керек. Бұл жастағы оқушы бірсарындылықты ұнатпайды.

Бұл жастағы оқушы үшін ең маңызды нәрсе ойын. Ойын- оқушының қоршаған ортаны тану құралы. Мұғалім ойынға негізделген қуанышты әсерлі сабақтарды ұйымдастыру керек, бұл сабақтарда төмен баға немесе қатал талап болмауы керек.

Оқытудың бірінші жылының мақсаты шет тіліне деген қызығушылықты оятып, оны үйренуге үнемі ынталандыру.

Шет тілін оқытуды басқа тілдерді оқытумен байланыста қарау керек. Жалпы тілді дамыту – білім берудің негізі болып есептеледі.

Шет тілін оқытудың әр түрлі мазмұндық және ұйымдастыру формалары бар. Шет тілі пәні бастауыш сыныптарда жеке пән ретінде өтіледі. Сонымен бірге оны біріккен пән (ана тілі, қоршаған орта) т.б. ретінде де өткізуге болады. Шет елдерде біріккен сабақтар өткізу практикасы бар. Тіл тек тілдік пәндер емес, бар білімді сақтау мен ұрпақтан ұрпаққа тарату құралы, сол себепті оны барлық пәнмен байланыстыруға болады. Кез-келген білім белгілі бір тілдегі сөздер, сөйлем, мәтін арқылы беріледі. Тіл бар білім салалар арасындағы байланыс қызметін атқарады.

Шет тілін басқа пәндермен біріктіре отырып, мысалы, қоршаған орта, музыка, сурет, еңбек, біз әлеуметтік қарым-қатынастың бар түрін жүзеге асырамыз, ол пәндік мазмұн мен әлеуметтік негізде жүзеге асады. Сөздік үлгілерді өзге пәннің негізгі әрекеттерімен байланыстырамыз. Мысалы, оқушы сурет сала отырып, ағылшын тілінде өзінің не істеп жатқанын айтады. Шет тілін үйірмелік ,клубтық жұмыс түрінде қолдануға болады. Бұнда да сабақтың жиілігін сақтау керек.

Шет тілі жеке пән ретінде оқытылғанда да біз ана тіліне сүйенеміз. Екі тілді оқытуда да лингвистикалық, әдістемелік, елтанушылық байланыс сақталады. Бұл бағыттағы курстарды 1-2-3 сыныптардан бастауға болады. Шет тілін оқытудың уақыты оқыту жағдайларына байланысты. Сондықтан бастауыш мектепте шет тілін оқыту әр түрлі сыныптан басталуы мүмкін.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы шет тілін оқытудың басты міндеті- шет тілін төменгі сыныптан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі оқытудың біртұтас жүйесін жасау. Бұл жүйенің құрамына кіретін әр бөліктің өзіндік мақсат-міндеттері, оқытудың тәсілдері мен әдістері болуы керек. Бұл міндетті орындау үшін 6-8 жас аралығындағы оқушыларды шет тіліне оқытатын арнайы даярланған мұғалімдер қажет. Бұндай мұғалімдерді даярлау орта арнайы педагогикалық оқу орындарынан жаңа деңгейдегі мұғалімді даярлауды талап етеді. Сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындары мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институттарымен бірге отырып, мұғалімдерді қайта даярлауды ұйымдастыру керек. Мұғалімдерге шет тілін ерте оқытудың теориялық психологиялық және әдістемелік негіздерін үйретіп, әдістемелік материалдарды ғылыми анализ жасауға оқу әрекетін ұйымдастыру мен жүргізудің әдіс-тәсілдерін ұсынуы керек.

16

Шет тілін ерте оқыту жөнінде жүргізілген эксперименттен кейін мақсатқа жетудің басты кедергілері мыналар екені анықталды: 1. шет тілінің бастауыш сыныптарда заңды статусының болмауы 2. кадрлардың жетіспеуі. 3. сапалы ОӘК болмауы



12 жылдық білім жүйесіне көшу шет тілін 2-ші сыныптан бастап оқытуды талап етеді. Сондықтан алдағы уақытта шет тілін ерте оқытудың ең оңтайлы бағдарламалары таңдалып оқу әрекетіне енгізілуі тиіс.

Шет тілін ерте оқыту тілді еркін практикалық игеруге көмектеседі. Оның интеллектуалдық ,тәрбиелік, адамгершілік потенциалы да өте жоғары.



Сұрақтар: 1. Нелiктен әрбiр мұғалiм оқыту бағдарламасын толық бiлуi тиiс? 2. Орта және орталау мектептерiнде шет тiлiне оқыту қандай мақсаттарды көздейдi? 3. Шет тiлiне оқытудың үш мақсатының негiзгi мәнi неде? 4. Шет тілін ерте оқытудың маңызы қандай? 5. Шет тілін ерте оқыту баланың қандай ерекшелігіне негізделген?

Тапсырмалар: 1. Шет тiлiне оқыту бағдарламасын алып, оқыту мақсаттары бойынша толық танысып

шық. 2. Бағдарламаның түсiнiктемесiн қарап шығып, шет тiлiне оқытудың мақсаттарын анықта. 3. Өзiң сабақ беретiн сыныптардағы сөйлеу iс-әрекеттерiнiң сандық және сапалық

ерекшелiктерiн анықта 4. Осы тақырыпты оқып шыққаннан кейiн оқулықтан, мұғалiмге арналған оқулықпен т.б

танысып шық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет