Тәрбиелiк мақсаттар балалардың ағылшын тiлiн оқуға деген қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейдi.
Дамыту мақсаттары ағылшын тiлiн оқыту барысында балалардың ой- өрiсiн, сезiмдерiн, зейiнiн, фантазиясын, ерiк- жiгерiн, есте сақтау қабiлетiн, тiл қабiлеттерiн дамытуды көздейді.Балалар бiр- бiрiмен қарым- қатынас жасауға, өз бетiмен жұмыс жасауға, басқа оқушылардың жұмысын қадағалауға үйренедi.
Практикалық мақсаттароқушыларға ағылшын тiлiнде қарым – қатынас жасауды үйретуді көздейдi. Қарым-қатынас жасау үшін тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттерін жүзеге асыру қажет.