Психологиялық компонент. Оқытудың мазмұнын анықтау психология ғылымынсыз мүмкiн емес. Психология адамның iс – әрекетi мен оның қалыптасуын зерттейдi. Шетел тiлiнде сөйлеу де адамның iс – әрекетiнiң түрiне жатады. Сөйлеу әрекетiнiң құрылысын зерттейтiн ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Психолингвистика адамның сөйлеу әрекетiн зерттейді.Ол тыңдағанда және сөйлегенде пайда болатын iс- қимылды, ойлау әрекетi моделдерін зерттейдi. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесiнде қандай тiлдiк бiрлiктер қандай тәртiппен қатысады, тiлдiк жүйе қандай тәртiппен оқылады деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлеу процесiнде сөйлеу механизмi қалыптасады: тыңдау мен оқуда тiлдiк материал қабылданады: сөйлеу мен жазуда пайдаланылады.
Диалог, әңгiме, текстер тек сөйлеу әрекетi арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекетi - тiлдiк және сөйлеу материалын меңгеру оқу үрдісінің әр кезеңінде дағды мен бiлiктiлiк деңгейіне жеткізіліп отырғанда ғана жүзеге асырылады..
Дағды дегенiмiз- жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған iс- әрекеттiң бөлiгi. Мыс: Леонтьев А. А. сөйлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетiн айтады. Қарым - қатынас жасау үшiн тiлдiк дағды аздық етедi, ол үшiн тiлдiк бiлiктiлiк те қ. Тiлдiк бiлiктiлiк творчествалық iс-әрекетпен тығыз байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е. И. Пассов дағдыға- айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық , оқу және жазу дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар психологиялық компонентке- коммуникативтiк мақсат үшiн тiлдiк дағдысын және бiлiктiлікті пайдалана бiлу де жатады.
1. Лингвистикалық компонент: тiлдiк және сөйлеу материалы. 2. Психологиялық компонент: дағды мен бiлiктiлiктi қалыптастыру. 3.Методологиялық компонент: оқыту тәсiлдерiн игеру әдiстерi.
19
Ағылшын тiлiн оқыту мазмұнының компоненттерi.
Лингвистикалық Психологиялық Методологиялық
-оқушыларды сөйлеуден тiлге қарай үйрету -сөйлеу бiрлiктерi -тiлдiк бiрлiктерiн түсiну және қолдану
- тiлдiк дағды - тiлдiк бiлiктiлiк қалыптастыру
Оқушыларды оқытудың тиiмдi әдiстерi мен тәсiлдерiне үйрету
Оқушыларды оқытудың тиiмдi әдiстерi мен тәсiлдерiне үйрету
Сұрақтар:
1. Ағылшын тiлiн оқытудың мазмұны дегенiмiз не? 2. Оқытудың мазмұнының қандай түрлерiн бiлесiң? 3. Оқытудың мазмұнының негiзгi 3 компонентінiң айырмашылығы қандай? Тапсырмалар:
1. Қойылған сұрақтарға жауап бер. 2. Мұғалiмге арналған оқулықтың “Жоспарлау” бөлiмiмен танысып шығып, 3 сынып оқушылары қандай тiлдiк және сөйлеу материалдарын игеру керек екенiн анықта.
20
Достарыңызбен бөлісу: |