Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет43/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83
II тарау

Бастауыш сыныптарда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру



1.1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Қандай тiл болса да ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тiлдердiң негiзi – дыбыс. Ал сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөздi түсiну үшiн әуелi оны тыңдау керек. Ал сөздi дұрыс айта бiлу үйренушiнiң осы сөздi дұрыс тыңдай бiлуiмен тығыз байланысты. Тiлдi үйретудiң мақсаттарының бiрi үйренушiнi сөздi және таныс емес дыбыстарды тыңдай бiлуге үйрету. Сөздi тыңдау дегенiмiз – оның акустикалық формасын бiлу. Сондықтан сөздi айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мн бiлiктiлiгiн қалыптастыруда үлкен орын алады.

Сөздi айту оны тыңдап мен сөйлеуден тұрса, жазу сөздiң дыбыстарының графикалық белгiленуi.

Сөздi дұрыс айтпау оны түсiнбеуге әкелiп соғады. Егер сөздi айтушы сөздiң бiр дыбысын өзгертiп айтса, сөздiң мағынасы өзгередi. Мысалы: white – wide, eat –it, pot – port.

Мұғалiм сөздi дұрыс айтудың маңызын жақсы бiлуi керек. Әр тiлдiң өзiне тән дыбыстық жүйесi бар. Бұл ағылшын тiлiне де қатысты. Ағылшын тiлiнiң дыбыстары қазақ тiлiнiң дыбыстарымен бiрдей емес, бiрақ екi тiлде де ұқсас дыбыстар бар.

Ағылшын тiлiнiң мына дыбыстары айтуда қиындық туғызады: [w], [ð], [f], [ε„]. Сондай-ақ мынадай сөздердi months, cloths айтқанда [θs], дыбыстарының қосарланып келуi де айтуда қиындық туғызады. Ал [ ŋ ] дыбысы қазақ тiлiндегi [ ң ] дыбысының айтылуына ұқсас. Мысалы: English, think, song, sitting.

Ағылшын тiлiнде айтуға үйретуде негiз ретiнде ағылшын тiлiнiң әдеби айту нормалары алынады. Бұл әдеби норма – ол тiлдiң радиода, теледидарда, театрда, университеттерде, мектептерде қолданылатын түрi. Бiз оқушыларға ағылшын тiлiнiң осы түрiн оқытамыз. Бұл түрлердiң ерекшелiктерi мынадай:

1. анық ритмнiң сақталуы. 2. дыбыстардың анық айтылуы. 3. көмекшi етiстiктердi қысқартып пайдалану.

Сөздердi айтып үйренуде оқушылар ненi меңгеруi керек? Олар мыналар: 1. ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесi. 2. қазақ тiлi мен ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесiндегi айырмашылықтарды бiлу. 3. сөзге екпiн қоя бiлу, сөйлемге дұрыс әуен қоя бiлу, сөйлемдi дыбыс, интонациялық топтарға бөле бiлу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет