Ағылшын тiлiнде айтылған
сөйлемдi тек қана оның айтылуы, интонациясы дұрыс болғанда түсiнуге болады.
1.2.Ағылшын тiлi дыбыстарын оқыту Ағылшын тілінде 44
дыбыс бар, оның 20 –дауысты, 24 –дауыссыз.Ағылшын дауысты дыбыстары монофтонг және дифтонгтардан тұрады.
Ағылшын тілінің фонетикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан оны үйренушілер тілдің дыбыстық және интонациялық құрылымын оқып үйренгенде көптеген қиындықтарға кездеседі. Шетел тілін үйренушінің басты мақсаты – тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, дыбыстарды дұрыс айту және сол тілге тән интонациямен сөйлей білу.
Кез – келген тілдің дыбыстық құрылысының негізіне дыбыстар ( фонемалар) жүйеcі жатады. Фонема – тілдің ең кіші дыбыстық бірлігі. Ағылшын тілінде сөзді құрайтын дыбыстар мен әріптердің саны сәйкес келе бермейді. Бұл ағылшын тілі орфографиясын меңгерудегі басты қиындықтың бірі. Мысалы: daughter – қыз деген сөзде 8 әріп болса, 4 дыбыс қана бар. Ағылшын тілінде 44 дыбыс, 26 әріп бар.
Ағылшын тілінің дыбыстарын айтуды меңгеру үшін әуелі сөйлеу органдары мен олардың жұмысымен танысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: