Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет45/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Сөйлеу органдары. Сөйлеу органдары дегеніміз тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Дыбысты айту мүшелеріне ауыз, мұрын, тамақ және жұтқыншақ қатысады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.

Дыбысты айтқан кезде ауа ағыны әуелі: 1. тамақ қуысынан өтеді, онда 2. дауыс шымылдығы орналасқан.

Дыбысты айтқан кезде үн шығатын болса, ондай дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Дауысты дыбысты айтқанда дауыс шымылдығы бір – біріне жақындайды, бірақ қосылмайды, ауа ағыны дыбыс шымылдығын қозғалысқа келдіреді.

Дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде ауа ағыны толық кедергіге ұшырайды. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда үн мен шу қатар шығады. Тамақ қуысынан шыққан ауа ағыны көмкйге барады, содан кейін ауыз қуысына барады. Ауыз бен мұрын қуысы таңдай мен кішкентай тілше арқылы бөлініп тұрады.

Ауыз қуысындағы маңызды сөйлеу органдарының бірі – тіл. Тілдің негізгі бөлігі тілдің арқасы деп аталады. Дыбыстардың айтылуын дұрыс суреттеу үшін тілді мынадай бөліктерге шартты түрде бөлеміз: алдыңғы бөлік (9), тілдің ұшы (8), ортаңғы және артқы бөлік.

Тілдің жоғары шекарасы қатты (6) және жұмсақ таңдай, ол кішкене тілшемен аяқталады. Жоғары тістер мен қаттытаңдайдың арасында 5 альвеола деп аталатын төмпешіктер орналасқан. Сөйлеу органдарына ерін және тістер де жатады.

Жалпы сөйлеу органдарына дыбыстауға қатысатын органдарды жатқызады. Олар: 1/ дауыс шымылдығы, таңдай, ерін, тіл.

Белсенді емес дауыс органдары дыбыс жасауға тікелей қатыспайды, тек қана көмектеседі. Олар: тістер, альвеола, қатты таңдай.



Фонема. Әр тілдің дыбыстық құрамы белгілі бір дыбыстардың көлемінен құралады. Фонема – тілдің ең кіші, әрі қарай бөлінбейтін дыбыстың бөлшегі. Фонема дыбыстың барлық қасиеттерін біріктіретін абстрактылы ұғым. Фонема сөздердің дыбыстық құрамын анықтайды, сөздерді айыруға көмектеседі. Мысалы: тан – таң, sit – pit.

Фонема туралы айтқанда біз оны жеке дыбыс ретінде қарастырамыз. Бірақ сөз аяғында белгілі дыбыс бірдей айтылмайды. Дыбыстың өзгеруі сөздегі орнына қасындағы дыбыстарға және екпінге байланысты. Сондықтан дыбыс аллафондар түрінде қолданылады. Аллафон дегеніміз дыбыстың варианттары. Мыс: ма – мо.

Бірінші сөзде m дыбысы нейтральды, онан кейін а дыбысы тұр, ал екінші жағдайда [m] дыбысынан кейін еріндік о дыбысы тұр сондықтан м дыбысын айтқанда ерін де қатысады.

Транскрипция.

48


Дыбыстарды жазбаша белгілеу үшін фонетикалық транскрипцияның арнайы белгілері қолданылады. Ағылшын тілінде 26 әріп болса, 44 дыбыс бар. Олардың 20-сы дауысты дыбыс. Әріп арасындағы алшақтық әсіресе дауысты дыбыстарда болады. Мыс:6 дауысты әріпке – 20 дауысты дыбыс сәйкес келеді. Сондықтан әр түрлі орында тұрған әріп әр түрлі оқылады. Мыс: е әрпі ашық буында [I] болып оқылса жабық буында [e] болып оқылады.

Фонетикалық транскрипцияны жазу үшін фонетикалық шартты белгілер қолданылады. Олар квадратты жақшаға алынып жазылады. Фонетикалық транскрипция символдарын алғаш ұсынған француз фонетисті Пол Пасси.

Фонетикалық транскрипция да сөз дыбыстарының ұзақтығы дыбыстан кейін тұратын (:) белгісімен қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет