Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата15.03.2017
өлшемі440,59 Kb.
#9595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

43
сілекей
слюна
терек
тополь
табақ
большое круглое блюдо (для 
вареного мяса)
шайнайды
жуёт 
құлағыма
в уши
аула двор
көзі-басы іскен
перен. опухшая голова
қасық
ложка
өрт
пожар
несібе
доля, участь, судьба     
бозбала 
юноша, молодой парень
қара нардай күшті 
мужественный,  сильный как 
верблюд 
жауырын
1) лопатка, лопаточная кость, 
плечевая кость
шикі өкпе
недоросль, малолетний ребенок
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ҚАУҚАР
 зат. Əл, күш, қуат. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 164-
бет.
ИЮ-ҚИЮ
 зат. Азан-қазан, у да шу; шаң-шұң, айқай-ұйқай. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 497-бет.  
ЖАЛТАҚ
  сын. Ештеңеге батылы бармайтын қорқақ, жалтақ. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі.  3-т. 588-бет.
ДОДА-ДОДА
 үст. Тоз-тоз, түте-түте, ұйпа-тұйпа. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 3-т. 145-бет.
КƏПЕРСІЗ
 үст. сөйл. Қаперсіз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі4-т. 
525-бет.
ҚИЯНАТТА
 ет. Нақақтан кінəлау, айыптау, тіл тигізу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 6-т. 229-бет.
ЖЫЛТИ
 ет. Қылтиып көріну, жылтырау. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 4-т. 294-бет.

44
СҰРҚАЙ
 ауыс. Сүреңсіз, сұрықсыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
8-т. 397-бет.
КЕСПЕЛТЕК
 сын. 1. Жуантық келген қысқа, келте. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  4-т. 655-бет.
БӨСТЕК
 зат. Жүнін үстіне қаратып, теріден жасалған жұмсақ төсеніш 
(көрпе). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т.  431-бет.
ДҮҢКИ
 ет. Дөңкию, дүрдию. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  3-т. 
209-бет.
КҮҢКІЛДЕ
 ет 1. Ақырын сөйлеу, түсініксіздеу, естілер-естілмес етіп 
айту. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  5-т. 343-бет.
НƏУМЕЗ
 сын. диал. Ренішті, өкпелі, наразы. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі.  7-т. 337-бет.
ЫМЫРТ
 зат. Күн батқаннан оның қызылы тарағанға дейінгі аралық, 
ақшам мезгілі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т.  394-бет.
АТКӨПІР
 сын. Үйіліп-төгілген, шашылған, астан-кестен, ретсіз. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 1-т.  429-бет.
СЕЛКІЛДЕ
 ет. 1. Денесі селкіл қағу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
8-т. 260-бет.
ЖҰЛЫҚ
 зат. Аяқ киімнің басы мен табаны жалғасқан жері, жиегі. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 217-бет.
БҮЙІ
 зат. Құрғақ жерді мекендейтін өрмекші тəрізді улы жəндік. 
БҮЙІДЕЙ
 сын. Бүйі секілді. Бүйідей  тиді. Қыран жапқандай қылды,  
қырғидай тиді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 560-бет.
БАСПАЛА
 ет. 1. Бір нəрсені қалқалап жасырыну, бұғу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 2-т. 130-бет.
ТАҚА
 2  үст. Нақа,  нағыз, тура. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 8-т. 
548-бет.
ТЕСІК ӨКПЕ.
 Қиыншылықты көп көрген, көнбіс. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т. 139-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  СӨЗДІК
ШИКІ ӨКПЕ
 Жас бала (перзент) жөнінде айтылады.
ШИ БОРБАЙ (БҰТ)
 Жүдеу, терісі етіне жабысқан жас бала жөнінде 
айтылады. 
ҚОЛ САЛДЫ
  Іске  кірісті.
КӨЗ ТАЯ БЕРЕ // КӨЗІ ТАЙДЫ
 Назарын басқа жаққа аударды, көзін 
тасалады. 
ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИДЫ (ЖИНАДЫ)
 1. Есін жиды. 2. Шаруашылығы, 
тұрмысы түзеліп ықшамдалды, өзіне-өзі келді, бұрынғы қалпынан бір қос 
тəуір болып тəртіпке түсті, жақсарды. 

45
ҚҰРАҚ ҰШТЫ
  Тік тұрып қызмет етті, асты-үстіне түсіп бəйек болды.
ТӨБЕ ҚҰЙҚАМ ШЫМЫРЛАТТЫ
 Шошытты, қорқытты, үрейлен-
дірді; шошыды, тұла бойы түршікті,  зəресі ұшты.
ІЛІП АЛАР (-лық) ІСКЕ  АСАР (ЖАРАР, ТАРАТАР)
  Көзге түсерлік, 
кəдеге жарарлық. 
ЖАЛАҢ ҚАҚТЫ
   Қанағат етпеді, сумаңдады, ашқарақтанды. 
АШТАН ӨЛІП, КӨШТЕН ҚАЛМАЙДЫ
  Өз əлінше ішерлік-жерлігі 
бар, күн көріс жайы бар адам туралы айтылады. 
СҮЙЕГІН ƏЗЕР СҮЙРЕТТІ
  Жүйкеледі, болдырды. 
ҚАН ҚАҚСАТТЫ
 Зар жылатты, зар еңіретті. 
БҮЙІДЕЙ ТИДІ, БҮЙІ ТИГЕНДЕЙ ҚЫЛДЫ
 Қатты əлек салды, 
əлем-тапырығын шығарды, апшысын қуырды.
ТЕСІК ӨКПЕ
 Қиыншылықты көп көрген, көнбіс, кедей кісі. 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.  Иғаң бозбала шағында қандай адам болған?
2.  Ол  Ұлы Отан соғысына қатысқан ба?
3.  Иғаңның неше баласы бар?
4.  Иғаңның отбасының тұрмыс жағдайы қандай? 
5. Əйелі қандай адам болған?
6. Отбасында Иғаң өзін қалай ұстайды?
7. Иғаңның əйеліне, балаларына деген қарым-қатынасы қандай?
8. Дастархан басында Иғаң өзін қалай ұстайды? 
9.  Иғаңның үйі неге  картоп екпейді? 
10. Иғаңның баласы Серіктің құрдасы кім?
11. Құрдастары Иғаңа не үшін  асты-үстіне түсіп бəйек болады?
12. Бүкіл ауыл тіршілік қамымен жүргенде,  кім ұйықтап жататын еді?
13. Ол Серік құрдасының үйіне барғанда неге ыза болды? 
14. Иғаңның  үйінен Ораш неге қашып шықты?
ТАПСЫРМА
1.  Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3.  Əңгіме бойынша Иғаңның  мінезін, іс-қимылын суреттеп беріңіз. 
4.  Əңгімеден омоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
 

46
Үлгі: Арық, бар, жат, біз,  ....
                      
АРЫҚ  І–ІІ 
АРЫҚ  І
 зат. су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы.
АРЫҚ ІІ
 сын. семіз емес, еті қашқан, жүдеу.
5. Мына сөздерге мағынасы  қарама-қарсы (антоним) сөздерді та-
уып жазыңыз. 
АЗ –
ҰЗЫН –
АУЫРУ–
ТЕРІС –
КҮН –  
ЫСТЫҚ – 
ІШ – 
АШ – 
6. Əңгімеден синоним сөздерді тауып жазыңыз.
 
ҮЛГІ: 
 Қос, екі, пар
 Құрдас, құрбы, теңдес, қатарлас, жасты, жастас, тұрғылас.
7. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Иғаңның үйі қандай?
2. Иғаңның үйінде қандай мүліктер бар?
3. Ауыл шамы көпке дейін неге жанбайды?
4. Серік əкесін ұйқыдан қалай оятады?             

47
Оралхан  БӨКЕЙ 
Таңдамалы  шығармалар. 2-том. 
Алматы, 2003. -390 бет
БИҒАҢ 
Кезекті демалысымды алып, ауылға келе жаттым. Сонымен, Ал-
матыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өскеменнің аэропор-
тына қонғанымызда, күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ығы-жығы 
халық тым көп екен – біреуді-біреу біліп болмайтын қайшыласқан 
ел. Аэропорттың іші қапырық, адам иісі – терден тұншығып өліп 
кете жаздайсың. Таңертеңгілік салқынтымда осындай, қолқаны 
қа бар тымырсық күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп 
ой лап тұр едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде 
күл кісі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт қара  -
сам – Биғаң, кəдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сотталып, екі 
жыл дай отырып, есен-сау оралған Биғаң; біздің ауылдағы орыстан 
келіншек алып, одан он бір бала сүйіп отырған Биғаң; жылына екі-ақ 
ай жұмыс істеп (онда да тек жаз айында, пішеншілерге аспазшы бо-
латын), қалған күндері қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде 
балыққа ау құрып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, 
дүние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуа-
нышын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Биғаң; «Мына 
Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң білесіңдер», – деп, секек 
қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үлкен кісі болып, құйрық басып 
бес минут отыра алмайтын Биғаң... Биғаң... Биғаң.
– Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Шөкең 
ғой, – деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ыңғайсыздау 
тұ рып қалған екенмін, амандасып  қол бердім. Ал ол алақанын 
ұсынбады.
– Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, – деді. 
Бəрібір сенген жоқпын, ол кісінің əр нəрсені əдейі қырсықтанып 
істейтінін бала жастан білетінмін.
–  Денсаулығың қалай, аға? – дедім.
– Шүкір, – деді тықыршып, – Қара сиырдың қамы... бала-
шағаның наны...
– Балаларыңыз сол баяғы...

48
– Иə, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан əрі жылжымай тұр.
Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті тиынның 
ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да, маған:
– Қашан келдің? – деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, менің жауа-
бымды күтпестен:
– Таңдайымда бір жабысқақ шөл бар, ағайын, – деді. Мен 
түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ретінде 
екеуміз де өп-өтірік күлдік.
...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судак ұсынып едім, 
жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де: «Привычка ғой», – деп, 
столдың шетіне қойған тұзды қолтығына қайта қысты. Менің екі 
көзім, есіл-дертім сол бір қорап жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай 
алмайтын болған соң:
– Биға, – дедім.
– Шөкең, тыңдап тұр, – деп кеудесін қақты. Əй, азаматым-ай, да-
мылдай алмай тықыршып тұр.
– Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па?
– Неге, толып жатыр.
– Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?..
– Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің. Бұл – 
Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұңғыш қызы осы 
қалада тұрмыста. Өзің білесің, Шөкең сол үлкен қызы сырқаттанып 
қалды деген соң, соған барып, міне, қайтқалы айрплан тосып тұр; 
өзің білесің, Шөкеңнің он бір баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты 
түске дейін істейді, түстен кейін аштан өлсе де істемейді. Нинаның, 
жеңгеңді айтамын, бала оқытып алатын айлығы мені қосқанда он екі 
балаға жете ме? Жетпейді. Кəмпит сатып алуға тиыны құрғыр жоқ 
болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы тойдыра аласың ба? Па-
палап алдымнан шыққанда, ұялып қалмаймын деп, тым болмағанда 
ауыздарының дəмін алсын деп, бір пашка тұз сатып алдым, əйтеуір, 
қаладан алдым ғой... (есінеді).
Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бардық. 
Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп, өткен жазда Мыл-
тық  қарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі метр жылан ұстап 
алғандығын, содан соң оның аузынан жел үрлеп шермитіп, қалай 
жарып жібергендерін ертегі-жыр ғып айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң 
əңгіме айтқанда кішкентай балалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, 
«бəлем бар ғой, иə», «ана бар ғой, иə», «құдайға анық», «сенбесең 

49
пəленшелерден сұра», тіпті оқта-текте қызып кетіп, «тошно пио-
нерлік сөзім» деп тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен.
– Ей, Ораш-ай, – деді автобус ауылдың шетіне ілінгенде, – Біз не 
көрмедік, баяғыда бір əйел айтқан екен: «мен не көрмедім, қасқыр да 
қамады, Байсал да (байы ғой) сабады» деп. – Ал енді, құда бала, сау 
бол, – деді Биғаң қолын ұсынып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі 
«беті-қолымды жумаған едім» деген сөзі есіме түскен.
Өз үйім – өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бергенім сол еді, 
біздің сықырлауық есік ашылып, əлдекім кірді. Даусын естіп жатыр-
мын.
– Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма?
– Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады.
– Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай.
– Ой, саудайы, – деді шешем, – кеміріп, жеп түсіріп тастаса да 
күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кептірмей.
Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай келіп 
қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді.
– Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апырай, құдағи-ай, 
ұлыңның келгенін айтпай, дəтіңіз қалай шыдап отыр.
– Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім.
– Қайдан көрейін, Өскеменнен жаңа келдім.
– Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы.
– Басқа рейспен ұшқан шығар, – деген Биғаң маған қарап көзін 
қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы əлі жүр екен, тегі, үйіне 
бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен осы шығар дегендей, 
үлкен қырлы стақанды шөпілдете құйған арақты алдына қойды. 
Биғаң сасқалақтаған болды.
– Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің...
– Жə, бұлданбай іше сал, – деді шешем. Суық ет əкелді.
– Мені бір ішкіш олайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей қою қолдан 
келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы. (Стақанды қолының сыртымен ары 
ысырып қойды). Ал татпадым. Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы 
су, (араққа қарап ернін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей 
қойды, қылатыныңды қылып ал. Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең 
қандай шыдамды, (екі алақанымен санын шапалақтады) ура, Шөкең 
арақ албастыны жеңді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы. Ал, құдағи, 
бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жасаңыз, Шөкең арақты 
мүлдем қоя алады екен. (Стақанға қарап тағы ежірейді). Əкеңнің... 
4–1151

50
көзі көгеріп кісіге қарайды-ей өзі. Қарашы, қылмыңдауын, пішту, 
оныңнан түк шықпайды, сайқал, ырбаңдама, бəрібір менсінбеймін 
(екі көзін тас қылып жұмып алды), мə, саған керек болса, көрмей 
қояйын бəлем.
– Биғаш-ау, əкем, – деді шешем, – өз-өзіңді қинап қайтесің.
– Əне, өстіп зорлайсыңдар енді, – көзін ашып жіберді. – Деген-
мен, осы ит маған жағатын секілді.
– Стақанды ақырын ғана алып алдына қойды. Сипалап отырып:
– Құдағи айтыңызшы. Шөкең ішіп мас болып, көшеде құлап 
қалғанын көрдіңіз бе?
– Көргем жоқ.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен төбелескенін, 
не болмаса əйелін, бала-шағасын сабады дегенді естідіңіз бе?
– Естіген жоқпын.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды дегенді естідіңіз 
бе?
– Жоқ, құдай. Денсаулығың əзірше жақсы ғой.
– Олай болса, құдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып, ішім-
дікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл.
– Көрген жоқпын.
– Ендеше, құдағи, айтыңызшы.
– Жетер, – деді «құдағи» аса бір қажыспен, – шаршадым, 
шаршаттың...
– Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін.
Стақанды аузына апара берді де:
– Əй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, – деп, тағы да кейінірек 
апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін тіреп, анау 
мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай.
–  Ішсең де, ішпесең де өзің біл, – деп, шешем орнынан тұрып 
кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне əрі таңданып, əрі аяй қарадым. 
«Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен» деп ойлаймын.
– Жоқ, – деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жүгіріп 
келді.
– Не болды? Шошып кеттім ғой, түге.
– Бұл ит, ақаңды айтам, маған жағады екен. Ішпесе болмас.
Қырлы стақанды жалғыз-ақ төңкеріп ұрттады да, аузында 
қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт-сұрт шыға 
жөнелді.

51
–Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жіберді ғой, – 
деп, шешем сылқ етіп отыра кетті.
Мен де жіпсіп, əлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім.
Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым тұз беріп 
жіберіпті. Қаладан əкелген дəм ғой..
51-56-Б.
Сөздік
аспазшы
повар                                               
кезекті
очередной
тым ерте
очень рано
ығы-жығы
масса, толпа, множество (людей)
біреуді-біреу
кто-то кого-то                                       
қайшыласқан
сталкиваться при встрече (на 
дороге)
қапырық
духота, спертость воздуха
тер
пот
тұншығып
задыхаясь
қолқа
аорта
тымырсық күн
душный день                     
бүйірімнен
по боку
жалт қарасам
быстро взглянул, оглянулся
пішеншілер
косари
тұзақ
ловушка
ау
сеть
саспайтын
спокойный, хладнокровный 
қайғы
печаль, горе
қуаныш
радость                                                  
қадір
уважение, почет, авторитет, до-
стоинство
құда
сват
тынымсыз
беспокойный

52
алақан
ладонь  
əдейі нарочно
қырсықтанып
упрямствуя,  капризничая 
қолтығына
в подмышки
ас тұзы 
поваренная соль, столовая соль
ыңғайлырақ
удобнее                           
есінеді зевнул, 
зазевал
шөл жажда
өп-өтірік  күлдік
фальшиво,  лживо  засмеялись                                          
жеңі
рукава
столдың шеті
край стола
суық
холодный
есіл-дертім
все мои мысли
кеуде(сін )
грудь, передняя верхняя часть 
тела, бюст (до пояса)
тұңғыш
первенец
тұрмыста
замужем
ұялып қалмайын деп
чтобы не было неудобно
ауыздарының дəмін алсын деп
чтобы попробовали
ішек-сіле
мяться до упаду, до слез, до 
икоты
ұзындығы
длина
жылан
змея
жел
ветер
ерекшелігі
особенность
көзі жайнап
глаза загорев
тамсанып
довольствуясь
шеті край
қасқыр
волк
жымидым 
слегка улыбнулся (не разжимая 
губ и выражая удовольствие) 

53
таңертеңгі
утренний                             
сықырлауық  есік
скрипучая дверь
күн бұлттанса
если будет облачно // пасмурно
зар қақсатады 
ломит, болят (кости)
төргі бөлме
гостиная (почетная комната)
сүйінші
этн. сүюнши! («радость-то какая!» 
-возглас, предшествующий
сообщению  радостной вести).
арқылы
через
көзін қысты
подмигнул
қырлы стақан
граненый стакан
сасқалақтаған  болды
сделал растерянный (потерян-
ный) вид
бұлданбай
не зазнавайся, не важничай
ұрттамадым
не попробовал                          
менсінбей қойды
не признал,  пренебрёг
шыдамды 
терпеливый, выносливый, вы-
держанный (о человеке)
алақан
ладонь
албасты
1.миф. албасты (демоническое 
существа в образ женщины яко-
бы вреящее роженице) 
2. перен. противный, мерзкий
бүкіл
весь                                        
жар
уст. весть, извещение, клич, 
объявление
той
той (праздник)
мүлдем
совершенно, совсем, вообще
қылмыңдау
1. кокетничать, манерничать, 
жеманиться
2. угодничать, лебезить, ломать-
ся (перед кем-л.)

54
сайқал
перен. обманчивый 
ырбаңдама
не кокетничай, не улыбайся
құдағи
сватья, сваха, мать (или пожи-
лая родственница)  одного из 
супругов по отношению к роди-
телям другого супруга
мас пьяный
бала-шаға
семья, очаг
шаршадым
устал
кейінірек  апарып қойды
положил подальше
мөлдіреген арақ
прозрачная водка
мөлиіп қарады
смотрел жалостно, с мольбой
таңданып аяй қарадым
смотрел с удивлением и жало-
стью
саңқ етіп
производить резкий звук  (одно-
кратно)       
оқыс
неожиданно        
ұрт
щека, щеки
маңдай лоб
отыра кетті
уселся
жіпсіп
слегка вспотел
дəм
пища, еда
ұсынбады
не предложил
бəле беда, 
несчастье
ішімдік
спиртное 
қақсау
ныть, сильно болеть
елең-алаң
перед рассветом
өз үйім, өлең төсегім
свой дом – своя колыбель
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
АРҚАН
 зат. Кендірден, қылдан ескен ұзын жіп.

55
АРҚАН БОЙЫ
 Арқанның ұзындығындай жер. Күн арқан бойы 
көтерілді. Күннің сəл ғана жоғары көтерілуі. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 1-т.  329-бет.
ДҮНИЕ
 ар. зат. 1. Өмір, тіршілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 
204-бет.
ҚЫРСЫҚТАН
 ет. Қыңырлану, қырсығу. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 7-т. 10-бет.
ШЕРМИ
 ет. Қарны қампиып шығып тұру. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 10-т. 203-бет.
ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ
 зат. Жауын-шашын аз болушылық, қуаңшылық. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 508-бет.
ПІШТУ
 од. Менсінбегендікті, жақтырмағандықты білдіретін ишарат 
сөз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  37-бет.
САЛЫН
 ет. 1. ыр. етіс. Салын. 2. Бір нəрсенің соңына түсіп шұғылдану, 
соған берілу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  138-бет.
ШЫМШЫМ:
 бір шымшым. Бір шөкім, кішкентай ғана. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 10-т.  336-бет.
ҚҰШЫРЛАН
 ет. 1. Құмарын тарқату, айызын қандыру. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 6-т. 539-бет.
САППАС
 сын. Жалықпай үнемі бірдемені діттеп жүретін. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  164-бет.
КЕНЕЗЕ
 зат. Жердің үстіңгі қабаты, қыртысы. Кенезесі кепті. Қатты 
шөлдеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т.  608-бет.
ДƏТ.
 ар. зат. Шыдам, төзім, сабыр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
3-т. 86-бет. 
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ЗАР ҚАҚСАТАДЫ
      Сай-сүйегі сырқырап ауырды. 
ІЗІ СУЫМАДЫ
           Болғанына ұзақ уақыт өтпеді, бір сəт өтпеді. 
КӨКЕЙІН ТЕСТІ
 Жан-тəнімен арман етті, тым құмартты.
ДҮНИЕ ӨРТЕНІП БАРА ЖАТСА ДА ...
 Қандай ауырлыққа, қиыншы-
лыққа тап болса да. 
ҚАДІРІН БІЛДІ
 Жақсылығын бағалай алды, қасиетін түсінді.  
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.

56
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ораш аэропортта кімді кездестіреді?
2. Аэропорттың іші қандай?
3. Биғаңның неше баласы бар?
4. Биғаңның əйелі кім?
5. Ол қанша жылға сотталған?
6. Биғаң жаз кезінде қандай жұмыс істеген?
7. Биғаң қандай адам болған?
8. Ол балаларына қаладан не сатып алды?
9. Биғаңның не сатып алуға ақшасы болмады?
10. Биғаң жол бойы Орашқа қандай əңгіме айтты?
11. Оның əңгімелері не жайында болды?
12. Биғаң əңгіме айтқанда қайтеді?
13. Ораштың үйіне кім келді?
14. Биғаң Ораштың үйіне не үшін келді?
15. Биғаң қаладан əкелген дəмді  кімнен беріп жіберді? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет