Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4.19 Kb.

бет5/14
Дата15.03.2017
өлшемі4.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Биғаңның мінез-құлқын суреттеп беріңіз.
4. Əңгімеден төмендегі сөздерге қарама-қарсы сөздер тауып жа-
зың ыз. 
КЕШ  – 
ТҮН – 
АЗ – 
ҚЫС – 
ҚУАНЫШ – 
ЖАҚСЫ – 
ЫСТЫҚ – 
КЕНЖЕ – 
КІШІ – 
5. Əңгімеден омоним сөздерді тауып жазыңыз.
Үлгі: ау, дəм, жар, жаз, ... 

57
АУ  І – ІV
АУ І 
 зат. шалбардың, сымның, іш киімнің екі балағының түйіскен жері. 
АУ ІІ
 ет. қисаю, ауытқу, көліктің қапталына я бауырына түсу. 
АУ ІІІ
  зат. балық ұстайтын үлкен тор, сүзгі.
АУ ІV
 од. Дауыстау, шақыру, дыбыс беру кезінде айтылатын ишарат сөз. 
6.  Əңгімеден синоним  сөздерді табыңыз.
 
Үлгі: 
• екі, қос, пар.
 пішеншілер, шөпшілер.
 ұшып тұру, атып тұру, қарғып тұру.

58
Оралхан  БӨКЕЙ
Таңдамалы  шығармалар. 2-том. 
Алматы, 2003. -390 бет.
КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ 
Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. 
Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айырылған. 
Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай 
батып, судай сіңіп кеткен. Əйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, 
одан үш-төрт немересі жəне бар. Ертеден қара кешке дейін есік 
көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпəш-
тің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны 
жақтыра қоймайтын. Бірақ сұмақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап 
салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ əйел. Тек біреудің үйінде жаңалық 
болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей 
отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық – Күлпəштің жан жолдасы, түнде 
басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шо-
шайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне 
дəл түсетін əдеті бары рас. Жұрт Күлпəштің осы мінезінен зəрезап 
болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, 
бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузыңа енді ала берген 
асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды – атаң болса да 
жақтырасың ба, тəйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың 
теріс қабағын Күлпəш кəперіне де алмайтын. Салдырлап əңгімесін 
айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп 
өз асыңды өзіңе тықпалайтын: тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, 
көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.
Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ 
болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақ жатқан дала ақ 
көрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне 
иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле, алғашқы қар қалыңдығына қара-
май жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш 
күрек алып əрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық берме-

59
ген соң, тастағанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай  тұтасқан 
қар ептеп еріп, тамылжи соғады. Айналаңа, əсіресе күн шы ғар жаққа 
қарай алмай ұяласың, көз қарығады. Қолтығына қыс қан қалайы 
аяғы – ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусырынған Күлпəш үйінен 
асығыс шығып, бізге қарай қаздаңдай құлдады. Жақындай бере, 
одан бұрынырақ үйге сып етіп еніп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр 
екен, іле-шала будақ-будақ бу алып Күлпəш та кірді. Кіре бере «алла, 
белім» деп, табалдырыққа жалп ете түскені. Əлгінде ғана сайрап, 
есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған шешем, ол да 
сап етіп шекесін ұстап, «алла, басым» деп зарлай жөнелгені. Мен 
аң-таңмын, екі əйел еселесіп, бірсыпыра ыңқылдады-ай... Күлпəш 
көзінің астымен ақырын ұрлана шешеме қарайды да, өзінше зор 
шыққанына шындап көзі жетті білем, жылжып, «аллалай» дастар-
қанға жақындады.
– Саумысың, Күлия? – деді жарамсақтана.
– Ауырып қалғанбысың?
– Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпəш. Бір үйдегі – бір кісі 
болған соң, сүйретіліп тұрасың.
– Мен де сол, əйтеуір, өлмеген соң, балаларға бас-көз болып 
жүрген. Екі күн болды, белден шойырылғалы.
– Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап.
– Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бəтір. Бес күннен бері екі тізем 
қақсайды.
– Он күннен бері оң иығым шағатын болып жүр.
– Бір ай болды, екі аяғым кеміріп жатыр-ау, жеп жатыр...
– Былтырдан бері, құданың құдіреті, екі көзім бұлдырлап 
көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп су қараңғы соқыр болып...
– Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құлағым тарс 
бітіп қалады.
Ендігі сəтте шешем де, Күлпəш та ауруларын ұмытып, құла шай-
ды сораптай ұрттап, ұзақ сонар əңгімеге көшкен. Ал мен аң-таңмын...
– Е-е, замандас-ай, – деп күрсінді Күлпəш. Шалың бар сен 
осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жанымыз шыдап 
жүр десеңші. Жүрген ғой, əйтеуір, өлейін десе, қол тимей... Е... е...
– Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауыра-
ды ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. – Шешем төргі 
бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан əкем жаққа мойнын 
соза қарап қойды. Содан соң маған:

60
– Есікті жаба салшы, – деді. Əңгімемізді естіп қояр ма деп 
сезіктенді білем.
– Е, сөйт, балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, – деп қайталады 
Күлпəш. – Жүзіқара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, – деп шешемнің ұмыт 
қалдырған шаруасын жəне есіне салды.
– Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, – деді шешем. – 
Қазір қойғанымды қазір ұмытамын.
– Мен де ұмытшақпын-ей, – деді Күлпəш. – Əнеукүні Шəкендер-
дікі ет асқан екен, барайын деп тұрып, қара басып ұйықтап қалыппын.
– Кеше соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отыра-
мыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық.
– Не дейді!.. Күлпəш қайран қалып таңданды. – Айттым ғой, 
кейінгі кезде ес-ақылдан айырылып жүрмін деп. Айта салғанды да 
біл мейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараң-
данып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің... 
дəметіп.
– Алла, басым! – деп, шешем əңгіменің ауанын бұзып жіберді.
– Алла, белім! – деді Күлпəш. – Көп отырып қалдым-ау, сенімен 
əңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп, 
алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқалып жүр, албасты, 
қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер.
– Біздің қоңыр сиыр ерте суалып барады. Өзі үш емшек, өзің 
білесің, бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шөбін алдына төгіп отырған 
біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шайлық сүт əрең шығады. 
Сенің ұлың қойда ғой, анда-санда біздің үйге де бір қапшық жем 
əкеп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, –  деп, тостағандағы шайға 
қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпəш үңіліп қарады да:
– Е, мынауың көп сүт, – деді шімірікпей.
– Көп сүт болса, аузымнан жырып саған-ақ бердім, – деп, 
барлығын Күлпəштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан 
соң өзі үлкен бір мəрттік жасағандай замандасына риза көзбен 
күлімсірей қарады.
– Рақмет, Күлия! – деді ол қош көңілмен шығып бара жатып. 
Ұлыңның қызығын көр, алла белім, аяғымды бастырмайды, 
сүйретіліп қашан жетер екенмін...
Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып безіп бара 
жатқан Күлпəшті көрдім.
– Ораш, – деді шешем, – шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді, 
алып келші.

61
Мен аң-таңмын.
Ер жетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда-санда ғана 
қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті əлі бұзыла қойған жоқ. Əрине, 
алыстан жолаушы келген соң мал сояды, амандасуға ағайын-туған 
жиналады. Сондай бірінен соң бірі сабылып жатар ауылдастарымның 
ортасынан ең əуелі іздейтінім – ұршық иіріп отыратын Күлпəш еді. 
Шешемнен амандығын алғашқы сұрарым да сол кісі.
– Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой, əйтеуір, жеті күн – 
жерден, жеті күн – елден жеп. – Шешемнің бұл сөзі зілсіз, ешбір 
кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені баяғыда мал сойса, 
Күлпəштан қулығын асырып ым-жымын көрсетпей қоятын да, егер 
келмей қалса: «Əлгі қатын қайда жүр, ауырып қалған жоқ па?» – деп, 
елегізіп іздеп отырар еді. Сыбағасын сақтап, бөлек алып қоятын.
Ауылға оқта-текте бара қалсақ, «туған жердің келбеті-ай, ауасын-
ай» деп тамсанып, күні кеше ғана қашқандай болып, екі қолыңды 
төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп-өтірік 
таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды əдетіміз бар ғой. Сондай 
əрі жалған, əрі монтаны мінез маған да жұққан-ды. Тыртиған трико 
киіп, қырыққан серке бұттанып, маң-маң баса өзен жаққа беттедім. 
Бұқтырма барған сайын молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін 
кеңейтіп келеді екен. Су алатын жарбақтың жиегінде екі шелекті 
төңкеріп тастап, ұршық иіріп Күлпəш отыр. Кішкентай немересі 
құмнан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп, орнынан лып етіп тұрып 
қарсы жүрді.
–Үйбай-оу, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені-қарның 
сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жасап жатыр екен ғой. 
Жүзіқара, əбден қуланып алған, мен тіпті ауыл үй отырып сезбей 
қалдым.
Бетімнен сүйді.
– Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдырамын деп азып 
кетіпсің. Біздің ұл шұжықтай... Иə, оқуыңды қашан бітіресің? Онын-
шыдан соң оныншы класқа мұғалім боп жүргендер көп қой. Бітпейтін 
неме болса қайтып келсеңші, жаман əкеңді жалғызсыратпай.
– Оқуымды əлдеқашан тауысқанмын, шеше.
– Енді неғып қайтпайсың?
– Қалада қызмет істеймін. 
– Қызметті қайтесің. Жаман əкең отын-шөбін жеткізе алмай, 
біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті. Трактордың 

62
құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес. 
Қалада да қарап жүрмейтін шығар.
Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракторист, 
не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опынған едім... Əкем 
қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы нашар, шаруасының қиюы 
қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін, қаладан отын-шөп жіберетін 
емес...
Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде, самбыр-
лай сөйлеп Күлпəш кірді.
– Ей, қатын, – деді шешеме айбындап. – Неге қуанбайсың? Жа-
ман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май ішкен мысықтай, екі 
көзіңді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой. Ұлыңның келгенін неге 
айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың емес, күні кеше мұрнынан сығып 
алған менің де балам. Балам болмаса – баламның жан жолдасы, 
күні кеше тай-құлындай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай 
жылбысқаланып, Орашыңның əкелген сəлем-сауқатын жалғыз өзің 
жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы – қызылымыз бен жазғы – 
ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Баяғыда біреу: «Ауыл үй 
қонсақ қоналық, бірақ аяқ-табақ араластырмайық» деген екен. Отыз 
жыл оттас болған көршінің қақысынан қиын не бар бұл жалғанда. 
Ұлың қайда? (Мені жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-
тамтығын қалдырмай сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, 
шөлімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұрынғыдай 
емес, толып, азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп, əке-шешеңді 
асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз жоқ. Əлгі біздің жа-
ман ұл май-май болып, темір итаяғының астынан бір шықпайды, 
жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын əкеліп жатқан ол емес, «апа, 
бересілі болдым» деп, ашқарақ сиырдай мөңіреп тұрғаны. «Аласы-
сы» қашан, ит біле ме? Неге ауыздарыңды аңқайтып қалдыңдар, ет 
жесеңдерші. Ей, шал, жамбастың етін азайтып маған берші, – деп, 
салалы саусақтарын табаққа тарбайта салды.
Мен аң-таңмын.
Əкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал ше-
шем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң тамағын кенеп сөз 
бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей...
– Əй, Күлпəш, сен өйтіп бастырмалатпа. «Жуас түйе жүндеуге 
жақсы» деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ, көзіңнен 
шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суыма жетіп, есімді 

63
шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайыңды ал, бірдемесін өткізіп 
қойғандай, ер-тоқымыңды бауырыңа алып тулағаның неткенің. Боз-
талдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғына 
бас ұрғанда, төгіп-шашып əрең əкелмеп пе еді ала көз ұлың, онда 
да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай, 
трактормен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басыңда бес 
ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бетпақтанып міз бақтың 
ба?.. Енді келіп, екі иығыңды жұлып жеп, тамағымнан тас өткізіп, 
отымның басын сабалайсың... Əдірем қал...
– Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің келіп, кердең-
дейсің келіп...
Мен орнымнан тұрып кеттім. Əкем: «Жетті енді, желіге 
бермеңдер!» – деп, зекіп еді, екеуі... бірдей жым болды.
Сүт пісірім уақыттан кейін, жайдары жарасып, маңдайлары 
жіпсіп, шай ішіп отырды. Ұзақ бір əңгімеге кеткен. Бір-біріне аса 
риза көңілмен рақаттана күледі.
– Сен қатын да қайдағыны білесің,– деді Күлпəш құла шайды сорап-
тай түсіп. – Шалыңның қолын қағып көргем жоқ, сен де кеңсің ғой.
– Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, – деді шешем. 
Екеуі тағы күлді. Мен аң-таңмын.
– Осы, Күлия, сен əлгі жоғалған шелегіңді таптың ба? – деді 
Күлпəш.
– Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой.
– Құлағыңды бері жақындатшы. – Сыбырлап сөйледі. – Тірі 
адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Сенің шелегіңді 
мен бір үйден көрдім.
– Қойшы əрі, рас па?
– Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңнің бүйірінде 
кішкене майысқаны бар еді ғой.
– Дəл өзі.
–  Ендеше, сол шелек біздің үйде, Мағыштың сеңкесінде керосин 
құюлы тұр екен, танып алып келдім. Тегінде, осы ауылдың бары мен 
жоғын менен сұра.
Шешем Күлпəшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қолтығына 
қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сүйектен жонып 
істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатты.
Өте əділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өткен бүгінгі 
кеңес келесі күні басқаша сипат алған.

64
Етті асып жеп алған Күлпəш ұршығын сұратып жіберіпті...
Мен аң-таңмын.  
86-93-Б.
Сөздік
ұршық  
веретено
хабар-ошарсыз
без вести
түтін
дым
қыр жағында
бок
жым-жырт
тихий, безмолвный, безвучный 
// абсолютно тихо, совершенно 
безмолвно, тихо
тастай батып, судай сің
укорениться, обосноваться 
(букв. Утонуть как камень, впи-
таться как вода).
немере
внук   
тулақ
тулак (высушенная шкура 
домашнего  животного, употре-
бляемая как  подстилка и для 
взбивания шерсти)
қыдырмашы
гулёна 
сумақайлығы жоқ
нехитрый, добродушный
айтақшыл
без  подстрекательства 
шынтақ
локоть
теріс қабағын
хмурые брови
кекіре тойып шығып
наевшись досыта
жүгіріп кетер еді
побежал бы
көз қарығу
ослепление отраженным от сне-
га светом
қалайы
олово // оловянный 
табалдырық
порог, лестница 
сүйретіліп тұрасың
перен. еле стойшь, еле дышишь

65
көзім бұлдырлап
глаза помутнев
жесір
вдова 
албасты
1. миф. албасты (демоническое 
существо в образе женщины
якобы вредящее роженице)
2. перен. противный, мерзкий 
шімірікпей
не дрогнув, не постыдившись
мəрт(-тік)
щедрый
мес
кожаный бурдюк (из цельной 
шкуры козла для хранения ку-
мыса или айрана) 
көзайым бол
радоваться встрече (с тем, кого 
сильно, долго ждал)
жүдеу
исхудание, изнурение, отоща-
ние
ауыздарыңды
разиньте рот
аңқайтып қалыңдар 
(разинув рот)
тізе
колено 
иық плечо
соқыр
слепой
замандас
ровесник, сверстник
сараңданып
жадничая
зілсіз
без умысла
тыртиған
севшая, сморщенная
жамбас
тазовая кость
сазару
мрачнеть
сыбаға
доля,  часть. в чем-л. опреде-
ленная кому-л.
тəйірі
недовольство, пренебрежение 
төбеңе
на голову
бұқтырма
засада
жым болды
утихомирился, замолчал
5–1151

66
əуелі
сначала 
жарбақ
лесть
жалп ете түскені
упал навзничь
ыңқылдады-ай
застонал
құлағым тарс бітіп қалды
уши оглохли // уши заложило
үңіліп қарады
уставился
қотара құйып бере салды
опрокинул (налил опрокидывая  
посуду)  
    
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
АҚАРЛЫ-ШАҚАРЛЫ
 сын. Жанды-жақты, өсіп-өнген. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 1-т.  138-бет.
ТАСТАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢДІ.
 Басқа елге(жерге) араласып, сіңіп 
кетті. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  9-т.  46-бет.
СОЗАҚТАТА
 ет. Ұзаққа, көпке созылу, кешеуілдеу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  8-т. 312-бет.
КƏПЕР:
 кəперіне келмеді.  Сөйл. Қаперіне келмеді. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  4-т. 524-бет.
САЛДЫРЛА
 ет. Заттардың бір-біріне соқтығысуынан шығатын 
 
қаңғырлау, күңгірлеу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  8-т. 126-бет.
ҚУСЫР
 ет. 1. Екі нəрсені айқастыра қосу, біріктіру, бір-біріне қаусыру.
ҚУСЫРЫН
 өзд. етіс. Қусыр-ын. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т.  
405-бет.
СЫП:
 сып берді (етті). Көзді ашып-жұмғанша жып етті, зып етті. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 488-бет.
ШІМІРІКПЕ
 ет. Ешнəрседен тайсалмау, қорықпау, ұялмау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 370-бет.
ШОЛАН
 зат. Тамақ оны-мұны сақтайтын аула ішіндегі бөлек бөлме, 
қойма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т.  247-бет.
ЖЫЛМИ
 ет. 1. Ештеңе болмағандай жайдарылана қалу, аярлана ты-
мыраю. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 291-бет.
ҚЫЗЫЛ
 Ауыс. Малдың, аңның, құстың еті. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 6-т. 563-бет.
БЕРЕСІЛІ
 сын. Берешек, қарыздар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
2-т. 270-бет.
БАСТЫРМАЛА
 ет. Үсті-үстіне ес жиғызбай төпелеу, киіп-жару. 
БАСТЫРМАЛАТ
 Бастырмала етістігінен жасалған өзгелік етіс. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т.  137-бет.

67
КЕРДЕҢДЕ
  ет. Кердең-кердең ету; шірену, тəкаппарлану, маңғаздану. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 629-бет.
ЖЕЛІК
 ет. 1. Бірдемеге елігу, еліру, құмарлану, əуестену. 2. зат. м. 
Елігушілік, еліктеушілік, желпініс. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 
72-бет.
ҚАРАСАН
 зат. Саны қарайып кететін, ірі қара малда болатын жұқпалы 
ауру. Қарасан келгір! Сиырға айтылатын қарғыс. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 6-т. 82-бет.
ЖАРАМСАҚТАН
 ет. Жақсы атану, жағымпаздану. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 3-т. 677-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  СӨЗДІК
ТЕРІС ҚАБАҚ
    Жаратпай, ұнатпай қарады, оң қарамады. 
ШЫБЫН ЖАН
   көне Өмір, тірлік мағынасында (Діни ұғым бойынша 
кісі өлгенде «жаны» шыбын тəрізді ұшып кетеді-міс). 
ҚАРА СУ
   Тек қана су, жай ғана судың өзі. 
АУЗЫНАН ҚАҒЫП (ЖЫРЫП)
   Бір нəрсені (затты) қоярда-қоймай 
алып кету туралы айтылады. 
ЕКІ ҚОЛЫН ТӨБЕСІНЕ ҚОЙЫП
   Құр алақан қалып түңілді, безді.
ҚИЮЫ КЕТТІ (ҚАШТЫ)
  Берекесі кетті, үйлеспеді. 
МАУҚЫ БАСЫЛДЫ // МАУҚЫН БАСТЫ
  Құмары қанды, көңілі 
көншіді. 
ТАЙ-ҚҰЛЫНДАЙ ТЕБІСТІ
  Асыр салып, бірге ойнап өсті.
ҚОЛЫН ҚАҒЫП КӨРГЕМ ЖОҚ // ҚОЛЫН ҚАҚПАДЫ
  Жолына 
тосқауыл болмады, айтқанын істеді. 
СУДАЙ СІҢІП, ТАСТАЙ БАТТЫ
 Жым-жылас құрыды. 
ЖЫМ (ЖЫМДАЙ) БОЛДЫ
  Үні өшті, сөйлеп отырған сөзін қоя 
қойды. 
ҚҰДАЙДЫҢ (ҚҰДАНЫҢ) ҚҰДІРЕТІ
 діни. Алланың əмірі, тəңірдің 
күші сияқты  діни ұғымды білдіреді. 
ҚҰЛАҒЫ ТАРС (ТАС; ТАС БОП) БІТТІ
 Түк ести алмайтын керең 
туралы айтылады.
ҚҰСТАЙ ҰШТЫ
 Жүрісіне көз ілеспеді, зымырады.
КӨЗАЙЫМ БОЛДЫ
 Жолаушылап кеткен, зарыға күтіп отырған ада-
мы келіп қуанды, масайрады, көңілі тыншыды.
ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙДЫ
 Ат мінуге шебер кісі, шабандоз кісі тура-
лы айтылады.
КӨШКЕ БЕРГЕН ТАЙЛАҒЫҢДЫ  ҚАЙТЫП АЛ!
  Тым зілдене 
берме, ерегіссең бергеніңді аларсың, білгеніңді істерсің.

68
ЕРІН БАУЫРЫНА (МОЙНЫНА) АЛДЫ
 Қатты ашуланды, шала 
бүлінді.
АЯҒЫНА БАС ҰРДЫ (ИДІ, ЖЫҒЫЛДЫ)
 Алдына барып жығылды, 
тəубе қылды, тізе бүкті, кешірім сұрады, күнəсын тіледі, мойнына алды. 
ЕКІ ИЫҒЫН (ИІНІН) ЖҰЛЫП ЖЕДІ
 Қатты долданып, ашуланды.
ЖАНЫҢ ШЫҚСЫН! (ШЫҚҚЫР!)
 қарғыс. Өліп кет деген мағынада.
БЕЛІ ШОЙЫЛДЫ (ШОЙЫРЫЛДЫ)
 Белі құрыстанып ауырды, 
сіресті, белін жаза алмады.
БАС-КӨЗ БОЛДЫ
 Басшылық етті, басқарды, көз-қырын салды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Күлпəш кім?
2. Күлпəш кімнің замандасы еді?
3. Ерінен ерте айырылған кім?
4. Кім қыдырмашы адам болған? 
5. Күлпəш   көбіне қандай жұмыспен айналысатын? 
6. Кім нені аңдитын?
7. Күлзия  үйіне Күлпəш келмей қалса, қайтеді?
8. Ораш ауылға келгенде шешесінен ең бірінші кімді сұрайды?
9. Ораш қайда тұрады?
10. Күлзияның баласы  ауылда кім болып жұмыс істейді?
11. Ораш ауылға келгенде неге аң-таң болды? 
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Күлпəштің мінезін, іс-қимылын суреттеп бе-
ріңіз. 
4.  Əңгімеден омонимдерді тауып жазыңыз.
 
ҮЛГІ: Ақ, бір, бу, сал, ұршық  ... 
АҚ   І –V
АҚ  І
 сын. қардың, сүттің, бордың түсіндей.
АҚ  ІІ
 зат. малдың сүті жəне сол сүттен өндірілетін айран, қатық, қы-
мыз, шұбат сияқты тағамдар. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал