ныма аса жақын.
асқақтатуға тырысамын.
9
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
БҰҚАРА
үЛгіЛі ісТЕР
- «Музей көне заттарды тама-
шалайтын мекеме» түсінігінен
арылу үшін ғылыми-ағартушылық
жұмыстарын жүргізіп отырған
музейлердің қызметін тәжірибе
ретінде тарату керек. Қазір ғы-
лыми-ағартушылық жұмыстарын
жүргізіп отырған аз ғана му-
зей бар. Олардың өзін жеке-
ленген және ұжымдық деп екі-
ге бөліп қарастыруға болады.
Қызметкерлері
жеке
ғылыми
жұмыстармен (ізденістермен) ай-
налысатын музейлердің қатарын-
да Семейдегі Абай қорық-музейі,
Батыс Қазақстан облыстық тари-
хи-өлкетану музейі, Алматыдағы
орталық мемлекеттік музейлері
бар. Аталған музейлердің қызмет-
керлері белгілі бір тақырып шең-
берінде ұзақ жыл бойы ғылыми
жұмыстармен айналысып келеді.
Жұмыстары толығымен сәтті шы-
ғып, Қазақстан тарихына өз үле-
сін қосып жүр. Ал ғылыми жұ-
мыстарды ұжымдық түрде жүр-
гізетін ҚР Тұңғыш Президенті
музейі мен ҚР Ұлттық музейлері
ғана. Бұл екі музейдің қызмет-
керлері жекеленген жұмыстар
жүргізіп, оны ұжымдық тұрғыдан
қорытындылайды. Мұны, кәсіби
тұрғыда институттық жұмыс деп
атауға болады. Мұндай жұмыстар
музейлердің ғылыми институт-
қа айналуына септігін тигізеді.
Әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті
музейінің жұмыстары республи-
калық деңгейде тәжірибе ретінде
таратылуы тиіс. Егер осы іс қолға
алынса, музейлердің дамуында
тың серпіліс болар еді, - дейді му-
зейтанушы, ҚР Ұлттық музейінің
имидждік жұмыстар бөлімінің же-
текшісі Нұрсерік Жолбарыс.
Музей саласы жайлы арнайы
заң қабылданса, сала одан сайын
ілгерілер еді. Нұрсерік Жолба-
рыс: «Ресейдің музей саласы
бойынша бізден алға кеткені рас.
Музей ісіне қатысты түрлі қоғам-
дық ұйымдар, түрлі қорлар жа-
былып жүріп “Ресей Федерация-
сының музей ісі мен музей қо-
ры туралы" федеральдық заңына
өзгерістер енгізді. Кезінде (1996
жылы) Б. Ельциннің өзі керек
етіп, осы заңды шығарған еді.
Уақыт ағымына қарай заңдары
өзгеріске ұшырап отырды. Бұл –
заңдылық. Енді күні кеше тағы да
өзгерістер енгізді. Федеральдық
заңның барлық тұсын жақсы
білетіндіктен, бұл жолғы өзгеріс-
теріне де назар аудардым. Өз-
геріс ретінде заңға “музей жи-
налысы”, “музей құжаттарының
есебі”, “бас инвентарлық кітап”,
“музейлік заттарға сараптама”
ұғымдарына арнайы түсініктеме
берілді. Осы арқылы ресейлік
мамандардың музей экспонатта-
рының құқықтық дәрежесін анық-
тайды. Экспонат туралы жазардан
немесе айтардан, зерттеуден бұ-
рын заңға үңілуді қажет етеді. Бұл
мемлекет тарихының жазылуын
қорғау үшін аса маңызды қадам
болып саналады. Ресейліктердің
осынысынан үлгі алуымыз керек.
Айта өтейін, Қазақстанның бар-
лық көршілерінде (Ресей, Қытай,
Өзбекстан, Қырғызстан) музей ту-
ралы заңдары бар. Заң арқылы
музейлердің мәртебесін анықтап,
жұмысын ретке келтіреді. Осыны
ескеріп, өткен айда ҚР Мәдениет
және спорт министрі Арыстанбек
Мұхамедиұлына арнайы сауал-
нама жолдадым. Министр мырза
сауалды вице-министрге жіберіп-
ті. Вице-министр “музей туралы
заңға қазір қажеттілік жоқ” деп
қысқа қайырды. Министрліктің
ойынша, Мәдениет туралы заңда-
ғы жалғыз бап 250-ден астам
музейдің әр түрлі бағыттағы қыз-
метін реттей алады. Жалпы, бұл
салада кәсіби тұрғыдан білікті,
музейді “экспонаттардың тұра-
ғы” деген ойдан аулақ адам бас-
қарғанда ғана жетістіктерге жету-
ге болады. Арнайы нормативтік
құжат болмай, шаруаны реттеу
өте қиын. Әйтпесе, Қазақстан
1980 жылдары ҚазССР үкіметі
қабылдаған ережелермен алысқа
ұзай алмайды» дейді.
Сонымен сала мамандарының
ой-пікірлерін екшей отырып, мә-
селелерін, кемшіліктері мен жетіс-
тіктерін төмендегідей түйіндеуге
болады.
Кадр. Саланың өзекті мәселесі
– жастардың аз келуі, нағыз му-
зейтанушылардың шықпауы. Бұл
саладағы қаржының аздығымен
байланысты. Қаржысы аз саланың
адамдарын музейдің деңгейін
көтер деп қалай қыспаққа алуға
болады? Салада тек энтузиастар
ғана жүр. Көбісі – әдебиетші-
лер мен тарихшылар. Қазақстан
бойынша тек екі университетте
ғана оқытылатын музей ісі маман-
дығын алып шыққан мамандар
саусақпен санарлық.
тәжірибе. Саладағы тағы бір
проблема – музейлердің ортақ ке-
ңістігінің жоқтығы. Әр өңірдің му-
зейлері өз алдына бір арал сияқты.
Тәжірибе алмасу, алмасып көрме
өткізу аздау. Аймақаралық жоба-
лар, тәжірибе алмасу, семинар,
конференциялар керек-ақ.
Музей клубтары да керек-ақ.
Әрине, мұндайды біздің елде кез-
дестіру қиындау. Бірақ әлемдік
тәжірибеде музейлерді жарна-
малауда таптырмас әдіс болып
келеді. Зиялы қауым жиналып та-
рих, оқиғалар, нақты жәдігерлер
жайлы пікір алаңын құрса, қо-
ғамның қызығушылығы артар
еді. Әрине, тек қана диалог емес,
театрландырылған қойылым, ар-
хелогтармен сұхбат сияқты түрлі
формада өткізсе, өтетіні жайында
алдын ала хабарландыру жасалса,
көзіқарақты ағайынның ағылары
сөзсіз. Музей басшысы Мирбо-
лат Ерсаев алдағы жылдан бастап
жекелеген жәдігерлерге қатысты
театрландырылған қойылым әзір-
леу жоспарда барын айтты.
Байланыс. Иә, өзге салалар-
дың музеймен кері байланысы
жетіспейді. Тіпті өнер мектептері
оқушыларының өзі арнайы ша-
қырып, шара ұйымдастырмаса,
музейге келіп жарытпайды. Об-
лысымызда 121 мектеп мұражайы
бар екен. Олардың қызметкерле-
рінің де музей мамандарын іздеп
жатқаны шамалы.
Арнайы заң жоқтығы. Мә-
дениет туралы заңдағы жалғыз
бап 250-ден астам музейдің әр
түрлі бағыттағы қызметін реттей
алмайды.
Сара Танабаева қазіргі музей-
дің жетістігі ретінде
әр ауданда
лайықты филиал барын, қорда
кез келген жерге ұялмай көрме
жасай алатын
бағалы экспонат
тар жиналғанын, ғимараттың за
манауи жөндеуі мен күзетін,
енгізілген
жаңа технологиялар
ды атап өтті.
Электронды экспозиция. Му-
зей коллекциясын сандық жүйеге
айналдыру, электронды ақпарат
жинау біртіндеп жүзеге асуда.
Қазірдің өзінде облыстық тарихи-
өлкетану музейі сайтында біраз
ақпарат бар.
olke.kz сайтынан
музейдегі жәдігерлер мен арнайы
залдарды ғаламтор арқылы аралап
көруге болады. Сайт қонақтары
мен музейге келушілер теңесіп
жатса, мұны заман ағымынан қа-
лыспау деп ұғыну керек. Әрине,
жәдігерлерді көзбен көру бөлек.
Ал келуге мүмкіндігі жоқтардың,
ең болмаса ғаламтор арқылы көр-
гені, әлеуметтік желілердегі му-
зейдің парақшалары арқылы қызы-
ғушылығы артып, музейге арнайы
келетін жастар бары қуантады.
Жұмыс кестесі. Егер білмей-
тіндер болса, музейлер арнайы
сіздер үшін сенбі-жексенбі күнде-
рі де жұмыс жасайды.
Музейге құрмет. Бұл да елдің
мәдени өмірінен хабар беретін
көрсеткіш. Мәселен, Қазталов ау-
данындағы Көктерек ауылының
және Бөкей ордасы ауданы, Хан
ордасы ауылының музейге ілти-
патын ерекше атап өтуге болар
еді. Ауыл халқы келген қонағын
алдымен музейге апарады. Тари-
хымен таныстырады. Бұл – ауыл
халқына мәртебе болса, келген
қонаққа мәдени демалыс, рухани
азық жинауы. Кез келген өңірге
келген қонақ музейлерді ара-
ласа, бұл аймақ туралы түсінігі
тереңдейді, құрметі артады. Есін-
де көп нәрсе қалып, ол келешек
өмірінде пайдаға асары сөзсіз.
Нұрлыбек РАхМАНОВ,
«Орал өңірі»
Облыстық музей көлемі - 0,2649 га
Қордағы жәдігер саны – 129 мыңнан астам
Жыл басынан бері келушілер саны (облыстық музей мен
филиалдарын қоса есептегенде) – 55 мыңнан астам
Жыл басынан бергі экскурсия саны – 956
Жыл басынан бергі көрмелер саны - 28
серік дИЯроВ, «қазақстан
орал» телеарнасының
операторы, «ерен еңбегі үшін»
медалінің иегері:
- Қой жылы мен үшін қуаныш-
қа толы жыл болды десем де
болады. Біріншіден, биыл аман-
есен зейнеткерлік жасқа жетіп,
көп жылдық бейнетке толы ең-
бегімнің зейнетін көріп жатыр-
мын. Екіншіден, телевидение са-
ласында жасаған ұзақ жылғы
еңбегім ескеріліп, жылдың қоры-
тындыланар тұсында «Ерен ең-
бегі үшін» медаліне ие болдым.
Бұл мен үшін, жанұям үшін,
ұжымым үшін де үлкен қуаныш
болды. Үшіншіден, менің әріп-
тестерім биыл Волгоград қа-
ласында өткен «Мәңгілік алау»
VІІІ халықаралық телефильмдер
мен бағдарламалар фестивалі-
не қатысып, «Соғыс жаңғырығы»
атты телетуындымен І орынды
иеленіп қайтты. Бұл да - мен үшін
үлкен қуаныш. Еңбегімді елеп,
осындай үлкен марапатқа ұсы-
нып отырған ұжым басшылығы-
на, қарапайым еңбек адамын үлгі
етіп марапаттап жатқан Елбасы-
на алғысым шексіз.
Әріптестеріме, жақын-жуық,
дос-жарандарыма, жалпы барша
қазақстандықтарға осындай жан
жадыратар қуанышты сәттер көп
болсын деп тілеп, отбасымыз
аман, еліміз, жеріміз тыныш бол-
сын деймін!
николай дМИтрИенКо,
«облыстық перинаталдық
орталық» МКК директоры,
қр денсаулық сақтау ісінің үздігі,
«Шапағат» медалінің иегері:
- Перинаталдық орталық үшін
2015 жыл сәтті болғанын атап
өткім келеді. Биыл облыста
6132 әйел жарық дүниеге пер-
зент әкелді. Біздің ұжым күні-
түні бел жазбай, ана мен ба-
ланың денсаулығын күзетуде.
Жаңа жыл қарсаңында, Тәуел-
сіздік күні «Шапағат» медалімен
марапатталуым ұжымымның та-
бысты еңбегі деп білемін. Бұл –
марапат мемлекет пен халықтың
бізге деген зор сенімі. Біздің әр
сәтіміз, әр минутымыз өмірге
жаңа адам әкелу бақытына ие.
Осындай қасиетті міндетіне адал
әріптестеріме және облыс хал-
қына мықты денсаулық, бола-
шаққа сенім мен қайсарлық, та-
быс тілеймін. Барлық қиыншы-
лық ескі жылдың соңғы күнімен
кетіп, Жаңа жыл тек жақсылық,
мейірбандық, құт-береке, қуаныш
сыйласын, әр шаңыраққа аман-
дық пен бақ-береке әкелсін, әр
жанның арман-тілегі орындал-
сын!
Ізгі ниет
11
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
экоНоМикА
бір жылда 26 млрд. теңге несие
Республикамызда несие серік-
тестіктері (НС) алғаш рет 2001 жы-
лы Аграрлық несие корпорация-
сының қатысуымен құрыла бас-
тады. Бес жыл ішінде серіктестік
саны 150-ге жетті. Ауыл шаруа-
шылығы ғалымдарының тілімен
айтқанда, жылдар аталмыш құры-
лымдардың экстенсивті өсу ке-
зеңі болды. 2001 жылы корпо-
рациямен 7 НС-ға несие берілсе,
бүгінде 160-тай несие серіктестігі
мемлекет қамқорлығын сезініп
келеді. Яғни алғашқы жылмен са-
лыстырғанда өсім 22,5 есе. Ал
осы серіктестіктер арқылы несие
алған агроқұрылымдар да ай-
тарлықтай артты. Мәселен, 2001
жылы 172 шаруашылық несиеге
қол жеткізсе, 2007 жылы қарыз
алушы саны 5505-ке жетті. Дағда-
рысқа байланысты 2010-2011 жыл-
дары несиелеу көлемі айтарлық-
тай азайғаны рас. Ал соңғы үш
жылда бұл көрсеткіш қайта жоға-
рылаған. Былтыр 3 мыңдай шаруа-
шылыққа НС жүйесі арқылы 26
млрд. теңге көлемінде несие
берілді.
сәтімен жүзеге асқан
бағдарлама
- Ел тәуелсіздігінің елең-алаң
шағында ауыл шаруашылығы са-
ласының жағдайы мәз болған
жоқ. Шаруашылықтар әбден тұ-
ралап, мемлекет тарапынан қан-
дай көмек жасалса да, ол құмға
сіңген судай жоғалып жатты. Бюд-
жеттен несие ретінде бөлінген
қаражат та қайтарымсыз кететін.
Сондықтан Үкімет тарапынан
Ауыл шаруашылығы министрлі-
гіне ауылды несиелеудің ең тиім-
ді жүйесін құру тапсырылды. Бұл
жүйе шаруалар үшін барынша
тиімді болып қана қоймай, мем-
лекеттің бөлген қаржысының қай-
тарымдылығын қамтамасыз етуі
тиіс еді. Сонымен қатар ол арқы-
лы ауыл еңбеккерлері өз қаржы-
сын өздері тиімді басқаруды үй-
ренулері тиіс. Міне, осы мақсатқа
жету үшін несие серіктестіктерін
құру туралы ұйғарым жасалды.
Агроөнеркәсіп кешенін өркендетуде ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерін несиелеудің рөлі ерекше. Себебі
қолжетімді, пайыздық мөлшерлемесі төмен несие ресурс
тары ауыл шаруашылығы өнімдерін молынан өндіруге,
олардың сапасын жоғарылатуға, шаруалардың жағдайын
жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз. Соған орай Аграрлық
несие корпорациясы мен аудандарда ауылдық несие
серіктестіктері құрылды. Ал 2013 жылдан бастап АӨКдағы
несие серіктестіктерінің қауымдастығы жұмысын бастады.
Оның несиелеу шарттарында ауыл
еңбеккерлерінің талап-тілектері
ескерілді. Атап айтқанда, алғашқы
жылы төлемдерден босату, не-
сие қайтарымдарын тоқсанына
бір рет төлеу сияқты жеңілдіктер
қарастырылды. Несие кепілдігі ре-
тінде ауылдық жердегі жылжы-
майтын мүлік, ауыл шаруашы-
лығы жері, техникасы т.б. алын-
ды. Несие алуға қатысты барлық
жұмыс сол ауданның өзінде жүр-
гізілетін болды, яғни ауылдағы
ағайынның әр қағаз үшін қалаға
шапқылауы тоқтатылды. Несие
серіктестіктерінде ортақ жауап-
кершілік қағидасы жұмыс істей-
тіндіктен, мемлекеттен бөлінген
қаражатты шаруалар бұрынғы-
дай көктен келген қаржыдай
есептеп, ретсіз шашуды тыйды.
Арзан несиені бөлерде НС құрыл-
тайшылары он рет ойлануға мәж-
бүрленді. Себебі серіктестік мүше-
лерінің біреуі несиені қайтара
алмаса, қарызды басқалары өтеуі
тиіс. Сондықтан бірін-бірі жақсы
білетін ауыл еңбеккерлері несие
беру мәселесіне үлкен жауапкер-
шілікпен қарады. Жалпы алғанда,
бұл жүйе өзін-өзі ақтап, сәтімен
жүзеге асты деуге болады. Алған
қарыздың қайтарым деңгейінің
жоғары болуы ауыл тұрғындары-
ның әр тиынды санап, шаруа-
шылықтарын тиімді басқаруды
үйренгенін көрсетіп отыр, - дейді
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Марат
Оңғарбеков.
Достарыңызбен бөлісу: